Таза ығысу. ЭНЕРГИЯ



Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Таза ығысу
Берілген нүктенің айналасынан бөлініп алынған параллелипедтің бүйір
беттерінде тек жанама кернеу әсер ететін жазық кернеулі күйдің түрі ығысу
деп аталады (1-сурет).
(1.3), (2.3) формулаларынан О
нүктесі арқылы өтетін алғашқы тік
ауданшамен а бұрыш жасайтын, п-п
ауданшадағы тік және жанама
кернеулерді анықтасақ
(1.4)
(2.4)

(2.4) өрнегінен 1-суреттегі жанама кернеу О нүктесі арқылы ететін кез-
келген басқа жазықтықтағы жанама кернеулерден үлкен (cos2a ≤ 1).
Сонымен, қарастырып отырған параллелопипедтің бүйір беттеріндегі
жанама кернеулер экстремальді , ал бұл қырлар ығысу ауданшалары, олар
басты ауданшалармен 45° бұрыш жасайды. Ығысу ауданшаларында тік кернеу
болмайтындықтан, бұл ауданшалар таза ығысу ауданшалары деп аталады.
(1.4) формуласынан =45° ең үлкен, ал = - 45° ең
кіші мәнге ие болады. Таза ығысуда басты кернеулермен экстремальды жанама
кернеулердің абсолюттік мәндері бірдей.
(1.4) формуласына өзара перпендикуляр жазықтықтағы сәйкес
келетін мәндерін қойсақ:

Таза ығысуда кез-келген өзара перпендикуляр ауданшалардағы тік
кернеулер тең, таңбалары қарама-қарсы.
Өзара перпендикуляр жазықтықта тік кернеулердің абсолюттік мәндері
бірдей, таңбалары қарама-қарсы жазық кернеулі күйді таза ығысу деп атауға
болады.
Таза ығысудағы кернеулі күй төмендегідей бейнеленеді:
а) Бүйір беттері таза ығысу ауданшалармен сәйкес келетін тек
жанама кернеулері әсер ететін қара-
пайым параллелипипед (2-cypeт ABCD).
б) Бүйір беттері басты ауданшалармен сәйкес келетін, тек тік
кернеулер әсер етегін, қарапайым параллелипипед (2-
сурет abcd).
в) Өзара перпендикуляр бүйір беттеріндегі мәндері тең, таңбалары
қарама-қарсы тік және жанама кернеулер әсер ететін, қарапайым
параллелипипед (2-сурет 1234).
Таза ығысуда кез-келген ауданшадағы өрнегімен
анықталатын толық кернеудің р абсолюттік шамасы -ғa тең.

ЭНЕРГИЯ
Табиғатта жұмыс істеу салдарынан материя қозғалысының формасы бір
түрден екінші түрге өзгеріп отырады. Материалдық объектінің бір күйден
екінші күйге көшкенде жұмыс істеу кабілетін энергия деп атаймыз. Сондықтан
жүйе нормаль күйге көшу кезінде неғұрлым көп жұмыс істесе, оның энергиясы
соғүрлым көбірек болады. Яғни, материалдық объектінің жұмыс істеу
қабілетінің сандық мөлшерін сипаттайтын физикалық шаманы энергия деп ұғу
керек. Осы себептен жұмыс қандай өлшем бірлікпен өлшенсе, энергия да сол
өлшем бірлігімен, яғни джоульмен өлшенеді.
Материалдық жүйенің қандай формада қозғалуына байланысты энергия да әр
түрлі болады. Мысалы: механикалық, ішкі, электормагниттік т.б.
Сонын, ішінде механика бөлімінде өте кең тараған механикалық энергия
түрін қарастырайық.
Кинетикалық энергия. Бұл ұғымды еркін денеге әсер етуші күштің жұмысын
есептеу арқылы түсіндірген жөн. Яғни бір күштің әсерінен қозғалған
материалдық нүктенің немесе дененің жылдамдығы өзгеріп отырады. Түсірілген
күштің істеген жұмысы дененің жылдамдығының өзгеруіне байланысты. Бұл
байланыс материалдық нүктенің кинетикалық энергиясы деп аталатын физикалық
шама арқылы өрнектеледі.
Материалдық дененін кинетикалық энергиясын анықтау керек болсын. Сонда
массасы т, жылдамдығы v материалдық дене екінші бір денемен әсерлесуінің
салдарынан өзінің қозғалысын тоқтатады. Сол кездегі инерция күші Ньютоннын
екінші заңы бойынша мынаған тең:

мұндағы - дененің уақытқа байланысты жылдамдығының өзгерісі, ал теріс
таңба сол жылдамдықтын кемуін көрсетеді.
Егер дене инерция күшінің нәтижесінде ds-ке орын ауыстырса, онда
істелген жұмыс dA = Fds болады, сонда

Енді қозғалыстағы дене толық тоқтауы кезінде істелген жұмысты табу
үшін соңғы өрнекті интегралдаймыз, яғни

Сонымен Ғ күшінің істеген жұмысы кинетикалық энергия деп аталатын
(mv2l2) шамаға тең болады, оны Ek әрпімен белгілейміз:
(27)
Сонда, массасы т денеге жылдамдық беру үшін түсірілген күш -қа
тең оң жұмыс істеуі керек.
Потенциалдық энергия. Материалдық нүкте ретінде қарастырылып отырған
дене, өзін айнала қоршаған денелермен әсерлесе отырып, бip орыннан ...
екінші орынға қозғалған. Демек, ол денеге күштер әсер етеді, бұл жағдайда
дене күш өрісінде қозғалады деп айтылады. Ондай күштер: тартылыс,
серпімділік, ауырлық электромагнитик т. б. болуы мүмкін.
Сонымен потенциалдық энергия денелердің немесе олардың белшектерінің
өзара орналасуы кезіндегі жұмыс қорымен өлшенеді. Мысалы, материалдық нүкте
ауырлық күшінің біртекті өрісінде қозғалғанда, яғни денені бір деңгейден
екінші деңгейге көтергенде істелетін жұмысты есептеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таза ығысу
Эквивалентті генератор әдісі
Кристалл торы
Қатты денелер жайлы
Инерция проблемасы
Төмен температуралар кезінде дәнекерленген қоспалардың және метал емес материалдардың механикалық қасиеттерінің өзгерісі
ҚАТТЫ ДЕНЕНІҢ ІШКІ ҚҰРЫЛЫМЫ
Атомдарды жақындатқанда электрон күйлерінің өзгеруі
Көлденең күш пен июші моменттер
Кесу үрдісінің мәні. Негізгі түсініктер, кесу элементтері
Пәндер