Тұрмыс-салт жырлары. Көне ғасырлар ғұрпының айнасы


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тұрмыс-салт жырлары

Жоспары:

  1. Көне ғасырлар ғұрпының айнасы
  2. Отқа табыну
  3. Бесік жыры
  4. Өтірік өлең

Ертегі мен эпос сияқты халық өлеңдерінің ең ескі, көне түрлерінде де отқа, күнге, табиғатқа табынудың, ата-бабалар әруағына құлшылық қылудың неше түрлі көріністері бар. Әрине, бір кезде бұлар қазіргі қалпынан әлде қайда толық та, әрі кеңірек көрінді. Бірақ, уақыт, заман өткен сайын ол алғашқы қаз-қалпынан айырылып, келе-келе тек жекелеген элементтері ғана сақталып қалды. Мыс: қазіргі жоқтау өлеңдерінде тарихи жағынан патриархалдық-рулық құрылыс дәуірін меңзейтін ата-бабалар әруағына сиыну салтының көптеген көріністері бар. Айталық, қазақ, қырғыз, қарақалпақтар арасында «әруақ атсын», «әруақ соқсын» деген сөздер жиі айтылады. Бұлар бір кездегі ата-бабалар әруағының киелілігіне сенген.

Мұндай әруаққа сиынып, ас беру, оны тіріге санап табыну сияқты ұғым-түсініктер өзінің алғашқы мағыналық функциясын жоғалтып, өше бастаған кезде, олар әдеттегі әдет-ғұрып, жөн-жоралғыларды бейнелейтін салттық өлеңге айнала бастайды. Тегінде отқа табыну алғашқы қауым адамдарының тірлігіндегі ең ежелгі сенімдердің бірі. Оттың шығуы адам баласының тарихында ерекше бір айтулы кезең.

От жабайы адамдардың ой-санасын жаңа бір биікке көтеруі, жансыз табиғаттың кейбір сырларына көз жеткізді дей келіп Ф. Энгельс: «Тольео научившись добывать огонь с помощью трения, люди впервые заставили служить себе некоторую неоргани ческую силу природы. Какое глубокое впечатление произвело на человечество это гигантское, по чти неизмеримое по своемк значению открытие, показывают еще нетеперешние народные суеверия», - дейді.

Сөйтіп, Ф. Энгельстің айтқан от-ана туралы халықтың сенім-түсінігі кейінгі замандарда шамандықтың етек алып, билеп төстеуімен байланысты әуелгі сипатын жойып, шамандықтың киелі тәңірі рухына айналған.

Қазақ тұрмысында шамандықтан қалған бар түсініктер, әдет-ғұрыптар мен аңыз-әңгіме, өлең-жырлар, бақсылық сарындар көшпелі өмірмен соншалықты тығыз байланысты және бұлар кейінгі дәуірлерге дейін сол өзгермеген күйінде сақталып келген.

Әлемде бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Сәьи жүрегіне алғашқы рухани нәр ең алдымен осы әлди жыры арқылы сіңеді. Түп тамыры тым тереңге, сонау алғашқы қауымдық құрылысқа қарай кететін бесік жыры ұзақ жылдардағы адамзат тәжірибесінің жемісі екені даусыз. Ғасырлар елегінен өтіп, халық педагогикасының арнайы саласы ретінде мүлтіксіз қызмет етіп келген бұл жырдың күрделі табиғатына педагогтар мен тарихшы-этнографтар, фольклористер мен музыка зерттеушілері, ақын-жазушылар ертеден-ақ назар аударып келеді.

Бүгінде әлемдік, көршілес елдер фольклортану ғылымында бесік жырын жан-жақты сөз еткен талай іргелі зерттеулер дүниеге келді. Олардың ішінде А. Ветуховтың, М. Н. Элмаш пен А. Н. Мартынованың еңібекткрін атап айтқан жөн.

Өтірік өлең-қазақ халқының поэзиясындағы ерекше қызғылықты, балалар құмарта тыңдап, қызыға жаттап алатын фольклорлық жанр. Өтірік өлеңді бүлдіршіндер ғана емес, үлкендер де сүйсіне тыңдайды, тіпті бүгінгі айтыста да бұл жанр тіріле, жаңа қырынан танылып жүр. Сол сияқты халық «Тазша баланың қырық өтірігі» жөніндегі ертегіні де ұрпақтан-ұрпаққа қастерлей жеткізіп келеді. Бұл өтірік өлеңнің қазақ фольклорындағы көне де, дәстүрлі жанр екендігін көрсетеді.

Қазақ өтірік өлең нұсқаларының хатқа түсе бастауы Х1Х ғасырдың екінші жартысынан басталады. Оның алғашқы нұсқасын В. В. Радловтың қазақ фольклорына арналған жинағынан кезіктіреміз. Өтірік өлең үлгілерін жинап бастыруға Э. Диваев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров құрастырып сияқты белгілі адамдар да ат салысқан. Бұл орайда, әсіресе, І. Жансүгіров құрастырып, алғысөз жазған «Ел өтірігі» атты жинақты ерекше атаған жөн.

Қорыта айтқанда, өтірік өлең балалардың ынтыға тыңдайтын да, қызыға жаттап алатын фольклордағы ең сүйікті жанрларының бірі. Ол бала көңілін жұбатып қызықққа кенелтетін алданыш қана емес, жас ұрпақтың қиялын ұштап, арманын асқақтататын, күлдіре отырып ойға жетелейтін, өмірдегі қарама-қайшылықтарды шендестіре отырып, сырына үңілетін дәстүрлі тәрбие құралының рөлін атқарады.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Қазақ тұрмыс-салт жырларының типологиясы» Авт. Б. Уахатов Алматы-1983
  2. «Рухани уыз» Авт. К. Ісләмжанұлы Алматы-1995 ж.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай шығармаларындағы салт - дәстүрді дәріптеу
Үйлену салтына байланысты туған өлеңдердің жанрлық сипаты
Наурыз жыры
Қазақ халқының ұлттық рухани мәдениетінің бастаулары
Этнопедагогика пәнінен дәрістер кешені
Қазақ халқының әдет-ғұрыптарынығы қазақ әдебиетіндегі орны
Қазақтың ғұрып фольклорын саралау мәселелері
Ғұрыптық фольклор лексикасы: идиоэтникалық семантика туралы
Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы
Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz