Тұрмыс - салт жырлары — шағын жанр


Тұрмыс - салт жырлары - шағын жанр.
Бұлардың ең қысқа деген түрлері - 6 - 7 жолдан тұрса, ең ұзақ дегендері 200 - 300 жолдан аспайды. Тұрмыс-салт жырлары өмірдің бір ғана сәтін сипаттап, белгілі бір сезім тебіренісін бейнелейді. Осыған лайықты оның жасалуы, композициялық құрылысы да жеңіл әрі қарапайым компоненттерден тұрады. Оларды Фабират суреті, кейіпкер портреті, диалог пен монолог.
Тұрмыс-салт жырларында белгілі бір жүйемен дамып, шиеленісіті барып шешілетін оқиға болмайды, Оның орнына лирикалық тақырыптың дамуы, геройдың ой-сезімін сипаттауы секілді шағын ситуацияларға құралады. Бұл турасында дәл де дәлелді пікір ұсынған професеор Н. И. Кравцов болды. Ол «Тұрмыстық лирикалық өлеңдерде әрқашан сюжеттік элементтер болады, бірақ мұнда оқиғалар дамуынан туатын көп сатылы сюжет ұшраспайды, оның орнына эпизодтық немесе сюжеттік ситуация ғана болады», - деп жазды.
Тұрмыс-салт жырлары, негізінен, екі-үш кейіпкерден тұрады, аттары аталмайды, мінезі, сырт бейнесі жалпылай сипатталады. Өлеңнің түп қазығы - кейіпкерлердің ой - сезім тебіренісін сипаттау және мұның, өзі әрі қысқа, әрі көрікті . болуы бірінші шарт, Рас, лирикалық өлеңдерге қарағанда тұрмыс-салт өлеңдерінде кейіпкердің сезімін, ішкі жан тебіренісін сипаттаумен бірге ақыл айту, жақсы мен жаманды айырып түсіндіру секілді дидактикалық сипатта қоса жүреді. Мұны қазақтың беташар, жар-жар, бата-тілек, естірту, көңіл айту сияқты өлең түрлерінен көруге болады.
Қысқасы қазақ фольклорының шағын жанры - әдемі адам баласының ішкі жан тебіренісін, ой-сезімін, сыртқы түр-тұлғасын керсетуді мақсат етеді. Й. Г. Чернышевскийдің сөзімен айтсақ өлең кейіпкер «сезімін ақтарып көрсету мақсатынан» туған. Мұнда драмалық-, лирикалық нәзік ситуациялар, дыбыстың саздылығы мен үнділігі, көркем формулалардың қайталануы ерекше орын алады. Өлең мазмұнынын әр түрлілігіне: малшылық, егіншілік, емшілік, үйішілік сипаттарына қарай өлеңнің эмоциялық бояу-өрнегі де, сезімді қозғарлық әсер күщі де әр түрлі болып келеді. Бірін терңелеп, бірін әсем әуенғе салып айтса, жылау, сықтау өлеңдерінің интонациясы тіптең бөлек. Мұның үстіне сөз бен саз, өлең мен музыка үндесіп келіп, қазақ өлеңдеріңің практикалық ерекшелігі бұрыннғыдаң да дараланып, тала, айқындала түседі.
Қазақ фольклорының әр жанры -көркемдік бейнелеу тәсілі мен құралы бір текті шығармалар тобынан тұратыны тарихи жағынан қалыптасқан тұрақты көркемдік форма болса, сол форманы бір қалыпқа түсіретін негізгі белгілердің бірі - композиция жалпы жанрға тән соның табиғатынан туатын ерекшеліктің негізінде қалыптасады. Бірақ, әр шығарманың дара мазмұнына, идеялық-көркемдік мақсатына лайықты композицияның да өзгеріп, жаңарып отыратынын ескеру керек.
Қысқасы, бір жанрдың өз ішінде де бар өлеңге бірдей өлшеп-пішілген, қалыпқа құйыльга қатып қалған композиция болмайды. Ол өлеңнің бірде қысқа, бірде ұзарып барып аяқталуына айтылу, баяндау формасының әр түрлілігіне байланысты үнемі өзгеріп отырады.
Тұрмыс-салт өлеңдерінің жасалу жолдары әр түрлі, Ол бірде баяндау, бірде сипаттау, тағы бірде монолог, . диалог түрінде жасалады. Соның алдыңғы тобы кейіпкердің қимыл-әрекетін, мінез-құлқын, олардың бір-біріне деген қарым-қатысын белгілі бір сюжеттік ситуация, болмаса шағыи бір эпизодта иә мотив негізінде баяндап береді. Ал, сипаттау түрінде болса, кейіпкердің ішкі жан сезімін даралап, оның көңіл-күй тебіренісін, ой-түсінігін, түр-тұлғасын бейнелейді. Қазақ тұрмысының әр түрлі деталь-өрнектеріну табиғат суреттерін сипаттайды. Үшінші бір топ өлеңдер кейіпкердің ішкі монологы иә диалогы арқылы жасалады.
Алайда осы аталған тәсілдердің қайсысы болса да көлемі жағынан шағын, қысқа қайырылып отырады. Мысалы, қазақ тұрмысының бір көрінісін иә айлы түн, жазық сахара суретін баяндау, кейіпкердің ішкі жай толғанысын айтып, портретін сипаттау бір жол, екі жолдан артпайды.
Диалог та сондай. Айталық, той бастарда той салтанаты, тойдың қашан, қайда болатындығы хабарланады. Той иерінің байлығы әйтылады. Соның барлығы әрі кетсе елу-алпыс жолдан аспайды. Ал, бет ашардағы жаңа түскен жас келіннің бейнесі иә оның сынық мінез, сыпайы қылығы:
Сауысқаннан сак, келін,
Жұмыртқадан ақ, келін . . .
Мынау тұрған келіннің
Алтыннан екен бастары,
Жібектен екен шаштары - деген сияқты ара-тұра
айтылатын қысқа-қысқа суреттермен шектеледі.
Табиғат көрініеі де осындай
Есіктің алды құмдақты,
Құмдақтан қоян зымдапты . . .
Сарғайып атқан сары таң
Сағынайын бикем түсінді. .
Қайран да қайран, Қайран тау,
Жазғы тұры көшкенде.
Қалушы едің. қара жол,
Қабырғадан қазылып . . .
Қайран да қайран, қайран тау,
Айналасы толған тау,
Ашшының бойы айтатыр,
Алалы жылқы жусатыр,
Қожыр-қожыр тастарым,
Көзімнен ағар жастарым.
Тұрмыс-салт өлеңдеріндегі диалог та бірде кейіпкердің өз атынан тура мағынасында айтылса, тағы бірде бсы өлеңді айтып отырғаң. ақын атынан баяндалады:
Міне, сұрақ-жауап түрінде келетін өлеңнің бір үлгісі.
- Ауылың қайда?
- Асқар тауда.
- Қойың қайда?
- Қошқар тауда.
- Қойың не жейді?
- Жусан жейді.
Мұндай сұрақ-жауап - диалог формасындағы өлеңдер, әсіресе, жан-жануарлар атынан айтылатын өлеңдер мен жар-жар, бәдік жырларында жиі ұшырасады.
Ал, үшінші жақтан айтылатын диалогтың бір түрі мынадай:
Егіліп сен жылайсын. «елім-ай», - деп,
«Құрбылас ойнап-күлген, теңім-ай», - деп,
Елжіреп жүрек-бауыры шешең жылар,
«Ашыған тар құрсағым, белім-ай», - деп.
«Қысқасы бұл сияқты көптеген өлең түрлеріне қарағанда
сұрақ-жауап түріндегі өлеңдер өте көне. Олар ерте замандағы адамдардың еңбегінен, . салтынан туады - дейді профессор В. М. Сидельников. Шынында мұндай өлеңдердің композициялық құрылысы диалогқа негізделген, содан таралуға тиісті.
Тұрмыс-салт өлеңдерінің ендігі бір тобы кейіпкердің өз атынан яғни бірінші жақтан айтылатын өлең түрлерінен тұрады. Бұлар өзінше бір монолог тектес, герой өз жүрегінің ішкі сырын айтып ақтарылады. Бұл әсіресе ұзатылғалы жатқан қыздың сынау өлеңдеріне тән ерекшелік.
Заманым қиын болар-ау,
Көкірекке қайғы толар-ау.
Ел-жұртым, сенен айрылыл,
Санамен жүзім солар-ау.
немесе:
Өлең айтқым келмейді үнім бітіп,
Кететін деп отырмын күнім бітіп.
Әлпештеген біреудің баласы едім,
Әлде кімнің отырам жүнін түтіп
деген сияқты монолог түріндегі жырлар. Монолог кейіпкердің өз жүрек тебіренісін, өз басынан өткен өмір, өткендерін әңгімелейді. Сондықтан мұның композициялық құрылысы әрі жеңіл, әрі қарапайым болып келеді. С. Г. Лазутин: «Композицияның ең қарапайым, әрі ең көп тараған түрі монолог. Өлең - монолог лирикалық геройдың ойы мен сезімін тура айтып жеткізетін ең табиғи формалардың бірі», -дейді.
Қысқасы, өлеңнің жасалу тәсіліңдегі осы тектес ерекшеліктер, оның композициялық бітімінін. де өзінше қалыптасуына негіз болады.
Бұл жерде, әрине, негізгі роль сюжеттік ситуацияда «Диалог пен монолог» та, сипаттау мен баяндау да адамдар арасындағы сезім шарпысынан туатын өмірлік бір ситуацияның негізінде жасалады. Мысалы, ұзатылғаяды, жатқан қыздың сыңсуы бірде оның өз аузынан айтылса, енді бірде:.
Неге өсті екен қыз сорлы сылауменен,
Тал шыбықтай тал белін қынауменен,
Анасынан онанда тумасайшы,
Өксігенше өмірі жылауменен, -деген тәрізді екінші адамның
айтуымен баяндаладыі. Бірақ, неғізгі ситуация - жас қыздың мұң, зары, ата - анасынан айырылып жат жұрттық болып бара жатқай қыз тағдыры.
" Қара суға қан құйсаң ағар, кетер,
Жат кісіге қыз берсең - алар, кетер . . .
Қыздан сорлы бар ма екен? Тәңірі - ай деген,
Мал бергеннің кетеді айдауында.
Міне, сыңсу жырларының негізгі тірегі осындай сезім ситуацияларынан туындайды.
Сөйтіп тұрмыс-салт өлеңдерінің композициясы басты-басты үш-төрт компоненттен тұрады. Табиғат көрінісі, кейіпкер портреті, қимыл-әрекет, үйіші тұрмысының сипаты - міне, көлемі жағынан шағын жанрдың архитектурасын құрайтын негізгі бөліктер осылар. Ал осы бөліктердің өзі өлеңге тұтастық беру үшін бір-бірімен байланысып келіп, белгілі бір жүйемен, тәртіппен орналасқан. Мысалы, қай өлеңді алсақ та алдымен
табиғат көрінісі, онан соң тұрмыстық бір деталь айтылады.
Есіктің алды тал, қайың,
Жапырақ жарар жыл сайын.
Есіктің алды ақ тайлак,
Жүк жинадым тақтайлап.
Әуеден ұшқан бөдене,
Ақ үйге салған дөдеге.
Әуеде; бір жұлдыз барі Темір қазық,
Бәйгеден ат келеді баурын жазып -
деген сияқты табиғат пен тұрмыстық суреттің кезектесіп қатар келуі қазақ өлеңдерінің ежелден қалыптасқан көне дәстүрі. Бұларды қазақ экзотикасы-ның суреттері деп түсінгеннен гөрі өлеңнің композициялық тұтастығын құрайтын компоненттердің бірі деп қараған абзал. Өйткені мұнда белгілі бір жүйе, логика бар. Бір компоненттен бір компонентке ауысып, жалғасып келетін суреттердің мотивировкасы да нақылды әрі дәлелді,
Ал елеңнің тұтастығын құрайтын мұндай бөліктердің бір-бірімен қиысып, байланысуы - әр түрлі жолмең жасалады. Соның ең негізгілері теңеу. Бұл. өлеңнің -екі бөлігін, яғни салыстыратын зат пен салыстырылып отыр, оған заттын, - екі көріңістін, байланысын құрайды. Екінші - антитеза. Мұнда мағына жағынан біріне-бірі қарсы екі нәрсені үнендестіру бар. Сол арқылы үшінші бір нәрсені көзге елестетеді. Бұларды бір-бірінен ажыратып, бөліп қарауға болмайды. Ондай жағдайда елеңңің негізгі айтар ойы, демек композициялық тұтастығы бұзылады.
Үшінші - психологиялық параллелизм. Бұл адам мен табиғатты, адам сезімі мен табиғат құбылысын қатар қойып ұқсатудан, салыстырудан туады. Мысалы, жоқтауда:
Аспанды қаптап бұлт алды,
Жауын ба екен, сел ме екен?
Жүрегім менің қапалы,
Мұң ба екен, әлде сор ма екен?
Болмаса, бәдікте:
Қара тауым дёгенге қара тауым,
Тау басынан соғады қара. дауыл.
Сіздің үйде бір бәдік бар дегеңге,
Қаптай көшіп келеді біздіқ ауыл.
немесе, балалар фольклорында:
Ай туады дөңгелек,
Айға жұлдыз не керек.
Айдай сұлу болмаса,
Қыз да болып не керек
Атың-атың ату бол,
Ағайынмен тату болу
Бағаналы таудай бол,
Шағалалы көлдей бол
дегендей теңеу, параллель, ұқсатуларды алып тастасақ не болар еді? Өлеңнің мазмұны жүдеп, сырт-сымбаты калаң, аштанып, әрі композициялық тұтастығынан айырылып қалары сөзсіз. .
Сөйтіп, өлеңнің композициялық жағынан мүлтіксіз әрі табиғи заңды болуы үшін жоғарыда айтылған- әр алуан бөлшектерді қалауын тауып шеберлікпен қиюластыра білу керек. Егер өлеңдегі табиғат суреті, портрет, тұрмыстық деталь, кейіпкер ойы бір-бірімён байланыспай, шашырап жатса, онда бұл елеңнің көркемдік дәрежесі де көңілдегідей болмас еді.
Демек, композициялық бүтіндік тек эпикалық шығармаларға ғана тән тәртіп емес, ол лирикалық шығармаларға да қажетті шарттардың бірі.
Қ. Жұмалиев: «Лирикалық шығармалар сюжетсіз шығармалардың тобына жатады. Лирикалық жанрға жататын өлеңдердің өзі сан алуан болса, олардың формалары да сондай. Демек, бұл лирикалық өлеңдердің композициялық ерекшеліктері саналады» - дейді.
Сонымен композиция қай шығармаға да болса қажетті компоненттердің бірі. Ол өлеңнің мазмұнына қарай сан алуан формада берілуі мүмкін. Соның бірі өлең мазмұнын біртіндеп, сатылап жеткізу тәсілі. Мұндай жағдайда өлеңнің әр суреті, әр шумағы дара тұрмайды қайта бір-бірінен өрбіп, бірінен-бірі туындап, өзара күрмеле байланысып барып тұтас бір композиция құрайды. Мұндағы әрбір көрініс бір-бірімен іштей байланысты. Әр, көріністің соңындағы образ келесі көріністе қайталанып, жалғасып отырады. Сөйтіп, бір образдан соң бір образ туындап отырады. Және өлең аяқталған сайын оның мазмұны нақтылана түседі. Поэтикалық бояу-нақышы қоюланып, эстетикалық әсері күшейеді
Міне, сатылап суреттеу тәсілінде жасалған өлеңнің айқын бір мысалы мынау. Өлең мынандай. көрініспен басталады.
Еніп кеттім егіске,
Қойным толды жеміске.
Жемісімді жерге, бердім
Жер жусанды берді.
Жусанды мен қойға бердім,
Қой маған қошақанын берді.
Қошақанды мен қонаққа сойдым,
Қонақ маған қамшысын берді.
Қамшысын қызға бердім,
Қыз түймесін берді.
Сөйтіп алғашқы көршістің соңғы образы екінші керініске, екінші көріністің соңғы образы үшінші керініске ауысып сатылап отырады. Дәлірек айтсақ, өлен, иесі жемісін жерге береді, жер жусанын береді, жусанын қойға береді, қой қошақанын береді болып жалғасып кете береді. Осындағы жеміс, жер, жусан, қой, қошақан образдары бір көріністі бір көрініспен жалғастырушы дәнекер есепті. Өлең соңында қара сиыр берген сүтті пісіріп отыр едім:
Көбелек келіп күрп етіп,
Көбігін ішіп ол кетті.
Жапалақ келіп жалп етіп,
Жармысын ішіп ол кетті.
Сауысқан келіп саңқ етіп,
Сарқып ішіп ол кетті.
Әтекем келіп еді,
Қаспағын қырып бердім, - деп аяқталады.
Өлең композициясын бұлайша сатылап, баспалдақтап құру әдісі «Кім күшті» өлеңінен де байқалады.
- Мұз-мұз, сен, неден
Күшті болдық? . . .
- Мен күшті болсам,
Бауырымды жаңбырға
Тестірмес едім.
- Жаңбыр, жаңбыр, сен неден
Күшті болдық?
- Мен күшті болсам
... жалғасыЖерге жұтқызар ма едім,
- Жер, - жер, сен неден
Күшті болдың?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz