ТҰРМЫС-САЛТ ЖЫРЛАРЫ ТУРАЛЫ



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ТҰРМЫС-САЛТ ЖЫРЛАРЫ

...Көне көшпелі түркілер мал өсіру, егіншілік, аң аулау істерімен
айналысқан...
Көне түркілердің ұлан - ғайыр жерлерге ие болуы олардың қисапсыз көп
мал өсіруіне мүмкіндік туғызған. Малдың өнімінен түрлі тағамдар даярлап,
терісі мен жүнінен киім-кешек жасаған. Көрші елдерге жылқы, қой малдарын,
сүт, ет тағамдарын, аң терілерін сататын.
Ғұндар заманында тасқа қашалған суреттерде жылқы, қой,
аңшылар мен жауынгер садақшылардың өнері бейнеленген. Ғұндар жылқыны
ерекше қадірлеген. Олардың ұнатын ішетін тамағы жылқы еті мен
қымыз болған. Қай халықты алсақ та, олардын өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күн
көрісі, әдет-ғұрпы, салт-санасы болатынын білеміз. Қоғамдық өмірінің,
экономикалық жағдайларының ілгерілеп дамуымен байланысты халықтың тұрмыс
күйі, әдет-ғұрпы, салты, сана-сезімі, дүниеге кезқарасы, т.б. біртіндеп
өзгеріп отырады. Сөйтіп бір заманда туып, бертін келе, көп
уақыт бойына қалыптасқан, белгілі жүйеге түскен, дағдыға айналған
тұрмыс-тіршілік, әдет-ғұрып, салт-сананың алғашқы мазмұны біртіндеп
ескіріп, заман талабына сай жаңа мазмұнға ие бола бастайды. Осыған орай
ауыз әдебиеті, оның ішінде тұрмыс-салтқа байланысты түрі де дамып, өзгеріп
отырған.
Қазақтың ауыз әдебиетінде халықтың тұрмыс-салтымен байланысты туған
шығармаларды мазмұны жағынан бірнеше түрге бөлуге болады. Солардың ішінде
бастылары мыналар:
1. Төрт түлік малға, еңбекке, аңшылық кәсіпке байланысты туған
шығармалар.
2. Баланың дүниеге келуіне, есейіп ер жетуіне байланысты
туған шығармалар.
3. Үйлену салтына байланысты туған өлең-жырлар.
4. Көңіл-күйді білдіретін өлең-жырлар.
5. Бата-тілектер.
Төрт түлік малға, еңбекке, аңшылық кәсіпке байланысты туған өлең-
жырлар. Қазақ халқының өмірі төрт түлік малмен тығыз байланысты
болғандықтан, тұрмыс-салт жырларының ең бай және кең тараған түрі - төрт
түлік мал туралы өлең жырлар.
Себебі төрт түлік мал - қазақ халқының күн көрісінің, шаруашылығының
негізгі саласы. Ол сауса - сүт, сойса - ет, кисе - киім, мінсе - көлік
болды. Тұрмысқа керекті заттар: алаша, кілем, сырмақ, көрпе-жастық, саба,
торсық, т. б. малдың өнімінен жасалды. Сондықтан да төрт түлік малды қазақ
халқы аса қадір тұтып, өлең-жырларына арқау етті.
Төрт түлік туралы өлең-жырлар ерте заманнан халықпен бірге жасасып
келеді. Ертедегі адамдар Айдың, Күннің, қыс пен жаздың, боран мен жауын-
шашынның, су тасқынының жаратушы иелері бар, адам баласы оларға жалынып-
жалбарынса, табиғат адамға мейірімділік нұрын шашады деп ұқты.
Хайуанаттардың әрқайсысының да жаратушы иесі бар, соларға жалынып-
жалбарынсақ малды ауру, індеттерден сақтайды, өнімді мол береді деп
түсінген. Қой атасына - Шопан, сиыр атасына - Зеңгібаба, түйе атасына -
Ойсылқара, жылқы атасына - Қамбар деп ат қойып, оларға өлеңмен тілек тілеп
жалбарынған. Шопан атадан: Тегене құйрық қошқар бер, малды берсең, қойды
бер, Қамбар атадан: Айғыр берсең, үйірі толған байталды, еңкей мама бие
Бер, Зеңгібабадан: Сиыр берсең, өңкей мама сүттісін Бер, Ойсылқарадан:
Маң-маң басқан, маң басқан, шудаларын шаң басқан, әрі жүнді, әрі сүтті,
әрі күшті түйе бер, — деп тілейді. Әр түліктің иелеріне Мал басын өсімтал
ет, ұры-қарыдан, ит-құстан, ауру-індеттен сақтай гөр, - деп жалбарынады.
Бақташының сөзі деген халық өлеңінде әр түлікті бағып-қағудың
қиындығы, өзіндік ерекшеліктері айтылады. Ешкінің тау мен тасқа желдеп
кететінін, сиырдың жүрдектігін, бір орында тұрмайтындығын, түйенің тұрған
жерінен табылатын жуастығын, т. б. суреттеп, әр түліктін, ерекшеліктеріне
сипаттама береді.
Қазақ халқы әр түліктің күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі атқарар
қызметін мақал-мәтелдер арқылы да білдірген. Мысалы, Мал өсірсең, қой
өсір, өнімі оның көл-көсір, Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі
артық деген мақал-мәтелдер арқылы қой малының өнімді көп беретіні, жүні
мен терісінің, сүтінің адамға өте пайдалы екені айтылады.
Сол сияқты бір топ мақал-мәтелдер түйе малының қасиетін марапаттауға
арналған. Нар жолында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Наурыз жыры
ТҰРМЫС - САЛТ ЖЫРЛАРЫ
Мақал - мәтелдер, жұмбақ
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ
Абай шығармаларындағы салт - дәстүрді дәріптеу
Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы
Халық педагогикасының асыл арналары
Ұлттық педагогика негіздері пәнінен ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері және құралдары
Жаңылтпаш - қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры
Пәндер