Тұрмыс-салт жырларының жанрлық түрлері мен зерттелуі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Тұрмыс-салт жырларының жанрлық түрлері мен зерттелуі

Тұрмыс-салт жырларының бір тармағы - отбасы, әдет-ғұрып өлеңдері - халықтық сананың сәбилік шағында туып, халықпен бірге жасасып келе жатқан ауыз әдебиетінің бір бай саласы. Ауыз әдебиетінің өзге жанрлары тәрізді, олар халықтың ерте заманғы тұрмыс-тіршілігінің куәсі, өмір айнасы болумен қатар, таза көркемдік қасиеті мен, дүниетанымдық сипаты тұрғысынан да бағалы.

Салтқа қатысты фольклор - күрделі әрі көп қырлы құбылыс. Оның жанрлық құрамы да сан алуан. Осыдан болар, зерттеу еңбектерде бұларды тарихи-этнографиялық тұрғыда талдау басым. Себебі олар халықпен бірге дамып келе жатқан жанрлар.

Осылардың қатарында отбасы әдет-ғұрып өлеңдері деген ұғымның аясына сиятын сәбилерге арналған, үйлену және жерлеу салт өлеңдері үлкен орын алады.

Осы арада әдет-ғұрыпқа байланысты айтылатын өлеңдердің атқаратын қызметіне, салтпен арақатынасына тоқтала кеткен жөн. Ол жайында фольклоршы ғалым Б. Н. Путилон: „Салтқа қатысты поэзияның әдет-ғұрыпқа байланысы (салт арқылы немесе оған тәуелсіз) бірдей дәрежеде емес, сондықтан да оның қарым-қатынас типологиясына, салтпен байланыс түрлеріне тоқталуға тура келеді, - дейді.

Салтқа қатысты фольклордың өзіндік қасиеті оның көркемдік, эстетикалық бітімінде ғана емес, халықтың тыныс-тіршілігімен, белгілі бір әдет-ғұрыпты атқару әрекетімен де етене жақын болуында.

Біріншіден, ол әдет-ғұрыпты атқару мақсатында орындалады. Оның өзінде де адамның сезім иірімдерін бейнелеуден гөрі, наным-сенімге көбірек негізделеді, Бұл жер-де өлең әдет-ғұрыпты атқарудың бірден-бір құралы болып табылады. Оның белгілі әрекетке және сөздерге кереметтей қасиет беру сипаты айқын. Мәселен, баланы майлап-сылау, бесікті аластау, тұсау кесу мақсатында айтылатын өлеңдердің, сондай-ақ, неке қияр сөзінің сипаты осыны көрсетеді.

Екіншіден, белгілі ортаға ғана арналған, салтқа байланысты айтылатын өлеңдер де бар. Оларды орындаудағы негізгі мақсат: түрлі әдет-ғұрып, салт-кәдені атқару барысында осы оқиғаларға қатысушылардың көзқарасын білдіру. Мысалы, ұзатылу тойында қалыңдық жар-жар «өлеңі арқылы өз сезімін, ойын білдіре алады. Салт бойынша, ұзатылған қалыңдық кетер алдында құрбы қыздарымен бірге туыстарын аралағанда айтылатын сыңсуда қалыңдықтың ішкі толғаныстары ашық көрініс табады. Себебі сыңсу да, жар-жар да бүкіл ел, мойындаған, көпшілік қабылдаған салттың аясынан шығып кет-пейді. Өзге жерде айта алмаған өкпе-назын, өкінішін қыз осы жерде ғана жеткізе алады. Салт белгілі бір дәрежеде осыған ресми түрде мүмкіндік берген.

Адам әдет-ғұрыпты пайдаланып, «өз көзқарасын, көңіл-күйін білдіре алады, Демек, әдет-ғұрып пен адамның ішкі сезімі бір-бірімен тікелей байланысты. Тегінде, алдымен салт-сана (обряд), ырым-жосын (поверье), әдет (обычай), ал соңынан, оған жауап ретінде өлең дүниеге келген.

Ю. Г. Круглов салт өлеңдерін екі топқа бөледі, бірінші топтағы өлеңдерді салтқа тікелей қатысты, яғни өлең деп отырғанымыз салттың өзі, ол наным-сенімнен (верование) ажырамаған дейді. Бесікті аластау, неке қию үшін өлеңнің айтылуы міндетті. Әрі өлеңнің айтушының көңіл-күйіне еш қатысы жоқ. Ал екінші топтағы өлеңдерді салтты атқару барысында айтуға да, айтпауға да болады. Сыңсуды айту не айтпау, қалай айту ұзатылар қыздың еркінде. Себебі мұнда адамның ішкі әлемін жайып салу, сезім иірімдерін суреттеу бар. Сол арқылы жеке адамның салтпен, тіршілікпен қарым-қатынасы ашылып жатады.

Әрине, Ю. Г. Круглов бұл пікірді орыс фольклорындағы салт өлеңдеріне қатысты айтып отыр. Десек те бұл ой-тұжырымның біз қарастырып отырған өлеңдерге де жат еместігін көреміз. Өйткені қай халықтың әдет-ғұрпын алсақ та, олардың салтқа қатысы бірдей дәрежеде емес. Сондықтан да бұл пікір біз үшін мәнді. Ал өлең мен салттың ұлттық болмыс-бітімі, әрине, әр халықтың өз ғұмыр-тіршілігімен, наным-сенімімен бірге жасалатыны даусыз.

Отбасы әдет-ғұрыпқа байланысты өлеңдердің дені әуезді де сазды әуенмен бірге орындалады. Бұлардың ішіндегі кейбір өлеңдер, мәселен, жерлеу салтымен байланысты айтылатын естірту, көңіл айту, арыздасу сияқтылар тақпақтап та айтылады. Сонымен қатар сәбилерге арналған уату өлеңдерінің көпшілігі диалогқа құрылып, жай тақпақпен жеткізілген.

Отбасы әдет-ғұрып өлеңдерінің атқаратын қызметі, жанрлык. түрлері сан алуан. Біріншіден, өлеңдердің салтқа тікелей және жанама қатысы өз алдына дараланады, екіншіден, ән-әуенге (музыкаға) қатыстылығы да ескерілуі тиіс. Үшіншіден, бұлардың құрамында драмалық злементтер жиі кездесетін жанрлық түрлері де бар. Әдет-ғұрып өлеңдерін өзгешеліктері, атқаратын қызметі және мән-маңызына қарай, төмендегідей жанрлық түрлерге жіктеуге болады:

1. Сәбилерге арналған салт өлеңдер: а) шілдехана жыры, ә) бесік жыры, б) уату өлеңдері, в) ырымға байланысты өлеңдер (бесікке бөлеу, тұсау кесу, майлап-сылау) ;

2. Үйлену салт өлеңдері: а) той бастар, ә) той тарқар, б) жар-жар, в) тақиямен қоштасу, г) сыңсу, г) жұбату, д) көрісу, е) неке қияр, ж) беташар;

3. Жерлеу салт өлеңдері: а) арыздасу, ә) естірту, б) көңіл айту, в) жоқтау.

XVIII ғасыр меи XIX ғасырдың алғашқы жартысындагы қазақ өлеңдерінің дені жалпылама қарастырылып, олардың халық өмірінен, тұрмыс-тіршілігінен алатын орны этнографиялық сипатта зерттелді. Шынтуайтқа келгенде, өлеңдердің көркемдік кестесі, жанрлық табиғаты және оның әдет-ғұрпымен, наным-сеніммен байланысы сырттай топшылаудан асқан жоқ. Мәселен, Н. П. Рычков, П. С. Паллас, А. И. Левшин еңбектерінде бірлі-жарым сөз етілген халық өлеңдерінің сипаты осындай дәрежеде болатын. Бұларда өлеңнің ішкі бітімі туралы пайымдаулардан гөрі, көргені мен естігенін сол қалпында куәландыру басым. Ал өлеңнің жанрлық ерекшеліктері туралы айтыла қалғанда жалпылама салыстыру, оның ішінде Еуропа әдебиетімен шендестіру байқалады.

Отбасы әдет-ғұрып өлеңдері арнайы зерттелмегенімен, оларға қатысты мол мағлұматты XIX ғасырдың екінші жартысындағы ғалымдардың еңбектерінен табамыз. Ш. Уәлиханов, В. Радло, Н. Потанин, А. Васильев, Я. Лютшь, Н. Гродекон, М. Готовиңкий, Р. Пфонниг. А. Алекторов, т. б. қазақ фольклорының мән-жайын сөз еткен зерттеулерінде, өлең үлгілері жинақтарында отбасы әдет-ғұрып өлеңдеріне тұтастай ат қойып, айдар тағып қарастырмағанымен, жекелеген жанрлық түрлері жайында құнды пікірлер жетерлік. Осы орайда мынадай бір өзгешелік байқалады; фольклор жанрының бітімін анықтау үшін бұл дәуірдің ғалымдары ең алдымен оның әлеуметтік қызметіне, айтылу себебіне, кімнің және қайда орындайтынына баса назар аударды. Бул іс жүзінде жанрдың атқаратын қызметін талдауға негізделеді.

Байыптай түссек, жанрдың, оның ішінде халык өлеңдерінің қоғамдық рөліне, мән-маңызына көбірек қарайлаудың себебі, бұл кезде әлі этнографиялық талдаудың таразысы басым еді. Асылында, мұндай бағыттың жетекші қызмет атқаруы қазақ поэзнясын сырт елдің оқырмандарына таныстыруды басты нысана етуімен қарайлас.

Ал жанрдың табиғаты оның қоғамдық қызметімен ғана шектелмейтіні анық. Мұның сыртыңда өлеңдердің идеялық-көркемдік бітімі, құрылымдық сыр-сипаты да оларды жанр ретінде айғақтаудың басты талап-тілектері, белгі-нышандары екені мәлім. Бұл тұрғыдан келгенде Ш. Уәлихановтың, В. Радловтың зерттеулері мұндай қажеттілікке, сол дәуір тұрғысынан алғанда, біршама толық жауап береді.

Мәселен, Ш. Уәлихановтың отбасы әдет-ғұрып өлеңдерінің ішінде жоқтауға қатысты пікірлері бір жақты айтылмай, оның құрылымы мен көркемдік ерекшеліктеріне де көңіл бөлуі осыны аңғартады.

Ш. Уәлиханов жоқтау өлеңдерді жеке топқа бөліп, "Жылау" деген атпен берген. Салтқа байланысты өлеңдердің ерекше маңыздыларының бірі ретінде жоқтаудың бөлек көрсетілуі себепсіз емес. Бұл оның халық арасында таралған мәнділігінде болса керек. Жоқтау өлеңдерінің бірнеше белгісін автор нақтылы көрсеткен. Жоқтауды әйелдер айтатыны және жанынан шығарып, тыңнан толғайтыны ескертіледі. Мундай өлендердің жыр өлшемімен шығарылатыны да атап өтілген, - деп жазады Р. Бердібаев.

Мұнан көрінетіні - Ш. Уәлиханов жанрды сипаттауда айтылу себебін, кімнің айтатынын ғана емес, түр-пішінін, өлең құрылысын да ескергендігі. Жанр табиғатын тануда мұның маңызы айрықша. Ғылыми ой-тұжырымның табан тірерлік негізі болмаса, оның шындыққа сәйкестігі де бір жақты болып шықпақ. Сондықтан да Ш. Уәлихановтың „Қазақ халық поэзиясының түрлері" деген еңбегі қазақ өлеңдерінің жанрлық бітімін тануда ғылымдағы айтарлықтай маңызды қадам болды.

Қазан төңкерісінен кейінгі алғашқы кезеңдерде арнайы ғылыми талдау жасалмағанымен, жалпы ауыз әдебиеті құрамында қарастырған үлкенді-кішілі зертгеулер жазылды. Бұл салада қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті қайраткері Ахмет Байтурсыновтың „Әдебиет танытқыш" (1926) атты кітабының ерекше маңызы бар. А. Байіурсыновтың аталған еңбегі қазақ фольклорының бітімін, жанрлық құрамын қарастырған өз кезінің күрделі зерттеуі болды. Онда ғалым бұрын ешкім айтпаған, өзінің алдындағы зерттеушілердің назарына ілінбеген тың мәселелерді көтереді. Әсіресе, фольклорлық жанрларды топтастыруы сол кез ушін үлкен жаңалық еді. Сондай-ақ А. Байтурсынов 1926 жылы „23 жоқтау" жинағын да жариялағаны мәлім. Мұндай ізденістер, түптеп келгенде, қазақтың отбасы әдет-ғұрып өлеңдерінің табиғатын, жанрлық сипатын, қоғамдық мән-маңызын түсінуге тікелей себепші болғаны анық, Ғалымның жіктеу тәжірибесі өзінің ғылыми мәнін әлі жойған жоқ.

Осындай бір тыңғылықты ізденістердің үлгісін 1927 жылы М. Әуезов „Әдебиет тарихы" арқылы көрсетті. М. Әуезов қазақ өлеңдерінің тарихи, халықтың сырын терең аша отырып, өлең түрлеріне жеке-жеке тоқталады, тиянақты ғылыми таңдаулар жасайды.

Қазақ фольклорын жіктеуге және сипаттауға арналған еңбектерінің ішінде Х. Досмұхамедовтың „Қазақ халык, әдебиеті" очеркінің алатын орны ерекше. Мұнда Х. Досмұхамедов ауыз әдебиетінің түрлерін жіктеуді мақсат еткен. Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі кезеңінде басқа бетін көрген материалдармен, Г. Потанин, В. Радлов, Ә. Диваев, т. б. еңбектерімен жақын таныса отырып, ауыз әдебиетінің түрі мен жанрларын жіктеуі оның еңбегінің құндылығын айғақтайды.

Х. Досмұхамедов фольклорды тек жалаң сөз өнері деп қана танымаған, оны әдет-ғұрып, салт-сана, наным-сеніммен байланыста, этнографиялық мәліметтерден бөле-жармай қарау керектігін жақсы сезінген. Ол қазақ халық әдебиетін жіктегенде, оның қырық алты түрін айқындайды. Соның ішінде жоқтау, жылау-сықтау, әруақпен сөйлесу, көңіл айту, жұбату, бесік жыры, уйлену тойы жырлары: а) жар-жар, ә) тойбастар, б) бета-шар деген түрлерін бөліп көрсетуі отбасы әдет-ғұрып өлеңдерінің өз алдына үлкен бір топ құрайтындығының айғағы. Бұл жерде ғалым айтыстың көне түрінің бірі „әруақпен айтыстың" үлгісін алғаш рет „Сана" журналында (1924, №2-3) жариялай отырып, оның шығу тегі хақында өз болжамын білдіреді де, оны жылаудың бір түрі деп таниды.

Жалпы, ұзақ уақыт бойы белгілі себептермен сөз етуге тыйым салынып, жабулы қалып келген осы еңбектің фольклористер үшін басшылыққа алатыны тустары баршылық. Соның айқын бір жолы - ғалымның фольклорды сала-салаға бөлу үлгісі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық ауыз әдебиеті пәнінен практикалық сабақтың әдістемелік нұсқауы
Үйлену салтына байланысты туған өлеңдердің жанрлық сипаты
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ПРОЗА
Қазақтың үй іші әдет-ғұрып өлеңдері
Батырлар жыры. Эпостағы дәуір және дәстүр мәселесі
Лиро- эпостық және батырлар жырындағы салт- дәстүрлерді оқыту
Тарихи өлеңдердің зерттелуі
Лиро - эпостық жырлар
Қазақтың ғашықтық жырлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz