Тұтынушылардың құқықтарын қорғау. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жалпы ұғымы
Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:
Ф-ОБ-001033
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Алтынбеков Серік
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
В5030100-мамандығы - Құқықтану
Түркістан-2014
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша тұтынушылардың құқықтарын
қорғау туралы жалпы ұғымы
1 Тұтынушылар ұғымы және оны анықтаудың кейбір мәселелері ... ... ... ... 6
2 Тұтынушылардың құқықтарын қорғауда арнайы құрылған қоғамдық ұйымдардың
құқықтық
мәртебесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 15
2. Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы
заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша тұтынушылардың
негізгі
құқықтары ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 19
2. Тұтынушылардың құқықтары бұзылған кездегі оларға келтірілген
зиянды өтеу және оның
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
3. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың теориялық және тәжірибелік
мәселелері
1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңдарды жеілдірудің
кейбір мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..45
2. Тұтынушылардың құқықтарын қорғауда сот органдарының атқаратын
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 51
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..61
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы адамның құқығына
және бостандығына кепілдік береді. Қазақстан Республикасы Конститутциясының
14-бабы тегіне, әлеуметтік, лауазымды және мүліктік жағдайына, жынысына,
нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзғарасына, намысына, тұрғылықты жеріне
байланысты немесе кез-келген өзге жағдайлар бойынша ешкімді де кемсітуге
болмайды және заң мен сот алдында бәрі тең деп жариялайды . Осыған сәйкес,
құқықтық мемлекеттің және өркениетті қоғамның азаматтарының қалыпты өмір
сүруіне заңдылық негіз болады.
Ал заңдылық азаматтардың заң алдындағы нақты теңдігін қамтамассыз етуге
қабілетті қоғам жағдайында ғана орын алуы мүмкін. Мұндай жағдай барлық
азаматтарға, қажеттіліктерін қанағаттандыруға тиімді жағдай жасау, нарықтық
экономикалық қатынастардағы материялдық игіліктерді өндіру саласында
теңдікті қамтамассыз ету арқылы қалыптасады. Әрі бұл құқықтық мемлекеттің
басты міндеті.
Әрбір адам өз өмірінде мыңдаған рет алуан түрлі саудалар жасайды, күн
сайын дерлік біз қандай да бір сатып алу-сату мәмілесіне қатысамыз.
Біреулер киім сатып алады, келесілері-автокөлік, ал енді біреулер кешкі
асын дәмханадан ішеді. Алайда осы мәмілелер мен құқықтық қатынастардың
көпшілігін, ерекше жағдайларды айтпағанда, бірыңғай құқық нормаларының
реттемелейтінін әркім біле бермейді.
Сатып алушының негізгі құқықтары мен сатушының міндеттері, бөлшек сауда
мен қызмет көрсетудің қағидалары туралы маңызды ережелері Тұтынушы
құқығын қорғау туралы Заңда, ал өзіне тән ерекшеліктері өзге нормативті-
құқықтық дерек көздерде мазмұндалған тұтынушы құқығында айтылады. Тауарды
тұтынушы ретіндегі өз құқықтарын білмеушілік кейде бөлшек сауданың алақол
қатысушыларының сатып алушы құқықтарына немқұрайды қарауына ғана емес,
кейде тіпті саналы түрде алдау арқылы қасақана бұзуына әкеп соқтырады. Ал
азаматтардың қажеттіліктерінің ауқымды бөлігі тауар алу арқылы, яғни сауда
саласында қанағаттандырылады.
Біз күнделікті өмірде азық-түлік, киім, тұрмыстық заттар және өзге де
тауарлар сатып ала отырып, бұл қатынастардың құқықтық жағына көңіл
аудармаймыз. Өкінішке орай, өз әрекетімізді "тұтынушы" әрекеті ретінде
және сатушының әрекетін заң тұрғысынан бағалау қажеттігі, біздің қандай да
бір құқығымыз бұзылған кезден бастап қана пайда болады. Бірақ өз
құқығымызды біле тұрсақ та, оны осындай тұрақсыз экономикалық жағдайда
қорғау қиынға соғады.
Ал жалпы алғанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау институты біздің
елімізде әлі де болса толығымен зерттелмеген және осы мәселе бүгінгі күннің
күрделі мәселерінің қатарына жатады. Еліміз құқықтық мемлекет құру жолында
жеке тұлғаның құқығын қорғау мемлекет мүддесін қорғаудан жоғары бола
бастаған қазіргі жағдайда тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі өзекті
де қызықты деп ойлаймын.
Көптеген жылдар бойы тұтынушылар құқығын қорғауға байланысты
ауыртпалықты 1991 жылғы маусым айында, Кеңес Одағы тұсында
қабылданған заң өзі көтеріп келді.
Аталмыш заң 19 жыл бойы қолданыста болды, алайда нарықтық экономиканың
даму деңгейіне, экономикалық қатынастардағы кәсіпкерлік пен бизнес үлесінің
артуына және құқықтың жалпы тұжырымдамасының дамуына байланысты анағұрлым
қолайлы және замана тынысына сәйкес келетін заң қабылдау қажеттілігі пайда
болды.
Осылайша, 2010 жылы Қазақстан Республикасының қазіргі уақытта
қолданылып жүрген Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы қабылданды
. Дәл осы заң бөлшек сатып алу-сату мәмілелерін жасау кезіндегі
қатысушылардың негізгі құқықтары мен міндеттерін реттемелейді.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңнан басқа аталмыш құқықтық
қатынасқа қатысушылардың әрекетіне тура немесе жанама түрде басқа
заңнамалық нормалар да ықпал етеді.
Олардың қатарына, ең әуелі, азаматтық және азаматтық-процессуалдық
құқық, салық құқығы нормалары, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау,
тауарды жарнамалауды монополияға қарсы реттеуді ұйымдастыру және көптеген
басқа салалардағы нормалар жатады. Сондықтан құқығы бұзылған әрбір
тұтынушының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңға ғана емес, өзге
де нормативтік-құқықтық актілерге сүйенуі қажет.
Зерттеу мақсаты. Сондықтан да мен осы тақырыпты таңдадым және бұл
жұмысты жазудағы алға қойған мақсатым: тұтынушылардың құқықтарын қорғау
институтының мәнін ашып, оның қазіргі жағдайына талдау жасау. Сонымен
қатар, осы жұмыс барысында бұл мәселеге қатысты нормативтік құқықтық
актілермен, Қазақстан және шет ел ғалымдарының осы тақырыпқа арналған
ғылыми жұмыстарымен танысуға, осы тақырыптағы нормативтік және тәжірибелік
мәліметтерді жинауға және сол материалдар негізінде тұтынушылардың
құқықтарын қорғау мәселесі бойынша тәжірибелік маңызы бар қорытындылар мен
ұсыныстар дайындауға тырысамын.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Мен дипломдық жұмысты үш бөлімге бөлдім.
Бұл жұмыстың бірінші бөлімі Қазақстан Республикасы заңдары бойынша
тұтынушыға кімдер жататындығына, осы заңдармен қандай қатынастар
реттелетіндігіне және жалпы осы институттың даму тарихына тоқталып
өтпекпін.
Ал екінші бөлімі Қазақстан Республикасы заңдары бойынша тұтынушы-ларға
қандай құқықтар берілгендігін және осы құқықтар бұзылған жағдайда оларды
қорғау ерекшелігіне тоқталамын.
Үшінші тарауда тұтынушылардың құқықтарын Қазақстан Республикасы заңдары
бойынша қорғаудың бүгінгі күнгі жағдайына тоқталып, оларды жетілдіру
мәселелерін қарастырмақпын. Ішкі саяси мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға
дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел
қауіпсіздігін нығайту болып қала береді.
Көбіне-көп бұл қандай да бір себептермен өзінің дұрыстығын тек қана
жоғарыда аталған заңның нормаларына сүйену арқылы дәлелдеу мүмкін болмаған
жағдайларда қажет боп жатады. Мәселен, тұтынушы ауладағы шағын дүкеннен
азық-түлік сатып алды делік, ал сатушы оған фискалды чек берген жоқ әрі
сатып алушының мәміле жасағанына куәгерлік ететін де ешкім жоқ.
Азық-түлікті қарап шыққаннан кейін, олардың пайдалануға жарамсыздығы
анықталады. Сатып алушы оларды қайта өткізбек болады, алайда сатушы
бүлінген тауарды қабылдамағаны бұлай тұрсын, сатып алушының фискалды
чегінің, сондай-ақ куәгерлерінің жоқтығына байланысты ол азық-түліктердің
дәл сол дүкеннен сатып алынғандығын дәлелдеудің мүмкін еместігін алға
тартады.
Мұндай жағдайда сатып алушының не істеуі керек, не нәрсеге сүйеніп,
кімнен көмек сұрауы, кімге жүгінуі және, ең бастысы, уақыт пен қаражат
шығынына ұшырамастан қалайша ақшасын қайтарып, өз құқығын қорғап қалуы
керек? Бұл дипломдық жұмыстың өзектілігі дәл осы сұрақтарға жауап беруге
арналған.
Дипломдық жұмыстың маңыздылығы. Біздің ортақ міндетіміз ғылыми ізденіс,
ал сатып алушы өз құқығын қорғаудың толып жатқан нормативті-құқықтық
негіздеріне ие. Тұтынушы құқығын қорғау әдетте үш кезеңнен тұрады. Алғашқы
кезеңде тұтынушы сатушыға барып, өз ниетінен (мәселен, көңілінен шықпаған
тауарды қайтару) хабардар етеді.
Егер сатушы тұтынушының тілегін қабыл алмаса, онда тұтынушы тұтынушылар
құқығын қорғау қоғамына (Қазақстан тұтынушылары Ұлттық Лигасы ҚҚ байланыс
мәліметтерін сілтемемен өту арқылы қажетті порталды табуға болады)
сатушының үстінен шағым түсіруге. Бұл екінші кезең болып табылады.
Қоғам өз кезегінде сатып алушының шағымы негізінде сатушыға сатып
алушының құқығына нұқсан келтірмей, оның талабын орындау жөнінде өтініш
білдіреді.
Тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы теріс жауап алған жағдайда немесе 10
күнтізбелік күн ішінде сатушы ешқандай жауап қайтармаған болса, үшінші
кезең жүзеге асады.
Үшінші кезеңде сатып алушының тапсырмасы бойынша қоғам немесе сатып
алушының өзі тұтынушы құқығының бұзылғаны жөніндегі талап-арызбен сотқа
жүгінеді. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңды білу, негізгі
баптарынан жаднама құрастырып, оны есіңізге сақтасаңыз, құқық нормаларын
білу-кез келген жағдайда өзіңізді қорғаудың ең сенімді тәсілі болып
табылады.
1 Қазақстан Республикасының заңдары бойынша тұтынушылардың құқықтарын
қорғау туралы жалпы ұғым
1. Тұтынушылар ұғымы және оны анықтаудың кейбір мәселелері
Тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын нормалар құқықтың әртүрлі
салаларын қамтиды. Бұл нормативтік актілер Қазақстан Республикасының
Конститутциясынан бастау алады. Өйткені Конститутцияның өзінде біздің
еліміздің ең жоғарғы құндылығы адам, оның өмірі, құқықтары және
бостандықтары болып табылады деп көрсетілген. Сонымен бірге Конститутцияда
азаматтардың дем алуға, денсаулығын, тұрғын үйін заңсыз қол сұғушылықтан
қорғауға, білім алуға құқығы және өзге де құқықтары бекітілген.
Бұл құқықтарға кепілдік беріледі, өйткені тұтынушының өмірінің
қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамассыз ететін тауарларға,
жұмыстар мен мемлекеттік білім беру және денсаулық сақтау жүйесі, сонымен
бірге тауарларды, жұмыс пен қызметтерді бақылау және қадағалау орнатылған.
Ал тұтынушылардың құқықтарының елеулі түрде бұзылуынан әкімшілік және
қылмыстық құқық нормалары қорғайды.
Тұтынушыға қатысты қатынастарды реттеуде азаматтық заң
шығармашылығы, атап айтсақ ҚР Азаматтық кодексі нормалары басты рөл
атқарады. Азаматтық кодекстің бірінші бөлімінде азаматтардың және
ұйымдардың азаматтық айналымға қатысуының құқықтық негіздері, азаматтық-
құқықтық шарттарды жасаудың негізгі талаптары анықталады. Тұтынушылардың
құқықтарын қорғауға қатысты заң шығармашылығының құрамына әртүрлі
дәрежедегі нормативтік актілер енеді.
Оларға 1991-жылы 5-маусымда қабылданған "Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау туралы" Заңы және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық
бұзушылықтар туралы кодексі жатады. Бұл заң шығармашылығының құрамына өзге
де актілер кіреді, оларға Президенттің жарлықтары, Үкіметтің қаулылары
жатады. Мұндай актілер барлық уақытта қажет, өйткені құқықтық қатынастар
бір жерде тоқтап тұрмай, үнемі дамып және өзгеріп отырады, сондықтан оны
үнемі жетілдіріп отыру керек.
Заң шығармашылығында тұтынушылық қатынастарды әртүрлі реттейтін
нормативтік актілердің екі тобын бөліп қарастыруға болады. Бірінші топқа
тұтынушы тікелей қатысушы болып табылатын актілерді жатқызуға болады. Осы
топқа тұтынушының тауардың, жұмыс пен қызметтің тиісті сапасына құқығын,
олардың өмірге және денсаулыққа қауіпсіздігін орнататын актілер, сатып алу-
сату, мердігерлік, тасмалдау және өзге де шарттардағы қатынастарды
реттейтін актілер жатады, шарттарды орындамау немесе тиісті дәрежеде
орындамау салдарын, тауарды дайындаушының, сатушының жауапкершілігін
айқындайтын актілер жатады [3, 208б.].
Екінші топқа өз қызметі шегінде тауарларға, жұмыстарға және
қызметтерге талаптарды анықтайтын және осы талаптардың сақталуына қадағалау
жасайтын мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін актілер жатады. Оларға
"Сақтандыру туралы", "Сертификаттау туралы" [4], "Табиғи монополиялар
туралы" [5] және өзге де заңдар жатады. Олар тұтынушы үшін маңызды
ережелерді орнатады.
Енді бұл жерде бір қатынасты бірнеше нормативтік акт бірдей реттесе
және олардың арасында қайшылық болса қайсысы қолданылуы тиіс деген заңды
сұрақ туады. Бұған төмендегідей жауап қайтаруға болады. 1998-жылы 24-
наурызда қабылданған "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан
Республикасының Заңының 6-бабында төмендегі норма көрсетілген:
1. Әртүрлі дәрежедегі нормативтік құқықтық актілердің құқық нормаларында
қайшылық туған жағдайда дәрежесі жоғары акт нормасы әрекет етеді.
2 Бір дәрежедегі нормативтік құқықтық актілердің құқық нормаларында
қайшылық туған жағдайда соңғы қабылданған акт нормасы әрекет етеді.
Осы нормаға сәйкес Қазақстан Республикасының Конститутциясының ең
жоғарғы заңдық күші бар және ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей
қолданылуға жатады (Конституцияның 4-бабының 2-тармағы).
Сонымен бірге Азаматтық кодексте азаматтық құқықтың Қазақстан
Республикасының заң актілерінде қамтылған нормалары осы кодекстің
ережелеріне қайшы келген жағдайда осы кодекстің ережелері қолданылады деп
көрсетілген (ҚР Азаматтық кодексінің 3-бабының 2-тармағы). Бұл нормаларды
толықтыра кететін болсақ "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңында
тұтынушылардың құқықтары мен оларды жүзеге асыру механизмі осы заңмен және
Қазақстан Республикасының осы заңға сәйкес шығарылған басқа да заң
актілерімен реттеледі деп көрсетілген (Заңның 3-бабының 1-тармағы).
Енді осы төрт нормадан шығатын қорытынды: азаматтың негізгі
құқықтары Конституцияда бекітіледі, ал тұтынушы азаматтық кодексте және
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңында бекітілген құқықтарды
пайдаланады. Ал азаматтық кодекс пен осы заң бірлесіп әрекет етеді, әрі бір-
бірін толықтырып отырады. Ал басқа нормативтік құқықтық актілер азаматтық
кодекске және "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңы нормаларына
қайшы келмеуі тиіс.
Ал халықаралық шарттарға келетін болсақ, онда Қазақстан
Республикасының Жоғарғы Сотының Пленумының "Соттардың тұтынушы-лардың
құқықтарын қорғау бойынша заң шығармашылығын қолдану тәжірибесі туралы"
1996-жылы 25-ші шілдеде қабылдаған N-7 Қаулысында бұл мәселеге қатысты
былай делінген: "Қазақстан Республикасының Конституциясының 4-бабының 3-
тармағына сәйкес республика бекіткен халықаралық шарттардың республика
заңдарынан басым болатындығын соттар ескеруі тиіс. Тиісінше, егер
республикамыз бекіткен халықаралық шартта тұтынушылардың құқықтарын қорғау
туралы республикамыздың заңдарында көзделген құқықтардан өзге құқықтар
көрсетілсе онда халықаралық шарт ережелері қолданылады".
Енді келесі маңызды мәселе, осы заң шығармашылығын дұрыс түсіну және
қолдану үшін біз тұтынушы деген кім екенін және оның басқа субъектілермен
қатынасқа түсу шеңберін анықтап алуымыз керек. Заңға сәйкес тұтынушы- жеке
өзі тұтыну немесе өзі жеке меншік шаруашылықта пайдалану мақсатында тауар
сатып алатын және жұмыстар мен қызметтерді пайдаланатын азамат. Бұл
анықтамадан көріп отырғанымыздай тұтынушыға үш талап қойылады. Оның
біріншісі жеке өзі тұтыну және пайдалану мақсатында тауар сатып алу, яғни
тауар пайда табумен байланысты емес жеке қажеттіліктер үшін алынуы тиіс.
Сондықтан "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңы азматтар
арасындағы жеке тұрмыстық емес қажеттіліктерін қанағаттандыруға қатысты
қатынастарды реттемейді.
Толығырақ айтсақ, азаматтардың тауарды, жұмыс пен қызметті
кәсіпкерлік қызмет үшін, яғни пайда табу мақсатында және негізгі қызмет
қажеттіліктерін не өз жұмысшыларының әлеуметтік тұрмыстық қажеттіліктерін
қанағаттандыру мақсатында алуы осы Заңмен реттелетін қатынастар қатарына
жатпайды.
Тұтынушыға қойылатын екінші талап-ол міндетті түрде жеке тұлға болуы
тиіс. Ал жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел
азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар жатады және олардың құқықтары ҚР
Азаматтық кодексінің 3-бабына сәйкес бірдей дәрежеде қорғалады. Ал заңды
тұлғалардың тауар алу кезіндегі бұзылған құқықтары жалпы азаматтық заң
шығармашылығы нормалары арқылы қорғалады. Олардың мұндай бөлінуін заңды
тұлғалардың мүдделері мамандармен (экономистер, заңгерлер және т.б.)
қорғалатындығымен, ал тұтынушыға ешкім мұндай көмек көрсетпейтіндігімен
түсіндіруге болады.
Заң бойынша қызмет пен тауарды алатын адам ғана емес, осы өнімді
пайдаланатын адам да тұтынушы болып табылады. Сонымен бірге тауарды алуға
ниет білдірген адам да тұтынушы болып есептеледі. Мысалы, адам сатушыдан
тауарды көрсетуді және ол туралы ақпарат беруді өтінгеннен бастап тұтынушы
болып есептеледі.
Адам тұтынушы болып есептелуі үшін тауар (жұмыс, қызмет) оған
міндетті түрде ақылы жолмен өтуі керек және бұл тұтынушыға қойылатын үшінші
талап. Егер тауар басқа жолмен өтсе (мысалы, айырбастау, сыйға тарту) онда
мұндай қатынастарға "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңы
қолданылмайды.
Тұтынушылық құқықтық қатынастың келесі қатысушысы-дайындаушы. Ол
тауарды өткізу үшін өндіретін кәсіпорын, ұйым, мекеме, не азамат. Бұл жерде
тауарларды тұтынушыға өткізу тікелей емес, тек сауда саттық, көтерме сауда
кәсіпорындары, делдал арқылы жүзеге асырылатындығын айта кету керек.
Егер дайындаушы тауарды тұтынушыға тікелей өткізсе, онда ол сатушы
болып есептеледі. Дайындаушыға коммерциялық та, коммерциялық емес те
ұйымдар немесе шетелдік заңды тұлғалар да жатады. Коммерциялық ұйым- бұл
негізгі мақсаты пайда табу болып табылатын ұйым.
Коммерциялық емес ұйым-пайда табу мақсатын көздемейді, бірақ оның
құрылтай құжаттарында көзделсе ол мұндай қызметті жүзеге асыра алады.
Коммерциялық емес ұйымның кәсіпкерлік қызметіне коммерциялық емес ұйымның
құрылу мақсатына сай келетін және пайда түсетін қызмет көрсетулер мен тауар
шығару, сонымен бірге бағалы қағаз алу және жүзеге асыру жатады.
Бірақ бұл ұйымдарға ортақ белгі, оларға қызметтің белгілі бір
түрімен айналысу үшін лицензия қажет. Тұтынушының тағы бір контрагентіне
заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкер жатады.
ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес азамат жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік
тіркеуден өткен кезден бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы.
Жеке кәсіпкерге коммерциялық ұйымның қызметін реттейтін ережелер
қолданылады. Жалпы алғанда дайындаушы тауарды тұтынушыға тікелей өткізуі
тиіс, егер ол өнімді басқа тұлғаға өткізсе, мұндай қатынастар
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңымен реттелмейді.
Тұтынушымен қатынасқа түсетін келесі тұлғаға сатушы жатады. Бұл
тауарды сатып алу-сату шарты бойынша өткізетін кәсіпорын, ұйым, мекеме
немесе азамат.
Ал орындаушы-ақылы түрде жұмыс орындайтын немесе қызмет көрсететін
кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе азмат. Оның негізгі белгісіне ақылы болуы
жатады. Тұтынушы мен орындаушы арасындағы қатынастар, олар жасайтын шарт
(мысалы, тасымалдау, мердігерлік шарты) негізінде туындайды.
Енді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдар, атап
айтсақ "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңы қандай құқықтық
қатынастарды реттейтіндігіне тоқтала кетсем [6].
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдарда, соның ішінде
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң шығармашылығын соттардың
қолдану тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының
пленумының N-7қаулысында, олардың нақты қандай қатынастарды реттейтіндігі
айтылмаған. Бірақ осы нормативтік актілердің нормаларының мәнінен бұл
заңмен негізінен келесі шарт түрлерінен туындайтын қатынастар реттелуі
мүмкін деген тұжырымға келуге болады:
- сатып алу-сату шарты;
- мүлікті жалдау шарты;
- тұрғын үйді жалдау шарты;
- мердігерлік шарт, соның ішінде тұрмыстық мердігерлік шарт және
абонементтік қызмет көрсету;
- азаматтарды, жүктерді және қол жүктерін тасымалдау шарты;
- комиссия шарты;
- сақтау шарты;
- қаржылық қызмет көрсету, сонымен қатар азаматтарға жеке тұрмыстық
қажеттіліктер үшін несие беру, клиент азаматтарға есеп-шот ашу,
азаматтардан бағалы қағаздар және өзге де құнды заттар алу және
оны сақтау бойынша, консультациялық қызмет көрсету және т.б.
"Тұтынушылардың құқытарын қорғау туралы" заңымен басқа да қатынастар
реттелуі мүмкін. Бұл заңмен нақты қандай қатынастар реттелетіндігі ресми
түрде көрсетілмегендіктен, осы мәселе саласында көптеген даулар тууда.
Мысалы мұндай дау қаржылық қызмет көрсету саласында туындаған.
Банк өкілдері: "Азаматтардың банкке салатын салымына сыйақы
төленеді, соған сәйкес бұл қатынас пайда табуға бағытталған және бұл заңда
көрсетілген "тұтынушы" анықтамасына қайшы келеді, сондықтан банк салымына
қатысты қатынастар "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңымен
реттелетін қатынастар аясына жатпайды"-дейді.
Бірақ бұл позиция келесі себептерге байланысты қате болып табылады.
ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес меншік иесі өзіне тиесілі қаражаттардың
кездейсоқ жойылу қаупін көтереді, сондықтан ол олардың сақталуын
қамтамассыз ету үшін белгілі бір шаралар қолдануға мәжбүр болады. Ал ақшаны
сақтаудың келесі үш жолы белгілі:
- ақша қаражатын ешкімге бермей өзі сақтау;
- ақшаны мүлікке айналдыру;
- ақша қаражаттарын банкке салым ретінде салу.
Ақшаны бірінші жолмен сақтау тиімсіз, бұл тәсіл ақшаның
құнсыздануынан және ұрлануынан қорғауды толық қамтамасыз ете алмайды.
Ақшаны мүлікке айналдыру да тиімсіз, өйткені мүлікті алу, оны сақтау үшін
қосымша шығын шығады. Ал ақша қаражатын үшінші жолмен сақтау тиімді.
Өйткені банкке салынған салымға сыйақы төленеді, бірақ оны қаржылық
құрылымның кейбір өкілдері азаматтың табысы деп есептеп, осы негізде
қаржылық қызметті тұтынушылық заңдармен реттелетін қатынастар құрамынан
шығарып тастауға тырысады.
Бірақ 2002-жылы 1-қаңтарда күшіне енген ҚР Салық кодексінің 144-
бабының 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес жеке тұлғалардың банктердегі
салымдары бойынша оларға төленетін сыйақыларға салық салынуға жатпайды.
Сонымен, заңның өзі банктегі салымға төленетін сыйақыны пайда табумен
байланысты операция деп қарастырмайды [7].
Қаржылық құрылым өкілдерінің тағы бір келтіретін аргументі: азамат
банкке ақша сала отырып банкке қызмет көрсетеді, ал банк ол қызметті сыйақы
төлеу арқылы өтейді, сөйтіп тұтынушы кәсіпкерлік қызметке қатысады дейді.
Енді бұған да жауап іздеп көрейік. Азамат банкке ақша сала отырып,
өзінің мүлкінен уақытша айырылады және ол біріншіден, оларды дер кезінде
пайдалану мүмкіндігінен айырылады, ал екіншіден, бұл ақша қаражатының
қайтпау тәуекелін. Ал банк болса, сол ақшаны айналымға салып, пайда табады.
Банк бұл табыстың бір бөлігін меншіктің қайтпау тәуекеліне төлем ретінде
салым салушыға сыйақы түрінде төлейді, ал қалған бөлігі банкке түскен пайда
болып табылады.
Бұл жерде банктің пайдасы мен азаматтың салымына төленетін сыйақының
арасында ешқандай байланыс жоқ. Өйткені банк салымшының салымын кәсіпкерлік
мақсатта пайдалансын-пайдаланбасын бәрібір оған сыйақы төлеуі тиіс. Бұл
банктің жалпы табысында тұтынушының ешқандай үлесі болмайтындығын және ол
кәсіпкерлік қызмет қатысушысы бола алмайтындығын көрсетеді.
Сонымен, қаржылық қызмет көрсетуге қатысты қатынастарды
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңымен реттелетін қатынастар
қатарынан шығаруға ешқандай негіз жоқ.
Енді осы тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың Қазақстанда қалай
қалыптасқанына тоқтала кетсек.
Қазақстандағы тұтынушылар қозғалысының даму тарихын қарастырмас
бұрын біз оның қалай туындағанын және оның даму тенденциясы қалай екенін
білуіміз қажет. Алғаш рет тұтынушылар қозғалысы АҚШ-та туындаған, қазіргі
кездегі консюмеризмнің түп-тамыры осы жерден шыққан [8].
Америкалық зерттеушілер тұтынушылардың құқықтарын қорғау
қозғалысының үш негізгі даму кезеңдерін көрсетеді. Бірінші кезең ХІХ-
ғасырдың соңынан басталады. Туындаған әлеуметтік мәселелерді шеше алатын
ұйымдарды құру қажеттігі тап осы кезде пісіп жетілді және 1891-жылы Нью-
Йоркте алғашқы Тұтынушылар Лигасы пайда болды, ал 1898-жылы жергілікті
бастамашы топтар ұлттық федерация-Тұтынушылардың Ұлттық Лигасына бірікті.
Екінші кезең ХХ-ғасырдың отызыншы жылдарынан басталады. Бұл кезең
бүкіл әлемдік экономикалық тоқыраумен байланысты және осы кезде тұтынушылық
сұранымды реттеу арқылы экономиканы реттеу мүмкін болды. 60-жылдардан
басталған үшінші кезең бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Оның басталуы
АҚШ Президенті Джон Кеннедидің АҚШ азаматтарына жолдаған жолдауымен
байланысты. Бұл жолдауда тұтынушылар мәселесін шешу міндетін мемлекет
тікелей өз қолына алатындығы айтылған. Осы кезде тұтынушылардың арыздары
бойынша көптеген аты шулы сот процестері болды және олар жария етуі себепті
қоғам жетістігіне айналды.
Сонымен қазіргі кездегі тұтынушылардың құқықтары қысқа уақыт
аралығында емес, прогрессивтік қауымның өзінің тұтынушылық құқықтары үшін
бір жарым ғасыр күресі нәтижесінде қоғамдық және құқықтық жүйедегі өзінің
беделді орнын алды.
Қазіргі кезде тұтынушылар қозғалысын бүкіл әлемнен байқауға болады.
Біздің елімізде бұл қозғалыс салыстырмалы түрде жас болып табылады, оның
дамуы біздің еліміздің 1991-жылы тәуелсіздік алуымен, жоспарлық
экономикадан нарықтық экономикаға көшумен байланысты.
Бұрын тоталитарлық жүйеде өмір сүрген уақытта тұтынушылардың
құқықтарын қорғаумен бір орган ғана жанамалы түрде шұғылданды, ол-Сауда
Министрлігі. Бұл кезең 70 жыл шамасына, яғни Кеңес үкіметінің бүкіл өміріне
созылды және ол тұтынушылардың құқықтарын жаппай бұзумен сипатталады.
Жалпы Кеңес Одағындағы тұтынушылар қозғалысы тоталитарлық жүйенің
күші әлсіреген 80-ші жылдардың аяғынан басталады. Өйткені 80-ші жылдардың
ортасындағы бәрімізге мәлім экономикалық тоқырау "сатып алу" деген сөздің
жоғалып оның орнына "қайдан табуға болады?" деген сөздің жиі қолданылуына
әкеп соқты [9].
Содан кейін барып нарықтық реформалар жасалды, оның соңынан-
тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңдар қабылданды. Сол
кездері алғашқы тұтынушылар ұйымдары екі жолмен қалыптасқан еді. Бір
жағынан, белгілі бір себептер бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғауға
мүдделі, өзінше бір интелектуалдар (журналистер, экономистер, социологтар,
заңгерлер және т.б.) клубы құрылды. Көбінде олар газет-журналдар
төңірегінде жиналды.
Екінші жағынан тұтынушылар ұйымдарын пәтерге, автокөлікке, жиһазға
және өзге де тауарларға кезекте тұрған адамдар стихиялы түрде құрды.
Өйткені мұндай кезекте бірнеше жылдап тұрған адамдар бір-бірімен танысып
алған еді және олар басында нақты тауарды сатып алуға қатысты мәселені
шешуге бағытталған, ал кейіннен тұтынушы мәселелерінің ауқымдырақ
секторымен айналысқан ұйымдар құрды.
1985 жылға дейін КСРО бойынша ондаған ғана тұтынушылар ұйымдары
құрылды, ал 1989 жылы желтоқсан айында КСРО-ның 40 аймағының тұтынушылар
ұйымдарының өкілдері өздерінің алғашқы конференциясын өткізді және осы
конференцияда КСРО Тұтынушылар Ұйымдарының Федерациясы құрылды.
КСРО-ның ыдырауы тұтынушылар қозғалысы үшін үлкен сын болды. 1992
жылы ақпанда тұтынушылар ұйымдарының федерациясы конгреске жиналды. Олардың
алдына қойыған мақсаты ұйымды сақтап қалу болды. Ақырында олар біртұтас
ұйымды сақтап қалып, оның атын Тұтынушылар Ұйымының Халықаралық
Конфедерациясы деп өзгертті. Қазіргі кезде бұл тұтынушы-лардың әр түрлі
саладағы құқықтарын белсенді түрде қорғайтын мықты ұйым.
Жалпы алып қарасақ, Кеңес Үкіметі ыдыраған соң бұрын КСРО
республикаларының саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы бірдей болса
да, олар тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесін әр түрлі шешті.
Көптеген республикаларды қызметі тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиімді
тәсілін қалыптастыруға септігін тигізетін тұтынушының құқықтарын қорғау
бойынша мемлекеттік органдар құрылды.
Мысалы, Татарстанда Президентке тікелей бағынатын тұтынушының
құқықтарын қорғау бойынша жеке Министрлік құрылған. Орталық Азия
Республикаларында, Қырғызстанда, Өзбекстанда жергілікті дәрежеде де және
республикалық дәрежеде де қызмет атқаратын тұтынушылар құқықтарын қорғау
бойынша бөлімдер құрылған.
Ал Қазақстанның тәуелсіздк алғаннан кейінгі тұтынушылар қозғалысының
даму тарихын екі аспектіде қарастыруға болады. Олар: тұтынушылар құқықтарын
мемлекеттік және қоғамдық қорғау. Тұтынушылардың құқықтарын қоғамдық қорғау
мәселесіне осы бөлімнің екінші параграфы арналғандықтан, тұтынушылардың
құқықтарын қорғаудың мемлекеттік даму жолына тақтала кетейін.
1991 жылы Қазақ ССР Сауда Министрлігінің тұтынушылар құқықтарын
қорғау бөлімі коммерциялық емес ұйым "Қазақстанның Тұтынушылар Одағы" болып
қайта құрылды. Бұл органның негізгі қызметіне сауда қызметін көрсету
саласындағы тексерулерді жүргізу жатты, Яғни қайта құрылғанына қарамастан
атқаратын қызметті өзгерген жоқ. Жалпы алғанда, бұл кезде тұтынушылардың
құқықтарын қорғау белсенді емес еді.
1993 жылы 25 ақпанда шаруашылық жүргізуші субьектілердің және сауда
қызметін жүзеге асыратын тұлғалардың сапасыз тауарларды өткізгені үшін
жауаптылығын арттыру мақсатында министрлер кабинет "Сауда ережелерін және
тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны үшін жауаптылықты күшейту туралы" N 152
Қаулысын қабылдады. Осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасы
территориясындағы қоғамдық тамақтану мекемелерінде және бөлшек сауда
жүйелерінде тауарларды сату заңға сәйкес берілетін мемлекеттік тіркеу
туралы куәлік негізінде жүзеге асырылатындығы орнатылды.
Мемлекеттік стандарттарға сәйкес мемлекеттік өндірушілердің де, жеке
кәсіпкерлердің де бірдей жаупкершілігі ең алғаш рет орнатылды.
Сауда жүйесінде және қоғамдық тамақтану мекемесіне кооперативтер,
жеке және кіші кәсіпорындар дайындаған, сонымен бірге жеке еңбек қызметімен
шұғылданатын тұлғалардан келіп түскен өнімдерді тиісті қызмет органдары
берген сәйкестік сертификаты не стандарттар талаптарына және басқа да
нормативтік құжаттарға сәйкестігін дәлелдейтін құжаты болуы тиіс.
1994 жылы Табиғи монополияларды қорғау, бәсекелестікті дамыту және кіші
бизнесті қолдау агенттігінде (Монополияға қарсы Комитетте) тұтынушылардың
құқықтарын қорғау бөлімі құрылды. 1995 жыл тұрғын үй реформасы бойынша
мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырумен және соған сәйкес азаматтардың өз
пәтерлерін жекешелендіруімен (мемлекеттен сатып алуымен), сөйтіп өз
пәтерлерінің меншік иесі болуымен байланысты.
Осы мәселелерді шешу мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Комитеті құрылды. Бірақ бұл Комитеттің арнайы құзыреті болмаса да, ол тек
пәтер иелері кооперативінің мәселелерімен ғана айналысып, тұтынушылардың
басқа да маңызды мәселелерін шешпеді.
1995-98 жылдарда Қазақстанда мемлекеттің тұтынушылардың құқықтарын
қорғау саласындағы қызметі белсенді түрде жүргізілді, бірнеше нормативтік
актілер қабылданды, заң актілерінің жобасы дайындалды.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша республиканың
министрліктерінің және ведомстваларының қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету
мақсатында 1995 жылы 11 қаңтарда құрамына республикамыздың 20
министрліктері мен ведомстваларының өкілдері кірген тұтынушылардың
құқықтарын қорғау бойынша ведомствоаралық кеңес құрылды.
Бұл кеңестің қызметі Қазақстан Республикасының министрліктерінің және
ведомстволарының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңын жүзеге
асыру, "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңның және тұтынушылардың
мүддесіне қатысты өзге де нормативтік актілердің тәжірибеде қолданылуын
талдау бойынша қызметін үйлестіру, сонымен қатар тәуелсіз тұтынушылар
сараптамасын ұйымдастыруға бағытталған [10].
Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың мемлекеттік жүйесін қалыптастыру
және тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау бойынша жүргізілетін шараларды
дамыту және жетілдіру мақсатында 1995 жылы 22-маусымда Министрлер Кабинеті
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша жүргізілетін жұмыстардың
белсенділігін арттыру туралы" N 864 Қаулысын қабылдады.
Осы қаулыға сәйкес тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша
заң жобаларының және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы
қатынастарды реттейтін нормативтік құжаттардың тізімі бекітілді.
Осы қаулы жергілікті әкімшілік басшыларына тұтынушылардың құқықтарын
қорғауды күшейту мақсатында келесі құзіретті міндеттеді: бөлшек сауда
жүйесіндегі мемлекеттік кәсіпорын үшін алғашқы қажеттіліктегі азық-түлік
және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың міндетті тізімін бекіту.
Осы атқару органдары сауданың, қоғамдық тамақтану және халыққа қызмет
көрсету саласындағы жекешелендірілген кәсіпорындарды, олардың
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" 1991 жылғы 5-ші маусымдағы заңына
сәйкес жұмыс істеуін жүйелі түрде тексеріп отырды.
Осы кездегі тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бүкіл мемлекеттік
жүйесі тұтынушының құқықтарын қорғау саласындағы қатынастарды реттеудің
тікелей және қосымша әдістеріне үйлесімділігі қағидасына, әртүрлі
мемлекеттік құрылымдар жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау және қадағалау
қызметін орындаудың үйлестірілген жүйесін құруға негізделген еді.
Сонымен қатар тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық
ынтымақтастық тәжірибесін ескере отырып, тұтынушылардың жеке азаматтық
құқықтарын жүзеге асыруға негізделген "тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың"
өзін-өзі реттейтін механизмін құрудың маңыздылығын да ескеру керек.
Ал 1999-жылы 21-қазанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің
"Қазақстан Республикасындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша
нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мәселесі туралы" бұйрығы шықты және
осы бұйрыққа сәйкес тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы бірнеше
нормативтік актілерді жетілдіру жоспарланды.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың
атқаратын қызметін қорытындылай келе біз, өкінішке орай мемлекеттік
органдардың атқарған қызметі осы саладағы жағдайды жақсартпағанын айта
кетуіміз керек.
Өйткені елімізде тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың механизмі жоқ,
нормативтік базаның дәрежесі төмен, тұтынушыларға білім беру дамымаған және
т.б.
1.2 Тұтынушылардың құқықтарын қорғауда арнайы құрылған қоғамдық ұйымдардың
құқықтық мәртебесі
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымдары-бұл тұтынушылардың құқықтарын
қорғау мақсатында азаматтармен құрылатын қоғамдық ұйым. "Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау туралы" (1991.05.06) заңының және "Қоғамдық ұйымдар
туралы" заңның талаптарына сәйкес тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымдары
кемінде он адаммен құрылатын коммерциялық емес заңды тұлға болып табылады.
Коммерциялық емес ұйым дегеніміз өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде
табыс келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестіре
алмайтын ұйым (ҚР азаматтық кодексінің 34-бабының 1-тармағы). Осыған
сәйкес, тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымдары өз қызметі үшін ақы алса
да, яғни оған пайда түссе де, оларды құрудың негізгі мақсаты тұтынушыларды
сапалы тауармен (қызметпен, жұмыспен) қамтамасыз ету саласында олардың жеке
құқықтарын қорғау болып табылады [11, 183б.].
Бұл ұйымға Ұйымның Жарғысында көрсетілген ережемен келісетін және мүше
болуға тілек білдірген кез-келген азамат мүше бола алады. "Қоғамдық ұйымдар
туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының нормасына сәйкес
тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымдарына мүше болу үшін, азамат міндетті
түрде Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс емес, оған шетел
азаматтары да, азаматтығы жоқ адмдар мүше бола алады.
"Қоғамдық ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы заңының талаптарына
сәйкес қоғамдық ұйымдар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
және оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Содан
кейін ғана оның заңды тұлға ретіндегі әрекет және құқық қабілеттігі пайда
болады.
Жалпы қоғамдық ұйымдарды мемлекеттік тіркеу заңды тұлғаларды
мемлекеттік тіркеу туралы заңдарда көзделген тәртіпте және мерзімде
жүргізіледі. Бұл заңда көрсетілген құжаттардан басқа жарғы қабылданған
жалпы жиналыстың немесе құрылтай съезінің (конференцияның) хаттамасы;
республикалық немесе аумақтық статустағы құрылымдық бөлімнің құрылғандығын
растайтын құжат; ұйымды құрушы азаматтардың және барлығының мекен-жайы
көрсетіле отырып басқару органдары мүшелерінің тізімі ұсынылуы тиіс. Әділет
Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң салық инспекциясына
тіркеліп, өз есеп-шотын ашуы керек.
Қазақстан Республикасында құрылған қоғамдық ұйымдар, ерікті түрде
Ассоциацияларға (Одақтарға) біріге алады. Сонымен бірге өз Жарғыларына
сәйкес Халықаралық қоғамдық ұйымдармен тікелей байланыстар орната алады,
тиісті келісімдер жасай алады және олар ұжымдық мүше бола алады.
Енді қоғамдық ұйымның жарғысына келетін болсақ, ұйым мемлекеттік
тіркеуден өтпес бұрын кемінде он адам Құрылтай жиналысын өткізіп, осы
жиналыстың хаттамасын толтырып, ұйым жарғысын қабылдауы тиіс. Жарғыда
төмендегі мәліметтер көрсетіледі:
1- қоғамдық ұйымның атауы, оның қызметінің мақсаты, орналасқан жері;
2- қоғамдық ұйым құрылымы, өз қызметін жүзеге асыратын аумақ;
3- қоғамдық ұйымға мүшелікке қабылдау, одан шығару шарты және тәртібі;
4- қоғамдық ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) құқықтары мен
міндеттері;
5- қоғамдық ұйымның басқару аппаратын қалыптастыру тәртібі және олардың
өкілеттігінің шегі мен мерзімі;
6- қоғамдық ұйымның қаражатын және өзге де мүліктерін қалыптастырудың
қайнар көзі;
7- қоғамдық ұйымның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
тәртібі;
8- қоғамдық ұйымның жұмысын тоқтату және қайта құру, ол таратылған соң
қалған мүлікті пайдалану тәртібі;
Жарғыда қоғамдық ұйымның қызметіне жататын өзге де ережелер болуы
мүмкін. Тұтынушының құқықтарын қорғау ұйымы келесі қызметтерді жүзеге
асырады:
- қызмет көрсетудің әртүрлі саласындағы
тұтынушылардың құқықтарының сақталуын тексереді;
- тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге , олардың бағалары мен
тарифтеріне тәуелсіз сараптама жүргізеді;
- құқық қорғау және бақылау органдарына көтеріңкі бағалар бойынша
және сапа жөніндегі белгіленген талаптарға сай келмейтін өнім
шығару мен өткізуге,
сауда және халыққа қызмет көрсету ережелерін бұзған тұлғаларды жауапқа
тарту туралы материалдар береді;
- мемлекеттің құзіретті органдарына өнімнің сапасын жақсарту
жөніндегі шаралар туралы, сапа жөніндегі белгіленген талаптарға сай
келмейтін өнім шығару мен оны өткізуге тыйым салу туралы, оны
өндіруді тоқтату туралы, азматтардың өміріне, денсаулығы мен
мүлкіне қауіпті айналадағы ортаға келтіретін өнімді өткізу мен
сатудан алып тастау туралы, сондай-ақ заңдарды бұзып, белгіленген
бағалардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді;
- өнімге, бағалар мен тарифтерге тәуелсіз сараптама жүргізеді;
- тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп бір орталықтан белгіленетін
және реттелетін бағаларды қолдануға бақылауды жүзеге асыруға
қатысады;
- тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарының мүшесі емес тұтынушылардың
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықтары бұзылған
жағдайда, олардың мүддесі үшін талап қояды.
Енді осы қоғамдық ұйымдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғауда
атқаратын рөліне тоқтала кетейін.
Мұндай ұйымдардың болуы бүгінгі қоғамымызда өте маңызды және олардың
осы салада атқарып жатқан еңбектері де зор. Өйткені кез-келген тұтынушы,
тіпті ол құқықтық жағынан сауатты болса да ұйымның моральдық қолдауынсыз өз
құқығын қорғай отырып, сот тартысын бастай да жеңе де алмайды. Ал ұйым бір
мақсатта үнемі жұмыс істейтіндіктен, ондағы адамдар тұтынушыларға қатысты
барлық мәселелерді жақсы түсінеді, құқық қорғаушылық қызметте зор тәжірибе
жинайды, олар үшін тиісті сараптаманы ұйымдастыру, өзі қойған талапты сотта
дәлелдеу еш қиындыққа соқпайды. Қоғамдық ұйымның ерекше психологиялық
потенциялы да бар, өйткені оның шешімін сатушы ескереді. Егер жеке тұтынушы
сотқа дейінгі талап қойса онда сатушы оны қайтіп болса да алдап жеңемін деп
сенеді, ал егер талапты тұтынушының атынан ұйым қойса, онда бұл жерде
сатушы мамандармен кездіккенін түсініп, залалдың орнын сөзсіз толтырады
[12, 55б.].
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қозғалысының дамуының жемісін
көрсететін тағы бір жай бар. Ол тұтынушылардың құқықтарын қорғау
ұйымдарының тұтынушылардың белгісіз тобы атынан талап қою құқығы. Мысалы,
вокзалда жолаушылардан перронға шыққаны үшін ақша алынады делік. Ал мұндай
әрекеттерге тыйым салынғандықтан, ол ақша заңсыз жиналған. Бұл жиналған
ақша, заңсыз пайда ретінде өндіріп алынып бюджетке аударылуы мүмкін, бірақ
олар тұтынушыларға қайтарылмайды.
Тек тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымдары ғана бұл ақшаларды
өндіріп алып, осы мәселені жанама түрде шеше алады. Бұл жерде ол қалай
шешеді деген заңды сұрақ туады. Көптеген ұйымдардың жарғыларында
қайырымдылық көмек көрсету көзделгендіктен бұл ақшалар сол мақсатқа
жұмсалуы мүмкін. Мысалы, тәуелсіз тұтынушылық сараптама жүргізу,
тұтынушыларға білім беру және т.б.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымдарының тұтынушы үшін тағы бір
пайдалы жағына тұтынушылардың құқықтарын қорғау орындары сот
инстанцияларына берген талап арыздарына мемлекеттік баж салығы
төленбейтіндігі жатады ("Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының
23-бабы).
Тағы бір жағынан алып қарағанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау
ұйымдары үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау тиімді. Бұған бірнеше себеп
бар. Біріншіден, ұйымның кез-келген мүшесі немесе лидері-өзі тұтынушы,
сондықтан оның да құқығы басқалардікі сияқты бұзылады. Сондықтан ол бірінші
кезекте өзін қорғаған болып есептеледі.
Екіншіден, ұйымның кез-келген мүшесі, белсенді жұмыстың арқасында
белгілі-бір уақыттан соң беделді саяси қайраткерге айналуы мүмкін, өйткені
тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамның ауқымды тобының мүддесіне қатысты
болады.
Үшіншіден, заң бойынша қоғамдық ұйымдарға коммерциялық қызметпен
айналысуға тыйым салынса да тұтынушылардың құқықтарын қорғау бұл-
экономикалық жағынан алып қарағанда пайдалы іс. Өйткені "Тұтынушының
құқығын қорғау туралы" заңының 22 және 23-баптарына сәйкес сот құқық
бұзушыға тағайындаған айыппұлдың 30 пайызы ұйымның есеп шотына аударылады.
Төртіншіден, билік органдары ұйыммен тұтынушылардың құқықтарын
қорғау мәселесі бойынша санасуға мәжбүр, өйткені экономикалық реформалардың
түпкі мақсатына консюмеризм сай келеді. Сонымен бірге бәсекелестік нарықты,
сондықтан да бүкіл саяси жүйені қорғаудың тиімді механизмі ретінде
консюмеризм мемлекетке тиімді. Өйткені мемлекетті бақылаушы органдары
көлеңкелі капиталды және саясатты тудыратын жосықсыз бәсекелестіктің,
заңсыз пайда табудың толық алдын ала алмайды [13, 125б.].Қазіргі кезде
Қазақстан Республикасы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы
қызмет белсенді түрде жүргізілуде, мұның өзі құқықтары бұзылған адамдардың
сенімділігінің артқанын дәлелдейді.
Мұны статистикалық мәліметтерден де көруге болады. Мысалы, 1998-жылы
сотқа тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты 221 арыз түссе, оның
төртеуін монополияға қарсы комитет, тоғызын жеке адамдар, қалғанын
тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымдары берген.
Бүгінгі күнде, Қазақстанда 100-ге жуық тұтынушылардың құқықтарын
қорғау ұйымдары бар. Соның ішінде республикамыздың 14 облысының 50 ұйымы
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 1997-жылы 15-қазанда
тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымдарының ұлттық ассоциациясы ретінде
тіркелген, ал 2000-жылдың қаңтар айында Қазақстан тұтынушыларының ұлттық
лигасы болып қайта тіркелген.
Бұл ұйымның алдына қойған мақсаты-тұтынушылардың әлеуметтік өмірін
жақсарту және адам құқықтарын қадірлеу, азаматтық қауымның барлық
секторымен әлеуметтік серіктестік шегінде тұтынушылық құрылымды дамыту
арқылы адал нарықты және тиімді экономиканы құру үшін әлеуметтік жағынан
мәнді экономикалық және құқықтық мәселелерді шешудегі азаматтардың
белсенділігін арттыру.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда. Мысалға
алатын болсақ, интернетте Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы web-сайт
ашқан. Мұнда барлық мерзімдік басылымдар, жалпы ақпараттар, баяндамалар
және т.б. қажетті материялдар бар.
Сонымен бірге бұл ұйым бүкіл әлемдік "Consumer Іnternatіonal"
ұйымына 1999-жылдың қазан айынан бастап мүше болып кірді [14, 153б.]. Бұл
біз үшін үлкен жетістік және бұл Қазақстандағы барлық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау ұйымдарының және жалпы тұтынушылар қозғалысының жаңа
дәрежеге көтерілуіне зор ықпалын тигізеді. Әрбір тұтынушының заңнамамен
бекітілген құқықтар тізбесі бар, олар оған адал қызмет көрсетілетініне
кепілдік беріп қана қоймай, оны сапасыз тауарлар мен қызметтерден де
қорғайды. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңның 7-бабына сәйкес,
тұтынушылар төмендегілерге құқылы: тауар, қызмет, сондай-ақ сатушы жөнінде
ақпарат алуға (тауардың, қызметтің сәйкестілік сертификаттарын,
лицензияланған және сертификатталған қызметке рұқсат құжаттарын, санитарлық-
эпидемиологиялық кітапшаны және т.б. талап ету мүмкіндігі); тауардың,
қызметтің тиісті сапасына; сапалы және сапасы төмен тауарды ауыстыруға
және қайтаруға; сатушыдан тауарды, қызметті алу дерегін растайтын
құжаттарды алуға; материалдық және моральдық зиянның өтелуіне.
2 Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасы
2.1 Қазақстан Республикасының заңдары бойынша тұтынушылардың негізгі
құқықтары
Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы
заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тұтынушылардың қаржылық, әлеуметтік, медициналық, туристік және өзге
де көрсетілетін қызметтер саласындағы құқықтары, сондай-ақ оларды қорғау
мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді. Егер Қазақстан
Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен
өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Тұтынушылардың негізгі құқықтарына тоқталатын болсақ, оларды ресми
түрде ең алғаш рет жариялаған Америка президенті Джон Кеннеди еді. Ол 1962
жылы 15 наурызда сөйлеген сөзінде тұтынушылардың 4 негізгі құқығын
жариялады. Олар: тауарды еркін таңдау құқығы, қауыпсыз өнімге құқық,
тыңдалу құқығы, тауар туралы ақпарат алу құқығы.
Содан кейін БҰҰ Бас Ассамблеясының 1985 жылы 9 сәуірде қабылданған
"тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың басты қағидалары" деген резолюциясында
жоғарыда айтылғандарға тұтынушылық ағарту, қажет-тіліктерін қанағаттандыру
құқығын, сапалы өнімге құқықты, келтірілген шығынның орнын толтыру құқығын
қосып тұтынушылардың 8 негізгі құқығын бекітті. Бұл құқықтардың барлығы
дерлік тұтынушының құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заң
шығармашылығынан көрініс алған. Нақтырақ айтатын болсақ Қазақстанның әрбір
тұтынушысының келесі құқықтары нақтыланған:
- тұтынудың кепілдік берілген деңгейіне;
- тауарларды еркін сатып алуға, жұмыстар мен қызметтерді пайдалануға;
- сапалы өнімге;
- өнім туралы толық та шынайы ақпаратқа;
- қауіпсіз өнімге;
- сотқа және өзге де уәкілді мемлекеттік органдарға өтініш жасауға;
- тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарына бірігуге;
- келтірілген шығынның орнын толтыруға құқылы;
Тұтынушы осы құқықтарын пайдалану мақсатына екінші тараппен қандай да
бір шарттық қатынасқа түсетіндіктен, олардың осы құқықтарына тоқталмас
бұрын жалпы шарт туралы айта кетейін. Жалпы азаматтық кодекстің өзінде
азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасауға ерікті деген қағида бекітілген
(ҚР азаматтық кодексінің 2-бабының 1-тармағы). Шарт еркіндігі әртүрлі
аспектілерде көрініс алады [15, 93б.].
Біріншіден, бұл-шарт жасаудағы еріктілік және шарт жасауда мәжбүр
етуге жол берілмейтіндік. Басқаша айтқанда азаматтық құқық субектілері
қандай да бір шартты жасайтын жасамайтындықтарын өздері шешеді, өйткені
олар өз еркінен тыс шарт жасауға міндетті емес.
Екіншіден, шарт еркіндігі жасалатын шарттың сипатын еркін
анықтаудан көрінеді. Басқаша айтқанда азаматтық құқық субъектілері қандай
шарт жасайтындықтарын өздері шешеді. Олар заңдарда көзделген шартты да,
көзделмеген шартты да жасаса алады (ҚР азаматтық кодексінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz