Жер бетіндегі тұщы судың жетістеушілігі


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Тұщы сулардың қоры жалпы су қорларының 2, 5% құрайды, немесе 35 млн. км 3 . Бұл сулардың орташа тұздылығы 1 г/л аспайды. Планетаның әр тұрғынына келетін тұщы су мөлшері шамамен 8 млн. м 3 . Тұщы сулардың 30% жер астындағы сулар. Тұщы судың негізгі қоры тау бастарындағы мұздықтарда, Арктика мен Антарктида мұздарында - 97%. Антарктидада мұздың ең қалың 4, 78 км тең қабаты және дүние жүзі бойынша ең таза суы бар теңіз Уэддела осы Антарктидада тіркелген, Оның мөлдірлігі тазартылған судыкіндей. Жер шарындағы барлық өзендер 650-700 жыл ішінде қанша су берсе, тау мұздарында да сонша су бар. Адамзаттың өз тіршілігіне пайдалана алатын судың мөлшері тек 3% (өзен, көл және су қоймаларының сулары), су көздерінің басым көпшілігін пайдалану өте қиынға түседі.
Тұщы су қорының үлкен мөлшері негізінде өзендерде болады, олардың ішінде ең ұзын Нил және Амазонка өзендері. Нилдың ұзындығы 6670 км, Амазонканыкі - 6437 км. Ресей өзендерінің ішінде ең ұзын өзенге Обь жатады, егерде оның ұзындығын Ертістің басталған жерінен есептесек 5410 км тең болады.
Дүние жүзінде Ресей (Бразилиядан кейін) жалпы тұщы судың қоры бойынша екінші орында. Бірақ-та Ресей территориясында су ресурстары біркелкі орналаспаған, сондықтан, оңтүстік жөне оңтүстік-батыс аудандарында бір тұрғынға келетін өзеннің ағынды суларының көлемі (3-5) 10
3
м
3
болса, еуропалық бөлігінің солтүстігінде
м
Батыс Сібірде -
м
3
, Шығыс Сібірде -
м
3
су келеді.
Ресейдің су көздерінің ішінде ерекше атап өтуге тұратын дүние жүзіндегі суы тұщы ең үлкен көл Байкал (су көлемі 23000 км
ең жоғаргы терендігі 1741 м, жылына ұдайы жаңарып отыратын, тазалығы бойынша сирек кездесетін табиғи судың көлемі 60 км
3
шамасыида) . Бұл көлде дүние жүзілік кеңістіктегі тұщы су қорының 1/5 бөлігі, Ресейдегі қордың 4/5 бөлігі жыйнақталған. Оған 1123 озен құйылады, тек қана Ангара өзені ағып шығады. Жағасының ұзындығы 2000 км, "жасы" шамамен 20 млн. жыл болатын бұл көлді қоршаған ормандарда 600 шамасында
өсімдік түрлері, 1200-дей жануарлар түрлері бар. Байкалдың суы тұщы, таза болғандықтан онда бағалы балықтардың көбі өседі, және Байкал құстардың көп жиналатын жері. Бұл көлдің суының мөлдірлігі соншалық, 40 м тереңдікте жатқан ақшыл түсті заттардың өзін айқын көруге болады. Байкал суларының құрамына үлкен тұрақтылық тән, минералдығы шамамен 100 мг/л, өттекке бай, жыл мезгілдеріне қарай өзгеруі елеусіз.
Жалпы су қорының 97, 5% тұзды минералды болып келеді. Теңіз (мұхит) суларын ерітінді деп есептеуге болады, себебі бұл сулардың құрамындағы тұздардың мөлшері орта есеппен 35 г/кг. Менделеев периодтық системасындагы барлық элементтер жер бетіндегі сулардың құрамында (жерасты суларында 62-сі) кездеседі. Бірақ та олардің ішінде теңіз суларының негізгі тұздылығын құратындарға натрий, магний, кальций катиондары мен хлорид, карбонат, сульфат Дниондарын жатқызуға болады.
Су қоймаларының көп мөлшерде химиялық заттектермен ластануы судың өздігінен тазалануына қатысты процестердің жүруін бұзады, микроорганизмдердің ең маңызды қасиеттерін өзгертеді және ең ақырында судың сапасын төмендетеді. Табиғи түрде судың тазалануы су айналымына да тәуелді.
Табиғатта ештеңе ізсіз жойылмайды. Мұхит-атмосфера-жер-мұхит жүйесінде жүретін энергия мен заттардың айналу, трансформация процестерінің нәтижесінде судың қоры үнемі жаңарып тұрады. Өздігінен тазару процесінің ұзақтығы географиялық орналасуға байланысты өзгеріп отырады.
Жер шары халқының жартысына жуығы өзінің тіршілігіне толығымен қажетті тұщы судың мөлшерін жұмсайтын мүмкіндіктері жоқ. Тұрғындар саны 3 миллионнан асатын қалаларда тәулігіне қолдануға қажетті су мөлшері 2 млн. м 3 , ал жыл бойына - 1 км 3 шамасында. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға өсуде. Табиғи таза су қазіргі кезенде маңызды ұлттық байлықтың көзіне айналып отыр. Су ресурстарын қолдану, оның тазалық жағдайына бақылау жасау, сонымен бірге басқа да оларға қатысты мәселелерді шешу тек ұлттық мүдде тұрғысынан ғана емес, халықаралық бірлесіп қарастыруды талап етеді.
Су проблемасы қазіргі шақта біраз елдердің (Африка, Таяу Шығыс, т. б. ) экономикалық дамуына тежеуші факторлардың біріне айналып отыр. Жыл сайын планетамыздың жер асты су қоймалары 160 млрд. м 3 таза судан айрылуда. Егер жағдай осы бағытта кете беретін болса, XXI ғасырдың ішінде негізгі стратегиялық ресурс мұнай емес, таза су болатынына күмән жоқ. Қазірдің өзінде судың жетіспеушілігі этникалық және мемлекетаралық қақтығыстардың себебі болып отыр. Индия мен Бангладеш Ганг өзенінің ағымына, Египет, Судан мен Эфирпия елдері Нил өзенінің суына араздасу, Қазақстан мен Қытай Ертіс өзенінің ағынын басқа жакқа бұру мәселесіне байланысты екі ел арасындағы саясатқа әсері сезіліп келеді. Сондықтан да БҰҰ Ассамблеясы 2003 жылды "Халықаралық таза ауызсу жылы" деп белгіледі
Су қорын ластайтын негізгі факторлар
Жер беті мен жер асты суларына зиянды заттектерді, микроорганизмдерді және жылуды енгізетін көзді ластаушы көз деп, ал судың сапалық нормасын бұзатын компоненттерді ластауыш заттар деп атайды.
Суды негізінде ластайтын көздерге өнеркәсіптік және коммуналдық канализациялық ақаба сулары және де басқа өндіріс қалдықтары, құрамында әртүрлі агрохимикаттары (пестицидтері, тыңайтқыштары, т. б. ) бар егістік жер қыртысының шайындысы, суармалы жүйенің дренажды суы, мал шаруашылығының ағындылары, су қоймаларына жауын-шашын арқылы әкелінетін аэрогенді ластағыштар жатады.
Әр түрлі мақсатта қолданылған судың 80-85%-тейі ластанған ақаба су түрінде табиғатқа қайтып оралып отырады. Жыл сайын бүкіл әлемде 420 км 3 қалдық сулар төгіледі, бұл сулар 7000 км 3 таза суды ластандыра алады. Суды ластайтын заттектердің саны 500 мыңның үстінде, ал гидросферадағы ластағыштардың жалпы массасы шамамен 15 млрд. т/жылына, олардың ішінде ең қауіптілігі жоғары қосылыстар деп фенолды, мұнай мен мұнай өнімдерін, беттік активті заттар, ауыр металдардың тұздарын, радио-нуклидтерді, пестицидтерді және басқа да органикалық және анорганикалық улы заттарды, биогендерді атауға болады.
Соңғы он жылдың ішінде өте қауіпті ластағыштар қатарына мұнай және газ скважиналарын бүрғылағанда, флотация кезінде, жуғыш заттектердің, лактар мен бояулардың, пестицидтердің, тамақ өнімдерінің, т. б. құрамына кіретін, өндірістерде кеңінен қолданылып келе жатқан беттік активті заттар құйылып келеді. Олар суқоймаға түскенде көбіктенеді, орта қасиетін күшті өзгертіп, тіршілік процестеріне теріс әсер тигізеді. Кейбір беттік активті заттардың судағы мөлшері 1 мг/л деңгейінде болса - планктон, 5 мг/л-ден жоғары болса балықтардың жансыздануы байқалады. Пестицидтер сияқты бұларды химиялық және биологиялық тазалау әдістерімен ыдырату өте қиынға соғады.
Суда ерімейтін кейбір пестицидтер мұнай өндейтін өндіріс қалдықтарында ерігіш келеді, еру нәтижесінде бір түрден екінші ластаушы түрге айналады. Осының нәтижесінде олар бірте-бірте су түбіне шөгудің орнына тұщы су кездерінің не теңіздердің бетіне жиналады. Осы қосылыстар өсімдіктерде, судағы ұсақ жәндіктерде көп мөлшерде жинақталады. Сонан соң оларды балықтар, ал балықтарды құстар жем етеді, сөйтіп біртіндеп көптеген жануарлар әлемінің өкілдері уланады. Мысалы, Нидерландияда пестицидтер теңіз қарлығаштарының бір түрінің құрып кетуіне себепкер болды. Егерде су қоймалары қазіргі қарқынмен пестицидтермен және т. б. ластағыштармен ластана берсе басқа да суда сүзгіш құстар жойылады, ең бастысы адамдар үшін өте қауіпті жағдайлар туада.
Табиғи су қоймаларына түскен биогенді элементтердің әсершен фитопланктондардың, әсіресе көгілдір-жасыл, жасыл және қызыл балдырлардың, сонымен қатар жоғары сатылы су өсімдіктерінің өсіп дамуы өрлейді. Бұл органикалық заттар балдырлар мен басқа да судағы өсімдіктердің массасының көбеюіне әкеп соғады. Аталған организмдердің бәрі аэробты, олар дем алуға судағы еріген өттекті қолданылатындарына байланысты өттек мөлшерінің жетіспеушілігі пайда болады. Судың тіршілікке жарамсыз ортаға айналуына қарай, онда жүретін анаэробты
процестер басым болып шығады. Анаэробты процестер судың екіпші ретте ластануына әкеледі.
Табиғи сулар жылуэнергетика өндірістерінен щығатын жылы ақаба суларымен де ластанады; су объектілеріндегі температуралық режим өзгереді, бұл санитарлық талапқа сәйкессіздіктің орын алуына әкеп соғады. Суаттарда су температурасы көтерілген сайын еріген өттектій мөлшері төмендеп отырады, суды ластайтын қоспалардың улылығы жоғарылайды, биологиялық тепе-теңдік бұзылады, организмдердің түрлік құрамы ауысады, мысалы балдырлардың.
Өзен, көл, теңіз және мұхиттардың ластану деңгейі кейбір жерде көтерілгені соншалықты, олардың өз-өздігінен тазалану қабілеті жетіспейтін жағдайға жетті. Қазіргі кездің өзінде кейбір елдерде тұщы судың тапшылығы анық сезіле басталды, сондықтан тұщы суды таза ұстау, оны ластамау, орынды пайдалану, үнемдеп жұмсау мәселелері бүкіл халықтық көкейтесті мәселеге айналып отыр.
Су объектілерін ластанудан қорғайтын шараларға:
- сусыз және суды аз мөлшерде қолданатын технологияларды және сумен жабдықтаудың түйық айналуын;
- тиімсіз сыраптанып жұмсалатын су көлемін жаңа технологияларды ендіру арқылы азайтуды;
- табиғи көздерден алынатын сулардың ластануын төмендетуді немесе болдырмауды;
- ақаба суларды тазалауды жатқызуға болады.
Жер үсті және жер асты суын ластанудан қорғау үшін су қоймаларын жағалай орман өсіру қажет, себебі ормандық төсеншітің, яғни шіріген жапырақтардан, қылқандардан, бұтақтардан және жануарлар қалдықтарынан жиналған қабаттың суды сіңіруге және оны топырақ арқылы сүзілуіне қосатын ролі зор. Ормандар суқоймаларының гидрологиялық тәртібін реттеп, топырақтың эрозияға ұшырауына кедергі келтіріп тұрады, ал оның тесеніші сүзілу процесін күшейтеді. Сүзілу процесінде ластағыш заттектер топырақ каллоидтарымен тұтылып қалады, ал олардың біраз бөлігі микрооиганизмдермен ретке келтіріледі.
Суды пайдалануға лицензиялары болған жағдайда су қорғау белдемінің жаға жиегі алқабында дем алатын орындарды, сумен қамтамасыз ететін объектілерді, балық және аңшылық шаруашылықтарын, сонымен қатар су алатын, порт және гидротехникалық ғимараттарын орналастыруға болады.
Жер бетіндегі тұщы судың 3/4 шамасындага болігі 1, 1 кристал түрінде Арктика және Антарктида мұздарында. Қалыңдығы 2 км-ге дейін жететін қалың мұз қабаты Антарктикаданы жауып түр. Осы сияқты мұздар - Гренландия, Солтүстік мұзды мұхиты жәнс адам аяғы баса бермейтін - Азия, Оңтүстік Америка, Европа және Африка тауларының шыңында бар. Тек қана Орта Азия тауларында, жалпы аумағы 15 мың км 2 болатын бірнеше мың мұздықтар бар.
Мұздықтар - өте бағалы тұщы су қоры, қазіргі күні оларды үтымды пайдалану жолдарм қарастырылып жатыр. Таудың ең биік шыңындағы қар мен мұз, жаздың ыстық күнінде де ерімейді.
Гренландия мұздарын, айсбергтердің отаны деп айтуға болады. Өз салмалымен сынып түсксп мұздар, теңіз суында жүзіп кете барады. Жыл сайын 10-15 мың айсбергтер өмірге келеді, олардың салмағы жарты миллион тоннадай болады. Бір-бірлеп немесе тобымен мұхитта жүзіп, оңтүстік жағалауларына бағыт алады. Айсбергтің көпшілігі мұхиттың саяздау жеріне шөгіп қалып, күн сәулесінің әсерінен жайлап ериді. Солтүстік Атлантикада бұндай мұздай мұзтаулар өте көп. айсбергтер, су кемелеріне өте қатерлі сол себептен Атлантикада 1914жылдан бастап Халықаралық мұз патрульдері қызмет етеді. Экологтаржәне гидролокаторлар, айсбергтердің қатерлі болдырмауда таптырмайтын құралдар болып табылады. Қазіргі кезде айсбергтердің қозғалысын, жасанды жер серіктері арқылы бақылап отырады.
Айсбергтердің тағыда шығатын бірі-Антарктида. Ол жердегі мұздардың массасы 32 млн км 3 . бұ, тұщы судың үлкен қорының бірі болып табылады. Сондықтан, оларды тұщы су көзі ретінде қолдану туралы көптеген зерттеу жүргізіліп жатыр. Кейбір ғалымдардың есебібойынша, Антарктида айсбергтерінен алынған су, басқалардан көп арзанға түсуі мүмкін.
Анализдің қазіргі әдістерін қолданып, айсберггің әрбір қабатына химиялық анализ жасай отырып, мыңдаған жылдар бойғы ауаның құрамының өзгерісін анықтауға болады.
1968 жылы жүргізіген зерттеулер, айсбергтің беткі қабатындағы мұздың 1 тоннасында 200 мг шамасы қорғасын бар екендігін көрсетті. Бұл қорғасын, іштен жанатын двигательдердің түтінімен қосылып шығып, ауа арқылы айсберг мұздарына жеткен. Сөйтіп айсберг мұздарының әрбір қабатының құрамы, сол кездегі биосфералық қал-жағдайды білдіріп, қоршаған орта тазалығының ғасырлар бойы өзгеруінің «шежіресі» бола алады деп те тұжырымдауға болады.
Судық тұрмыс, ауыл шаруашылығы, өндіріс салаларында қолданылуы және ластануы
Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы, жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды суларын шаруашылықта, оның ішінде ауыз су ретінде пайдалану тек болашақтың ғана ісі болып отыр. Дегенмен, мардымсыз мөлшердегі теңіз сулары тұщытылып, қолданылып та жүр. Біздің Республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орташа есеппен 200-400 литрге жетіп отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz