Улы қалдықтар. Зиянды және қауіпті қалдықтардың негізгі cипатталары



Улы қалдықтар
Қауіпті қалдықтар деп құрамында зиянды заттектері бар, қауіпті
қасиеттер (улылық, өртенетін және жарылатын қауіптілігі бар, жоғары
радиоактивті) тән немесе жұқпалы аурулардың қоздырғыштары бар,
сонымен қатар өздігінен немесе басқа заттектермен қосылғанда адамның
денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін қалдықтарды
айтады.
Қалдықтардың қоршаған ортаға әсері олардың сапалық және сандық
құрамына байланысты. Қалдықтардың химиялық құрамы әркелкі, себебі
олар әр түрлі физикалық – химиялық қасиеттері бар күрделі
поликомпонентті заттектердің қосасынан тұрады. Осы қалдықтардың
биосфераға тигізетін зияндылығы мен қауіптілігін сипаттайтын кейбір
негізгі көрсеткіштер мына суретте көрсетілген:

Суретте: Зиянды және қауіпті қалдықтардың негізгі
cипатталары
Қоршаған орта мен адам денсаулығына өте қауіпті қалдықтарға
(арнайы қалдықтарға) шамамен 600 – дей заттар мен қосылыстар жатады.
Олардың құрамына кіретіндер:
• Пестицидтер және олардың құрамына кіретін химия өндірістерінің
қалдықтары;
• Радиоактивті қалдықтар;
• Сынап және оның қосылыстары, сынапты термометрлер;
• Мышьяк және оның қосылыстары, құрамында мышьягі бар
металлургиялық өндіріс пен жылу электр станцияларының
қалдықтары;
• Қорғасын қосылыстары, көбіне олар мұнай өңдейтін және бояу
өндіретін кәсіпорындардың қалдықтары болады;
• Пайдаланылмаған медиакаменттер, улы химикаттар, бояулар, лактар,
коррозияға қарсы қолданылатын заттар, синтетикалық желімдер,
косметикалық заттар;
• Тұрмыстық химия құралдарының қалдықтары.
Егерде өндіріс қалдықтары кейбір зиянды заттектердің табиғи ортаға
өтуіне себебін тигізетін болса, онда олардың осындай қабілеті
артқан сайын қоршаған ортаға қатысты қауіптілігі де жоғарылап
отырады.

Суретте: Қалдықтардың экологиялық қауіптілігін жоғарылататын

негізгі қасиеттері

Өнеркәсіптің барлық салаларынан көп мөлшерде қалдықтар шығады.
Мысалы, жылына Ресейде түсті металлургия саласына 2 млрд. руда
өндірілетін болса, оның тек 1% - і ғана құндылық өнімге айналып
отырады.. 100 млн. тонна көлемінде шыққан улы қалдықтардың 6 - 7% -і
ғана залалсыздандырылады немесе көміледі. Жалпы 7 млрд. Тоннадайы
қауіпті қаодықтарға жатады.
Ресей мен Қазақстанның әр тұрғынына жылына келетін қатты
қалдықтардың көлемі шамамен 15 – 16 т. Қатты қалдықтардың жинақталуы
олардың өңдеу процесінің кеңінен дами алмағандығымен түсіндіруге
болады. Қауіпті қалдықтардың тек ¼ көлемі ғана қазіргі шақта
өңделуге жататындар.
Радиоактивті қалдықтар. Қоршаған ортаға және тұрғындарға ерекше
қауіптілік туғызатын қалдықтарға радиоактивті қалдықтар жатады. Лар
уран өндірістерінде, ядролық реактормен жұмыс істеген кезде, ядролық
сынақтар өткізілгенде, радиоактивті изотоптарды қолданғанда, АЭС
бөлшектеу және жөндеу жұмыстарын жүргізген кездерде, радиоактивті
медициналық аспаптардың бөлігі істен шыққанда пайда болады, сонымен
қатар радиоактивті қалдықтарға АЭС, тағы басқа радиоактивті
заттармен қатынасты огбъектілер қызметкерлерінің жұмыс киімдері
жатады.
Радиоактивті қалдықтар әр түрлі сәуле шығаратын көздерге жатады.
Радиоактивті қалдықтар активтіктеріне және агрегаттық күйіне қарай
топтастырылады:

Өндірістік қалдықтарының улылық немесе уыттылық қауіптілігін
анықтау.
Құрамында адам денсаулығына өте зиянды әсер ететін, сондай – ақ
қоршаған ортаға қауіп туғызатын улылық қасиеті бар заттектерден
тұартын қалдықтарды улы қалдықтар дер атайды. Ал қолданғанда немесе
қатысу арқылы организмнің өмір тіршілігін бұзатын заттектердің
қасиетін улылық немесе уыттылық дейді. Қалдықтарда кездесетін улылық
қасиеті бар заттектерге мысал ретінде ауыр металдарды, қышқылдық
пен сілтілік көрсеткіштері рН 3,5 –тен төмен және 9 –дан жоғары
ерітінділері, пестицидтерді келтіруге болады.
Уытты қалдықтардың негізгі көздеріне өнеркәсіп, ауылшаруашылығы,
сонымен қатар қазіргі кезде көп тараған шағын кәсіпорындар мен
шеберханалар жатады. Уытты қалдықтардың 70 – 80% - ын шығарушыларға
химия және мұнай өңдеу өнеркәсіптерін жатқызуға болады.
Шығарылатын уытты қалдықтардың жылдық көлемі АҚШ –та – 275 млн.
т, Германияда –6 млн. т, Ресейде –20 млн. т, Қазақстанда – 3 млн.
т. Адамның жан басына шаққанда мөлшер жағынан барлық елдердің
ішінде алда тұрған Нидерландия. Дүние жүзі бойынша әр адамның
үлесіне орта есеппен уытты қалдықтардың келетін көлемі 0,1 т,
дамыған елдерде 0,5 т. Уытты қалдықтарды үйіндіге тастау, не қоқыс
өртейтін зауыттарға жатпайды. Олар улылығына , яғни қауіптілік
класына байланысты көміледі немесе арнаулы қоймаларда сақталады.

Улы өндіріс қалдықтарын зиянсызданжыру, өңдеу және көму.
Халық шаруашылығының барлық салаларында пайда болған қалдықтарды
бақылауда ұстап, тиісті жолдармен пайдалануды, сақтауды, т.б.
басқару үшін қажетті жұмыстар жиынтығын мына сурет арқылы көрсетуге
болады:

Қалдықтарды зиянсыздандыру төрт әдіс: жағу, химиялық немесе
биологиялық жолмен нейтралдау, көму арқылы жүргізіледі.
Әртүрлі жылуфизикалық қасиеті бар қалдықтарды жағуға арнайы
арналған қондырғылардың конструкциялары жасалған. Кейбір
өнеркәсіптерде жағу процесі қазандықтың күш беретін қондырғыларында
жүргізіледі. Жағу алдында өңдеу арқылы қалдықтарды көп жылу
шығаратын қасиет беріп жанғыш затқа айналдырады. Жанғыш қалдықтардың
бәрі жағылады. Қалдықтарды жағуға 1000 –12000 С шамасында жүргізген
орынды, себебі бұл жағдайда атмосфераға бөлініп шығатын ластаушы
заттардың көлемі минимумға дейін төмендейді
Бірқатар елдерде қауіпті қалдықтарды жағуа өте жоғары
температураны ұстай алатын цементтік пештер қолданылады. Негізінде
цементтік пешұте химиялық тазартуға пайдаланылған өнеркәсіп
ерітінділері, баспа бояулары, бояу сұйылтқыштары мен олардың
қалғындылары, қолданылған майлар және жанғанда көп жылу бөлетін
органикалық қалдықтар жағылады. Қалдықтарды көмудің орнына жою үшін
жағу әдісін қолданған тиімді келеді, себебі оларды жаққанда
бқлінген жылуды цемент шығаруға пайдаланса, осыған жұмсалатын
біраз отынның мөлшері қысқартылады.
Жанбайтын улы қатты және паста тәрізді 2 – ші және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіп саласы
Қалдықтар түрлері
Зиянды тастамалар және олардың әсерлерін табуға бағытталған өнеркәсіптегі технологиялық процестерге анализ жасау
Құрылыс қалдықтарының мәселелері
Орама материалдар тарихынан
Экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаның тұрақтылығын сақтау үшін, қалдықтар жүйесін жан-жақты зерделеп, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру жолдарын қарастыру
Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигондар
Тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортада ыдырау мерзімі
Қатты қалдықтарды қайта өңдеу және залалсыздандыру
ІІІ қауіптілік сыныбы - қауіптілігі орташа қалдықтар
Пәндер