ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ 12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕП ЖӘНЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ 12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕП ЖӘНЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

С.М. Тулеймесова, Г. Авит
№25 жалпы орта білім беру мектебі, Павлодар қ.

Қазіргі заманда халықаралық қауымдастық парасатты тұлға қалыптастыруға
қажетті шешуші фактор ретінде үздіксіз білім беру жүйесіне ерекше назар
аударуда. Осыған орай, мемлекетімізде рухани құндылықтарды өркендетуге
қайта жол ашылмақ. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтің Қазақстанның қоғамдық
бірлігінде атты еңбегінде: Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта
түлеудің қайнар көзі болып келді ... . Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті
дамытуға барынша қолдау жасалып отыр - деген еді [1].
Үздіксіз білім беру жүйесі – еліміздің бәсекеге қабілеттілігін қаматамасыз
ететін маңызды сала. Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасының Стратегиялық даму жоспарында белгіленген
басымдықтарға сай, қазақстандық көпдеңгейлік үздіксіз білім берудің ұлттық
моделін жасап, оны әлемдік білім беру кеңістігіне енгізу болып табылады
[2].
Қазіргі үздіксіз білім берудің негізгі мақсаты білімі, біліктілігін,
дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде
ертеңгі қоғамның белсенді азаматы – бүгінгі оқушы тұлғасынқалыптастыру.
Қазіргі кезде біздің еліміздегі білім саласындағы болып жатқан реформалар
жоғары оқу орындарымен қоса мектеп саласына да тікелей қатысты. 12 жылдық
орта білім беру жүйесіне көшудегі негізгі ұстаным – орта білім берудің
сапасын арттыру, оқушыларды кәсіпке баулу және мектеп мұғалімінің бүгінгі
кәсіби мәртебесін одан әрі көтеру болып таылады.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді
көздейтін заман талабынан туындап отырған мақсат.
Жаңа білім жүйесін құрудағы ерекшелігі: жаңа көзқарасты оқытудың оқу
мазмұнын саралау, ықпалдастыру және кәсібилендіру негізінде жүргізілуіне
байланысты туындап отыр. Білім алуға берілген нұсқаудан әлем, қоғам және
адам туралы жүйелендірілген түсініктерді меңгеруге және оларды өз бетінше
кеңейтіп, тереңдете білуге көшу қамтамасыз етіліуі тиіс.
Жалпы білім берудің міндеттерін төмендегідей жіктеуге болады:
Негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын меңгеруге және білім бер
убағдарлмаларын меңгеруге және білім алуды жалғастыруға қажетті жағдайлар
жасау;
Даралықты дамытуға жағдай жасау арқылы жеке тұлғаның интеллектін байыту;
Азаматтық пен отансүйгіштікке, өз Отанын қадірлеуге, халықтық дәстүрлерді
құрметтеуге, Ата заңына және қоғамға қарсылықтың кез-келген көріністеріне
төзбеушілікке тәрбиелеу;
Республиканың қоғамдық-саяси экономикалық және мәдени өміріне қатысу
қажеттіліктерін, тұлғаның өзінің құқықтары мен міндеттеріне саналы
көзқарасын қалыптастыру;
Әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне бой ұру;
Қазақ халқының және республиканың басқа да халықтарының тарихын, салттары
мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік, орыс, шетел тілдерін меңгеру;
Оқыту білімді ақпараттандыру технологияларын және халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығуды қамтамасыз ету.
12 жылдық мектектепке көшу жағдайында оның құрылымы туралы мектепте білім
берудің кезеңдері туралы мәселе туындайды.
Қазақстанның жағдайында жалпы орта білім берудің ең қолайлы және ең оңтайлы
құрылымы 4+6+2 болып табылады.
Мынадай жастық даму кезеңдері ғылыми негізделген:
балалық кезең – 6-10 жас;
жасөспірімдік кезең – 11-16 жас;
бозбалалық кезең – 17-18 жас.
Ұсынылып отырған жалпы орта білім берудің 4+6+2 құрылымы көрсетілген жастық
даму кезеңдеріне толығымен сәйкес келеді.
12 жылдық білім беру үш сатыдан тұрады:
І саты – жалпы бастауыш білім беру (1-4 сыныптар, бастауыш мектеп)
ІІ саты – негізгі орта білім беру (5-10 сыныптар, негізгі мектеп)
ІІІ саты – жалпы орта білім беру (11-12 сыныптар)
Білім берудің мазмұны мен құрылымы тұжырымдамасының негізінде 12 жылдық
мектепте базистік оқу жоспары, жекелеген білім салаларының тұжырымдамалары,
оқу бағдарламалары және пән оқулықтары жасалады. Білім берудің мазмұнын
қалыптастырудың негізгі үш деңгейін бөліп алуға болады. Олар: жалпы
теориялық, түсінік деңгейі, оқу материалы деңгейі. Жалпы орта білім беру
тәжірибесінде оқу жоспары орындалады. Базистік оқу жоспары – бұл негізгі
мемлекеттік нормативтік құжат, мемлекеттік станджарттың құрамдас бөлігі
болып табылады. Ол типтік және жұмыстық оқу жоспарларының негізгі және
мектепті қаржыландырудың басты құжаты ретінде қызмет етеді. Типтік оқу
жоспарлары ұстанымдық сипатқа ие. Олар мемлекеттік базистік оқу жоспарының
негізінде жасалады және екі түрі бар:
Мектептің өз оқу жоспары, ол мемлекеттік базистік оқу жоспарының негізінде
ұзақ мерзімге жасалады да, нақты бір мектептің ерекшеліктерін көрсетеді.
Жұмыстық оқу жоспары, ағымдағы жайларды ескере отырып жасалынады да, жыл
сайын мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен бекітіледі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту мекемелерінде оқушының жеке тұлға ретінде дамуына бағытталған педагогикалық үлгіні өңдеу
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
12 жылдық білім беру жүйесінде мектепалды даярлау
12 жылдық білім беру жүйесі
Жоғары сыныптарда оқушылардың мектепті бітіріп
12 жылдық мектепке 1 - сынып оқушыларын қабылдаудағы тәжірибелік - эксперименттік жұмыстың нәтижесі
12 жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық – педагогикалық шарттары
Білімге қызығушылық
Балалардың психологиялық дайындық компоненттері
Бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастыру
Пәндер