ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ ПАЙЛАЛАНУ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-6

І ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ ПАЙЛАЛАНУ . . . 7

1. 1 Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері . . . 7-15

1. 2 Қазақтың табиғат қорғау дәстүрлерінің тарихын үйірме жұмыстары арқылы төменгі сынып оқушыларының бойына қалыптастырудың теориялық негізі . . . 16-30

1. 3. Қазақтың табиғат қорғау дәстүрлерінің тәрбиелік мәні . . . 31-41

ІІ ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫНДА ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕР АРҚЫЛЫ ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ . . . 42

2. 1 Адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиесі арқылы төменгі сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру . . . 42-44

2. 2 Мектептегі оқу-тәрбие жұмысында табиғат қорғау дәстүрлерін пайдалану мүмкіндіктері . . . 45-56

2. 3 Үйірме жұмыстары арқылы төменгі сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудегі зерттеу нәтижесінің анализі . . . 57-61

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62-63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 64-66

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының көкейкестілігі. Ғылыми-техникалық прогрестің жедел даму барысында, қоғам мен табиғаттың қарым-қатынас мәселесіндегі күрделі шиеленістерді дұрыс шеше білу, бүкіл жер шарының болашағын, әрбір азаматтың өмірін сақтауға мүмкіндік туады. Өйткені, өндірістің дамуы барысында табиғи қорлардың дағдарысқа ұшырауына, қоршаған табиғи ортаның ластануына себепші болып, жаңа дағдарыстардың туындауына ұйытқы болды.

Табиғат әлемі адамдардың тіршілік ету ортасы. Ал, адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды. Соңғы жылдардағы мемлекеттік жоспарларды орындау, өндірісті өркендету негізгі міндет болып, табиғатты (ауаны, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін) қорғап, ядролық жарылыстар, табиғат байлықтарын орынсыз пайдалану, табиғатты ауруға ұшыратты. Жұтатын ауамыз, ішетін суымыз, жейтін тамағымыздың құрамында улы заттар көбейді. Заводтардан шығатын қалдықтар сүзгіден дұрыс өткізбестен ауаға таралып, осының нәтижесінде өкпе, рак, жүрек, психикалық аурулар саны көбейіп барады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, аурулардың 80-90% ішетін ас суынан және жұтатын ауадан туындап отырғаны көрінеді.

Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатымен, Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» атты өз халқына жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған Президенттің жолдауында: «Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20%-ке себеп болып отыр, ол кейбір аймақтарда жағдайы мұнан да қиын, отандастарымыздың үштен бірі сапасыз тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады; - деді [1] .

Озон қабатының жұқаруы, ұлы тұзды жаңбырлардың жаууы, химиялық заттармен ластануы - адамның іс-әрекетінен жасалған қасірет болып табылады. Табиғаттың осындай күйге ұшырап, еліміздің көптеген жерлерінің апат аймағына айналуының бір себебі - экологиялық білім мен тәрбиенің төмендігі.

Ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі, адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің дамуы артып, өндірістің өсуіне қарай табиғаттан алынатын шикізат пен өндіріс қалдықтарының көлемі арытып, айналадағы ортаны бүлдіруде. Қазіргі кезде табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасты дұрыс жолға қойып, табиғат байлықтарын, көздің қарашығындай сақтап, оны үнемдеп пайдалануда.

Соңғы ХХ ғасырдың екінші жартысында адам баласынан алдынан шыққан, табиғатты қорғау мәселесі, жастарды соған сай оқыту мен тәрбиелеудің қажеттілігі туып, экологиялық мәселелер қазір әлемде өзінің қоғамдық мәні жоғалған алдыңғы қатардағы мәселенің біріне айналды. Сондықтан жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті кезек күттірмес екендігі 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында» және 1992 жылғы «Қазақстан Республикасының білім беру туралы» заңында, 1996 жылғы «Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында» көрсетілген. Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-шы бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігі, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді, осы конституцияның 38-ші бабы Қазақстан Республикасының азаматтарына табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндеттейді.

Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 89 бабының әрқайсысы еліміздің болашағын экологиялық жағынан қамтамасыз ету шараларына арналады. Заңда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан шешілуі тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі көрсетіледі [2, 3, 4] .

Өйткені табиғатты аялау, соның негізінде имандылыққа, ізгілікке баулу бала тәрбиесіндегі ұлттық тамырдан нәр алады, яғни, экологиялық ой-тұжырымдар баланың қоршаған табиғат ортасымен және өмір сүріп отырған қоғамындағы қалыптасқан ғылыми ұғым түсініктерімен байланыстырса, соғұрлым өз туған жерін, елін қорғауға тәрбиелейтіндігін ашып көрсеткен. Табиғат арқылы балалардың имандылық сезімдерінің алғашқы нышандарын педагогикалық құндылығын қалыптастыру жайлы Коменский ескерткен.

Табиғаттың сұлу көріністері арқылы жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерін табиғатты қорғау, сүю сезімдерін тәрбиелеу туралы қазақ халқының ағартушылары мен зиялы қоғам қайраткерлері Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев еңбектерінде көп көңіл бөлінген. Ұлы Абай өз өлеңінде табиғат пен адам өмірін, тіршілігін, ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырған [5] . Белгілі педагог-психолог Жүсіпбек Аймауытов балаға ең қымбат, ең жақын туған жері, туған жерінің табиғаты, оның құбылыстарын білу өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі өмірге, табиғатқа теңеу мазмұнының берік, баланың санасын жандандырып, төңіректегі әлемге терең көзбен қарауға үйретеді.

Ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі адамдардың табиғатқа жасаған бір жақты қарым-қатынасымен табиғат заңдылықтарымен сипаттайды, салдарынан, табиғаттың экологиялық тепе-теңдікнің бұзылуы, экологиялық дағдарыстың болу себептерін Е. Мамбетқазиев, Е. Қонақбаев, Ю. Жданов т. б. өз еңбектерінде атап өткен.

Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі жөнінде Ә. Е. Бейсенова, Ә. Бірмағамбетов, Х. Жүнісова, Ж. Б. Шілдебаев т. б. еңбектерінде жазылған[6] .

Табиғат қорғауға байланысты конференциялар ұйымдастырылып шығарылды. Алғашқы рет мектептер мен орта арнаулы жоғарғы оқу орындары үшін эколог мамандар дайындау туралы тұжырымдама жасалынды. Осының нәтижесінде Алматы, Өскемен, Шымкент, Семей, Атырау, Ақтау университетінде экологиядан мамандар дайындайтын бөлімдер ашылды. Елімізде тұңғыш рет (1987 жылы) эколог мамандар дайындау мәселесін көтеріп, экологиялық білім мен тәрбие берудің тұжырымдамасын жасаған географ-ғалым Ә. С. Бейсеновваның еңбегі айрықша болды.

Мен осы дипломдық жұмысымды орындау барысында оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру саласында ізденіс зерттеулер жүргізген ғалым-педагогтар И. Д. Зверев, М. Н. Сарыбеков, Н. Е. Ильинская тағы басқалардың ой-пікірлерін басшылыққа алдым[7] .

Табиғи байлық қорларын қорғау дегеніміз - оларды мүлдем пайдаланбау емес, керісінше оларды ұқыпты, тиімді пайдалану, оларды пайдалануда ысырапшылыққа жол бермеу, оның болашағын мұқият ескере отырып пайдалану деген сөз. Табиғат байлығын қорғау мәселесі Қазақстан жағдайында аса күрделі, кезек күтпейтін мәселелердің бірі болып саналады. Өйткені Қазақстан - табиғи байлықтары мол мемлекеттердің бірі.

Ұрпақты туған жерін, өскен елін сүйетін, өлкенің келешегі үшін аянбай еңбек ететін азамат етіп тәрбиелеуе халық арасына кең тараған табиғат қорғау дәстүрлерінің маңызы зор. Қазақ халқының тұрмысына, шарушылығына, табиғатпен қарым-қатынасына байланысты жер, су, өсімдік пен жануарлар, т. б. табиғат ресурстарын қорғау дәстүрлері ертеден-ақ қалыптасқан. Табиғат қорын үнемдеп пайдалану және қорғауға байланысты ұлағатты сөз, өсиетнама мақал-мәтелдер қалдырған.

Қазіргі кезде табиғи ортаға тигізетін адамның іс-әрекетінің шексіз өсуі, оның келеңсіз көріністерінің айқын байқалуы табиғи ортаға деген саналы көзқарастың жетіспеушілігінен туындап отыр.

Әсіресе жас өспірімдердің табиғи ортаға деген қарым-қатынасының төменділігі, оны жүзеге асыруда бұрынғы Кеңес заманындағы дәстүрлі тәлім-тәрбие құралдары мен жолдарынан қол үзіп қалуымыз, басқа мүмкіндіктердің толық ашылмауы осы бағыттағы зерттеулерді көбейту қажеттілігін алға қояды. Міне осы мәселелердің бәрі зерттеу тақырыбының көкейкестілігін дәлелдей түседі.

Оқушыларға экологиялық білім беруге бағытталған сыныптан тыс жұмыстардың ішінде үйірме жұмысының алар орны өзгеше. Себебі, экологиялық білім беру жүйесінде үйірме жұмыстары ерекше міндеттер атқарады.

Сонымен қатар экологиялық үйірме арқылы оқушылардың экологиялық жұмыстарға белсенділігін өз бетімен сапалы ұғынуға, табиғи орта дүниетанымын қалыптастыратын экология курсына деген құштарлығын айтуға болады.

Диплом жұмысының мақсаты : қазақтың табиғат қорғау дәстүрлерінің ғылыми-педагогикалық негіздерін анықтап, оның озық үлгілерін бүгінгі оқу-тәрбие жүйесінде соның ішінде үйірмеде қолданылудың мүмкіндіктерін және жолдарын ұсыну.

Диплом жұмысының міндеттері:

  1. Қазақтың табиғат қорғау дәстүрлеріне анықтама беру.
  2. Қазақтың табиғат қорғау дәстүрлерінің түрлерін саралау.
  3. Табиғат қорғау дәстүрлерінің қалыптасуының факторларын ашып көрсету.
  4. Табиғат қорғау дәстүрлерінің маңызын, тәрбиелік дәлелдеу.
  5. Табиғат қорғау дәстүрлерін өмір практикасында қолдану жолдарын айқындау.
  6. Мектептегі оқу-тәрбие және үйірме жұмысында табиғат қорғау дәстүрлерін пайдалану мүмкіндіктерін көрсету.

Зерттеудің нысаны: Бастауыш сынып оқушылары - қазақтың табиғат қорғауға байланысты дәстүрлері олардың тарихы мен тәрбиелік мәні, осы дәстүрлерді мектептің оқу-тәрбие ісіне және үйірме жұмысына енгізу жолдары

Зерттеудің пәні: Бастауыш сыныптардағы сыныптан тыс үірме жұмыстары.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын үірме жұмыстары арқылы белсенділікке тәрбиелеу.

Зерттеудің әдісі: Бақылау, байқау, ойындар, әңгіме.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе, 2-бөлім, қорытынды, және пайдаланған әдебиеттер тізімін құрайды.

І ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ ПАЙЛАЛАНУ

1. 1 Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері

Қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ғылыми-техникалық прогрестің даму барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың қарама-қайшылығы арта түсуде. Осы қарама-қайшылық негізінде табиғаттың тепе-теңдігі бұзылып, табиғи жүйенің өзін-өзі реттеп отыру ырқынан шығып кетті. Демек, адам баласы өмір сүріп отырған қоршаған ортаны бүкіл ғалам бойынша өзгеріске ұшырату қаупі төнді.

Сонымен бірге, қазіргі кезде адам мен табиғат арасындағы қарама-қайшылықтарды шешіп, жол табу және жастарға экологиялық тәрбие беру педагогика мен мектептің басты борышына айналуда.

Оқушыларға экологиялық тәрбие беру жалпы білім берудің бір тармағы ретінде оқушыны жан-жақты дамытуға, оның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге бағыттайды. Кезінде орта ғасыр ғұламалары Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Қ. А. Яссауи, М. Қашқари, А. Иүгінеки, С. Бақырғани және т. б. өз шығармаларында табиғатты аялап, қорғауға байланысты көзқарастарын білдіріп, жаратылыстану жайында бағалы пайымдаулар мен ғылыми тұжырымдар жасаған. Мәселен, Әл-Фараби «Ғылымдардың шығуы туралы трактатында» табиғаттану ғылымдарының шығу төркінін, себептерін ашып көрсетуге тырысады.

Оқушыларға экологиялық тәрбие беру мәселесін шешуде прогресшіл педагогтарымыздың орны ерекше. Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, Г. Песталоций, А. Гумбольдт классикалық педагогикада баланың табиғатпен қатынасы арқылы білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастыру заңдылықтарын негіздеді. Чех халқының атақты педагогы Я. А. Коменский «Тәрбиенің негізі - табиғат, ал адам табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы», - деді. Француз ағартушысы Ж. Ж. Руссо өзінің педагогикалық еңбектерінде «Баланы табиғатпен байланыста тәрбиелеу керек, табиғат баланың ересектігінен бұрын бала болғанын қалайды», - деп жазды. Ол тәрбиенің үш қайнар көзі: «табиғат, адамдар, заттар» деп есептеді [8] .

ХІХ ғасырдағы орыс ағартушылары В. Г. Белинский, Н. Н. Герцен, Л. А. Добролюбов, Д. И. Писарев т. б. мектепте табиғатты немқұрайлық оқытуға және оған мейірімсіздік қатынасқа қарсы шықты[9, 10, 11] .

Н. Н. Герцен жас баланың жан дүниесін қалыптастырудағы табиғаттың маңызын көрсете отырып: «Біз адам дүниесін табиғат дүниесінен тас қабырға арқылы бөліп тастауға әдеттендік, бұл әділетсіздік», - деді[10] . Д. И. Писарев патриотизмді қалыптастырудағы табиғаттың мәнін ерекше бағалап, «өз денесін сүю және қорғауға адамға тән қасиет болғаны сияқты, дәл солайша өзінің балалық шағының 1-ші күнінен үйренгендерін, жақсы көрген сол адамдарды,

сол жерді, сол өмір құрылымы мен ұғымды қорғауда оған тән қасиет», - деген болатын[11] . Орыс ағартушылары жас ұрпаққа табиғат туралы сапалы білім беру және адамның табиғи мінез-құлқын айқындайтындықтан, моральдық сапалардың қалыптасуына әсер ететіндіктен айрықша мән берді.

Белгілі философтар В. Г. Афанасьев, В. В. Журавлев, А. Г. Спиркин, Г. С. Смирнова, А. Қасабеков, Ж. Алтаев т. б. жасөспірімдерге экологиялық білім мен тәрбие беруде «қоғам-адам-табиғат» арасындағы дүние-танымдық сана формаларын саралау тұрғысынан қарастырады. Себебі, адамның тұрмыс-тіршілігінің әлеуметтік мәнге ие болуының нәтижесінде санасы дамып, жетіледі. Сана - адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын реттеп, бағыт-бағдар беріп отырады. Ол әрекетінен көрініс табады. Жеке адамның басқа адамдармен - табиғи ортамен көрініс табады. Жеке адамның басқа адамдармен - табиғи ортамен қарым-қатынаста болып, сана-сезімінің дамуы, өзіне басқа адамдарға қоршаған заттық дүниеге көзқарас-пікірінің қалыптасуы жеке адамның жетілдірудің негізгі факторы болып саналады. Сонымен, адамның ақыл-ойы мен сана-сезім бірлігін дәлелдейтін тұжырым жеке тұлғаны экологиялық проблемаларға жаңама көзқараспен қарауға бағыттады[12] .

Психологтар А. А. Люблинская, М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, т. б. өз еңбектерінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысы, қоршаған ортамен қарым-қатынаста психологиялық жас ерекшеліктерін ескергенде ғана нәтижелі болады деген пікірлер айтқан[13, 14] . С. Л. Рубенштейн әрбір жеке адамның қоршаған ортамен байланысының басты компоненттерінің бірі қарым-қатынас деп санайды. Ол табиғатқа адамгершілік қатынасын қалыптастыру, мінез-құлық нормаларын қалыптастыру екенін көрсете отырып, «басқа адамдармен жарамды қатынасқа ену, басқа адамдардың адамша тіршілік етуіне жағдай жасай білу тек толы бағалы адамның ғана қолынан келуі мүмкін, ал ол дегеніміз дүниеге, өмірге, табиғатқа мың дос қатынастағы адам», - дейді.

Оқушылардың адамгершілік қасиетін дамытып, оларды парасаттылыққа тәрбиелеуге экологиялық тұрғыдан келудің де маңызы зор. Балалардың мейірімділік, қайырымдылық, аяушылық, мүсіркеушілік және басқа гуманистік ерекшеліктерін дамыту бағытында табиғатпен сырласу жеткіліксіз болса, олар парасаттылық тәрбие алуда белгілі бір мөлшерде қысым көру мен шектеушілікке душар болады.

Табиғат арқылы экологиялық тәрбие берудің маңызын бағалай келіп, А. Е. Тихонова «табиғатты эмоциялық сезіммен қабылдау, оған деген эстетикалық қатынастың бастапқы негізі болып саналады. Мұғалімнің маңызды міндеті эстетикалық сезімді байыту ғана емес, сонымен бірге табиғатқа адал қатынастағы адамгершілік-эстетикалық жағын дамытуды, оның сұлулығын молайтуға ұмтылдыруда болып табылады», - деді [15] .

Сондықтан да адамның табиғат сұлулығына қатынасы эстетикалық қатынас деп қана емес экологиялық аспектідегі адамгершілік-эстетикалық қатынас деп қарастырған жөн. Табиғат пен көркем шығармалар арқылы бейненің ішкі үйлесімдігі экологиялық пен эстетикалық үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Демек, табиғатқа эстетикалық қатынасты оған деген адамгершілік қатынасты, «эстетикалық тәрбиені экологиялықтан бөліп қарастыруға болмайды».

Табиғат - сұлулықтың мәңгі бақи таусылмас қайнар көзі, ол эстетикалық тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірі саналады. Ал, бұл экологиялық тәрбиемен іштей жалғасып, табиғаттың күйзеліп, күйреуіне қарсы тұратындай адамның қалыптасуына ықпал етеді. Қандай жұмыстың болса да, «экологиялық жағы» еске алынбаса, табиғат пен адам арасындағы зат алмасуды заңды түрде үйлестіріп отыратын, еңбекке үйрету мен тәрбиелеу саласында орны толмас олқылықтар пайда болады.

Ч. Дарвин «Түрлердің шығуы» деген еңбегінде органикалық дүниенің дамуына байланысты көптеген экологиялық байқауларын келтірген [16] . Дегенмен, ғылымда «Экология» деген ұғымды алғаш айтқан адам Эрнест Геккель. Ол «Экология» деген сөзге анықтама беруге тырысты. 1866 жылы немістің табиғат зерттеушісі Эрнест Геккельдің өмірге енгізген «экология» сөзін дәлме-дәл аударғанда «үй туралы ілім, тұрақ (мекен) туралы ғылым», деген грек сөзінен шыққан [17] . Келесі бір экологиялық сөздікте «экология (гректің ойкос - үй, мекен, тұрақ және логос - білім, ғылым, зерттеу деген екі сөзінен құралған) - қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі, тірі организмдердің өмір сүру жағдайларын, олардың өзара қатынастарын, табиғи ортамен байланыстарын зерттейтін ғылым».

Экологияның танымал сөзге айналғаны соншалық, оны не болса соған - тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық деңгейде жоспарлауға, қағазды қайта өңдеуге, көкөністерді органикалық тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. «Осы іс-әрекеттің әрі аса қажет екендігіне ойынды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер бойынша жүргізбей, табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанымыз үшін табиғаттың өзі үкімімен бізге берер соққысын жеңілдету мен лайықты аз жазаны аз да болса кешеуілдетуге тырысуымыз жатыр», - деп атап көрсеткен болатын Америка экологы Р. Риклефс.

Жоғарыда айтылғандардан шығаратын қорытынды айқын: адамдарды құтқару жолындағы әрекетті табиғаттың тіршілік ету және даму заңдылықтарын оқып үйренуден бастау қажет.

Экологиялық тәрбие жұмысы балалардың жас ерекшеліктеріне сай және табиғатқа жақын қарым-қатынаста жүргізілсе ұтымды болатындығына К. Д. Ушинский назарын аударған. Оның «Детский мир», «Родное слово» атты кітаптарында табиғат және онда тіршілік ететін хайуанаттар мен құстардың тіршілігі, адам және оның еңбегі жөнінде көптеген деректер келтіріледі. Ол адам мен табиғат арасындағы қатынасты педагогикалық аспектіде қарастырып, «Табиғат даусын ата-аналар да, қоғам да, тәрбиешілер, заң шығарушылар да аяғына дейін тыңдауы тиіс. Табиғатпен егесу жақсы емес, адамға тек оның заңдылықтарын білу және олардың күшін пайдалану ғана қалады», - дейді. Ол табиғаттың тәрбиелік күшіне берік сене отырып, оны «ой ұрығы», «ұлы тәрбиеші» деп бағалады. Өзінің жастық шақ өмірінің негізінде қорытынды жасай отырып: «Мейлі мен педагогикада тағы деп атаңдар, бірақ өзімнің өмірлік әсерімнен жер бетінің әсем көріністерінің баланың жан дүниесін дамытуда ересек мол тәрбиелік мәні, ықпалы бар, тіпті ойымен тәрбиесінің ықпалынан да бәсекелесуі қиын деген терең шешімге», - келдім деген болатын [18] .

Р. Г. Лемберг, А. С. Макаренко, Ш. Т. Шацкий т. б. өздерінің еңбектерінде адамның табиғи ортаға деген қарым-қатынасының қалыптасуы күнделікті қызмет барысында жүзеге асатынын атап көрсеткен.

Табиғаттағы эстетикалық түйсінуге балаларды жүйелілікпен, мақсаттылықпен тәрбиелеу идеясын Н. Н. Рыбников, В. А. Сухомлинский т. б. еңбектері арқылы негізделді. В. А. Сухомлинский «табиғат адам оны танып білгенде себеп-салдарын байланыстыра ой-жеткізуде ғана тәрбиенің қуаты қайнар көзі бола алады», - деп табиғаттың заңдарын жете меңгеруге ғана, табиғаттың жай-күйін түсінетіндігіне ерекше мән береді. Ол баланың бойына табиғатқа сүйіспеншілік сезімін дамытуды ешнәрсеге айырбастауға болмайтын эстетикалық, адамгершілік «эстетикалық тәрбиені экологиядан бөліп қарастыруға болмайды» [19] .

Бар өмір тіршілігі табиғатпен араласып өтетін, оның аясында өскен халқымыздың туған жерге қатынасы туралы халықтық педагогикада, ақын-жырауларымыздың, ағартушыларымыздың даналық сөздеріне қанып өскен Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтардың еңбектерінде табиғатқа көзқарастарының ғылыми әрі тәрбиелік мәні мол. Ш. Уәлиханов туған халқының табиғатпен қатынасындағы әдет-ғұрыпын, дәстүрін, этикасын зерттей отырып, қазақтар арасындағы сенім олардың табиғатты шексіз қадірлеуінен туған», - табиғаттың сұлулығын тану адамдарға рухани күш беретіндігін айтқан болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жолдары
Қазіргі жаңа қоғам жағдайындағы этнопедагогика мәселесінің дамуы
Халықтық педагогика ұғымы
Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогикалық материалдарды пайдалану
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРЫ
Қазіргі күндегі экологиялық білім берудің географиялық негізі
Мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар туралы жалпы сипаттама беру
Көркем шығарманы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізін жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz