Үйлену салтына байланысты туған өлеңдер


Үйлену салтына байланысты туған өлеңдер
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар,
Адастырмас ақ жолдан үлгісі бар.
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрі,
Зерделі ұл, зейінді қызды сынар. (Халық өлеңі. )
Қыз ұзату тойында «тойбастар», «жар-жар», «сыңсу», келіп түсіретін ауылдағы жиында «беташар», т. б. өлеңдер айтылған.
Тойбастар. Ұзатылатын қыздың тойында айтылатын өлеңнің түрін тойбастар деп атайды.
Тойбастар өлеңі той иесіне арналады. Той бастаушы:
Белгілі бұл қазаққа тілдін желі,
Той қылдын жұрт жимаған мерекелі.
Сәрсенбі сәтті күні той қылыпсыз,
Тойыныз тойға ұлассын берекелі, -
деп, той иесіне игі тілек білдіре өлеңдетіп, тойды бастайды.
Той бастау өлеңінің мақсаты - ұзатылатын қызына той жасап отырған үйге «құтты болсын» айту, жақсы тілек білдіру. Сонымен бірге әке-шешесін, төркін жұртын, бауырларын қимай отырған қызға дем беру, «ата-ананың жолы осы», «қыз жат жұрттық» деп көңілін аулау.
Тойбастар өлеңі төрт жолды, он бір буынды, жаттап алып айтуға жеңіл, ықшам болып келеді.
Жар-жар . Тойбастар дан кейін, ұзатылатын қыздың тойында айтылатын өлеңнің екінші бір түрі - жар-жар. Жар-жарды жиналғандар екі жақ болып бөлініл, айтыс түрінде орындайды. Бұл жерде бір жағы қыздар, екінші жағы жігіттер немесе қыз алушы және қыз беруші құдалар жағы болып екіге бөлініп айтысады. Айтыста жаңа ұзатылып бара жатқан қыздың барған жерінде қайын ата, қайын енесі, қайын сіңлілері мен қайындары бар екені, олардың қыз туыстарының орнын басатыны, ол қыздың әдептілігі мен көргенділігіне, бауырмалдығына байланысты екені айтылады. Мәселен, жігіт жағы:
Алып келген базардан
Қара насар, жар-жар-ау,
Қара мақпал сәукеле
Шашың басар, жар-жар-ау.
. . . Мұнда әкем қалды деп,
Қам жеменіз, жар-жар-ау,
Жақсы болса, қайын атаң,
Орнын басар, жар-жар-ау, -
десе, қыз жағы:
Есік алды қара су
Майдан болсын, жар-жар-ау,
Ақ жүзімді көргендей
Айнам болсын, жар-жар-ау.
Қайын атасы бар дейді,
Осы қазақ, жар-жар-ау,
Айналайын өкемдей
Қайдан болсын, жар-жар-ау,
деп жауап береді.
Осы ретпен басталған жар-жар айтысы екі жақтың ата-ана, апа-қарындас, аға-іні туыстарын салыстыра отырып, олардың бауырмалдығын, қайырымдылығын, мейірімділігін сипаттаумен жалғаса береді.
Беташар . Беташар - жаңа түскен жас келіпге айтылатын жыр. Күйеуінің аулына келін болып жаңа түскен жас қыздың басына желек салу - ежелгі халықтық дәстүр. Ол - келіннің жаңа өмірге қалам аттауы, әдет-ғұрыпқа мойын ұсынуы.
«Келін, келін, келіп тұр,
Иіліп сәлем беріп тұр», -
деп, жаңа түскен жас келінге ауылдың үлкендеріп таныстырып, олардан көрімдік сұралады.
Нар берсеңіз, мая бер,
Үстіне кілем жая бер.
Жылқы берсең биеден,
Кем болмасын түйеден . . .
Сиыр берсен қызылдан,
Шұбаланқы құйрығы ұзыннан,
Қой берсеңіз үлкен ағынан,
Егіз болсын қозысы,
Болмасын жалқы тағы да, . . . -
деп, төрт түлік түгел аталып шығады.
Бұдан әрі беташардың екінші бөлімі - «Айт, келін» жыры басталады. Онда жаңа түсіп отырған жас келіннің жүріс-тұрысы, отбасы мүшелерімен қарым-қатынасы, үй шаруасына, еңбекке деген бейімділігі, үлкендерді, жолдас-жораны, қонақтарды сыйлауы сөз болады. Келіншекке өнеге айту, тәлім-тәрбие беру көзделеді.
Жас келінді әдептілікке, ибалылыққа, өсек-өтіріктеп аулақ болуға, еңбек сүйгіш, елгезек болуға үндейді.
Сыңсу . Өте ертеден келе жатқан салт-дәстүр жырларының бір түрі - сыңсу. Бұл жыр ұзатылатын қыздың ағайын-туыс, ел-жұрт, әке-шешемен қоштасып айтатын жыры. Көбінесе қыздың жеке басынын мұны, жат жұртқа кетіп бара жатқаны туралы айтылады. Сыңсу өлеңінде:
Ата-анам еді - дәулетім,
Мен жұртыма жау ма едім,
Жат жұрттық болып кеткен соң,
Кетер-ау бастан сәулетім, -
деп, ұзатылып бара жатқан қыз ел-жұрту ағайын-туыс, құрбы-құрдасқа көңіл шерін толғайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz