Үйсін тайпаларының зерттелуі және материалдық мәдениеті



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І Тарау. Үйсін тайпаларының зерттелуі және материалдық
мәдениеті
1.1. Үйсіндер туралы
деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .6
1.2. Үйсіндердің мекен еткен
жерлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3.Үйсіндер
шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 12
1.4. Үйсіндердің материалдық
мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .15
ІІ Тарау. Үйсіндердегі қоғамдық қатынастар
2.1. Меншік
қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .22
2.2. Құлдық және әлеуметтік
қатынастар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..25
2.3. Көрші халықтармен қарым-
қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 8
Пайдалангған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..30

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Көптеген тарихи деректемелер бір ауыздан үйсіндердің
қазақтардың ғана емес, күллі Орта Азия аймағында-ғы басқа түркі
халықтарының этникалық тарихында үлкен маңыз атқарған Жетісудағы көне түрік
руларының бірі екенін айтады. Жетісу үйсіндері туралы тұңғыш мәліметтер
біздің дәуірге дейінгі II ғасырдағы қытай жазба деректерінде кездеседі,
олардың түтін басы сол кездің өзінде 120 мыңға жетіп, 630 мың адам және 188
800 әскер шығара алатыны шежіреге түскен. Бұның бәрі олардың үлкен де күшті
халық болғанын көрсетеді, тіпті олармен қытайлар да, ғұндар да есептесіп
отырған. Қытай императоры үйсіндермен үнемі елшілік алмасып келген.
Бичуриннің дерегі бойынша, үйсіндер әуелгіде Булунцзир өзенінің алқабында
Дун-Хуан мен Унлян-шань маңында көшіп-ңонып жүрді. Бұл өлке Жетісудан
недәуір шығысқа қарай жатыр, біраң Қазақ ССР тарихы 1-томының авторлары
ңазіргі археология мен палеантропология жетістіктеріне сүйеніп, сақтар мен
үйсіндердің тамырластығын дәлелдеп, күмәнді сейілтіи, Жетісудың кеңбайтақ
жері олардың ата жұрты деп есептейді. Қытай деректері бойынша, Жетісу
үйсіндері туралы біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырдан бастап мағлұмат
жетіп отыр, әйтсе де бұл бұған дейін үйсіндер болмады деген сөз емес.
Қазақстан тарихы авторларының пайымдауынша, үйсіндердің күшті
тайпалары Жетісу өңірінде біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырларда өмір
сүрді, ал лингвист С. Аманжолов Қыпшақтар, қырғыздар және қаңлылармен
қатар үйсіндер де түріктердің ежелгі тайпасы болып табылады. Олар қаңлы
және қыпшақтармен қатар, біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырларда белгілі
бола бастады деп есептейді. Әрине, үйсіндердің қонысы ол кезде ұзыннан-
ұзақ созылып, Жетісудан шығысқа қарай Шығыс Түркістанға дейінгі кеңбайтақ
жерді алып жатты. Оның үстіне кеңес археологы, профессор Н. А. Бернштам
Жетісу тарихы жайындағы өз зерттеулерінде шығыс үйсіндерінің көші-қоны
туралы пікірді мүлде жоққа шығарып, Жетісудағы Саң пен Үйсін тайпаларының
тұрғылықты екенін алға тартады. Бұл тұжырымды Қазақстан археологтары К.
Ақышев пен Г. Кушаев та қуаттайды. Белгілі саяхатшы Г. Грумм-Гржимайло мен
Қазақстан тарихшысы 10. Зуев өз еңбектерінде үйсіндердің отаны алыс шығыс
жақта болғанын атап өтіп, олар біздің дәуірімізге дейінгі II ғасыр
ортасында батысқа қарай ойысып, Жетісуды жаулап алды деседі. Белгілі
шығыстанушы С. Малов та Жетісудан шалғай шығыстағы көне түріктің тасқа
басқан жазбаларында, Тоныкөк туралы жыр ескерткішінде үйсіндер жөнінде де
жазылғанын, Рашид ад-Диннің шежіресінде үйсіндер ордасы туралы
хабарлайтынын сипаттайды. Сондықтан бірқатар әдеби деректер үйсіндердің
Жетісудан тарайтынына ден қойса да, коне жазуларды да назардан тыс
ңалдыруға болмайды. Соған байланысты В. Востров пікірінің жаны бар. Жетісу
үйсіндерінің пайда болуы туралы ойға келсек, үйсіндердің шығыстан шығуы
жайындағы көне жазбалар қалай айқын және дәл болса, Жетісу үйсіндері туралы
мағлұматтар да сондай. Шынында да бұл өте күшті өніп-өскен ру, нақты
айтқанда, еркіп де кең қанат жайған тайпалар одағы болып табылады деп
жазды ол. Қалай дегенде де, біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырда үйсіндер
Жетісу өңіріндегі Сақтар одағына енді. Бұдан кейін әр түрлі тарихи
жағдайлар, өзара шапқыншылық пен қантөгіс соғыстардың салдарынан
үйсіндердің әскери-саяси маңызы әсіресе, Жетісуда жужандардың билігі
тұсында (б. д. IVVII ғасыры) әлсіреп, Тянь-Шань тауларына қарай ысырылып,
біздің дәуіріміздің V ғасырынан бастап, В. Бартольд тұжырымдап, А. Бернштам
куәландырғандай, үйсіндер туралы әдебиетте VI ғасырда ешқандай мағлұмат
келтірілмейді. Демек, бұл үйсіндер басқа этносаяси бірлестіктердің,
нақтыласақ, Батыс түрік қағанаты және одан кейінгі ерте феодалдық
мемлекеттердің құрамына кірді. Шығыс Жетісу өңіріндегі археологиялық
қазбаларға (Аңтас-2 мекені, Ақтас-1, 4, 6, Ақтау қорымдары) қарағанда,
үйсін мәдениеті бұрынғы үйсіндер мекен еткен жердің бәрінде дәуірледі,
тіпті X ғасырдан бастап, қытайдың жазбаларында үйсін рулары туралы қайтадан
мәліметтер кездесіп отырады. Қазақстандағы үйсіндер елі туралы XV ғасырда
араб жићанкезі Мосуди де жазды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан аймағындағы Үйсіндер тарихының
зерттелуін қарастыру.
Зерттеу міндеттері: Қазақстан аймағындағы үйсін ескерткіштерінің
зерттелуін қарастыру барысында осы ексерткіштерге сипаттама беру арқылы
тарихи деректерге шолу жасау.
Зерттеу объектісі: Үйсін тарихына тарихи шолу жасау
Зерттеу әдістері: Оқулықтар, әдістемелік оқу құралдары, ақпараттарды
жинау, баспа сөз материалдары, талдау, саралау.
Зерттеу пәні: Қазақстан тарихы.
Курстық жұмыс: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен
және қосымшадан тұрады.

І Тарау.
1.1. Үйсіндер туралы деректер.
Жетісудағы Тиграхауд-сақтар жерін мұра етіп алған үйсін тайпалары Орталық
Азияның түкпірінен келген еді. Б. 3. дейінгі II г. 160 ж. шамасында
үйсіндердің бір бөлгі Жетісуға көшіп келіп, сақ тайпаларын бағындырды,
сөйтіп қолбасшы гуньмо (Күн баг — Күн бегі) деп аталатын иеліктің негізін
салды.
Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды, олардың батыс
шекарасы Шу мен Талас арқылы өтеді дағы, Қаңлылармен (Кангуй) шектеседі.
Шығысында хүндармен ортақ шекара болды, ал оңтүстігінде олардың иелігі
Ферғанамен (Дуанмен) ұштасып жатты.
Үйсіндердің астанасы Чигучен (Қызылалқап қаласы) Ыстық көлдің жағасына
орналасты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.
Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі кінәз Чжанцянь
Үйсіндер иелігінде 630 мың адам бар және айқасқа 188 мын жауынгер шығара
алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің сараланған 30 мың
атты нөкері және оларға бағынатын 10 мың садақшысы туралы мәлімет
қалдырған.
Деректерде б.з.Ш - ғасырына дейін із қалдырған үйсіндердің саяси тарихы
олардың Қытаймен байланысы болғанын, елшілік қарым-қатынас жасағанын,
үйсіндердің гуньмолары-билері қытай ханшаларына үйленіп отырғанын
баяндайды.
Үйсіндердің этникалық тегі әлі де ақырына дейін анықталмаған.
Зерттеушілердің біразы үйсіндер шығыс иран тайпаларынан шыққан десе, екінші
біреулері үйсіндер — түрктердің арғы аталары, олар түрікше сөйлеген деп
есептейді. Бірақ, қалай болса да, әйтеуір казақтың ең ірі таипаларының бірі
үйсін деп аталады.
Археологиялық ескерткіштері. Жетісу жерінде үйсіндердің ондаған обаларына
қазу жұмыстары жүргізілген және олардың мекен жайлары зерттелген.
Үйсіндердің қорымдары тау сілемдеріне, таулы алқаптар мен өзен
жағалауларына орналасқан. Әдетте олар өзен бойын қуалай созылып жататын
обалар тізбегі болып табылады.
Обалардың көпшілігі диаметрі 6—20 және биіктігі 0,5—1,5 м топырақ, тас
қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді. Үйсін
қорымдарында өзгелерімен салыстыра қарағанда, тым үлкен, диаметрі 50—80 м
және биіктігі 8—12 м обалар кездеседі. Сондай обалардан — тіпті таланып-
тоналғандарының өзінен — археологтар алтыннан жасалған көптеген
әшекейлеріді — киім қапсырмаларын, алтын сырғалар мен қола айналарды, ағаш
қобдишаларды тауып алып келеді.
Қорымдардың ертедегі бір шоғыры б. з. дейінгі III—II ғғ. жатады. Олар —
Қапшағай III, Өтеген III, Қызыл еспе, Кызыл ауыз III, Қызыл Қайнар. Оларға
ортақ сипат— қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайыссында 5—6-дан
обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланып істелген.
Зерттеушілер мерзімін б.з. бұрынғы I г. — б. з. I ғ. деп шамалайтын,
келесі (орта) кезеңге — Өтеген I, II. Тайғақ I, Қарлақ I, Алтын Емел,
Қаратума, Талғар, Ақтас қорымдары жатады. Бұл кезенде үйсін қорымдары
жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқаны анықталған.
Ақырғы мерзімі II—III ғг. деп саналатын үшінші кезеңге Қапшағай II, Шолақ-
Жиде I, II, Гүр Қора II, Қалқан IV қорымдары жатады.
Бұлардағы барша обалар мүлде жүйесіз жасалған, тізбектер атымен жоқ.
Қабырлар жерден, лақатты болып қазылған, үстері ағашпен бастырылып
жабылмаған.
1.2. Үйсіндердің мекен еткен жерлері.
Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Қырғыз Алатауының сілеміндегі
Луговое ауылы маңынан табылған. Қазу жұмысын жүргізгенге дейін ол
қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған тұрғын
үйлер жәдігерін жасырып жатқан төбе болатын. Үй ортасында ас пісіретін жер
ошағы маздап тұратын. Үлкен көзелер сынығының көптігіне, дәнүккіш тастар
мен кетпендердің жиі кездесетініне қарағанда, осынау мекенжайдың халқы үй
іргесіндегі мал шаруашылығына қоса егіншілікпен айналысқан тәрізді.
Тән-шәннің таулы аудандарында үйсіндердің мекендері көптеген шатқалдардан
кездесті. Солардың бірі Ақтас, Кеген қыстағына жақын жердегі Құрайлы
өзенінің бойында. Оларадан бес тұрғын үй мен қоражайлар қалдықтары аршылып
ашылды, олардың қабырғалары таспен қаланыпты. Кыстақ қасынан ежелгі
егістіктер табылды, олар өзеннен тартылған арықтармен суарылыпты.
М. Тынышбаев өз еңбегінде V ғасырдан бастап жазба деректерде үйсіндер
туралы кездеспейді деген тұжырымға келеді. В. Бартольдтің пікіріне қарсы
шығып, Қазақстан аумағында басқалармен қатар үйсіндер және олардың
ұрпақтарының бертінге дейін өмір сүріп келгеніне дәлел келтіреді.
Біріншіден, шежіре бойынша ежелгі дулулардың тікелей үрім-бұтағы дулаттар
сол аймақта өмір сүріп, Ұлы жүз ңұрамына ене, саны көп ру ретінде
қалыптасып, мәшћүр тұлғалардың бастауымен түрлі-түрлі тарихи оқиғаларға
қатысқан. Бұдан тыс ол XIII ғасырдың ортасында Персияға өткен Құлағу ханның
әскерімеи бірге барған мөңғолдардың аузынан жазылып алынған Рашид ад-Диннің
мопғол тарихын келтіреді. Құлағу ханның сарбаздары Жетісуды көктей
өткенде Шағатай әулетіне бағынатын Шу бойындағы үйсіндерді ұшырастырады.
Оған қоса Ташкент маңайында XX ғасырдың басында тұрғындары үйсін деп
аталатын үйсін қыстағы болғанын атап өтеді. Сонымен, Ұлы жүз құрамыиа
кірген бүкіл руларды қазақ шежіресі үйсіндер деп атайды. Біздегі қолда бар
мағлұматтарға қарағанда, Ұлы жүзден (Ақарыс, Ақшора, Байшора, Үйсін) Жұман
тарайды, одан Кейкі би, одан Төбе би, одан Майқы, Қоғам, Қойылдыр мен
Мекрейіл. Ал, Майқыдан Бақтияр, Қырық жүз, Мың жүз, Бақтиярдан Ойсыл мен
Үйсін. Ойсылдан Сіргелі, ал Үйсіннен Ақсақал мен Жансақал шығады.
Жансақалдан Жалайыр, Ақсақалдан Қараша би, одан Бәйдібек. Бәйдібектің
бірінші әйелі Сары бәйбішеден Сарыүйсін, екінші әйелінен Жалмамбет, үшінші
әйелінен Жарықшақ. Жалмамбеттің бірінші әйелі Мапыраштан Шапырашты, екінші
әйелі Сыландыдан және үшінші әйелінен Ошақты мен Ысты атты ұлдар тарайды.
Жарықшақтан Албан, Суан мен Дулат атты ұлдар өрбиді. Қоғамнан барып Қаңлы,
Шанышқылы мен Қатаған өніп-өседі. Ұлы жүз құрамына енетін бүкіл рулардың
алтын діңгегі осындай. М. Тынышбаев осы үрім-бұтақпен сәйкестей отырып, бұл
руларды басқаша топтауды ұсынады Ұлы жүз үш тармаққа бөлінеді: 1. Үйсін. 2.
Жалайыр. 3. Қаңлы. Үйсіндерге Албан, Суан, Дулат, Сарыүйсіндер және өған
қосылатын Шапырашты, Ошақты, Ысты, Сіргелі жатады; Жалайыр оқшау да,
Қаңлыға Шанышқылы мен Қатағандәр қосылады. Бұдан байқалғандай, Ұлы жүздің
құрамында тарих пен аңызға сүйенсек, ежелгі және бертініректегі үйсіндердің
тікелей жалғасы Сарыүйсін тайпасы болып есептеледі. Сарыүйсіндердің шығу
тегі туралы И. Казанцев пен Н. Аристов аңыз-әңгімелер келтіреді. Н. Аристов
бойынша, Сарыүйсіннің Қалша және Жақып деген екі ұлы бар.
Қазақтың пайда болуына байланысты аңыз соған қатысты. Аңыз айтатындай,
Қалша Қадыр деген біреу қазақ даласын көктей өтіп бара жатқан жаулаушының
әскербасы болыпты; әбден қалжырап аштан бұралып, шөлден қаталаған кезде,
оны аспаннан түскен қаз (ақ қаз) ажалдан құтқарыпты, сөйтсе ол мейірбанды
перінің қызы болып шығып, Қалша Қадырмен некелескен екен. Олардың үрім-
бұтағы қазақ аталып кетіпті. В. Бартольдтің мәліметі бойынша, Қалша Қадыр
тарихи тұлға, бұл татар ханын 1218 жылы бір жағынан Шыңғыс-хан, екінші
жағынан Хорезм сұлтанының әскері қуғынға ұшыратады. Үйсіндер мен
Сарыүйсіндердің ежелгі татарлармен жақындығыи сөз жоқ мойындамасқа
болмайды. Бұл аңызға байланысты С. Аманжолов Қазақтардың тегінде, жоғарыда
көрсеткеніміздей, үйсіндер, демек, қазақ халқы өзінің бергі атасы Сарыүйсін
руынан шықты дегенге ишара жоқ деп нақты атап өтеді. Әрине, Сарыүйсіндер
бір ата болғапымен Ұлы жүз құрамына енетін ру, соғаи қарамастан С.
Аманжолов ескертпесінің дұрыстығын атап өткен жөн. Сарыүйсін руының
этникалық құрамы жайында мәлімет там-тұм. Сондықтан әдебиеттегі небәрі
кейбір деректермен шектелеміз. Сарыүйсіндер Ұлы жүздің басқа руларына
қарағанда, онша көп емес. Мәселен, Н. Аристов XIX ғасырдың 60-жылдарында
Сарыүйсіндер Жетісу облысы, Верный уезінің Сарытауқұм болысында 1200
шаңырақ, олардың аздаған бөлігі Сырдария уәлаятының Шымкент пен Әулиеата
уездерінде тұрады деп хабарлайды.
1897 жылғы мәлімет бойынша, Сарытауқұм, Мойынқұм, Шу мен Қарақатты
өзендерінің бойында тұратындарының түтін саны 1700-ге дейін жеткен, ал М.
Тынышбаевтың келтіруінше, 1917 жылы Жетісу уәлаяты Верный уезін 10 мың
Сарыүйсіндер қоныстанған. Көптеген авторлар (М. Тынышбаев, С. Аманжолов, В.
Востров) Сарыүйсін руы тегінің құрамы туралы айтқанда оның екі ұлы
болғанымен шектеледі: Сарыүйсіндердің екі атасы Қалша мен Жақып есімімен
аталады. Сарыүйсін руының тегі туралы деректі Алатау округтік басқармасының
1865 жылғы тізімінің негізінде жасаған жұмысында Н. Аристов келтіреді,
Сарыүйсіннің Қалша мен Жақып атты екі ұлынан басқа қазіргі кезде
Сарыүйсіндер 1200 шаңырақ, олар Жетісу уәлаяты Верный уезінің Сарыүйсін
болысын құрайды, сөйтіп Іле өзенінің оң жағасындағы Күрті өзенінің
солтүстігінде Қаратораңғы шатқалындағы Сарытауқұм қонысын Көкімбет (100
үй), Жанай (100 үй), Жолай-Танай (100 үй), ЖанДосай (200 үй), Құлыке-Қырық
(200 үй)бәрі 700 үй аталары жайлайды. Бұл Сарыүйсіндердің негізгі тобы, ал
жекелеген бөлігі Шымкент пен Әулиеата уездерінде шашырап өмір сүріп жатыр.
Жоғарыда аталғаы Сарыүйсін рулары бұрын Іле өзенінің оң жағын қоныстанып
келсе, Түркістан генерал губернаторлығы құрылғаннан кейін Қапал мен Верный
уезінің шекарасын Іле өзені бөліп тұрғандықтан, түбі бір туыс Дулаттарға
жақындап, сол жағалауға өтті. Сөйтіп, бізге мәлім әдеби деректерді
салыстыра қарап, мойындауымыз керек, өте-мөте жадағайлау Қалша мен Жақып
атты екі үлкеи атаға бөлінетіп Сарыүйсіндер руы түп-тегін толық жасай
алганымыз жоқ. Қалша өз кезегінде екі: Қайқы мен Сопы аталарына жіктеледі,
ал Жақып жеті атадан тұрады: Кәкімбет, Жанай, Жолай-Танай, Жандосай, Күлеке-
қырық, Баба мен Солтанқұл. Өкінішке қарай, деректердің аздығынан үрім-
бұтақтың тұтас кестесін жасаудың мүмкіндігі болмады. Сарыүйсіндердің де
ұраны Байтоқ. Дулаттарға алтыншы атадан баръш қосылады. Сарыүйсіндердің
рулық таңбасы астында айқышы бар ( ), төртбұрыш болыпкеледі.
Сарыүйсіндердің осы рулық ұраны мен таңбасы бізге белгілі күллі деректер
мен ел арасынан жинағаи жазбаларда бір ауыздан мақұлданады. XIX ғасырдың
аяғы мен XX ғасырдың басында Сарыүйсін руы Іленің оң жағасындағы Күрті
өзенінің сағасындағы Сарытауқұм ұшы-қиырсыз өңірін қоныстанған болатын.
Сарыүйсіндердің тұрмыс тіршілігі мен өмір деңгейі Верный уезіндегі өз ата
қонысының ауа райына байланысты болып келді. Сарыүйсіндердің Әулиеата уезін
жайлаған аздаған тобының қоньгсьг Құлдауыт, Шу мен Талас өзендерінің
бойындағы Мойынқұм. Сондықтан Верныйдың да, Әулиеатаның да Сарыүйсіидері
негізінен малмен айналысты. Олар қыстауларда қора-қопсы салған емес, қой
мен енгкіге сексеуілден ашық шарбақ жасап, өздері киіз үйде тұрып жатты.
Түйе, ңой, епгкі, жылқы өсіріп, ірі қара малды аз ұстады. Көші-ңонда
түйені, жылңыны пайдаланды, ілуде бірен-саран жарлы-жақыбайлар лауға өгізді
жекті. Суды құдыңтардан тартьгп, мүмкіндік болған тұста өзен суаттарын, ал
қысты күні қарды тұтынды. Қысқа қарай арнайы жем-шөп әзірлеген жоқ.
Егіншілік кәсібімен айналыспады. Там-тұм егін өнімдерін (тары, бидай) көрші
диқандардан айырбастап алып отырды. Сарыүйсін руларының (Қалша меп Жақып)
қыстауы Күрті өзенінен басталып, Іленің оң жағалауына дейін созылып жатқан
Тауқұм, Бұйратқұм, Ұялыкесік, Жиек, Ақкесік, Жусан, Жолбарысты-раңды,
Ақтоғай, Қарашеңгел, Көкжиде, Шоқсуат өңіріне орналасып жүрді. Көктем меп
күзде Сарыүйсіидер Іле озенінің жағалауын қоныстанып, көп шаруашылық сол
жерді жайлады, тек ірі байлар жазғытұрымға қарай қойнау-қойнауға көшіп
кететін. 
Мәселен, Сарыүйсіннен шыққан мыңғырған бай Қали Қарой шатқалында 12 мың бас
қой өргізді, бірнеше әйел алып, қыстауда бірнеше қора салдырып, тіпті
Верныйдың өзінде үлкен әулеті бар үйі бөлды. Оның тоқалынан туған Қазақстан
Республикасының халық әртісі Гүлжаћан Ѓалиева Алматыда дүние салған. Қали
Орта Азия, Сібір мен Орынбор арасында қоймен сауданы кеңіпен жолға қойды.
Қазан төңкерісінен кейін ол бүкіл мал-жанын Кеңестерге өткізіп, отбасымен
Қытайға кетіп, соида айтыс болды.Қалша руынан тараған кішігірім
шаруашылықтар Сарыүйсіндердің оңтүстік шекарасында көктем мен күзде өз
отарын Желбұлақ, Айдарлы, Аяққұдық, Қапшағай, Жиек, Күрті, Қаратораңғы
маңайында өрістетіп, көбісі осында жайлап, ең ауқаттылары Қараойға дейіи
көшіпңонып жүрді. Әулиеата уезіндегі Сарыүйсіидер Құрағаты өзенінің Шуга
құятын сағасының сол жағалауына қыстап жүрді. Ал, Сарыүйсіндердің екінші
бір шағын тобы бұл уақытта Талас өзені бойында қоныс тепті. Сарыүйсіндердің
көктемгі-күзгі қонысы Шу мен Талас, Мойынқұм өңірінде болып, жазда Іле
Алатауының альпі шабындықтарына бауыр басатын. 
Шу мен Таластың Сарыүйсіндері ішінара егіншілікпен айналысты. Негізінен
қыстауларға жақын жерде кедей жатақтар қалып, егін салып, тары, бидай мен
бау-бақша өсірді. Сарыүйсіндердің өмірінде бәрібір мал шаруашылығы онімдері
айрықша маңыз алды. Күллі заттық мәдениеттің нышандарында, азық-түлік, киім-
кешек, үй-орман, тұтынатын бұйымдарға дейін үй жануарлары ерекше орын
алатын еді.
1.3.Үйсіндер шаруашылығы.
Қытай бастаухаттары Үйсіндерді көшпелілер ретінде сипаттаған. Оларда
үйсіндер егіншілікпен де, бау-бақша өсірумен де айналыспайды тек оты мол,
суы мол жерлерге мал-жанымен бірге көшеді де жүреді — деп жазылған.
Расында да мал шаруашылығы үйсіндердің өмір-тіршілігініде шешуші рол
атқарған .Жетісудың табиғи жағдайы Мойынқұм мен Балқаш жерін қоныс еткен
қыстаулардан бойлық бағдарымен жұріп отырып, жаз күндері мал қоңданып,
қысқы мерзімге әзірлену әлденіп алатын, тау бастарындағы шөбі шүйгін
шалғынды жайлауларға көшіп баруына қолайлы болған. Бұл аймақта жайлау мен
қыстау аралары онша қашық емес -30-100 шақырым шамасында болады. Сол
себепті де үйсіндер ұзақ уақыт қыстаулары мен жайлауларында, әсіресе көктем
мен күзгі жайылымдарында отырып қалады екен. Олар осы арадан тұрақты үйлер
салып, оның қасынан егін егіп, бау-бақша өсіретін болған. Үйсіндердің
отырықшы болып, егіншілікпен айналысқанының бір дәйекті дәлелі"— олар-дың
тұрақты тұрын үйлері, қора-жайлары, саздан көптеп жасалған ауыр аяқ-
табақтары, дәнүккіштері, тас кетпендер мен әртүрлі . дақылдар қалдықтары
бар мекен жайларының болуы.
Археологиялық материалдарға қарағанда, үйсіндер тарихының ертедегі
кезеңінен кейінгі кезеңіне жақындаған сайын егіншілік рөлі артып отырған.
Ендеше үйсіндер шаруашылығы кешенді малшаруашылықты егіншілік болған.
Үйсіндер жылқы, қой, ешкі,сиыр, түйе және басқа малды өсірген. Үйсін
байларының табындарында 500-ге тарта жылқы болғаны деректерден белгілі.
Оларда жылқының әртүрлі тұқымы болған, оның ішінде асыл тұқымды арғымақтар
да болған деседі. Үйсіннің Теңлік обасынан табылған алтын қаптырмада
шоқтығы биік айғыр мінген салт кісі бейнеленген. Дәулетті-текті кісілер
киімдерін жібек пен биязы жүн маталардан тіктіреді, ал қарапайым қалың жұрт
киім-кешектерін түрпідей қылшықты жүн маталарынан, былғары мен қой
терісінен тіктіріп киінеді екен. Жібекті Қытайдан жүрдек аттарға айырбастап
алатын болған немесе тарту-таралғы және салық ретінде алып отырған.
Аяқ-табақты қыруар көп етіп дайындаған, оны әйелдер саздан жасаған, ал
еркектер қайыңнан шағын стол-табақтар, зерендер, қымыз құятын ожаулар ойып
жасайтын болған.
Үйсіндер мыс, қорғасын, қалайы, алтын кенді орындарын пайдаланған, темірді
балқытып, одан пышақ пен қанжарлар, семсерлер, жебе ұштарын жасаған. Түрлі
түсті тастардан, асыл металдардан моншақтар мен сырғалар, киім-кешек
әшекейлерін істеп шығарған.
Үйсін қоғамы біртектес болмаған, онда байлары — тайпа мен ру
дәулеттілері, жасауылдар мен абыздар және қатардағы бұқара-малшылар мен
егіншілер болған.Үйсіндер арасында жеке меншіктің өскеніне обаларын қазған
кезде табылған, сазбалшықтан, тастан жасалған мөрлер айқын дәлел бола
алады. Үйсіннің кейбір әскер-басылары мен аса көрнекті шенеуніктерінің
қолында алтын мен мыс мөрлері-болғаны туралы жазба деректер айғақтайды.
Жеке меншік тек малға ғана емес, жер-суға да тараған. Деректерде қоғамның
жоғарғы жігінде қызмет жүйесінің кеңейіп кеткені айтылады. Үйсіндер
қоғамында қауымның азат мүшелерімен бірге. Құлдар да болған, олар негізінен
соғыс тұтқындарынан кұралады екен.
Үйсін қоғамындағы әлеумелтік айырмашылықтар археология материалдарынан
айқын байқалады.Үйсін обалары өздерінің көлемі жағынан үш топқа бөлінеді:
диаметрі 80 м, биіктігі 15 м дейін жететін үлкен обалар; диаметрі 15 және
биіктігі 2 м дейін жететін орташа обалар; диамерті 10м, биіктігі 1 м дейін
жететін ең көп кездесетін кішкентай обалар. Қазба жұмысы жүргізілген
кездері.
Ол қабыры таланбаған болса, үлкен обалардан археологтар көптеген алтын
әшекейлерді, қару-жарақты. Саздан жасалған аяқ-табақтарды тапқан. Мысалы,
Тенлік обасындағы қабырден киімге тағылған алтын қаптырмалар алтын
сырғалар, алтынмен қапталған темір түйреуіш, қола айна табылған.Ал,
кішкентай обалардағы қабырда бір-екі балшықтан жасалған көзе тұрады,
мәйіттің қаңқасымен қатар темір пышақтар жатады. Мұнда қойылған кісілер бір
кезде қола сырғалар мен қола моншақтар салып жүрген. Хош, сонымен жазба
деректер де, археологиялық материал да үйсіндер қоғамының даму барысында
мемлекеттік деңгейге жеткенінен хабар береді.

1.4. Үйсіндердің материалдық мәдениеті.
Ежелгі үйсіндердің материалдық мәдениеті әжептәуір толық зерттелген.
Жетісудағы, негізінен алғанда Іле, Талас және Шу аңғарларындағы қоныстар
мен қорымдарды қазу айқын да әсерлі материалдар берді, олар үйсіндердің
тұрғын жайларының сипатын, олардын ішкі көрінісін елестетуге, еңбек
құралдары мен қару-жарағын білуге, керамиканың эволюциясы мен оның негізгі
үлгілерін зерттеуге мүмкіндік туғызды.
Жоғарыда ертедегі үйсіндердің жартылай көшпелі, жартылай отырық-шы өмір
салты оларда қыстау-қоныстар мен қала үлгісіндегі бекіністі қал-алар
салынуына себеп болғаны атап өтілді. Ертедегі қытайдың жазбаша
деректемелеріндегі азын-аулақ мәліметтер шынында да солай болғанын
қуаттайды.
Үйсін мемлекетінің Чигу (Қызыл Аңғар) деген өз астанасы болды. Хань
шежірелері бұл атауға чен деген қосымша жалғауға болады деп тапқан, бұл
арқылы олар қамал-қала үлгісіндегі бекіністі қоныс дегенді білдіреді.
Б. з. б. II ғасырда Чигу-ченде үйсін гуньмосы Люецзяоми мен оған
ұзатылған қытай ханшасы Цзяндудың сарайы орналасты. Үйдің сәулеттік шешімі
мен ішкі көрінісі бізге беймәлім, бірақ құрылысты ежелгі қытай сәулет
өнерінің дәстүріне негізделген деп топшылауға болады. Ертедегі үйсіндер
қоныстанған бүкіл кең-байтақ жерде, сірә, Чигу-чен бірден-бір қала болмаса
керек. Қолда бар деректерге қарағанда, біздің заманымыздағы IV—V ғасырларда
сяньбилермен соғысқан әлдебір үйсін гуньмосының Хангай тауларында сарайы
(қала ма, әлде орда ма?) болған.
Хань әулеттік хроникасының неғұрлым кейінгі түсіндірушісі ертедегі
үйсіндердің отырықшылық мекендері туралы мәліметтерді қуаттап, олар малшы
болып, көшпелі тұрмыс салтын жүргізгенмен, бәрібір қалалары мен елді
мекендері болды деп көрсетеді.
Бұл хабарлардың археологиялық жолмен расталмауын қала мәдениеті
ескерткіштерінің, атап айтқанда Жетісудың бүкіл аумағындағы ертедегі
отырықшы мәдениет ескерткіштерінің аз зерттелгенімен түсіндіруге бола-ды.
Екінші себебі Жетісудың қираған қалалары орындары стратиграфия-сының және
соған сәйкес керамикалық кешендерді хронологиялық топ-таудың нашар талдап
шешілгендігі болып табылады. Соңғысы әсіресе, қала мәдениетін Жетісуға
соғдылардың әкелгендігі туралы сыңаржақ қағиданы негізге алып, дәстүр
бойынша түрік заманына телініп жүрген алдыңғы ортағасырлық кешендерге
қатысты. Солай бола тұрса да, қала орындарының түрік кезеңі қабаттары мен
олардың қабірлерінен және әсіресе соңғы үйсін заманының қоныстарынан
табылған керамикалық кешендер (тік әшекейленген тұтқалары бар ыдыстар,
ілмек тәрізді тұтқалары бар саптыаяқтар, алуан түрлі көлбеу құлақты
қазандар, хумчалар және т. б.) арасындағы көптеген ресми-типологиялық
ұқсастықтар түрік керамикасының мерзімін ертерекке (кем дегенде 300 жылға)
ысыру қажет екеніне көз жеткізеді. Кең көлемді қазба жұмыстарын жүргізіп,
стратиграфияны мұқият зерттеген жағдайда көп қабатты бірқатар қалалардың
(Сүмбе, Лепсі — Шығыс Жетісу, Суяб, Құлан, Ақтөбе-батыс далалық) төменгі
қабаттары үйсін заманына жатқызылатын болады.
Сонымен біздің қолымызда әулеттік хроникаларында үйсін қалалары туралы
жоғарыда келтірілген мардымсыз мәліметтерден басқа деректер жоқ, оның
есесіне елді мекендер туралы едәуір жақсырақ білеміз, себебі онда
қоныстар мен қыстау-қоныстар туралы біршама құнды деректер келтірілген.
Үйсіндердің отырықшы қоныстарының қалдықтары Шу және Кеген өзендерінің
аңғарларында зерттелді. Шу аңғарларындағы қоныстарда тұрғын үйлердің пішімі
тік бұрышты болған, шикі кірпіштен салынып, балшықтан соғылған таға тәрізді
ошақтармен жылытылған.
Кеген өзеніндегі Ақтас қонысында құрылыс сипаты әлдеқайда жақсы
сақталған. Мұндағы кұрылыстар кешені тастан салынған 5 тұрғын жай мен
бірнеше қора-қопсылардан тұрады. Құрылыстар ішінде орталығы шаршы бөлме
болған, оған іргелес көлемі 126 шаршы метрлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үйсін және қаңлы тайпаларының тарихы
Қытай жазба деректерінде
Андронов дәуірінің қоныстары мен тұрғын үйлері
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті жайлы
Алтай-Тарбағатай аралығындағы ерте темір дәуірінің археологиялық ескерткіштері (кезеңделуі, мерзімделуі және мәдени атрибуциясы)
ЕЖЕЛГІ ҮЙСІН ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫЛЫҒЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ
Үйсіндер тарихы
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Үйсін мемлекеті Қазақстан территориясындағы бастапқы мемлекеттіліктің үлгісі
Пәндер