География оқулықтары



Жоспар

Негізгі бөлім:
1. География оқулықтары
2. География оқулықтарының атқаратын қызметі
3. Оқулықты қолдану әдісі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ

Қазіргі кезде адамзаттың қоршаған ортаның қарым-қатынасын түсінудегі маңызына байланысты экология бастапқы пәнаралық синтезделген ғылым болып кетті. Ғылыми-техникалық үдеудің экологиялық керіс салдары техникалық және экологиялық саяси мәселелерді шешудегі қателіктерден, антропогендік әсерлердің экологиялық салдарын және экономикалық шығынды дұрыс бағаламау себептерінен туады. Экологияның көптеген қолданбалы аспектілері (химиялық экология, географиялық экология, өндірістік экология, өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер экологиясы және т.б.) болғанымен, қазіргі экологияның барлық бағыттары - тірі организмдер мен қоршаған ортаның қарым-қатынасы - іргелі биологиялық идеяларға негізделген. Іргелі ғылыми білімдерден басқа бұл курста экологиялық тәрбие беру туралы да айтылады.
Қазіргі табиғи ортаға тиетін антропогендік престің ұлғаю кезеңінде студенттердің экологиялық білім алуының қажеттілігі артады. Болашақ мамандар өздерінің кәсіптік білімдерін экологиялық мәселерді шешуде пайдалана алады, сондықтанда "Жалпы экология" курсын оқу барысында оның қолданбалы аспектілерін қарастыру қажет.
Бұл оқу құралының мақсаты студенттердің ой-саналарын экологияландыру, қоршаған ортаға жауаптылықпен қарауға тәрбиелеу, биосфераның компоненттерінің бір-бірімен әрекеттері заңдылықтарын, әсіресе табиғатты пайдаланудың үдеу жағдайын білуін, қоғам мен биосфераның арақатынасындағы практикалық мәселелерді шешуді игеру.
Оқу құралы биологиялық мамандықтар бойынша сырттай оқитын студенттерге және гуманитарлық факультеттерге арналған.
Оқу құралы туралы пікірлеріңізді авторлар ризашылықпен қабылдайды.















І Тарау. Әлеуметтік – экологиялық проблемалар және
өзекті мәселелері.
1.1 Ғаламдық экологиялық проблемалар
Әлемді тұтас қамтитын табиғи-антропогенді, немесе антропогендік әсерден ірі көлемде табиғи процестерді өзгертетін проблемалар әлемдік экологиялық проблемалар деп аталады. Оған төменгілер жатады: климаттық өзгерістер, озон қабатының жұқаруы, қышқыл жаңбырлар, шөлдену, биологиялық әртүрліліктің азаюы, радиактивтік ластану, әлеуметтік-экологиялық проблемалар.
Климаттық өзгерістер (парникті эффект) атмосферада әр түрлі газтәрізді заттардың мөлшерінің ұлғаюы, әсіресе газтәрізді қоспалардың, инфрасәулелердің шағылуы және Жер бетінен кетірілуі жағдайларын (жылылық таралу) нашарлатты. Жылулық сәулелердің ғарыш кеңістігіне кері кетуіне әсер етеді. Олар өте алмай жиналады да ауаның температурасын артуына (парниктік эффект) әкеледі.
Мәліметтер бойынша соңғы жүз жылдықта Жер бетінде температура 0,3-0,6 градусқа жылынды. Ауа райының әрі қарай жылуы терістіктегі мұздықтарды ерітіп Әлем Мұхитының деңгейін көтереді. Оның әсерінен Мұхит жағалауындағы ойпаң жерлерді су басып, көптеген елді мекендерге зиян келтіреді. Сонымен қатар жазғы жауын-шашын 15-20 пайыз кеміп, шөлдену процесі ұлғаяды.
Мұндай қауіптер 1990 жылы климаттық өзгерістер бойынша баяндамада Халықаралық Пленумда айтылған. Оны 125 мемлекеттің 170 беделді мамандары дайындаған. Мамандардың болжамы бойынша 2035 жылға дейін климаттың әлемдік жылуы орта есеппен 2,5 градусқа көтеріледі, ал мұхиттың деңгейінің көтерілуі 29 см, 2100 жылы - 65 см болады. Климаттық өзгерістердің қатерлі салдарын азайту үшін шығарылатын көмірқышқыл газының, азот оксидтер, хлорфтор көміртектердің көлемін 60 пайызға төмендету, метанды - 20 пайызға төмендету ұсынылады.
Егерде адамзат бұрын суықпен күрессе, енді жылумен күресуді бастады. 1990 жылы парникті газдардың шығарылған қосындысы әр мемлекет бойынша төмендегі көрсеткіштерге жеткен: АҚШ - 35, Ресей - 17, Жапон - 8, Алмания - 7, Великобритания 4 пайыз. Евроодақ жалпы - 24 пайыз. 1992 жылы климаттың өзгеруі туралы Конвенция қабылданған. 1997жылы осы Конвенция шешуін жақтаушылар Конференциясында дамыған елдер үшін 2008-2012 жж, парникті газдардың шығару көлемі анықталған. Бұл мемлекеттер 1990 жылмен салыстырғанда шығарылатын газдар көлемін 5 пайыз төмендетуге міндеттелді. Батыс Еуропа елдері
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Б.Асубаев, Г.Сүлейменова, К.Ысқақова, С.Көбенқұлова «Қазақстанның физикалық географиясы» /Оқыту әдістемесі/ А., 2004 ж.
2. К.Қожахметова «Ұлттық мектеп қандай болу керек?» /Қазақстан мектебі 2000 №7, 68-бет/
3. В.П.Буданов «Карта в преподавания географии» М., 1990 г.
4. Т.П.Герсимова «Воспитание на уроках географии» М., 1993 г.
5. В.П.Максаковский «Географическая культура» А., 2000 г.
6. «Биология, география және химия» №4, 2001 жыл 3-бет

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Негізгі бөлім:
1. География оқулықтары
2. География оқулықтарының атқаратын қызметі
3. Оқулықты қолдану әдісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

География оқу құралы ретінде – білім жүйесінің белгілі дидактикалық
негізінде іскерлік пен дағдыдан құралған, ғылымдардан сұрыпталған, негізі
мектептің оқу жоспарында қарастырылған, оқушылардың білім беру мен
тәрбиесін дамыту болып табылады. Мектеп географиясында физикалық география
жаратылыстану пәндерінің цикліне, экономикалық география-гуманитарлық
пәндер цикліне жатады.
География оқулығының мазмұны, оның әдістемелік құрал-жабдықтары –
география сабағын өткізудің арнаулы әдістерін белгілейді: 1-сызбанұсқада
оқулықтың әр түрлі құрам бөліктерімен жұмыс істеу көрсетілген: тақырыптық-
тақырыппен, сұрақтар және тапсырмалармен, география терминдерімен және
ұғымдар туралы сөздіктермен: текстен тыс – профилімен, статистикалық
материалдар (кестелер, диаграмма, графиктер) , карталармен, фотосуреттер
және суреттермен (сурет түрінде)
Оқулықпен жұмыс істеу әдісінің көп бөлігі 5-6 сынптардың курсына
кіреді, мұнда оқушылар осы әдістермен танысады, олардың өздігінен жұмыс
істеуі жоғары 7-9 сыныптарда басталады.
Мектепте оқытылатын физикалық географияның оқу жоспарына Жер туралы
ғылым, бірінші кезекте физикалық география енеді. Олар: жалпы жер тану,
шетелдер, ТМД, Қазақстаннң аймақтық физикалық географиясы, геоморфология,
климатология, океанология, гидрология, топырақтану, геоботаника,
зоогеография т.б. картография және бірқатар аралас ғылым салалары –
геология, метеорология.
Мектептің экономикалық географиясы қоғамтану курсымен бірге оқушыларға
экономикалық білім береді. Оқу жоспарында экономикалық география ғылымдарын
оқыту қарастырылған. Қазақстан мен ТМД-ның жалпы және аймақтық экономикалық
географиясы, халықтар географиясы, саяси география, сонымен бірге бірқатар
экономикалық ғылымдар - өнеркәсіп экономикасы, ауыл шаруашылығы,
транспорт, статистика және демография. Ғылымның негізін құрайтын көптеген
және әр трүлі материалдардың ішінде ең керектілері ғана мектеп
географиясының курсына енгізіледі.
Мектептегі география курсының мазмұнын оқушылардың ой-өрісін тәрбиесін
арттыратын – ғылымның негізін салатын – ойлар, теориялар, фактілер ғылыми
әдістер кіреді. Айта кетерлік нәрсе – мектеп географиясына таңдап алынған
материалдар адам өмірен өте қажетті. Оқушылар алған білімін практикада
қолдана білуі тиіс. Осы білімді игеруде іскерлік пен дағдыны қамту қажет.
Осындай көзқараста таңдалынып алынған білім, іскерлік пен дағды мектеп
географиясының мазмұнын құрайды. Мектепті бітіруші ғылымдар негізінің
орта мектептік білімін алады. Мектепте географияны оқытудың басты мақсаты –
ғылыми негіздермен оқушыларды қаруландыру.
Жаңа ғылыми-техникалық революция кез-келген мамандықтар иесінің
еңбектегі ойлау қабілетін арттырады. Сонымен қатар ғылыми-техникалық
революция кезіңінде ғылыми білімнің өсуі, география ғылымының да алға
жылжуы байқалады. Осыған байланысты білім беру ісінде ойлау үрдісінің ролі
өсіп келеді.
Мектепте оқушы өмір бойы қолдана алатын географиялық білім ала
алмайды, ол география саласында оның қызығушылығын арттыратын танымдық
әдістерді үйретеді. Ойлау қабілетінің дамуы географиялық білім алудың
нәтижесі ғана емес, географиялық білімді географиялық облыстарда қолдана
алу мүмкіндігі.
Курстың негізгі бағыты. Жер – Күн жүйесінің планетасы, План және
карта тарауы бойынша әлем кеңістігі жайлы мағлұматты бере отыртп,
оқушыларға жалпы картографиялық тұсініктер мен заңдылықтар жүйесін игерту
мақсаты қойылады. Оқулық мазмұнындағы географиялық құбылыстардың өзара
байланыстылығы мен әрекетттестілгі,күн мен түн, жыл мезгілдерінің ауысып
келуі, жанартау,жер сілеіну. Табиғат кешендері жүйесі, т.б. білімдер
оқушыларды географиялық мазмұнды игерге бағыттайды.
Географияны оқыту барысында тарихи, елтану, өлкетану, экологиялық мақсат-
міндеттерге назар аудару керек.
Мектеп географиясы алдындағы келесі мәселенің бірі оқушының географиялық
білім деңгейін қарапайымнан күрделіге қарай көтеру. Осы мақсатта олардың өз
бетімен жұмыс істеу жолдарын қарастыру қажет.
Оқулықпен жұмыс. Оқулықты пайдалана білу әдісі – мектепте емес, сонымен
қатар мектепті бітірген соң да керек. Оқу кезінде де және өздігімен білімін
көтеру ісінде де оқулықтарды дұрыс қолдана білу талапкер жастарға көп
көмегін тигізеді.
География оқулығы – оқушылардың білімі мен тәрбиесін жетілдіруде басты
құралдардың бірі. Оқулық – географиядан берілетін білімнің бағдарлама
талабына сай көлемін және жүйесін анықтайды, сондықтан ол мұғалімге және
оқушыларға әрдайым оқып үйрену үшін қажет. Материалдың оқулықта қалай
берілгеніне қарай оқушылар игеретін білім деңгейі де күрделене түседі.
Жақсы оқулық балалардың білімнің ойдағыдай меңгеруіне көмектесіп қана
қоймай, сонымен қатар, пәнге ықыласын тудырады.
География оқулығының басты бір ерекшелігі, текстік құрам бөліктен
(компоненттен) басқа карталар, суреттер, фотосуреттер, сызбанұсқа, кесте,
профильдерден тұрады. Осындай құрам бөліктерді қосымша қолданған кезде ғана
жұмыс табысты болмақ.
Қазіргі қолданылып жүрген география оқулықтарының тиімді әрі түсінікті
болуы – олардың әдістемелік құрал-жабдықтарын түгелге жуық жаңартылды, әр
түрлі тапсырмалардың көлемі өсті (білім негізін байыту, оқылған материалды
дәйектеу, өз бетінше білігі мен білімін қолдана білу т.б. негізделген).
Сондай-ақ, оқу құралдарының бәрін бірдей пайдалану мүмкіндігі туды. Әрине,
мұның бәрі оқушылардың аталмыш пәнді толық игерулеріне көп көмегін
тигізеді. Жалпы мектептердегі жұмыс тәжірибесі көп мұғалімдедің география
оқулықтарының функциясын толық игергенін және оларға сәйкес әдістемелік
оқуды қолдануға ынталы екендіктрін көрсетеді. География оқулықтары сабақта
жаңа тақырыпты өткенде көп жәрдемін тигізеді. Әсіресе, текстік карталы
оқулықтар, санақ материалдары (қолдану кестелері, графиктер) жиі
қолданылады. Оқулықтарда сабақ үстінде материалдарды сұрыптауға, оқушыларға
қойылған сұрақтардың мәні мен түріне көп көңіл бөлінеді.
Бірақ іс жүзінде әлі де соңғы география оқулықтарындағы білім тәрбие
мүмкіндіктері толығымен қолданылмайды. Кейбір мұғалімдер сабақта оқулықты
қолдануда, оларды жаңа тақырыпты білуге пайдалануда, білімді бақылауда
ондағы материалдарды жеткіліксіз білуінің салдарынан қиналады. Бұндай оқу
үрдісі өте қауіпті, себебі, сыныпта балаларды әдейілеп кітаппен жұмыс
істетпеуге әкеп соғады, берілген атериалды игеру қиындай түседі, сөйтіп
білім және тәрбие сапасы төмендейді. Бірақ жұмыс басқа оқу құралдарсыз,
керісінше, тек қана оқулықпен шектеледі. Мұғалім тапсырманың оқулыққа
тікелей байланысты болуын және оқушылардан оқулықтағы тақырыпты дұрыс
қабылдауларын қадағалайды. Осындай оқыту бағыты ұзақ мерзімге созылып
кетсе, онда тиянақты оқып үйренуге мүмкіндік болмайды, себебі, оқушылардың
пәнге ынтасы жойылады, олардың білімі үстірт болып шығады, ал ең басты
жұмыс амалы – есте сақтау. Осындай бағыттарда оқушылар үй тапсырмасын
оқулық арқылы қабылдау оқушының көп уақытын алады. География оқулығымен
жұмыс істеуді жоспарлаған кезде кейбір мұғалімдер рационалдық жұмысты
таңдауға мән бермейді. Кейбір түсініктеме оқу қолданған кезде барлық
сыныптарда оқушылардың жас қабілеті ескерілмесе, орта және жоғары
сыныптардағы оқушылардың сабаққа ықыласы төмендейтіні байқалады. Сондықтан
5, 7-сыныптарда сабақ өткенде (бұл әдіске оқушыларды бастауыш сыныптарда
үйретсе де) оқушыларға тақырыптық жоспар құруды үйреткеніміз жөн.
Оқулықпен жұмыс әдісі. Оқулақпен жұмыс істеуді біз осы кезге дейін
тақырыппен және тақырып құрам бөліктерімен жұмыс істеу деп түсініп келдік.
Ал, география оқулығына мұндай көзқарас дұрыс емес. Географиялық
тақырыптарды қосымша құралсыз, карталар, иллюстрациялық материалдар,
статистикалық анықтамаларсыз түсіну қиынға түседі. Сондықтан география
оқулығымен жұмыс істеген кезде оқулықтың әрбір құрам бөліктерін сонымен
қатар бірнеше құрам бөліктердің бірге өтілуіне көңіл бөлінгені жөн.
Оқушылардың қабылдау ерекшелігі, олардың көрнекті - бейнелі ойлау
қабілеті басым болуы оқулық материалдарын ойдағыдай меңгеруіне байланысты.
Оқулықтың әр түрлі құрам бөліктерімен жұмыс істеу – индуктивті пайда
етеді және ол көбіне ереже, инструкция, жазлған жоспар бойынша ұсынылады.
5-сыныпта география сабағында оқушылар термин сөздіктермен танысады. Бұл
– жұмыстың сабағында оқушылар термин сөздіктермен танысады. Бұл – жұмыстың
жауапты кезеңі. Сондықтан 5-сынып деңгейіндегі жұмыстың бұл түрі аса
маңызды. Терминдер сөздігіне аса көңіл бөлу керек, егер таныс емес, жаңа
термин кездессе, сөздіктің көмегімен анықтап алуына болады.
5-сынып оқушылары бастауыш физикалық география курсын оқу үрдісінде
география оқулығымен жұмыс істеу ерекшеліктерімен қатар оның барлық құрам
бөліктерін қолдану қажеттілігін географиялық карталармен байланысты біліп
шығады.
Оқулықты қолдану әдісі. География оқулықтарын комплекстік (кешендік)
әдіспен оқытуға да болады. Олар негізгі білім беру көзі ретінде әрі сабақты
басқа да оқыту түрінде пайдаланыла береді.
Оқулықпен жұмыс істеу ережелері төмендегідей:
- оқулықпен танысу (оның құрылымы және әдістемелік аппараты);
- белгілі пәннен және басқа пәндерден дайындық жүргізе отырып, тақырыпты
қабылдау әдісі;
- этаптық оқу әдісі арқылы кітаппен жұмыс істей білу;
- оқулықтағы әр түрлі құрам бөліктерімен жұмысты үйрену әдісі;
- әрбіреуімен бөлек және үйлесімді жүгізу. Мысалы: нақтылы мектеп курсын
және белгілі бір бағытта ұйымдастыру.
5-сыныпта оқушылар бірінші рет география оқулығымен, яғни пәннің арнаулы
оқулығымен танысады. Сондықтан оқушыларға оқулықпен жұмыс істеу ерекшелігін
жете үйрету өте маңызды. Н.А.Максимовты Физикалық география туралы туралы
әдістемелік құралында (5-сынып) 5-сынып оқушыларын география оқулығымен
таныстыру, келесі бетінде оқушылар оқулықты қалай пайдалану керектігі
жөнінде нұсқау берілген. нұсқауда оқушыларды мынадай әдіспен оқытуға,
үйретуге басты көңіл бөлінеді:
- тақырыпты талдау, ондағы басты мәселені көрсету;
- сұрақтармен және тапсырмалармен жұмыс істей білу;
- қосалқы анықтауыш пен (атап айтқанда, географиялық түсінік және термин
сөздігімен) жұмыс;
- оқылықтың бірнеше құрам бөліктерімен және оқулықтағы тақырыпқа
байланыст атлас картамен жұмыс:
Оқушылардың тақырыпты түсінуі төмендегі әдістерге байланысты:
- географиялық картамен міндетті түрде танысуы. 5-сынып оқушылары үшін
өте маңызды.
Ол үшін алдымен, оқушыларды түсініктемедлік оқу арқылы таныстырған дұрыс.
Бұл әдіс тақырып оқушылардың барлығына түсінікті болуын көздейді. Олар осы
тақырыпта айтылар ойды жете түсінген болуы шарт. Егер кейбір түсініксіз
ұғымдар болса, онда термин сөздікті қарап немесе оқытушыдан (сыныпта сабақ
үстінде) сұрауға болады.
Осындай жұмыс түрлерін пайдаланған кезде оқушлардың бастауыш мектептен
бастап, қалаулы және түсіндірмелік оқуды өз бетімен қолдана алатынын
байқаған дұрыс.
5-сыныпта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда географиядан мұғалімдер дайындау саласы
Географиялық оқытудағы практикалық жұмыстардың орны, олардың білім алудағы маңызы
Адольф Дистервегтің (1790-1866) педагогикалық қызметі мен ой-пікірлері
Половцовтың әдістемелік еңбектері
Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу жұмысын ұйымдастыру
Бір жылда
Әзиз хан медресесі
Математика сабағы оқулығының титул беті
Дүниетану пәнінен дәріс кешені
Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту
Пәндер