ҮІІ-ІХ ғғ. түркі жазба ескерткіштері тілін зерттеу нәтижелері - көне түркілер тілін антропоөзектік бағытта зерттеудің базалық негізі



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жылқыбай Г.Қ. - ф.ғ.к., доцент
Байымбетова Р.Қ. - ф.ғ.к., аға оқытушы

ҮІІ-ІХ ғғ. түркі жазба ескерткіштері тілін зерттеу нәтижелері - көне
түркілер тілін антропоөзектік бағытта зерттеудің базалық негізі

Барлық гуманитарлық-қоғамдық пәндер тәрізді тіл білімі де өз бастауын
философия ғылымының аясындағы ағымдардан алғаны белгілі. Лингвистикадағы
дәстүрлі құрылымдық бағыт пен танымдық-антропологиялық бағыттың қалыптасуы
да философия ғылымының структурализм және антропологизм бағыттарының
аясында айтылған тіл туралы тұжырымдар мен пікірлерден, гипотезалық
ойлардан өрбиді.
ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында гуманитарлық ғылым салаларында
(лингвистика, психология, фольклористика, әдебиеттану, этнология, эстетика
т.б.) құрылымдық әдісті, модельдеуді, семиотикалық элементтерді,
математикалық әдістерді қолдануға байланысты қалыптасқан структурализм
мәдениетті таңбалар жүйесінің (тіл, ғылым, әдебиет, өнер, мифология, сән,
жарнама т.б.) жиынтығы ретінде қарастырды [1, 1283 б.].
Тілдік құрылымның ерекшеліктерін зерттеуде формула тәрізді нақты тілдік
модельдерді қолданған структуралық лингвистиканың әдіс-тәсілдері тілдің
танымдық қырларын терең аша алмағанымен, интралингвистикалық заңдылықтарды
анықтауда үлкен нәтижелерге жетті. Кеңестік түркітануда да структуралық
лингвистиканың қағидалары мен методологиялық негіздерін басшылыққа алған
зерттеулер үлкен нәтиже берді. Түркі тілдерінің фонологиялық жүйесі,
морфологиялық құрылымы, синтаксистік конструкциясы, лексикалық құрамы, бір
тіл ішінде де, салыстырмалы, салғастырмалы негізде де жан-жақты зерттеліп,
әрбір тілдің өзіндік ерекшеліктері мен даму жолы ғылыми талдауға түсті [2,
257 б.]. ҮІІ-ІХ ғасырларда жазылған көне түркі мұралары - Орхон, Енисей,
Талас ескерткіштері тілінің кең ауқымда зерттелуі де құрылымдық бағытта
болды.
Көне түркі жазба мұралары Орхон-Енисей, Талас жазба ескерткіштері тілінің
фонетикалық, лексика-грамматикалық ерекшеліктерін зерттеу ХХ ғасырдың
алғашқы жылдарынан басталады. Түркі мұраларын тілдік тұрғыдан зерттеу
алғашқы жылдары В.В.Радловтың және оның шәкірттерінің тарапынан жүзеге
асырылды. 1909-1912 жылдары В.В.Радловтың Күлтегін, Білге қаған,
Тониқук ескерткіштерінің фонетикалық жүйесі, лексикасы, әр ескерткішке
тән диалектілік ерекшеліктер жайлы айтқан пікірлері кейінгі зерттеушілердің
еңбектеріне негіз болды [3, 11 б.].
ХХ ғасырдың орта шенінде Орхон-Енисей және Талас ескерткіштері тілін
зерттеумен С.Е.Малов айналысты. Ғалым осы бағытта бірнеше көлемді
монографиялар жазды. С.Е.Малов өз еңбектерінде көне түркі тілінің
фонетикалық жүйесіндегі дауысты дыбыстардың қолданысы, дауыссыз дыбыстардың
қолданысы, морфологиялық құрылымындағы сөз тудырушы қосымшалар мен
грамматикалық форма тудырушы қосымшалардың ерекшеліктері, сөз таптарының
бір-бірінен айқын жіктелісі, лексикадағы тұлғалық өзгерістер туралы
пікірлерін білдірді [4, 62 б.; 5; 6 , 5-7 б.;].
И.А.Батмановтың және оның шәкірттерінің еңбектері Енисей, Орхон, Талас
ескерткіштері тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыстардың қолданыс
ерекшеліктерін, комбинаторлық өзгерістерін, сөздердің тұлғалық өзгерістерін
талдауға, сөз таптары мен олардың жасалу жолдарын, көптік, тәуелдік,
жіктік, септік жалғауларының жасалу жолдарын анықтауға, ескерткіштер
тілінің сөздіктерін жасауға арналды [7; 33; 34].
Э.Р.Тенишев ескерткіштер тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді қазіргі
түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктерімен салыстыра отырып, көне түркі
жазба ескерткіштерінің тілін оғыз, ұйғыр, қырғыз, қыпшақ басқа да көне
түркі тайпаларының бәріне ортақ тіл ретінде қарастырады. Сондай-ақ түркі
қағанаттары құрамындағы әр тайпаның өзіндік ерекшеліктері бар екенін
көрсетеді. Ғалымның пікірінше оғыздар мен қыпшақтар j – тiлінде, ұйғырлар
d – тiлінде, қырғыздар z – тiлінде сөйлеген [8,165 б.].
Орхон-Енисей ескерткіштері тілінің синтаксистік құрылысының жалпы
түркілік сипатымен қатар өзіндік ерекшеліктерінің айқындалуы В.М.Насиловтың
еңбектерінен басталады. Зерттеуші сөйлем құрылысын, сөздердің байланысу
тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктерін, сөз тіркестерінің жасалуын, сөйлем
мүшелерінің орын тәртібін қазіргі түркі тілдері деректерімен салыстыра
отырып қарастырады [9].
Көне түркі жазба ескерткіштері тілінің фонетикалық, лексика-
грамматикалық жүйесін кешенді түрде зерттеген ғалым А.Н. Кононовтың
еңбектерінде Орхон, Енисей жазбаларының тіліндегі дыбыс жүйесінің жіктелуі,
олардың артикуляциялық жасалу жолы, буын түрлері, сөзжасам жүйесі, түбір
және қосымша морфемалар, сөздердің көпмағыналылығы, сөз таптарының
қызметтері т.б.мәселелер жан-жақты талданады [10].
Н.А.Баскаков ескерткіштер тіліндегі диалектілік жіктелістерге ерекше
мән береді. Ғалым Орхон, Енисей жазбаларының тіліндегі басым белгілер көне
оғыз, көне қырғыз, көне ұйғыр тiлдерiне тән деп санайды [11, 165-166 б.].
Сол сияқты Орхон, Енисей және Талас түркі жазба ескерткіштерінің тілін
зерттеумен әр жылдары В. Г.Кондратьев, А.А. Раджабов, К.А. Аширалиев,
М.А.Ахметов, М.Махматкулов, И. Н. Шервашидзе, А. А. Кулиев, Г.Г.Левин
сынды ғалымдар айналысты. Аталған зерттеушілердің еңбектері кеңестік
түркітану ғылымындағы түркі руникалық жазба ескерткіштерінің тілін
зерттеудің теориялық-методологиялық іргетасы болып табылады.
Қазақ тіл біліміндегі көне түркі тілі туралы алғашқы пікірлерді
С.Аманжоловтың еңбектерінен кездестіреміз. Ескерткіштер тіліндегі
диалектілік ерекшеліктер жөніндегі даулы мәселе туралы ғалым жазба
ескерткіштер шын мәнінде көптеген түркі тайпаларының ортақ тілі болған,
сондай-ақ көне түркі тілінде кейбір диалектілік өзгешеліктердің орын
алғанын теріске шығармаймын деген көзқарасын білдіреді. Ғалым өз
көзқарасын ескерткіштер тілінің деректерін мысалға келтіре отырып, дәйектеп
береді. [12, 131-133 б.].
ХХ ғасырдың елуінші жылдарының соңғы кездерінен бастап қазақ тіл
білімінде Орхон, Енисей, Талас ескерткіштерінің тілін арнайы зерттеу қолға
алынды, көне түркі мұраларының тілі бойынша диссертациялар қорғала
бастады. 1959 жылы Тоникуқ ескерткішінің тілі және қазіргі кейбір түркі
тілдеріне қатысы тақырыбында, 1963 жылы А.С.Аманжолов Көне түркі жазба
ескерткіштер тіліндегі етістікті меңгеру тақырыбында, 1964 жылы Е.Ағыманов
Көне түркі жазбалары тіліндегі есім-атрибутивті сөз тіркестері
тақырыбында, 1968 жылы А.Есенқұлов Көне түркі жазбаларындағы сөз тудырушы
жұрнақтар тақырыбында кандидаттық диссертация, 1974 жылы Ғ.Айдаров Орхон-
Енисей және Талас көне түркі жазба ескерткіштері тілінің лексикасы
тақырыбында, 1975 жылы А.С.Аманжолов Көне түркі жазба ескерткіштерінің
тарихы бойынша материалдар және зерттеулер тақырыбында докторлық
диссертация қорғады. Бұл зерттеулердің бәрі де монография түрінде
жарияланды.
Ә.Құрышжанов пен М.Томановтың 1964 жылы жазылған Орхон-Енисей жазба
ескерткіштерінің зерттелу тарихы мен грамматикалық очерктері еңбектерінде
де көне түркі руникалық ескерткіштерінің сол кезеңге дейінгі зерттелу
тарихына сипаттама беріліп, ескерткіштер тілінің фонетикалық, лексика-
грамматикалық, синтаксистік құрылымы ішінара қазақ тілімен салыстырыла
отырып талданады.
Ғ.Айдаровтың VІІ-VІІІ ғасыр көне түркі ескерткіштерінің тілін зерттеуге
арналған Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі (А., 1986), Орхон
ескерткіштерінің тексі (А., 1990), Күлтегін ескерткіші (А., 1995),
Тоникуқ ескерткішінің (VІІІ ғасыр) тілі (А., 2000) т.б. тәрізді қазақ
тілінде жарияланған монографиялық еңбектері мен оқу құралдары, мақалалары
көне түркі мұраларын қазақ тілімен салыстыра қарастырудың мүмкіндігін
кеңейте түсті. Зерттеуші көне түркі жазба ескерткіштері тілінің
фонетикалық, лексика-грамматикалық құрылымына толық талдаулар жасаумен
қатар, көне түркілерге қатысты тарихи оқиғалар мен олардың әлеуметтік
тұрмысына, қағандардың елбилеушілік қызметіне, топонимдер мен
антропонимдерге қатысты мәліметтерді де саралап беріп отырады [13,4-7 б.;
14,39-49 б.]
А.С.Аманжолов руникалық көне түркі жазба ескерткіштері тілінде кездесетін
кейбір фонетикалық, морфологиялық өзгешеліктерді түрлі тайпалық
диалектілердің ықпалына ғана байланысты емес, түркі қағанатындағы негізі
диалектінің даму динамикасына да байланысты болғанын көрсете отырып,
Разнообразные ранние диалектные напластования, локальная и хронологическая
неоднородность памятников, архаичность древней языковой нормы и
ограниченное влияние живой тюркской речи – все это способствовало тому, что
язык тюркских рунических надписей и его прямой наследник – язык
древнеуйгурских буддийских рукописей (древнеуйгурский литературный язык),
как и следовало ожидать, принимают наддиалекный характер [15, 34 б.]
деген пікірін білдіреді. Зерттеуші руникалық жазба ескерткіштер тілін көне
ұйғыр тілімен тікелей байланыста қарастырғанымен, көне түркі мұраларын
фонетикалық, грамматикалық белгілеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОРХОН, ЕНИСЕЙ, ТАЛАС ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІН ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi және қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi моносиллабтардың құрылымдық ерекшелiктерi
Орхон-Енисей, Талас ескерткіштері тіліндегі Тәңірлік идеясы
ОРХОН, ЕНИСЕЙ, ТАЛАС ЕСКЕРТКIШТЕРI ЖӘНЕ ҚАЗIРГI ҚЫПШАҚ ТIЛДЕРIНДЕГI МОНОСИЛЛАБТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI ТУРАЛЫ
Көне түркі ескерткіштерінің жалпыадамзаттық құндылығын анықтау
Орхон - Енисей ескерткіштеріндегі ономастикалық кеңістік
Ежелгі түркі жұртының тарихи санасы
Түркі жазуларының зерттеу барысы
Көне түркі тілі – түркі халықтарының алғашқы жазба - әдеби тілі
Ежелгі түркі әдебиеті
Пәндер