ҮКІМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ


ӘОЖ 332. 14:004. 9

ҮКІМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

Н. Ж. Жоранова

Бұл мақалада электронды үкімет бағдарламасының дамуы және оның үкіметті басқарудағы тиімділігі баяндалады. Сонымен қатар күнделікті өмірдегі халыққа қажетті оңтайлы тұстары қарастыры-лады. Бұл мәеленің өзегі электронды үкімет бағдарламасы болып табылады.

Қазіргі таңда ақпараттық технология жүйесінің ерекше дамығандығы сонша, бұрын уақыт өткізіп, табан тоздырып атқаратын жұмыстарды электронды құралдар арқылы бірден-ақ іс жүзіне асыруға болады.

«Электронды үкімет» жұмысы механизмінің басты мақсаты бұл жүйеге жер-гілікті атқару органдарының ешқандай шығынсыз және қосылуын жүзеге асыру бо-лып отыр. Бұл бағыттағы жұмыс қазір барынша қарқынды дамуда. Бүгіннің өзінде бірқатар әкімдіктер өз жұмыстарын тиімді үлгісі Е-әкімдік инфрақұрылымдарын құрған. Осындай игі істердің нәтижесінде еліміздің әрбір тұрғынына бүгінде мемле-кеттік органдар тарапынан жеделде сапалы қызметтер көрсетіледі.

Қызмет көрсету барысындағы шығындарды едәуір төмендетіп, уақытты үнем-дейді. Электронды ақпараттық жүйенің тиімділігі «Зейнет ақы төлеу жөніндегі мем-лекеттік орталығы» республикалық кәсіпорнында да байқалады. Осы аталған жүйе-нің ерекшелігі мен тиімділігі қандай бір ай күтетін, яғни бір айда дайын болатын. Ал қазір жеке әлеуметтік код өтініш бергеннен кейін небәрі үш күнде дайын болады. Сондай-ақ орталықта электронды архив енгізіліп, ол орталықтандырылған мәлімет-тер базасы жүйесіне қосылған. Оның ерекшелігі мынада: егер зейнеткер еліміздің өзге аймағына қоныс аударатын болса, бұрынғыдай құжаттарын өзімен бірге алып жүрмейді. Бұрынғы тұрған жерін дегі әлеуметтік қамсыздандыру мекемесіне барып, ендігі қоныстанатын елді мекендегі тұратын мекен-жайын көрсетіп, арыз берсе жетіп жатыр /1/.

Интернет технологиялар мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас жаса-суды оңайлатып қана қоймай мөлдір және ашық, ал тұрғылықты халық үшін ақпарат-тарға қол жетімділікті қамтамасыз етеді. Сол сияқты толып жатқан мәліметтерге: заң жобаларына, құқықтық-нормативтік актілер базасына, мемлекеттік сайттарға, арнайы құжаттамаларға, байқауларға т. б. қол жетімділік еркін болады. Азаматтар өздері сайлаған өкілдерінің қызмет барысына жақсы қоғамдық бақылау орнатады, шынайы уақыт режимінде өздерінің ой-пікірлерін білдіріп, саяси шешімдер қабылдау процесі-не ықпал ету мүмкіндігін иеленеді. Қарапайым адамдар үкіметтің не атқарып жатқа-нын және қалай жұмыс істейтінін біліп қана қоймай, басқарудың шынайы процесіне тікелей, виртуалды қатыса алады. Интернеттің жаппай таралуы адамдардың мүмкін-діктері ауқымын кеңейте түсті.

Cайлау науқандарында белгілі бір мемлекет пен қандай да бір аймақтағы интер-нет желісі қызу қолданысқа ие: сайлауға түсуші партияны немесе кандидатты қолдау-ға арналған веб-тораптар, электрондық жарнамалар, сайлаушыларды онлайндық тір-кеу, сайлау нәтижелерін жариялау, рейтингтер жасау т. б. Дауыс беру рәсімін жүзеге асыруда Интернетті қолдану сайлауға деген азаматтардың қызығушылығын оятады, бұл өз кезінде абсентеизмді жеңуге көмектеседі, түптеп келгенде сайлауға қатысушы-лардың саны артады. Қоғамның онлайндық дауыс беруге сенімін арттыру үшін қауіп-сіздік пен конфиденциалдықтың жоғары стандарттарын қабылдау қажет, электрондық дауыс беру сонымен қатар дауыстарды дұрыс санамау, қарама-қайшылық туғызу, нәтижелерді бұрмалаулардан таза, ендігі мәселе бүлдіргіш (хакерлік) адами фактор-лардан таза болуы шарт.

Осындай артықшылықтар үкіметтің өзге де жұмыс түрлерін қамтыды. Ресми құжаттарды алу, салықтарды төлеу, әлеуметтік төлемдерді ресімдеу т. б. қызметтер-дің барлығы мазмұны жағынан өзгерген жоқ, бірақ та е-government технологияларын қолдану оларды іске асыруды мемлекет үшін де, азаматтар үшін де оңайлатты.

Басқаша айтсақ, ақпараттық технологиялардың туындауы технологиялық тұр-ғыда мынадай өзара байланысты төрт инновациялық фактормен анықталады:

  1. жекелеген механикалық, электрлі және электромеханикалық элементтерден электрондық жүйелерге өтумен;
  2. барша электрондық элементтердің микро деңгейде ықшамдалуымен;
  3. коммуникация мен ақпараттың дигитализациялануымен;
  4. бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы өрлеп дамумен /2/.

Қазіргі таңда мемлекеттің тиімсіз қызмет етуіне себепкер болып отырған себеп-тердің маңдай алдысы - сыбайлас жемқорлық болып отыр. Жемқорлық дерті мемлекет-пен бірге пайда болып, қатар дамып келе жатқан құбылыс десек те болады.

Осындай жағымсыз қоғамдық құбылыс БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы құжатында былай анықталған: “Сыбайлас жемқорлық - бұл жеке басы-ның мақсатына артықшылықтар алу үшін мемлекеттік билікті теріс пайдалану”/3/.

Коррупцияның деңгейін төмендетудегі электрондық үкіметтің маңызы ғы-лыми зерттеулерде де, саяси пікірталастарда да жоғары бағаланады. Алайда электрондық үкіметтің маңызын ең алдымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, чиновниктерді ұстауға кететін шығынды азайту, азаматтардың мемле-кетті басқару мен демократияны дамытуға қатысу деңгейін арттыру деп көрсету жалпы танылған.

Электрондық үкіметтің антикоррупциялық әлеуеті мынадан көрінеді: мемле-кеттік басқаруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану чиновниктердің жемқорлық іс-әрекет жасау мүмкіндігін барынша азайтады. Өйткені, электрондық үкімет мемлекеттік қызметті онлайн режиміне көшіріп, азаматтар мен чиновниктер арасындағы жеке контактілерді минимумға жеткізеді.

Электрондық үкімет жобаларын жүзеге асырған сайын:

- азаматтар мен мемлекет өкілдерінің контакті жасауы әлденеше рет қысқарады (“бір терезе” принципі барлық қажетті мемлекеттік қызмет түрін бір жерден көрсетуді қамтиды) ;

- азаматтар мен чиновниктердің контакт жасауының сипаты өзгереді: электрондық үкімет жағдайында мұндай “кездесу орны” веб-портал болады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің де сипаты өзгереді: электрондық үкімет стандартты және деперсоналды қызмет көрсетуді жолға қояды, бұл өз кезегінде коррупциялық механизмдерді пайдалану мүмкіндігін қиындатады.

Антикоррупциялық электрондық жобалар көбінесе азаматтармен тығыз қарым-қатынас жасайтын мемлекеттік органдардағы (әкімият, әділет органдары), сонымен қатар “жемқор” деген жаманатты органдар - кеден, салық, қаржы, ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлықты ауыздықтауға күшті серпін бере алады.

Көріп отырғанымыздай, электрондық үкіметті жүзеге асыру жемқорлық проб-лемасын ішінара шешуге мүмкіндік береді. Жемқорлықпен күрес жүйелі жүргізілетін іс-шаралар кешенін қажетсінеді. Сондықтан да басқарушылық, ұйымдастырушылық өзгерістер электрондық үкіметті жүзеге асырумен сүйемелденетін болса, онда сыбай-лас жемқорлықтың деңгейін анағұрлым төмендетуге болар еді. Мысалы, мемле-кеттің қаржылық қызметі (ұлттық қордан бастап, бюджеттік қаржы-қаражат) туралы ақпаратты интернет желісінде жариялау қоғамдық бақылаудың тиімді құралына айналар еді.

Электрондық үкіметті құруға бел шеше кіріскен елдердің алдыңғы қатарында Евро Одақ тұр. Қазіргі таңда Евро Одақ елдері өз экономикаларын 2010 жылы әлемдегі көшбасшылық деңгейге көтеруге бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда. Жалпы, «Электрондық үкіметті» қалыптастыру процесі Европа одағымен бақыланып отырады. Евро Одақ елдерінің тәжірибесінен Қазақстанның жас элек-трондық үкіметінің дамуы үшін де, бүкіл мемлекетті модернизациялау үшін де позитивті көп нәрсе алуға болады: бірінші мәселе - Интернетті пайдалану тарифінің бағасын төмендету, жылдамдығы мен қауіпсіздігін арттыру; екіншіден, адами ресурстарды дамыту мен кәсіби біліктілікті арттыруға инвестициялар салу; үшінші-ден, ақпараттық қоғамды құру процесін барша азаматтардың қатысуын қамтамасыз ету, халықты Интернетті пайдалануға ынталандыру. Ол үшін электрондық коммер-цияны, онлайн үкіметті, онлайн медицинаны (телемедицина), транспорттық интел-лектуалдық желілерді дамытуды кешенді түрде қолға алуымыз қажет.

Қазақстанда болса электрондық үкімет мәселесін бір ғана дербес агенттік - Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттік атқарады. Яғни, ғылыми-зерттеу-лермен, электрондық үкіметті жетілдіру мәселелерімен арнайы айналысатын ғылыми-зерттеу орталығы бізде жоқ. Сондықтан ҚР Білім және ғылым министрігінен еліміздің ақпараттық саласын терең зерттеуді, инновациялық технологиялардың мемлекеттік жүйедегі маңызын ғылыми негіздеумен айналысатын орталық құрылып, оған ғалымдар мен арнайы сарапшы-мамандар тартылса, бізде де екі ұйым электрондық үкіметті дамыту жобаларын бірлесе отырып жүзеге асырар еді. Даниялық тәжірибеге қарағанда мұндай біріккен іс-қимыл сәтті әрі нәтижелі болмақ.

«Электронды үкіметтің» тағы бір басты бағыты-ұлттық идентификациялық жүйе жасау. «Идентификациялық нөмірлердің ұлттық тізілімі туралы» заң жобасын-да бұл туралы нақты жазылған. Осы бағытты іске асыру үшін қазір «жеке тұлғалар» және «заңды тұлғалар» атты мәліметтербазасы жасалған. АХАЖ-ның 215 бөлім-шесінде тіркеу пункттері тәжірибеден өткізіліп жатыр. «Халықты тіркеумен құжат-тандырудың» тіркеу бөлімінде бағдарламалық қамтамасыз ету шаралары жасалуда. «Мекен-жай тіркелімі» жобасы бойынша да қазақ және орыс тілдерінде бағдарлама жасалды. Бұл мекен-жайлармен олардың құрамдас бөліктері туралы мәліметтерді құруға, жинақтауға және өңдеуге, еліміздің мекен-жай алаңын бір ізге салуға арнал-ған аппараттық-бағдарламалық кешен. Оның мемлекеттік мәліметтер базасымен, соның ішінде мемлекеттік жер кадастры бойынша ақпараттық жағынан ықпалдасуы-на мүмкіншілік туғызылған /4/.

Жалпы алғанда, электрондық үкімет қалыптастыру мен дамытудың табысты жүзеге асуына мынадай факторлардың әсер ететіндігі сөзсіз:

1. Электрондық үкімет идеясына деген сенімді қалыптастыру, оның басты элементі - азаматтар үшін жеке басты куәләндіру мен авторизациялаудың тиімді құралдарын әзірлеу. Бұл міндетті шешу үшін тек қана техникалық қана емес, құқықтық, әлеуметтік, тіптен кейбір жағдайда конституциялық мәселелер шешілуі тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электронды сот өндірісі қызметінің құқықтық негіздері
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ақпараттар ағынын ұйымдастыру мен олардың шындыққа жанасу негіздерін айқындау
Мемлекеттi басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесiн қалыптастыру ерекшеліктері
Электронды үкіметті құру мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу нәтижелері
Электронды үкімет инфрақұрылымы
Шетелдік электронды үкімет
Тактикалық басқаруға арналған ақпараттар
Мемлекеттік электрондық қызметтер - ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы
Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz