Ұжымның даму кезеңдері олардың бір-бірімен сабақтастығы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе

Негізгі бөлім

Ұжымның даму кезеңдері олардың бір-бірімен сабақтастығы
1 Ұжым тәрбие құралы
2 Көрнекті педагогтар ұжым туралы
3 Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жәнінде түсінік
4 Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби маңызды
қасиеттері. Балалар ұжымымен жұмыс істеу үшін мұғалімнің белгілі бір
кәсіби қасиеттері қажет. Кәсіби маңызды қасиеттер мәнін анықтауға бірқатар
ғалымдар (А. Сатынская, В. А. Сластенин, Г. Сманова, К. Успанов және т. б.
) көңіл бөлді.
Тұтас педагогикалық процесс теориясының негізгі заңдарын басшылыққа ала
отырып (Н. Д. Хмель) педагогикалық процестің іске асыруын қамтамасыз
ететін тұлғаның салыстырмалы орнықты сапалары мен ерекшеліктер жиынтығын
педагогтың кәсіби маңызды қасиеті деп санауға болады. Сонымен, тұтас
педагогикалық процестің нәтижелілігі педагогтар-оқушылар жүйесіндегі
өзара қатынастың, ықпалдастықтың деңгейіне байланысты. Оқушы жүйесі үшін
педагог тұлғасы қоршаған болмысты пәндендіру арасындағы делдал, ал мұғалім
оқушы мен материалдық және рухани құндылықтар арасындағы делдал болып
табылады. Оқушылар жүйесінде қарым-қатынас педагогтар-оқушылар
жүйесінде бар қарым-қатынас салдары ретінде жасалады.
Бұл болашақ мұғалімді даярлауда мектептік педагогикалық процестің
қызметін жандандыруға мүмкіңдік беретін ‘кәсіби маңызы бар сапаларды
қалыптастырудың неге қажет екенін көрсетеді.
Жоғарыда баяндалғандардың балалар ұжымымен тиімді жұмыстар істеудің
тиімділігінің шарттарының бірі ретіңде қарастырылатын ұжымшылдық сияқты
мұғалімнің жеке қасиеттерін қалыптастыруға қатысты.
Мұғалімнің ұжымшылдығы оның оқушылармен және оқушылардың бір-бірімен дұрыс
өзара қарым-қатынас жасауының негізінде балалар ұжымының қызметін
ұйымдастыруға даярлығы арқылы көрініс табады. Тұтас педагогикалық процесс
теориясыңда бұл өзара қарым-қатынас, өзара ықпалдасатың тәрбиелеуші
механизм болып табылады және қызмет барысындағы ынтымақтастықгың сипатына
тәуелді. Қызмет барысындағы сипатын түсіну мұғалімнің құзырлығына кіреді.
Соған байланысты мұғалім өзінің жинақтаған білімінің негізінде балалар
ұжымының қызметін ұйымдастыруға дайын болуы керек.

Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір-бірімен сабақтастығы.
1 Ұжым тәрбие құралы

Оқушылар кезеңі үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін айқындаған
А. С. Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің
мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара қатынасы тәуелділігіне байланысты
ажыратты. Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ.
Сондықтан мұгалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмыста талап қоюдан
бастайды. Талап іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндаттер.
Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге
тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдай
бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғарғы
сыныптарында болуы мүмкін. Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы,
оқушыларға сүйену керек. Ұжым өміріне мұндай тәсіл сынып белсенді жұмыс
істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалар мен мұғалімдердің жұмысты
бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін.
Ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
Ұжым іс-әрекетінің дамуы;
Жеке адам арасындағы қарым-қатынас іскерлік және гуманистік
қатынастардың пайда болуы;
Барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бөлінуі.
Бұл кезеңде мүғалімнің негізгі қызметі – оқушылардың ұжымдық іс-
әрекетін ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды
балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру. А. С. Макаренко
ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет
дейді. Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің
ұйымдастырушылық қызыметінен тұрақты ұжым органдарына көшеді. Сондықтан бұл
кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп
жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым
мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бақылау т. б. Мұғалімнің қызметі –
коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін
оқушылардың ынтасын қуаттау, міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш-
қуатын нығайту. Ұжымның бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау
принципті қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең – бұдан былай белсенді топтың ұжым іс-әрекетінің дамуымен
сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда
қоғамдық пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым қоғамдық
пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір – бұл ұжым мүшелерінің талаптарыды,
пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым кейбір ұғымдар және
құбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдайды немесе кінәлайды. Демек, ұжымдық
талқылау,бағалау, әрекеттілік – қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі.
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі –
ұжым алдындағы мақсаты – перспективаны таңдау. Осыған орай А. С.
Макаренконың теориялық мұрасына сүиеніп, оның жақын, орта жіне қашық атты
перспективаларын еске түсірген жөн.
Жақын перспектива – бұл күнделікті өмірде пайда болып жеке адамды әр
түрлі іс-әрекетіне ынталандыру, қызықтыру. Егер балалар алдында қуанышты,
қызықты істер болмаса, онда олар өмір сүре алмайды. А. С. Макаренко адам
өмірін шын ынталандыруды ертеңгі қуаныш - дейді. Жақын перспективаға
жарыс, саяхат, жексенбілік серуен, цирк, музей және көрмеге бару,
үйірмелердегі қызықты жұмыстар т. б. жатады.
Орта перспектива – бұл перспективаға балалар лагеріне бару, жыл сайын
өткізілетін ән, сурет сайыстарына ұатысу, әдебиет, тақырыптарға пікірталас
өткізу т. б. жатады.
Қашық перспектива – бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ
мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Қашық перспективаға келешек
мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргенен кейін халық шаруашылығында
жұмыс істеуге тілек білдіру немесе орта және жоғары арнайы оқу орындарына
түсу жатады. Осы перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді
пайдалану әрбір мұғалімнің міндеттері; біріншіден, перспективаны баланың
сыныптың , мектептің пайдасы үшін таңдап ала білу;екіншіден оқушылардың жас
ерекшеліктерін және жалпы дайындық дәрежесін еске алу. Ұжым өмірінде
дәстүрдің үлкен тәрбиелік маңызы зор. А. С. Макаренконың сөзімен айтқанда,
дәстүр ұжымды бекітеді. Дәстүрлі ұжымды нығайтады, оның өміріне толық,
тұрақты, ықпалды және тартымды етеді. Ұжымның жалпы өмірінде дәстүрдің
көптеген түрлерін байқауға болады, мысалы, мектеп мерекесі, сайыстар, соңғы
қоңырау т. б. Дәстүр – тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға
беріліп отыратын қоғамдық өмірдегі, ұжымға адамдардың қатынастарын
көрсететін нормалар мен принциптер.
Оқушылар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында
бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда
қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымнан
алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып
табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым
ретінде өмір сүретіндігінен туындайды. Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-
әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады. Мысалы, кәсіпшіл ұжымдар, қоғамдық
ұйымдар, өз-әрекетімен істеуші ұжымдар және т. б. Осы ұжымдарда адамдардың
шешетін міндеттері еліміздің әлеуметтік-эканомиаклық дамуын тездету,
қоғамдық дамуының жаңа деңгейін қайтымсыз процеске айналдыру, халық
шаруашылығының барлық салаларында өмірде демократия және жариялылық
пренциптерінің негізінде құру. Осы жағдай талабына сай ұжым балаларды
қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына
айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін оқуын, еңбегін жасампаздығын, күш-
қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы. Ұжым проблеммасын
педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат
өкілдері А. В. Луначарский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, П. П.
Блонский, С. Т. Шацкий, В. А. Сухомлинский аса зор көңіл аударып зерттеді.
А. В. Лунчарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады
деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің заманымызда
ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы
тиіс. Тұлға ұжымы негізінде ғана дамиды.
Н. К. Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады.
Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым-қатынасына үлкен
мән береді. Балаларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп
тәрбиелеудің қажет екендігін ескертті. Ол балалар қозғалысына байланысты
бірсыпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар; балалардың ұжымдық іс-әрекетінің
формалары мен әдістері, өзін-өзі басқару және оны ұйымдастырудың әдістері
т. б.
А.С.Макаренко ұжымда жеке адамды тірбиелеудің бірізді педагогикалық
теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және
іс-әрекетті, қарым-қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде
шығармашылық дамудың негізі болды.
А. С.Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын
ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейрімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым
мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А. С. Макаренко жеке адам тәрбиесінің
қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін
көрсетті.
1. Ұжым тәрбиенің мақсаты және обьектісі, және еңбекті ұйымдастыруға
біріктіреді.
2. Ұжым адамды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға
біріктіреді.
3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.
4.Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері – ұйымдастырушылары
болады.
Әрбір ұжым – бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжфм
контактылы және негізгі болып екіге бөлінеді. Контактылы ұжым – бұл ұжым
белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым – бұл контактылы ұжымдардың
бірлестігі. Мысалы, контактылы ұжым – бұл студенттер тобы, негізі ұжым –
факультет т. б. Казірге кезеңде . А.С.Макаренко идеясын дамытуда И. П.
Ивановтың Коммунар әдісі игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні ұжым
өмірінің айқын бейнесін ұйымдастыру. Сонымен ұжым – бұл көзделген мақсатқа
жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық іс-әрекетімен сипатталатын адамдар
тобы. В. С.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес
қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде Мудрая власть
коллектив, Коллективтің құдіретті күші т. б. баяндалды. В. А.
Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тірбиесі ұжымда негізгі тірбие
құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арсындағы рухани қарым-қатынас
ұжымдық қатынастың даму процесі В. А. Сухомлинскийдің қарым-қатынас
жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Демек,
ынтымақтастық балалармен қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде туды.
Ынтымақтастық идеялар жаңашыл мұғалімдердің еңбектерінде ғылыми әдістемелік
тұрғыдан қарастырылған. Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы -
мектеп ұжымы баланы дамытуда жіне қалыптастыруда үлкен роль атқарады.
Мектепте оқушылар ұжымы - бұл іс-әрекетімен бірігіп топтасқан балалардың
мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі. Мектеп ұжымының негізінде бірнеше
өзара байланысты оқушалардың ұжымдарының типтері пайда болады. Олар; мектеп
сыныбы, ұзартылған күн тобы, клубтар, секциялар оқушылардың еңбек
бірлесьіктері т.б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды. Оқушылар
ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы. Ұжымшылдық адам
мүддесінің ұжым және қоғам мүддесімен мызғымас байланыстылығын көрсетеді.
Адам ұжымда өз күшінің, өз қабілетінің керек екенін түсінеді.

2 Көрнекті педагогтар ұжым туралы

Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский ұжым туралы. Ұжым
және жеке адам мәселесі қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі
болғандықтан, педагогика ғылымының да басты мәселесі болып отыр. Адамды
ұжымда тәрбиелеу идеялары қоғамның даму заңдарынк жауап береді. Ұжым
теориясына Н. К. Крупская, А. В. Луначарский, А. С. Макаренко, С. Т.
Щацкий, т. б. ұлы педагогтар өз үлесін қосты. Н. К. Крупская, А. С.
Макаренко балаларды ұжымда тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесінің негізін
жасай отырып, жасөспірімдерді жастайынан бірлесіп ынтымақта өмір сүруге,
еібек етуге үйрету керек деп ой түйеді. Н. К. Крупская 1926 жылы
Көркемдікке тәрбиелеудің міндеттері туралы атты еңбегінде; Қазіргі
тәрбие ісінің көлемді міндеттерінің бірі- балаларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылар ұжымы және оның ерекшеліктері
Оқушылар ұжымын зерделеу әдісі
Ұжымды қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы
Оқушылар ұжымы — тәрбиенің шешуші факторы
Білім берудегі тәрбиенің мазмұны
Ұжым-тәрбиеқұралы
Ұжымның даму кезеңдері
Оқушылар ұжымын нығайту жолдары мен қалыптастыру процесі
Мектепте оқушылар ұжымын ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу ерекшеліктері
Оқушылар ұжымы туралы түсінік
Пәндер