Ұлт азаттық көтерілісі жылдарындағы өлең, жырлар



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

I.Бөлім. Ұлт азаттық көтерілісі жылдарындағы өлең, жырлар.

1.1 Ұлт азаттық көтеріліс жылдарындағы ақын – жазушылардың
мұрасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.2 Ұлт азаттық көтеріліс жылдарындағы өлең, жырлардың тақырыбы мен
идеясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

II.Бөлім. Ұлт азаттық көтерілісін жырлайтын шығармалардың көркемдік тіл
ерекшелігі.

2.1 1916 жылғы ақын, жазушылардың шығармаларының образ жасаудағы
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.2 Ұлт азаттық көтерілісі туралы өлең, жырлардың көркемдік тіл
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...

I.Бөлім. Ұлт азаттық көтерілісі жылдарындағы өлең, жырлар.

1. Ұлт азаттық көтеріліс жылдарындағы ақын – жазушылардың мұрасы.

Ұлт азаттық көтерілісі туралы өлең, жырлар
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілісі патша өкіметінің сол
жылғы 25 июнь күнгі Июнь жарлығына - қазақ, қырғыз, өзбек, тәжік,
түркімен сияқты бұрын әскери қызметке алынбаған халықтардың 19 жас пен 31
жас арасындағы азаматтарын майданның қара жұмысына алу туралы жарлығына –
байланысты шықты. Бірақ оның саяси – экономикалық себебі онан көп терең
жатыр еді.
Россия ХІХ ғасырдың ақырынан ХХ ғасырдың басынан қоғамдық
дамудың империалисттік жолына түскен еді. Империализм дәуірінде
капиталисттік системаның саяси – экономикалық қайшылықтары күшейеді;
жалпы дамуы тоқырайды. Осыдан ол бірте – бірте іріп – шіріп құруға бет
алады.
Бірақ ол, капитализм оңай құрымайды, ақыры аяқ серіппейін істейді:
мемлекет ішінде капиталисттер жұмысшылары қанауды күшейтеді; мемлекеттер
арасында отар үшін, шикі заттар шығатын, капитал жайғастырылатын жерлер
үшін таластар күшейеді. Бұлардың бәрінің аяғы күреске, көтеріліске,
соғысқа айналады.
1914 жылғы жер жүзілік бірінші империалисттік соғыс осылай шықты.
Россия империалисттік ел болғандықтан, капиталисттік қайшылықтары шектен
асып кеткендіктен ол соғысқа араласты. Патша өкіметі Россия
империалисттік дәуірге енгеннен бастап – ақ өзінің отарларында, солардың
бірі болған Қазақстанда капиталисттік, ұлт – отарлық қанауды күшейткен
еді; оны империалистік соғыс жылдарында тағы да күшейте түсті. Оның
үстіне, еңбекші халықтың жерлерін тартып ала береді; алым салықтарды
көбейтті: бұрынғы жан салығы, мал салығы үстіне арнаулы соғыс салығы шықты;
майдан пайдасына ерікті түрде жәрдем, жылу жинау көбейді.
Қазақ еңбекшілері, капиталистік, ұлт – отарлық жөнмен қаналса, екінші
жағынан, бектік – федалдық жөнмен: қазақтың байлары мен феодалдары
тарапынан қаналды. Халық түрлі жақтан қысым көрді; оның тынысы әбден
тарылып, бойын ыза, көк кернеген еді. Осыдан, июнь жарлығы асқынған
жараның аузын алу тәрізді болды.
Патша өкіметінің империалисттік соғыс майдандарының қара жұмыстарына
қазақтан кісі алу туралы указы шыққанда оған қазақ қауымының түрлі
әлеуметтік тобы, табы, олардың өкілдері түрліше қарады, түрліше жауап
берді.
Қазақтың би – болыстары, бай – феодалдары, буржуазияшыл оқығандары
бірден патша өкіметі жағына шықты: ақ патшаның жарлығын екі етпеу керек;
майдан жұмысына адам беру керек деді. Себебі би, болыстар патша өкіметінің
амалдар адамдары чиновниктері еді, қазақтың бай – феодалдары мен Россия
капиталисттік буржуазиясының мүдделері бар еді: екуі де қазақ еңбекші
бұқарасының қанаушысы, патша өкіметінің тірегі еді; ал, қазақтың
буржуазияшыл оқығандарының басшылары алдын ала Петрборға барып, патша
өкіметімен келісіп келген еді.
Орыстың ұлы көсемі 1916 жылы жазған бір еңбегінде айтқан еді:
Империализм жағдайында езілген ұлттардың буржуазиясы ұлт көтерілісі туралы
тек сөз жүзінде былшылдайды. Ал, іс жүзінде өз халқының сыртынан, өз
халқына қарсы езуші ұлт буржуазиясымен реакцияшыл келісім жасайды деген
еді. Лениннің осы айтқаны қазақ буржуазиясына, қазақтың буржуазияшыл
оқығандарына дәл келді.
Қазақтың еңбекші бұқарасы, олардың өкілдері қазақтың ағартушы –
демократ оқығандары патша өкіметінің жарлығына бірден қарсы шықты: майдан
жұмысына адам бермейміз деп сөз байласты; жарлыққа, патша өкіметіне,
қазақтың би – болыстары мен бай – феодалдарына қарсы көтеріліс жасады.
Бұл көтеріліс Қазақстанның барлық жерлерінде де болды. Соның ішінде
Қостанай – Торғай жағында, Орталық Қазақстанда, Жетісу облысында өте күшті
болды. Көтеріліске еңбекші бұқара тегіс қатынасты. Осыдан ол жалпы қазақ
халқының ұлт – азаттық көтерілісі болды.
Бірақ көтеріліс стихиялы түрде, әр жерде әр кезде шықты; бытыранды
болды. Әуелі алдына революцияшыл тілектер қоймады. Тек майдан жұмысына адам
бермейміз, өлсек, бәріміз бірге өлеміз, өз жерімізде өлеміз деді.
Көтерілісшілердің бар істегендері – тізім, книгаларды өртеді;
бірқатар байлардың малын, почтаны талады; сарбаз құрды, қару - жарақ
жасады. Қысқасы, жалпы алғанда, көтерілісшілер шабуылға шықпады, тек
әзірлену, қорғанумен ғана болды.
Халық көтеріліске әзірленіп, қорғануға қамданып жатқанда жоғары –
төменгі өкімет орындары тегіс хабарланды. Олар қазақ арасына тез жазалаушы
отрядтар әскери бөлімдер шығарды. Әскерлер жай отырған ауылдарды да, қару
– жарақсыз көтерілісшілерді де рақымсыз қырып, жойды, қуғын – сүргінге
ұшыратты, азаптады, талады.
Жалпы алғанда, көтеріліс тез жеңілді. Тек Қостанай – Торғай
жағындағы Аманкелді Иманов басқарған көтеріліс ғана жеңілмеді: ол
партизандық күрес әдісіне көшті. Солай 1917 жылғы Ұлы Октябрь социалисттік
революциясына ұштасты.
Қиян – кесті күресте жеңіліп, халық майданның қара жұмысына адам
беруге еріксіз көнді. Бірақ сол майданға адам беру кезінде тағы да
көптеген теңсіздіктер, зұлымдықтар болды: би, болыс, тілмаш, начальниктер
жұрттан именбей пара алды; би, болыстар, бай, феодалдар пара беріп, өз
адамдарын алып қалды. Майдан жұмысына тек жарлы – жақыбайлар, кедей –
жалшылар алынды.
Сонымен, 1) Қазақтың 1916 жылғы көтерілісі империализм дәуірінде,
империалисттік соғыс кезінде шықты; еңбекші бұқараның ұлт – отарлық
жөнмен , бектік – феодалдық жөнмен мейлінше қаналуы салдарынан шықты. 2)
Ол халықтың ұлт – азаттық көтерілісі болды; патша өкіметіне,
империалисттік соғысқа қарсы бағытталды. 3) Ол Россияда 1917 жылы болған
буржуазиялық – демократтық революцияға әзірлік дәуіріндегі жалпы
демократиялық қозғалыстың бір көрінісі болды.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілісі туралы сол
кездегі жазба әдебиет өкілдері, белгілі ақын, жазушы үндемей қалды.
Олардың бір сыпырасы буржуазияшыл ұлтшылдардың ықпалына еріп, көтерілісті
жақтырмады. Осыдан олар көтеріліс жөнінде жазбады, үндемей қалды. Бірсыпыра
ақын – жазушылар оқиғаның саяси - әлеуметтік мән жайын аңғармады,
әлдеқандай болады деп бұйрығы, енжар болды. Осыдан көтеріліс туралы бұл топ
ақын, жазушыларда жазбады, үндемей қалды.
Міне, сондықтан қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы әдебиетінде 1916
жылғы ұлт – азаттық көтерілісі туралы жазба әдебиет нұсқалары, сол кездегі
белгілі ақын, жазушылар жазған өлең, жыр, тағы басқа көркем шығармалар жоқ.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі 1916 жылғы ұлт – азаттық
көтерілісі туралы өлең, жырлар, тағы басқа көркем шығармалар - бәрі де
ауз әдебиет нұсқалары. Яғни қазақ халқының 1916 жылғы ұлт азаттық
көтерілісі туралы жырларды түгелдей сол көтерілістің басы – қасында
болған, ел ішінде бұрын ауызша өлең, жыр шығарып, жыршы, жырау, өлеңші деп
аталған ақындар, аузының ебі бар адамдар шығарған.
Бұл ақындар, аузының ебі бар адамдар бұрын ел өмірінен алып өлең
айтар еді; біреуді мақтап, біреуді мазақтап өлең, жыр шығарар еді. Олардың
бірсыпырасы Жамбыл, Шашубай, Саяділ, тағы басқалар сияқты айтыс өлеңдер
шығарар еді; бірқатары Ғылман Шөрековтың Исатай – Маханбетті дастан
еткені сияқты, тарихи тақырыптарды, тарихи адамдарды дастан, қисса етер
еді; бірқатары Нұрпейістің Қобыландыны, Шашубайдың Қамбарды қайта,
өзінше жырлағаны сияқты, бұрынғы батырлар жырын өздерінше айтар еді.
Ал, 1916 жылы ел басына қиыншылық күн туғанда, елдің ер – азаматтары
көтеріліске шыққанда, ол ақындар, аузының ебі бар адамдар елмен бірге
болып, кейбіреулері майдан жұмысына барып қайтқандар арасында болып, ауыр
заман азаптарын түгел тартып, бәрін өз көздерімен көріп жырлады. Оны біразы
ақындығы ұстап жырлаған жоқ, көтеріліс кезінде, майданда тартқан ауыр
азаптары, қайғы – қасіреттері, көрген – білгендері, түйген сезген ойлары
іштеріне сыймағандықтан, жырламасқа лажы болмағандықтан жырлады. Осы
айтылғандарға мысалдар келтірсек, олар мынадай:
Қара қойын көтерілісі деген жырды шығарған Бозаев Қуанышбай деген
кісі сол Қара қойынның адамы екен, ескіше шала хат таниды екен; 1916 жылы
көтеріліске бастан – аяқ қатынасқан, сарбаз болған. Көтерілістен бұрын ол
ел ішінде болған іс, оқиғаларды суреттеп өлең шығарып, көбінше домбыраға
қосып өлең айтып жүреді екен. Көтеріліс туралы жырын Қуанышбай сол 1916
жылы, көтерілістің ізінше шығарыпты.
Июнь жарлығы деген жырды шығарған Жиенбеков Жүсіпбек майданның қара
жұмысына барып қайтқан адам. Ол өзінің осы жырын 1926 жылы кітапша етіп
бастырған; сондағы Жазушыдан деген сөзбасында былай дейді:
1916 жылы, 25 июньде Николай патшаның қазақтан майдан жұмыскерін
аларында, мұндағы төрелері қазақты тұңғыш солдат боласыңдар деп қорқытқан
кезде шығарылған өлең еді... Өлеңнің уақытындағы жазылғанынан артық, яки
кеміп, өзгергені жоқ .
Сол сияқты, 1916 жыл деген поэманы шығарған Біржан Берденов,
Қоштасу деген өлеңді шығарған Асқар деген ақын да 1916 жыл оқиғасына
бастан – аяқ араласқан, майдан жұмысына барып қайтқан адамдар; Аманкелді
туралы жырлары шығарған Омар Шипин, Күдері Жолдыбаев, Сәт Есенбетов,
Бекболат деген жырды шығарған Иса Дәукебаев Аманкелді, Бекболат бастаған
көтерілістердің ішінде болған ақындар.
Көтерілістің басы – қасында болған, бәрін көзімен көрген жырау, жыршы
– ақындардың, аузының ебі бар адамдардың біразы өз жырларын 1916 жылы:
июнь жарлығы жарияланғанда, көтеріліс кезінде, приемға барғанда, майдан
жұмысында жүргенде шығарды; біразы ұзақ жыр, дастандарын 1916 жылы, әлгі
оқиғалар кезінде бастап, кейінірек: 1916 – 1926 жылдары арасында аяқтатты,
толықтырды; енді біразы тіпті кейін: 1916 жылғы көтерілістің он бес, жиырма
жылдығы, жиырма бес, отыз жылдығы қарсаңында, тұсында еске алу, тарихи
тақырып етіп жырлады.
1916 жылғы көтеріліс жөніндегі өлең, жырларды жинаушылар мен
зерттеушілер бұл жағдайды естеріне мықты ұстауға тиісті. Көтеріліс тарихын,
қазақтың ХХ ғасыр басындағы әдебиетінің тарихын зерттеуші, әрине, алғашқы
дәуірде шыққан өлең, жырларды ғана алып, солар жөнінде ғана зерттеу
жүргізуге, пікір айтуға міндетті.
Ал, бізде бұған дейін 1916 жыл жөніндегі өлең, жырларды жинап,
бастыруда болсын, ғылыми зерттеуде болсын бұл жағдай тиісінше ескерілмей
келеді. Ол өлең, жырлар түгелдей тарихи, оқиғаның үстінде шығарылған
өлең, жыр есептеліп, тұтас бастырылды, тұтас зерттелді.
Мұны, өте – мөте, 1940 жылы шыққан 1916 жыл деген жинақтан айқын
байқауға болады. Оған тек кезінде көтеріліске қатысқан, оны кейін еске алу
етіп жырлаған ақындардың өлеңдері ғана емес; тіпті совет тұсында шыққан
ақындардың да 1916 жыл туралы жазған, оны тарихи тақырып ретінде жырлаған
өлеңдері енгізілген.
Осы сияқты, бізде қазақ халқының 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісі
туралы өлең, жырлардың зерттелуі де ойдағыдай деуге болмайды. Өйткені
көбінше көтерілістің мән – жайы, көтеріліске байланысты жырлардың тек
идеялық мазмұны ғана түсіндіріліп жүр.
1916 жылы көтеріліс бүкіл халықтың патша үкіметі мен жергілікті ел
билеушілерге қарсы күрескен ұлт – азаттық көтерілісі ретінде бағаланып,
тарихқа кірді. Мұндай көтерілістер Орта Азия елдерінде (Өзбекстан,
Түркіменстан, Қырғызстан т.б) де болған. Ұлттың азаттығы мен бұқара
халықтың теңдігін көздеген бұл сияқты көтерілістердің қанау асқынған
заманда, әсіресе, империалистік соғыс кездерінде болмай қалмайтыны
түсінікті.
Көтерілістің тарихи - әлеуметтік жағдайлары мен шығу себептері әр
алуан еді. Оның бірі – патша үкіметінің отаршылдық қысымының күшейіп,
еңбекші бұқараны ашықтан – ашық аяусыз талау саясаты болса, екіншісі –
патшаның қазақ даласындағы сүйеніші – қазақ ел билеушілері үстем таптың
қалың бұқараны қанауы, оған көрсетіп келген қорық - зомбылығы еді. Бұл
сияқты екі бірдей тепкінің астында өмір сүру, құқықсыздық патша үкіметіне
де, ел билігін ұстап отырған бай – болыстарға да қалың елдің наразылығын
күшейтіп, қазақ ауылындағы тап қайшылығын шиеленістіріп жіберді.
Оның үстіне, 1905 жылғы бірінші орыс революциясының әсері,
Қазақсттанның өнеркәсіп орындардағы қазақ жұмысшыларының алдыңғы қатары
орыс жұмысшыларымен одақтасып, ереуілдерге қатысуы, азаттық жолындағы
күресі ұйымдастырушы қоғамдық ұйымдардың құрылуы қазақ еңбекшілерін патша
үкіметіне қарсы күреске дайындайды.
Бұл кезде бірінші дүние жүзілік империялистік соғыстың басталғанына
да екі жылдай уақыт болып қалған еді. Соғыс мешеу патшалы Ресей үшін ауыр
тиді. Елдің үлкен апатқа ұшырау қаупі туды. Соғыстың орасан зор ауыртпалығы
мойындарына түскен Ресей қарамағындағы халықтардың бәрінің де шаруашылығы
күйзеліп, аштық, жалаңаштыққа ұшырай бастады. Патша үкіметінің жергілікті
тойымсыз әкімдерінің халық бұқарасына көрсеткен зорлық – зомбылығы, олардың
дағдылы әдетке айналған парақорлығы шамадан тыс асқынып кетті. Жүгенсіз
кеткен болыс, старшындар, тілмаштар, олардан бетер халықтың қанын сорып,
қалың бұқараны зар илетті. Бұған қоса, соғыс қажетіне деп патша үкіметі
алым – салықты көбейтті. Оның да салмағы қалың бұқараға түсті.
Міне, осындай жағдайда 19 бен 31 жастың арасындағы қазақ азаматтарын
майданның қара жұмысына алу туралы патшаның 25 маусымдағы жарлығы шықты.
Онсыз да діңксі құрып отырған халыққа бұл жарлық жайсыз тиді.
Патшаның жарлығына қазақтың ел билеушілері мен байлары, әрине, қарсы болған
жоқ. Олар патша жарлығын екі етпей орындаймыз деп патша үкіметінің
жергілікті ұлықтарына уәде берісті. Болыс, старшындар майдан жұмысына
баратын жігіттердің тізімін жасуға кірісті. Осының бәрі патша үкіметіне
деген халықтың қарсылығын күшейтіп, мүлдем ашындырып жіберді. Халықтың
бұрыннан – ақ толғағы пісіп жеткен наразылығының ыртқа теуіп, оның
ашықтан – ашық құралды көтеріліске ұласуына әкеліп тіреді. Көтеріліс қазақ
даласын тегіс қамтыды. Бұрынғы Торғай облысында Амангелді Иманов бастаған
көтерілісшілер азаттық туын көтерді. Жетісу бойындағы көтерілісті Бекболат
Әшекеев бастады. Адайлар көтерілісі мен Батыс Қазақстанның бірсыпыра
уездерінде болған көтерілістерге де едәуір халы қатынасты. Бұрынғы Семеи
облысының жеке уезінде де көтерілістер болды. Көтерілісшілер, ең алдымен,
патша үкіметінің қазақ даласындағы сенімді сүйеніштері – болыс, билерді
өлтірді, Жергілікті өкімет орындарын қиратты, почта қатынастарын үзді,
қазақ байларының малын көтерілістің қажетіне айдап алды, ақыр аяғында патша
үкіметінің ұлықтары тұрған қалаларға шабуыл жасады, үкімет әскерлерімен
соғысты.
Шаруалар көтерілісіне ежелден тән батыраңқылық, стихиялық сипат бұл
көтерілістерге де тән болды. Сондықан көтерілісшілер әскери даярлығы мол,
патша үкіметінің қарулы күшіне төтеп бере алмай, жеңіліске ұшырады.
Дегенмен Қазақстандағы ұлт – азаттығы қозғалысының сол кездкгі Ресейдегі
революцияшыл күрестің бел алуына күшті әсері тиді.
Осы сияқты, Жамбылдың өлеңінде Алматы облысының Ұзынағаш, Қордай
жағында болған көтеріліс, Әлтай Сүйіншіалинніңжырында қазіргі Жамбыл
облысының Мерке, Луговой, Аспара – Шу жағындағы елдердің ақкөз бастаған
көтерілісі баяндалады. Ол жерлерде де халық майданға адам беруден бас
тартады; өкімет әскер жіберіп, көтерілісшілерді, халықты атқызып,
шапқызады.
Ал, Бөлтіріктің толғауында Алматы облысының Кеген ауданы жағындағы
елдердің жарлыққа қарсы көтеріліп, Қытайға көшкені, жолда, онда көп азап
шеккені, азып – тозып, революциядан кейін отанына қайтқаны жырланады.
Қуанышбай Бозаевтың жыры Июнь жарлығы, Сарбаз, Отряд, Соғыс,
Босу, Прием, Манифест деген бөлімдерден құралған. Оның соңғы бөлімі
революциядан кейін жазылған, басқа бөлімдері 1916 жылы, көтерілістің ізінше
шығарылған екен.
Бұл жерде Орталық Қазақстанда, Атбасар жағында болған көтеріліс
баяндалады. Халық жарлыққа, оны орындауға келген әкім, ұлықтарға қарсы
тұрады; оны Жақып, Иса Дәулетбеков деген кісілер бастайды; бұлар
жігіттерден сарбаз құрады; Қарақойын деген жерге барып, лагерь болып
жатады. Онда жақып, Иса Сарбаздарға үгіт айтады; жауға Азаттық! деген
ұран салып шабыңдар дейді; әскери ойын үйретеді; қару – жарақ жасады;
қорғануға, соғысқа әзірленеді.
Өкімет елге әскер шығарады; оны би, болыстар бастап келеді. әскер мен
сарбаз кездесіп, ұрысады. Иса жүз шақты солдатқа қарсы жалғыз өзі шабуылға
шығады; үш солдатты өлтіреді:

Аман бол, қалың сарбаз, қазақ халқы,
Қайырлы заман болсын мұның арты! –

деп, көпті рухтандырады; Жақып, Аманкелді сендерді жақсы жолға бастайды,
теңдікке жеткізеді – дейді.
Иса өлгеннен кейін сарбаздар жеңіліске ұшырайды: көбі қырылады,
қалғаны бет – бетіне қашады; олармен бірге ел босады; көп жерде қыстау –
мекен өртеледі; мал, жан талан – таражға түседі; халық қатты күйзеледі.
Ақырында, майданға адам беруге еріксіз көнеді.

1.2. Ұлт азаттық көтеріліс жылдарындағы өлең, жырлардың тақырыбы мен
идеясы.

1916 жылғы көтеріліс туралы жырлардың эстетикалық идеясы патша
өкіметі мен бай, феодалдардың үстемдігіне, озбырлығына наразылық білдіру,
ұлт азаттығын көксеу болды; қазақ совет поэзиясының эстетикалық идеясы
социализм, коммунизм болды.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт – азаттық көөтерілісі стихиялы еді: әр
жерде әр кезде басталады, батыранды болды. Көтерілісшілер әуелі майданға
бармаймыз, өлсек өз жерімізде өлеміз деп ұран шақырды. Көтеріліс, ұрыс,
прием кезінде патша өкіметінің, үстем тап өкілдерінің озбырлықтарын,
айуандықтарын көріп, сонан кейін ғана олардан құтылу, азаттық алу идеясына
келді. Социалистік революция идеясына көтеріле алмады, социалистік талап,
тілек қоя алмады.
Осы себептерден қазақ халқының 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісі
туралы өлең, жырларды қазақ совет поэзиясының басы деуге болмайды. Олар
советтік поэзия емес, демократтық – революцияшыл поэзия. Солай бағалануға
тиісті.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілісі туралы сол жылы,
сонан кейінгі он шақты жыл ішінді ауызша шығарылған бізде бар, жиналып,
басылып жүрген өлең, жырларды тақырыптарына, мазмұнына қарай мынадай
топтарға бөлуге болады: 1) июнь жарлығы, халықтың сасу, дағдаруы туралы, 2)
халықтың көтеріліске бел байлауы, әзірленуі туралы, 3) көтеріліс, ұрыс,
қақтығыс туралы, 4) прием, азаматтардың майданға жөнелтілуі, майдан өмірі
туралы өлең, жырлар, 5) майданнан елге, елден майданға хаттар деп бөлуге
болады.
Алғашқы топқа жататын өлең, жырлардың көрнектілері – Жамбылдың Патша
өмірі туралы деген, Көбдіков Төлеу ақынның Сарыарқаның сарыны деген,
Жиенбеков Жүсіпбектің Июнь жарлығы деген жырлары мен толғаулары.
Бұл жыр, толғауларда ақындар июнь жарлығының шыққанын, ол бойынша 19
жас пен 31 жас арасындағы ер – азаматтардың майданға алынуға тиісті екенін,
би – болыс, уез, губернаторлардың соны орындауға жедел кіріскенін, ал,
халықтың бұл жарлықты есітіп, қатты налығанын, не айтар, не істерін білмей
дағдарғанын кей жерлерде елдің қобалжи түсіп, майданға кісі беруге
көнбегенін баяндайды. Мысалы Жамбыл:

...Патша әмірі тарылды, Көк жайлауды қалдырып,
Оған қылар бар ма ылаж?.. Қайда көшіп кетерміз?...
Көрген көзді қосақтап Не болмаса шыбындай
Қалай қиып бересің?... Тағдырыңа көну бар –

деп толғайды.
Төлеу өзінің толғауында Күншығыс Қазақстандағы елдердің июнь жарлығы
шыққан кездегі күй – қалпын, ыза – кегін, іс - әрекетін суреттеіді.
Жарлықты естігенде ел есінен танғандай болды.

Өрт еді қазақ көңілі қаулап тұрған
Жаңбыр боп патша кәрі басып салды.

Халық күңіренді, дағдарды; қазақ басына қара тұман түсті – дейді.
Жиенбеков Жүсіпбек поэмасында қарқаралы жағында болған жай – күйді
баяндайды. Ол жақта жұрт әуелі жастарды солдат етіп, соғысқа алады деп
түсінеді.Соғысқа алмай, қара жұмысқа алатынын білгенде оған көнеді.
Поэманың желісі былай болып келеді:
Жарлық шығысымен әкімдер би, болыстарды, ақсақалдарды жинап алады;
үгіт айтады:

...Қызыл қан судай аққан Европаның
Соғыстан көрдіңдер ғой, - деді, - міне.
Патша үшін, міллет үшін барып жатыр,
Осыған құрбан болып орыс ұлы...
Сендер де енді солдат бересіңдер,
Айтқалы тұрғаным сол сөздің шыны.
Тегінде емес еді солдат алмақ,
Сасқалақ болып бүгін түсті салмақ...-

дейді. Би, болыс, ақсақалдардан солдатқа адам береміз деген уәде, қол хат
алмақ болады. Жиналғандардың оған бірі көніп, бірі көнбейді. Ақырында
оларға елмен ақылдасуға бірнеше күнге
мәулет беріледі. Ел солдатқа адам беруге көнбейді.

...Көп халық шуылдады бермейміз деп,
Бұл іске оңайлықпен көнбейміз деп.
Жақсылар береміз деп қол қойсаңдар
Жалғанның тыныштығын көрмейміз деп,

халық ызаланып кектенеді; жауар бұлттай түнереді. Әр жерге жиналып,
кеңеседі. Әр ел ақша жинап беріп, солдат бермеудің
амалын көр деп, орталарынан қалаға кісі жібереді.

Жау келсе, қарап жатып қырылмасқа
Жасаққа шығарарлық десті жасты...

жол, тораптар күзетіледі. Халық:

Болмаса көшіп, үркіп Қытай жаққа
Құтылып кетеміз деп қылды талап...

Бір кезде қазына жұмысына тұрған кісі солдаттан қалады екен деген хабар
шығады. Әркім қаладағы, орыс арасындағы таныс – білісін іздейді; сол арқылы
жұмысқа кіруге әрекет істейді.
Автор көз алдында болғанды, өз көзімен көргенді, басынан өткенді
баяндаған. Соны жатық тілмен дәл, әділ бейнелеген. Әсіресе халықтың кедей,
жалпы орташа жағының тартқан шығынын, көрген азабын, қайғы – шерін аянышты
етіп, би, болыстардың, ұлықтардың, байлардың озбырлығын, оңбағандығын
ызаланып суреттеген. Бәрін оқушының кз алдына әдемі елестеткен.
Екінші топқа жататын, халықты июнь жарлығына қарсы көтеріліске
шығарған өлең, жырлар: Бұзаубақ ақынның Құты қашты патшаның, Омар
Шипиннің Губернатор келгенде, Құбаша ақынның Әбдірахман Иманқұл ұлына
жазған хаты, Әбдірахманның Құбашаға қайырған жауап хаты деген сияқты
өлеңдер.
Бұзаубақ патша өкіметінің империалистік соғысқа араласып, әскері
майданда жеңіліске ұшырап, өзі қысылып отырғанын сондықтан оның қазақтан
майданға адам алу туралы жарлық шығарғанын айтады.
Омар өлеңінде июнь жарлығын жариялау үшін елге губернатордың өзі
келгені, оның халықты майданға адам бер деп қысқаны, губернаторға
Аманкелдінің тайсалмай қарсы сөйлегені, жар салып, халықты жарлыққа, патша
өкіметіне қарсы көтеріліске шақырғаны, артынша еңбекші халықтан сарбаз
құрғаны баяндалады.
Құбаша өз елінің июнь жарлығын есітіп, оған қарсы көтеріліс жасағалы
тұрғанын хабарлайды, би, болыстардың, бай, сәудегерлердің қалаға қашып
жатқанын, өздерінің Аманкелдімен хабарласқанын білдіреді. Құбаша қайырған
жауабында Әбдірахман да өз елінің көтеріліске әзірленіп жатқанын айтады.
Аманкелдімен байланысы бар екенін аңғарады.
Халықтың июнь жарлығына қарсы көтерілісін, көтерілісшілердің патша
өкіметінің әскерлерімен шайқасып, ұрысын суреттейтін жыр, дастандар: Иса
Дәукебаевтің Бекболат, Жамбылдың Зілді бұйрық, Әлтай Сүйіншалиннің
Қалаба, Бөлтірік ақынның Ел жарыла көшкенде, Қуанышбай Бозаевтың
Қарақойын көтерілісі, Күдері Жолдыбаевтің Амангелдінің Торғайды
алғаны, Сәт Есенбетовтың Құмкен соғысы, Омар Шипиннің Аманкелді деген
жыр, дастандары тағы басқалар.
1916 жылы ұлт – азаттық көтерілісі аса бай халық әдебиетін туғызды.
Оларды бұқарашыл бағыттағы халық ақындары, ел ішіндегі өнер иелері шығарды,
сол арқылы олар ақынның өнерін халық мүддесіне жұмсап, көтеріліске үндеген
жалынды поэзия жасауға қатысты.
Көтеріліс әдебиетінің негізгі идеялық сарыны – халықтың теңдігі мен
отаршылдықтан азат болуды аңсау. Осыған байланысты оның тақырыптары да сан
алуан: халық бұқарасының төзгісіз ауыр, аянышты халін суреттеу, 25 маусым
жарлығының әділетсіздігін сынау, халықты азаттық жолындағы күреске үндеу,
көтеріліс тұсындағы ерлікті, жеке адамдардың батырлығын дәріптеу сияқты
болып келеді. Жаныры жағынан олар өлеңдер мен жырлар, поэмалар мен
дастандар, толғаулар түрінде туды. Сондықтан да бұл әдебиет ХХ ғасырдың
басындағы қазақ әдебиетінің тарихи маңызды бір саласы болып табылады.
Маусым жарлығына қарсы халықтың ашу – ызасы әдебиетте көбінесе
көтеріліс қарсаңындағы елдің жалпы халін суреттеумен байланысты жырланады.
Оларда, алдыңғы кезекте, ел әкімдерінің опасыздығы, сатқындығы сыналады.
Мысалы, Күдері ақын Амангелдінің Торғайды алуы дастанында осы жағдайларды
суреттесе, Сәт Есенбае Июнь жарлығы деген өлеңінде де бейнелейді.
Осы тектес туындыларды тұтас алып қарасақ , сол тұстағы қазақ халқы
өмірінің шындығын суреттейтін үлкен бір дастан көге елестейді.
Халық ақындары өз жырларында мұнымен қатар, патша үкіметінің
соғысқұмар саясатын да айыптайды.
Патша үкіметінің дүниежүзілік империалистік соғысқа қатысып елді
титықтатқаны, халықты қырғынға ұшыратқаны, сондықтан бұл соғысқа елдің
мейлінше қарсы болғандығы өлеңде айқын көрінеді.
Халық ақындары патшаның қазақ жігіттерін майданның қара жұмысына
алуын оларды өмірге айдау, қыру деп білді. Сондықтан олар халықты патшаға
жігіт бермеуге, оған қарсы көтерілуге үндеді. Патша саясатының озбырлығын
түсінген, одан қысым көрген ел жігіт бергеннен өлген артық деп ұқса,
ақындар да осы идеяны қостады.
Сөйтіп халық патша үкіметіне құл болып, империалистік соғыстың
майданда қырылудан бас тартты, әйтеуір қырылатын болса, өз жауымен
шайқасып, туған жерінде қырылуға бекінді. Сонымен бірге көтерілісшілер
патшалық ел билеу жүиесінің әбден шіріп құлаудың алдында тұрғанын, бұл
күресте өздерінің жалғыз еместігін, барлық халықтардың бостандық үшін
күреске даярлығын, азаттық таңы ататын мезгілдің жақын екендігін де сезе
бастаған еді. Мәселен, Сәт ақын:

Бостандық таңы жақын тұр,
Деді жасырып халыққа
Амангелді сезгіш ер,–

деп көтеріліс басшысының саяси күрестен хабардар адам екедігін байқатады.
Сонымен қатар, халық әдебиетінде көтерілісшілердің қарулы қақтығыс кезінде
біраз жерде ел билеушілерді қысып, көтеріліске қажет қару – жарақ, ат –
көлік, азық – түлікті байтардан тартып алу сияқты шаралар іске асырғаны
да айқын көрінеді. Мысалы, Амангелді батырдың қолымен істелген осындай
жайларды Омар ақын:

Байлардың мал, басында болмайды ерлік,
Батырға қорыққаннан жүреді көніп.
Белгілі төрт дүкеннің тауарларын,
Әскерге тартып алып, берді бөліп.
...Дүкеннен тартып алған затты жиып,
Әскерді жабдықтады киіндіріп.
Табында отар жатқан байдың малын
Сарбазға тамақ қылды, шеттен сойып.
...Іс соқты әрбір жерден дүкен құрып,
Басында өзі тұрды план құрып.
Ұстаны өз еркімен ұйыстырды,
Бекең мен Баязитті бастық қылып...

деп суреттеді.
1916 жылы халық азаттық көтерілісі – қазақ халқының тарихындағы
ерлік күресіеің аса бір жарқын беттері. 1916 жылғы көтеріліс жырлары
халықтың батыр ұлдарының көрсетке жеке ерліктеріне де ерекше көңіл бөлді.
Бұл тұрғыда көтеріліс басшылары Амангелді Иманов пен Бекболат Әшекеев
туралы жырлардың ерекше маңызы бар.
Екінші бөлімде Амангелдінің 1916 жылғы қаһармандық істері, қазақ
халқының патша өкіметіне, қазақтың бай, феодалдарына қарсы көтеріліс,
күресіне басшы болуы айтылады.

Он алтыншы жыл келді... Ел басына күн туды,
Аспанды қара бұлт жауып, Ел сүйенген азамат
Күн қабағы түиілді. Ер басына күн туды.
Қара бұлтты қақ жарып, Е, е дкскен ерегіс
Шатырлады нажағай. Қан майданға айналды,
Оқ жыландай ысқырып, Еңіреген ел үшін
Ел ішіне түсті жай... Бас майданға байланды.

Аманкелді ойланбай, толғанбай осы майданға басты байлаушылардың
басшысы болды. Сарбаз жинап, сап түзеп, патша өкіметінің қару – жарақты,
байырғы әскеріне қарсы қаһармандық соғыс жүргізіледі: төрт – бес жерде
онымен бетпе – бет келіп, белдесіп ұрысады. Осы ұрыстарда ол тамаша
қолбасшылық өнер көрсетеді.
Үшінші бөлімде Аманкелдінің революция жылдарындағы, азамат соғысы
кезіндегі істері, уақытша өкіметке, Дутовқа, алашордашыларға қарсы күресі
баяндалады. Батыр солардың өкілдрімен сөйлеседі:

Әйелі күң, өзі құл, Теңесең менің сөзім жоқ,
Байларға жүріп неше жыл, Ықтияр беріп басына
Жаншылды, саздай езілді. Еңбекші қалың елімді –

дейді.
Бұған уақытша өкімет, патшаның генералдары, қазақтың алашордашылар
көнбейді. Енді Аманкелді осыларға қарсы күреседі. Осы күресте ол жау
қолынан қаза табады.
Осылай қиссада қазақ халқының батыр ұлы Аманкелдінің туысы, жас,
жігіт шағы, әлеуметтік қызметі, өз халқының азаттығы, теңдігі үшін
жүргізген күресі толық баяндалып , бейнесі шебер, жақсы жасалған. Көтеріліс
жөніндегі басқа өлең, жырлардың кейіпкерлері сияқты Аманкелді 1916 жылы
кенет, әлде қалай шыққан адам емес, жасынан халықтың қамқоры болып,
әділетсіздікке қарсы күресіп, біте – бірте жетілген адам. Ол бірді – екілі
ұрыста ерлік, қолбасшылық көрсетіп, көзге түске адам емес, батырлық,
қолбасшылық сүйегіне біткен адам. Ол жалаң батыр, жалаң қолбасшы емес,
сонымен бірге саяси басшы, ақыл – ой кемеңгері.
Майданға адам алуды (оны кей жер прием, кей жер набор деп
атаған), алынған адамдардың майданға жөнелтілуін, жолдағы, майдандағы
өмірін, көңіл күйін суреттейтін өлең, жырлар: Дәметкеннің зары, Асқар
ақынның үй – ішімен, туған жерімен қоштасуы, Баттал, Құсайын, Есқайыр
деген ақындардың өлең, жырлары, Сартай ақынның Тар заман, Біржан
Берденовтың 1916 жыл деген жырлары.
Өлең, жырларда ақындар, әуелі, халықтың көтерілісте, ұрыста жеңіліп,
майданға адам беруге еріксіз көөнгенін айтады; онан соң, әкімдердің, бай –
феодалдардың, қожа – молдалардың майданға адам алу үстіндегі арамдықтарын,
пара алып, пара берулерін адам басын саудаға салуларын, өз адамдарын
қалдырып, басқаны жалдап жіберулерін, осыдан майданға кілең кедейлердің
алынғанын баяндайды; ақырында, халық пен оның ер – азаматтарының
айырылысуын, қоштасу, жылау – сықтауын, азаматтардың майданға бара датқан
сапарын, майдандағы өмірін, ойын суреттейді.
Бұл жайлар басқа өлең, жырлардан гөрі Біржан Берденовтың 1916 жыл
деген ұзақ поэмасында әрі тұтас, толық әрі өте келісті суреттелген. Ол
мынадай бөлімдерден тұрады: Прием, Қызылжар казармасының тамағы, Ұзақ
жол, Алғашқы әсер, Майданда, Аэроплан, Дүрлігу, Жаңа мекен т.б.
Поэма бастан аяқ автордың өзінің көзімен көргені, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлт-азаттық жылдарындағы батырлар туралы жырлар
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған өлең-жырлар
Тарихи жырлардың субъективтілігі
Банктік тіуекелдер және оларды бағалау әдістері
Шандоз шығармасының жаңа танымдарын зерттеу
Қарқара көтерілісі
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі
Ж.Молдағалиевтің өмірі және қоғамдық қызметі
Кеңестік дәуірдегі ауыз әдебиетіндегі қазақ тарихының зерттелу мәселелері
Халық көтерілістерінің әдебиетте бейнеленуі
Пәндер