ҰЛТ ЖӘНЕ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР СОЦИОЛОГИЯ



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҰЛТ ЖӘНЕ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР СОЦИОЛОГИЯ.

Этносоциология — этнография мен социологияның түйісуінен пайда
болған жаңа ғылыми бағыт. ХХ-ғасырдың 60-жылдарынын екінші жартысында Шығыс
елдерінде этносоциология ілімнің дербес саласына айналды. Этносоциология
термині екі сөзден тұрады: этнос (грекше қоғам, топ, тайпа, халық) және
социология (латынша қоғам жайлы ілім). Этносоциология — әртүрді этностардың
(тайпа, халық, ұлт) пайда болуын, мазмүнын және қызметін зерттейтін
социологияныц саласы.
Этнос белгілі бір сыртқы түркелбеттің ортақ белгілері, сондай-ак
біршама калыпты мәдениет және тіл белгілері, мінез-құлык, қоғам және басқа
ұлттар мен нәсілдерге ұқсайтын адамдар тобының тарихи қалыптасқан
бірлестігі, одағы. Этностың сипатын, қатынасын керсететін және басқа
этностардан ажырататын белгілері: тіл, халықтық өнер, әдет-ғұрып, дәстүр,
қалыптасқан тәртіп, дағды, яғни ұрпақтан үрпақка берілетін мәдениет
компоненттері. Бұлар өзіндік ерекшеліктері бар этностық мәдениетті құрады.
Этностың белгісі — мәдени құндылык.
Сонымен этностың негізгі белгілеріне тіл, өнер, әдет-ғұрып,
мәдениет, т.б. бірлігі жатады. Олар жиынтығында белгігі этникалық
мәдениетті құрады. Әдетте этнос территориялық және экономикалык бірлік
негізінде құралады. Қазіргі ұлттар — дамыған капитализмнің жемісі. Ал
тайпа, халықтық этностр қазіргі ұлттар қалыптасқанға дейін пайда болған.
Қазіргі заманғы ен негізгі этностық топ - ұлттық топтасу. Ұлт
дегеніміз территория бірлігі, тіл бірлігі, мәдениет бірлігінен көрінетін
психикалык кейіп бірлігі және экономикалық өмір бірлігі негізндеі тарихи
қалыптасқан адамдардың тұрақты қауымдастығы. Халыктық этнос құлиеленуші
және феодалдык қоғамдарға тән қауымдастық еді. Оның негізгі белгілері
территория, тіл жөне психикалық кейіп бірлігі болды, бірақ корольдік,
князьдік, хандык-сұлтандық сияқты толып жатқан ұсақ феодалдық
қауымдастықтардың арасында тұрақты экономикалық қарым-катынас, бірлік
болмады, сондықтан бытыранқы шаруашылык негізнде ұлттык кауымдастык
кальіптаса алмады.
Тек капитализмнін тууы мен дамуы ғана ұлттын пайда болуына жағдай
жасайды. Ұлт — капиталистік дамудың жемісі. Ұлт феодалдык ыдыраудың және
капитализмнің калыптасуы дәуірінде әртүрлі халыктардың бірігуі нәтижесінде
пайда болды. Бұл жаңа катынас терең еңбек бөлісін, кең ауқымды және мыкты
экономикалық байланысты, т.б. талап етеді. Ұлттың калыптасуында мемлекет
маңызды рөль аткарады.
Қазакстан Еуразияның екі аймағынын - Орта Азия мен Сібірдің арасында
орналаскан ірі мемлекеттің бірі. Түркі әлеміндегі қазақ халкының
калыптасуына негіз болған этногенетикалық туыстыктың тамыры көне дәуірден
басталады. Қазак халкын құраған Қазақстан мен Орта Азия шегінде біздің
дәуірімізге дейін өмір сүрген сақ, үйсін, каңлы, түркі, түргеш, карлұк,
оғыз, кимак, кыпшак, найман, арғын, керей, қоңырат, жалайыр, дулат т.б.
көптеген ру-тайпалар еді. Қазақ халқының тамыры теренде жатқан тарихи
дамуының нәтижесінде X Ү—ХҮІІ ғасырларда оның қазіргі ұлттық аймағы
калыптасты. Қандай киыншылықтар мен шапкыншылыктар болсада, казақтар өз
тілін, туып-өскен жерін сактап қалды, этностык компоненттерді дамыта түсті.
ХҮІІІ ғасырдың басынан бастап (үш жүз жылға жуық уакыттан бері
карай), қазак халқының тарихы Ресей империясымен байланысты болды. Уақыт
талабына карай, қилы көзендерде бұл карым-қатынастар әртүрлі бағаланды.
Октябрь революциясының жеңісінен кейінгі көзендегі ұлт мәселесі КСРО-
ның құрылуымен тікелей байланысты болды. Казақстан алғашында автономиялық,
ал 1936 жылдан бастап одақтас Республика болып жарияланды. КСРО-ның,
Қазақстанның, басқа да Республикалардың Конституциялары қабылданды. Алдымен
Орынбор, одан Кызылорда, 1929 жылдан бастап астана Алматыға көшірілді,
қазіргі орталық Астана қаласы. Қазақстанда 1913 жылы 5597 мың адам, оның
541 мыңы калада, 5056 мыңы селода тұрды.
Бүгінгі Казақстан 14 облыстан, 166 ауданнан, 84 қаладан, 197
поселкадан, 2130 ауылдык (селолық) округтерден тұрады. 1989 жылы өткен
халык санағы бойынша. Казақстанда 16464,4 мың тұрғын, соның ішінде
қазақтар - 6534616 (39,7%), орыстар - 6227.6 (37,8%), украиндықтар -
896,2 (5,1%), татарлар-
328,0 (2,0%), баска ұлттар – 150559 мың (4,4%) адам болған еді.
1998 жылдың басында бұл көрсеткіштер төмендегіше өзгерді: жалпы тұрғындар
саны 15641,9 мың адамға, оның ішінде қазақтар —8129.7 мын (51,82%)),
орыстар - 4905,0 мың (31,4%), украиндыктар - 684,3 мың, татарлар — 268,2
мың, немістер — 247,2 мын (4,4%), баска ұлттар - 1406,9 мың (9%) адам
болды.
Қазақ халқы 1989 жылы өткен халық санағымен салыстырғанда 1997 жылы
1595084 адамға өсті. Мұның өзі табиғи өсіммен қатар елімізден тысқары
жүрген қандастардың көшіп келуі нәтижесі екендігін де айтып өту керек.
Елімізде қазір казақтар халықтың жалпы санының 51,8% құрап отыр.
Кеңес Одағы көзінде ұлт мәселесі шешілді, енді ұлттардың ғүлденуі
мен өзара жақындасу тенденциясы басталды деп уағыздалып келді. Алайда
халыктардың тендігі мен еркіндігі заң жүзінде жарияланғанымен, шын
мәнісінде Ресей империясының билігінде қалды.
Әртүрлі көзеңдерде, әсіресе коллективтендіру, индустрияландыру,
екінші дүниежүзілік соғыс, тың жерлерді игеру жылдарында Қазақстанға басқа
Ұлттардың өкілдері күштеп әкелінді. Мысалы, 1937 жылы Қиыр Шығыстан 96 мың
кәрістер отбасы көшіріліп әкелінді. 1940-1941 жылдары батыс шекарадан 105
мың поляктар осында жер аударылды. Соғыс басталысымен Еділ бойында
ғасырдан астам уақыттан бері қоныстеуіп отырған 1 миллионнан аса немістер
шығыска көшірілді. Олардың 400 мыңы Қазакстанға келді. 1943 жылы 2 мыңнан
астам адам калмак, 30 мың қарашай, 1944 жылы 18 мыңнан астам кырым
татарлары мен балкарлар көшіріп әкелінді. Осы жылы 310 мың шешен, 79 мың
инғуш кемпір-шалдарымен, шиеттей балаларымен қакаған қыс көзінде жүк
таситын вагондарға тиеліп (олардың мыңдағаны жолда үсіп елді), Қазақстанға
жер аударылды.
Оларға коса гректер, курдтар, грузин-месхиттер, түріктер мың-мындап
айдап әкелінді, Тіпті 1948-1956 жылдары бұрынғы басмашылар мен
власовшылар да Қазакстанға жіберілді. Сонымен бас-аяғы бес-он жылда
осылай болды. Республикамыздың зорлыкпен көшіріліп әкелінген халық саны 974
мыңға жетті. Оның үстіне соғыс көзінде жау колында калған жерлерден I ,'5
мың адам жан сақтауға кешіп келді. Сөйтіп, соғыс көзінде баска жақтардан
2,5 мың халық қазак жеріне келіп қоныстанды. Осының бәріне ақкөңіл,
қонақжай казақ халкы көнді. Баска халықтардың бәрімен түсінісіп, тіл тауып,
араласып кетті.
Басқа жақтардан адамдардың ағылып келуі соғыс біткен соң да
толастамады. Өнеркәсіп ошақтарын саламыз деген желеумен мыңдаған жұмысшы-
құрылысшылар келіп жатты. Сырт халыктың казақ жеріне ең кәп каптап келгеніі
— елуінші-алпысыншы жылдарда тың жерлерді игеру көзі болды. 1953-1965
жылдары Қазакстанға 2 млн. адам сырттан келіп коныс тепті, жұмыс тапты.
Олардың көбі негізінен орыстар мен украиндыктар еді
Қазақстанда ұлт саясатының қалай шешілгендігін дәлел дейтін
фактыларға тоқтала кетейік. Нәтижесінде, 1916-1945 жылдар ішінде
қазақтардың саны 3 миллион 150 мыңға кеміді. 1916 жылы ұлт-азаттык
көтеріліс, акпан және қазан төңкерісі, азамат соғысы жылдарында
шаруашылықтың күйзеліске, ашаршылыққа душар болуынан 950 мың қазак немесе
елде тұратындардың 18-19 проценті басқа елдерге қоныс аударды. Жасанды
ұйымдастырылған аштықтың нәтижесінде Голощекиндік зұлматтан Қазакстанда 2
миллион 300 мың қазақ өлді: Аштықтан және зұлматтан аман қалу үшін 900 мың
қазақ (18 процент) шет аймаққа - шекаралас Ресейге, Орта Азияға, сондай-ақ
Қытай, Монғолия, Ауғанстаннанға және Иранға қаша көшті. Өлгендерін және шет
жерге көшкендерін қоса есептесек, қазіргі Қазақстан Республикасындағы
жергілікті халық өзінің 70 процентіне жуығынан айрылған.
Бірінен соң бірі қайталанған үш демографиялық апаттың көзіндегі адам
шығыны, нәтижесінде Қазақстаннан біржолата көшіп кеткендерін коса
санағанда, 4-5 млн. адам болды — Республикамыздың кең даласының көп жері
қаңырап бос қалды.
Сталиннің тұсындағы жаппай жазалаулар жылдарындағы оспадарлықтар
халықтың тоналуына, ашығуына, олардың бас бостандығынан айырылуына әкеліп
соқты.
30-жылдарда елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады деп
жарияланды. Фабрикалар мен зауыттар, колхоздар мен совхоздар, жер
мемлекеттік меншікке айналды. Елде 1936 жылы КСРО-да сталиндік
Конституциясы жарияланғаннан кейін бюрократиялық орталықтандыру принципі
орнықты. Республикалар іс жүзінде толық егемендік алған жок.
Республикалардың өзінше заң шығару инициативасы болмады, бұған одақтық
халык комиссариаттары орталығының ектемдігі себепші болды. Сталинизм
тоталитарлық казармалық сипат алды.
Сталиннің социализм жолымен ілгеріленгені сайын тап күресі шиеленісе
түседі деген теориясы жазалау орғандары қызметінің кеңейіп, мемлекеттік
өкімет органы ретінде Кеңестер кызметінің шектелуіне негіз болды. Жеке адам
құкығы барған сайын аяққа басыла берді. Балама пікір айтқан адам халық жауы
қатарына жатқызылды.
Орталық ішкі істер халық комиссариаты кұрамында жазалау шараларын
қолдану (жер аудару, еңбекпен түзеу лагерлеріне қамау, ҚСРО-дан тыс
жерлерге қуу) үшін ерекше кеңес құрылды.
Жазалау тасқыны Қазақстанды да жайлап кетті. Соның салдарынан ең
алдымен азамат соғысының аяғына қарай Кеңес өкіметі тұғырнамасына көшіп,
кейінгі жылдарда оған шамасы келгенше қызмет ете бастаған қазақ
шығармашылық зиялылыры зардап шекті. Ж.Аймауытов, Э.Ермеков,
Ж.Досмұханбетов, Ә.Бөкейханов жазаға ұшырады.
1937-1938 жылдарда террор жаппай сипат алды. Бұл жылдарда Кеңес
өкіметін орнату мен нығайтуға қатысқандардың көбі: А.Асылбеков, Ә.Әйтиев,
С.Арыншиев, С.Мендешев, Б.Алманов, Н.Тереқұлов, Т.Рысқұлов, Ж.Сәдуақасов,
Н.Сырғабеков, С.Шәріпов, М.Жәнібеков халық жаулары деп жарияланды.
Қазакстан партия ұйымынын кернекті қайраткерлері: О.Исаев, О.Жандосов,
А.ДосовД.Жүргенов, Ү.Құлымбетов,С.Сегізбаев, М.Тәттімбетов және басқа да
кептеген адамдар сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты.
Қазақ әдебиетінің негізін салушылар — С.Сейфудлин, Б.Майлин,
І.Жансүгіров, М.Жұмабаев, М.Дулатов жазаға ұшырап, өлтірілді. Атақты
ғалымдар А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Д.Аспандияров, М.Төлепов және басқалар
жазалау шараларының құрбаны болды.
Баламалы ой-пікірін айтқандар бұдан былайғы жылдарда да тоқтамады.
Ол саясаттын құрбаны болған азаматтың бірі тарихшы ғалым Б.Бекмаханов еді.
Ол 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылып, Гулагтын алыстағы лагерінің
біріне айдалды. 50 жылдардың басында осындай әділетсіз саяси айыптаулардың
құрбаны болғандар қатарына Республиканың белгілі қоғамтанушы ғалымдары
А.Жұбанов, Қ.Жұмағалиев, Б.Сүлейменов, Е.Ысмайлов, С.Кеңесбаев т.б.
қосылды.
Казақстан табиғи байлығы мол ірі индустриялы ел бола тұра, оның
экономикасы біржақты дамытылды: Кеңес Одағының шикізат базасына айналды,
өндірілген өнімнің 93 пропентін орталық билеп-төстеді. Орталық алуды білді,
тасып әкетуді білді, бірак жергілікті халықтың мүң-мұқтажын ескермеді.
Республикалық бақылау орғандарын есепке алмағанда, жергілікті жердегі
баскарушы кадрлар да орталықтан жіберіліп отырды.
Ұлт саясатындағы өзекті проблема - тіл мәселесі. Шындығына келгеніде
Республикада орыстандыру саясаты жүргізілді. Орыс тіліндегі бала-бақшалар,
мектептер көбейе түсті. Орыстілін нашар білетін жоғары білімді азаматтар
басқару қызметіне жоғары латылмады, себебі орыс тілі мемлекеттік тіл болды.
Рас, қазақ тілі республикалық мемлекеттік тіл деп Конституцияда
жарияланғанымен, бірақ теменнен жоғарыға дейінгі ұйымдарда іс қағаздары
орыс тілінде жүргізілді. Жоғары оқу орындарында негізінен орыс бөлімдері
ашылды, тіпті қайсыбір қазақ белімдерінде көптеген пәндер орыс тілінде
өткізілді. Қазақ мектебін бітірген жастар қабылдау емтиханы көзінде орыс
тілінде шығарма немесе мазмұндама жазатын болды. Соның кесірінен олардың
бір сыпырасы оқуға түсе алмады. Ғылыми еңбектер негізінен орыс тілінде
дайындалды, диссертациялар да осы тілде қорғалды.
1980 жылдан бастап орыс мектептерінде әрбір сыныптағы оқушылар орыс
тілін екі топка бөлініп оқыды, ал қазактілін қазақ мектебінде олай оқымады.
Қазақша машинкалар бірен-сараң болды. Көз келгені жиналыс орыс тілінде
өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен баска пәндер бойынша қазак
тілінде оқулықтар шығаруға тиым салынды - тек Москвадан шықкан оқулыктарды
аударып пайдалану кажеттігі атап көрсетілді.
Осылардың нәтижесінде казақ тілінін мәртебесі өте төмен түсіп кетті.
Қазактар өзара ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнос және ұлт әлеуметтануы
Қазақстанда ұлт және ұлтаралық қатынастар
Қазақстандағы социологиялық зерттеулер
Ұлт және ұлтаралық қатынастар социологиясы
Этносоциология туралы
Әлеуметтану пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Этносоциология ұғымы және оның зертеу бағыттары
Этноәлеуметтану
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНДІК МӘРТЕБЕСІ
Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Пәндер