ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ БАҒЫТТАРЫ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ БАҒЫТТАРЫ
 
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы
мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім
беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:
•                  білім  мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды
қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық
жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байланысты;
•                  ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша,
телефон және радиобайланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып
орын беруде;
•                  баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің
рухани тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
•                  мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның  бала
тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;
•          қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның
кеңінен қолданылуына және ғылымның роліне мән берілуде.
•                  оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-
педагогикалық бағыттағы  негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады;
•                  есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы
меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
       Қазір Республиканың оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып
отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі
бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі
нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа
идеялар, жаңа технологиялар бар.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны
меңгеру оқушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық
және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,
өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 Қазақстан халқына арналған
жолдауында Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің
балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының
жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады.
Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық
экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін
еркін меңгереді, олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге
әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады, - деп көрсетілгендей-ақ,
ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат
қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп
өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы, оның ұлттық білім
жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2006 жылы Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттері, оқытушылары, ғылыми
қызметкерлерге, университет басшыларына арналған Инновациялар мен оқу
білімді жетілдіру арқылы білім экономикасы тақырыбындағы дәрісінде білім
мен кемшіліктер кеңінен талданып, білім берумен қатар ғылымды жетілдіру
республикамыздың бәсекелестікке қабілетті 50 мемлекеттің қатарына енудің
басты шарттарының бірі деп көрсеткен.
Аталған дәрісте Елбасы ғылым саласына 2012 жылға дейінгі қаржыны 25 есе
арттыру керек деген мақсат қойып, тікелей өзінің тапсырысымен Премьер-
Министрдің басшылығымен Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия құрылатындығын
және оның атқаратын қызметімен таныстырды. Алға қойылып отырған көптеген
мақсаттар мен міндеттер біздің артта қалуымызбен байланысты. Президент АҚШ,
Ұлыбритания, Франция, Жапония сияқты әлемдегі дамыған елдерді мысалға ала
отырып, республикамыздың ғылыми жетістіктері мен жаңалықтары жағынан артта
қалғандығын атап айтқан. Сонымен қатар, біздің өмір сүріп жатқан кезеңіміз
– ақпараттық технологиялар кезеңі, соған байланысты адамдардың қоғам,
болмыс, табиғат және ғылым т.б. салаларда жеткен жетістіктерінің
сансыздығына байланысты оқу үдерісінің мазмұны да жаңарып, оқытудың әдіс-
тәсілдері де жаңартуды қажет етеді. Осыған орай, оқу үдерісі барысында
барлық адамзат жетістіктерін жеткіншек ұрпақтың бойына сіңіру мүмкін емес,
сондықтан басқа мемлекеттермен қатар біздің мемлекетіміздің білім саласы да
оқытудың инновациялық әдістерімен қатар түрлі технологияларды пайдалануда.
     Сондай әдіс-тәсілдердің бірі ретінде қазіргі уақытта білім беру
жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін озық
технологиялармен қамтып жетілдіруді талап етеді. Осы тұрғыда оқытудың жаңа
технологияларын жете меңгеріп, оқушылардың психологиялық жас
ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мәні ерекше. Қазіргі кезеңде
Қазақстанда әлемдік  білім  беру    кеңістігіне    енуге
бағытталған    жаңа    талаптарға     лайықты    білім   беру    жүйесі   жүзе
ге асып келеді. Бұл үдеріс оқу-тәрбие үдерісінің
педагогикалық   теориясы    мен   і с-
тәжірибесін    мәнді     өзгерістер мен    халықаралық    білім
беру  деңгейіне  жетуді көздейді,
сапа   менеджменті    жүйесімен     байқалады.
Қазіргі заманғы қоғам дамуының әрекеті, әлемдік және отандық педагогика,
психология ғылымдарының жетістіктерін, әсіресе, дамыта оқыту, студенттердің
даму ерекшеліктері туралы мәселелер, ұзақ жылдар бойы екшеліп жинақталған
жоғары оқу орындарында білім беру мақсатының приоритеттерін түбегейлі
өзгерту қажеттігін туғызып: бірінші кезекке, бұрынғыша студентті пәндік
білім, білік, дағдыларының белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу
әрекетін қалыптастыру негізінде студенттерге жеке бас тұлғасын тәрбиелеу
мақсаты қойылды. Білім беруде студенттің тәрбиесі мен дамуына приоритет
берілуі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім Заңына орай оның
қызметіндегі өзгерістер студенттерге сапалы білім беруді талап етеді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010
жылдарға  арналған  мемлекеттік  ба ғдарламасында  келеңсіз
құбылыстарды  болдырмау, түбегейлі  ұйымдық, құрылымдық  өзгерістер, білім
берудің  мазмұнын жаңарту және балаларды оқыту  мен тәрбиелеу  сапасын
жетілдіру, Республиканы  дамытудың  қазіргі заманғы әлеуметтік-
экономикалық  және саяси жағдайлары  мен дамуы жоғары елдердің  озық
тәжірибесіне  сәйкес мамандарды  даярлау жөнінде  шаралар қолдануды қажет
етеді:
• өз бетінше білім алу және оны
практикада  қолданудың  қажеттілігі мен  дағдысын қалыптастыруға,
танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде  баулуға;
• оқушыны жеке тұлға және қызмет субъектісі  ретінде  дамытуға, өмірлік
құнды бағдарларын қалыптастыруға;
• ұлттық мәдениетті құрмет тұтуға тәрбиелеуге және басқа да мәдени
бастамалардан нәр алуын бойында қалыптастыруға;
• жалпы негізгі білім беру сатысында бейім  алды
даярлықты  және  орта  білім беру
сатысында   бейімді  оқытуды  қамта масыз етуге бағыталатын болады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында көрсетілген білім беру
жүйесінің негізігі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын
енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық
желілерге шығуды көздейді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында білім
ордаларында жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың негізгі
мақсатын айқындап алуда, яғни берілген үлгі бойынша өнім алу, оқытудың
тиімділігін, сапасын көтеру. Оқыту технологиясы білім берудің тиімді
жолдарын зерттейтін ғылым ретінде оқыту үрдісінде қолданылатын тәсілдер,
принциптер мен айқындаушы жүйе, нақты оқыту процесі ретінде  сипатталады.
 Осыған орай қазіргі педагогикалық ғылыми тұлғаны қалыптастыруға
бағытталған жаңа технологияны ендіруге үлкен әрекет үстінде.
 Технология  деген термин гректің түп тамыры тех –  өнер, шеберлік,
кәсіп және логос – ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі  түп тамырының
бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе ілімді беретін сөзді құрайды,
ол  өндірістік процестерді жүгізудің тәсілдері мен құралдары туралы
білімдер жиынтығы (металдардың технологиясы, химиялық технология,  құрылыс
жұмыстарының технологиясы және т.б.) Осы термин өнімді  өндіру
процесі  барысында жүзеге асырылып, шикізатты материалдарды немесе жартылай
фабрикаттарды өңдеудің, жасаудың, жағдайларының қасиеттерін, формаларын
өзгерту әдістерінің жиынтығы ретінде міндеті практикада өндіріс
процестерінің ең тиімділерін анықтау мен қолдану мақсатында физикалық,
химиялық, механикалық және тағы басқа заңдалақтарды анықтау болатын.
Негізінен, ең алдымен көрсетілген технологияның белгілері педагогикалық
еңбекттің технологиясы дегеніміз не екенін анықтау.
Педагогикалық технологиялар білім беру аймағына қатысты, егер білім
берудің мақсаты - білім жүйелерін меңгеру ретінде анықталса, онда
технологиялар да білім беру сияқты білімнің сапасы мен көлемін меңгеру мен
бағаланады. Бірақ, әдеттегі білім беру моделінің дағдарысы педагогикалық
негізгі категориялардың бір қатар мазмұнын қайта қарауға әкеледі.
Педагогикалық инновация білім берудің негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға
бағытталуы қажет.  Жоғары оқу орындағы инновациялық үдерісті басқару
моделі  жалпыға  бірдей міндетті білім беру  мақсаты, мазмұны және оқу-
тәрбие үдерісіне ендірілетін жаңалықтар сипаттары арасындағы қисынды
байланыстар есепке алынып, құрылуы қажет.
Білім беру стандарттарын жүзеге асыру инновациялық
үдерістің   қажеттілігін    келесі     себептерден    байқатады:
1. Сапа  менеджменті  жүйесі терең, тиянақты білім беруді талап
етуіне  қатысты озық технологияларды пайдаланып, оқытуда зерттеушілік,
шығармашылық, педагогикалық қызмет сипатын    қажет етеді.
2. Білім беру мақсатына қатысты жеке бағдарлы қазіргі заманғы педагогикалық
қызметті ұйымдастыру, гуманистік тәсілдеме жасау білім беру үдерісіне
қатысушылардың  барлығының жалпы дамуын жүзеге асыруға инновациялық
үдерістер себепкер болып, сапалы жаңа білімді қалыптастыруға
ықпал  жасайды.
3. Педагогикалық шығармашылықтың құрамды бөлігі есебінде жеке иннова
циялық  қызмет  педагогтың  кәсіби өсуі, тұрақты өзін-өзі жетілдіруі, озық
тәжірибелерді зерделеп, игеруі бойынша шығармашылықпен
өзінің    жауапкершілік    сезімін     арттырады.
4. Білім берудің сапалануы, бәсекелестікке лайықты болуы,  педагогикалық
әлемде жаңа құндылықтарды қалыптастыру, қарым-қатынастың жаңа,
жетілдірілген  мәдениетін  көтеріп, қоғамдағы    рөлін дамуын  арттырады.
5. Инновациялық үдерістер білім беруді сапаландырудың
тасымалдаушы    инструкциясы есебінде педагогикалық саналылық пен
белсенділікті қалып тастырып, кәсіби шеберлігін шығармашылықпен үйлестіру
арқылы талаптар деңгейінде  еңбек    етуге жеткізеді.
Педагогикалық  қызметте    техноло гия   түсінігі    ғылыми-техникалы қ
прогресс нәтижесінде, білім беру саласына жаңа
компьютерлік  технологияның  ендірі луіне қатысты арнаулы бағыт технологияны
XX ғасырдың  60-жылдары  АҚШ орындады,  ал  қазір XXI ғасырдың  басында
іс  жүзінде  әлемнің  барлық   елде ріне таралды.
Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін ғалымдар, мұғалімдердің
ізденістерінің нәтижесінде оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін
арттырудың   жаңа  технологиялары өмірге келуде.
Білім беру саласында қазіргі кезде 50-ден
астам  жаңа  технология    қолданыл ады.
Педагогикалық технология оқытудың ұтымды жолдарын зерттейді және ғылым
ретінде де жұмыс істейді және оқуда қолданылатын тәсілдер  жүйесі ретінде,
оқытудың шынайы барысы ретінде де қарастырылады. Педагогикалық технология,
оқыту  технологиясы туралы мәселелер соңғы жылдары педагог-ғалымдардың
назарын аударып, әр түрлі қырынан  зерттелуде.
Инновациялық үдеріс – білім  беру үдерісінде тұрақты жаңа элементтер
кіргізетін, жүйенің бірінші жағдайдан екінші жағдайға
көшуіне  алып  баратын  жаңалық, жаңадан ендірілетін әрекеті болып
саналады. Білім беру ұйымдары жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және
таратуға байланысты қызметті атқарады. Инновация   өзінен-
өзі   пайда  болмайды.  Инновация ағылшын
тілінен  (innovation)  шыққан,    жаңаша   серпінділік,  жаңашылды қты   
енгізу деген мағынаны білдіреді. Бүгінгі күні  білім берудің сапалы
өзгерістерін қажет ететін тек
теоретиктер   ғана   емес,    соным ен   бірге   білім   практиктері    де   м
ойындап   отыр.   Инновациялық   те хнологиялар   қазіргі   оқу
орындардың   басты  сипаты   болып     табылады.
Педагогикалық   технология –
оқу   үдерісін  іске   асырудың   м ағыналы   технологиясы. Педагогикалық
технология – оқытудың   жоспарлы   нәтижесі. Педагогикалық технология –
педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданыла тын барлық жеке тұлғалық,
құралдық, әдістемелік тәсілдердің
жүйелі   жиынтығы   ретінде   жұмыс    істеу.
Педагогикалық технологияның көкейтестілігін анықтау үшін
төмендегі   қайшылықтарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының білім жүйесінің негіздері
Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ
Қазақстанның ғылыми - техникалық саясаты мен ғылымды басқару жүйесінің қалыптаса бастауы
Аймақтағы инновациялық іс-әрекеттер дамуының қазіргі заман тенденциясы
12 жылдық білім жүйесіне көшу жағдайындағы мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі
Қазақстандағы жоғары мектептің жағдайы және дамуы
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері
Білім беру жүйесі
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Пәндер