ҰЛТТЫҚ ҚОР – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҰЛТТЫҚ ҚОР – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ
Амангелдиева Жанар Амангелдіқызы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ
агротехникалық университеті

2000 жылы еліміздегі мұнай шикізатынан түсіп жатқан қомақты қаржы
өскелең ұрпақтың лайықты өмірін қамтамасыз ету үшін Ұлттық қорға жинақтала
бастады. Отандық экономиканың тек қана көмірсутегі шикізатына иек артып
қалмай, ұлттық өңдеуші саланы дамыту үшін де қажет деп табылған болатын.
Қазіргі уақытта ел экономикасының қарқынды дамуы нәтижесінде көптеген
қаржы институттары қанатын қатайтып, жаңа құрылымдар ірге қалауда. Соның
ішінде, соңғы жылдар бедеріндегі басты жаңалықтардың бірі жеткіншек буынға
табиғи ресурстардан түсетін табысты тепе-тең бөлуді қамтамасыз етуге
бағытталған Ұлттық қордың құрылуы дер едік. Мұндай қор дүниежүзілік
тәжірибеде жаңалық емес, бүгінгі таңда дүние жүзінде мұндай құрылымдардың
саны 30-дан асады. Олардың жұмыс істеу тетіктері әрқалай. Қазақстандық Қор
АҚШ долларымен есептегенде бірнеше миллиардтық активтері жинақталған
Норвегияның мұнай қорының тәжірибесіне негізделген.
Ұлттық қор Мемлекет басшысының 2000 жылғы 23 тамыздағы “Қазақстан
Республикасының Ұлттық қоры туралы” Жарлығына сәйкес құрылды. Ұлттық қор
материалдық емес активтерді қоспағанда, Ұлттық Банктегі және Үкіметтің есеп-
шотында шоғырландырылған қаржы активтері түрінде, сондай-ақ өзге де мүлік
түрінде мемлекет активтерінен құрылған.
Ұлттық қордың қалыптасуы сол сияқты бiржолғы сипаттағы (республикалық
меншiктегi және тау-кен өндiру мен ұқсату салаларындағы мемлекеттiк мүлiктi
жекешелендiру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сату) не
түсiмдер көлемi бойынша тұрақты емес (мұнай секторының түсiмдерi) кiрiстер
көзi есебiнен жүзеге асырылуы тиiс, оның мөлшерi едәуiр шекте ауытқуы
мүмкiн, ол осымен Қазақстанның бюджет саясатына елеулi ықпал жасайды.
      Осылайша, Ұлттық қорды қалыптастырудың негізгi көздерi мыналар болып
табылады деп болжанады:
- мұнай секторынан түсетiн тiкелей салықтар (жергілiктi бюджеттерге
есептелетiн салықтарды қоспағанда), оған корпорациялық табыс салығы, үстеме
пайда салынатын салық, роялтилар, бонустар, өнiмдi бөлу жөнiндегі үлес,
экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын ренталық салық
жатады;
-  республикалық меншiктегі және кен өндiру мен ұқсату салаларындағы
мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдер;
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
-   Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де
түсiмдер мен кiрiстер.
Ұлттық қордың жинақтарын қалыптастыру моделi республикалық бюджет пен
Ұлттық қор арасында мұнай түсiмдерiн бөлудiң оңтайлы теңгерiлiмiн
қамтамасыз етуi тиiс. Сондай-ақ қолайсыз әлемдiк баға конъюнктурасы кезiнде
мемлекеттiң әлеуметтiк мiндеттемелерiн қамтамасыз ету үшiн мұнай секторы
түсiмдерiнiң көлемiне қарамастан тұрақты деңгейде ағымдағы бюджеттiк
бағдарламаларға арналған шығыстарды ұстап тұрудың маңызы зор. Бұл ретте
макроэкономикалық деңгейде iшкi баға өсуiн тоқтатуға және теңге бағамын
ұстап тұруға арналған Ұлттық қордың тұрақтандырушы функциясы неғұрлым
тиiмдi жүзеге асырылуы тиiс. Ұлттық Банк пен Үкімет арасында жасалған
Ұлттық қорды сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Ұлттық қорды
дербес инвестициялауды жүзеге асырады. Соған сәйкес Ұлттық Банк Ұлттық
қордың активтерін басқаруға сыртқы басқарушылармен шарттар жасасты. Ұлттық
қорды басқаруға байланысты қызметтің транспаренттігін қамтамасыз ету
мақсатында жыл сайын Ұлттық қордың сыртқы аудиті жүргізіледі.
Ұлттық қорды пайдалану Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде
көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады. Ұлттық қор қаражатын
пайдалануға қатысты осыған ұқсас басқа қорлардың қаражатын пайдаланудың
түрлі бағыттары бар.
Қазақстанда балама ретінде мұнайдан түсетін қаражатты халық арасында
бөлу мүмкіндіктері қарастырылған. Алайда, бірқатар себептер бойынша бұл
тетік қазіргі уақытта қолайлы емес. Біріншіден, елге мұнай долларының
шамадан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сақтау
Құнды қағаздардың мәні
«Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) – теңдесіз ұлтаралық және конференция аралық келісім институты»
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді дамыту
Ұлттық қордың қалыптастырылуы мен пайдаланылуының тиімді перспективаларын анықтау
Коммерциялық банк қызметтерін қаражаттық анализдың ерекшеліктері
Шағын және орта бизнесті несиелеу
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы
Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары және олардың қызмет ету ерекшеліктерін талдау
Бағалы қағаздардың түрлері
Пәндер