Ұлттық ою – өрнектердіқолдануарқылы бесік жасау технологиясы



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
”Ұлттық ою – өрнектердіқолдануарқылы бесік жасау технологиясы”
Кіріспе
Тандалған, тақырыптың қажеттілігі: Қазіргі таңда сапалы білім беру мәсәләсі
өезекті проблема болып отыр. Проблеманы шешу технология, еңбекке баулу
пәндерін де қатысты болып таыблады. Технологияда өз бетіндік жұмыстарға көп
кемек беру, ұлттық нышанда орындалатын жұмыстардың пайдсы мол. Осындай
жұмыстар көмегімен оқушылардың дербестегін, шығырмашылық қиялын дамытуға
болады.  
Зерттеу нысаны: Қолөнер бойынша әдебиеттер, альбомдар, бұйым үлгілері,
әдістемілік оқулықтар, газеттер, журналдардағы, педагогикалық ақпараттық -
әдістемелік басылымдардағы  іс – тәріжибелер, мақалалар.                
Мақсаты: Гобелен техникасымен сәндік композиция шығару, материалдардың
мүмкіндіктерін көрсету. 
Міндеттері 
1. Зерттеу тақырыбы бойынша әдістемелік материалдарды жинақтап, өндеу.
2. Гобелен техникасындағы жұмыс түрлерін көрсету.
Әдісі: Алға қойылған міндеттерді шешу үшін педагогикалық және әдістемілік
бағыттағы әдебиеттерге теориялық талдау жасау, жұмыс түрлерімен танысу.
Жұмыс техноолгиясын оқып – үйрену.
Дипломдық жұмыс құрылымы: Дипломдық жұмыс төрт бөлімнен тұрады. Кіріспе,
қазақ қолөнерінің даму тарихы, ұлттық көркем-өнердің туындысы – БЕСІК,
қорытынды бөлімдерінде тақырыпқа сай мәліметтер берілген. 
I. Қолөнер – халық шежіресі
1.1. Қазақ қолөнерінің дамуы
Қазақ халқының қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Қазақ халқы-
кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениетін тікелей
мұрагер және сол дәстүрді дамытушы , жаңғыртып айтушы.
Бұл процеске әр кезеңде Қазақстан жеріне жан-жақтан келген көшпелі
тайралармен халықтардың сондай-ақ Оңтүстік Сібір , Орта Азиямен орыс
халқының да мәдениеті әсер етті.Сайып келгенде, жергілікті көне мәдениет
сырттан келген мәдениет элементтерінің сан толқынын бойына сіңіріп , үнемі
жақсару, жаңғыру үстінде болды.
Қазан төңкерісіне дейінгі қолөнердің дамуына қазақ қауымының әлеуметтік -
экономикалық жағдайы, көшпелі өмір, біртіндеп отырықшылыққа өту процесі,
бұрын үстем болып келген шаруашылықтың ыдырай бастауы , көрші елдермен ,
әсіресе Ресеймен сауда қатынасының, шаруашылық және мәдени байланыстың арта
түсуі, тағыда басқа көптеген ішкі-сыртқы факторлар әсері айтарлықтый ықпал
жасады. Ол кездегі қазақ ауылдарының қаламен байланысы нашар
болды.Сондықтан олардың өзіне қажетті үй бұйымдарының басым көпшілігі
қаладан сатып аларлықтай мүмкіндігі болғандықтан , негізінен халық
шеберлерінің қолына қарады. Қазақ қолөнер шеберлері , көбінесе кедейлер
әулетінен шықты. Олардың белгілі бір қолөнер түріне мамандана кәсіп етуі
шеберлердің негізгі күнкөріс көзіне айналды. Соның өзінде колөнер
шеберлерінің еңбегі, тіпті ғажап туындыларының өзі де жете бағаланбады. 
Қазіргі уақытта революцияға дейінгі қазақ халқының қолөнер табиғатын жан-
жақты , этнографиялық тұрғыдан зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе
үшін де маңызы зор. Өйткені қазақтың қолөнері-жалпы халық мәдениетінің
ішіндегі негізгі салалардың бірі. Үлкенді - кішілі қай халық болсын,
дүниежүзілік мәдениет қорына өз үлесін қосады. Олай болса, қазақ халқының
да ұлттық, оның ішінде қолөнер шеберлерінің дәстүрлі өнері жан-жақты
зерттеуді қажет ететін бағалы құнды мұра.
Менің дипломдық жұмысым, ежелгі дәуірлерден күні бүгінге дейін , атадан
балаға, ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып өз сабақтастығын тауып отырған
сәндік қолөнерінің бір түрі - ағашты көркем өңдеу, яғни бесік жасау өнері
туралы болмақшы.
“Ағашты көркем өңдеудің тарихы”, “Ағаштың түрлері мен қасиеті” туралы
айтыла келіп , қолөнерінің көркем туындысы , тұрмыстық қолдануда-бала
тәрбиесінде де орны ерекше-бесік туралы және оны көркем өңдеу өнері жайында
жан-жақты мағлұмат беріледі.

1.2. Ағашты көркем өңдеу өнері

Ағаштан жасалған бұйымдарды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрі оған өрнек ою
болып табылады.Адам баласы ғасырлар бойы өзінің тұрған үйін, әбзелдерін ,
қолөнер бұйымдарын ою-өрнекпен көркемдеп, безеңдіріп отырған. Мысалы сақтар
кезінде ағашқа бедерлеп мүсіндеу өнері кең етек алған. Ағаштан ойып
жасалған шағын мүсіншілер мен сақтар ертұрман әбзелдерін көркемдеген , ағаш
бұйымдарын безеңдірген. 
Өрнекті оюды бірнеше тәсілі бар. Соның бірі-геометриялық бейнедегі өрнек.
Мұндай өрнек ағаш бетіне геометриялық сурет салу арқылы жасалады. Олар
үшбұрышты, төртбұрышты немесе шаршыны бірнеше үшбұрышқа бөлу арқылы
өрнектеледі. Мұндай өрнектер өте шағын әрі кішкентай ойықтары болғандықтан,
оларды зімпарақпен тазалау немесе әрлеу қиын. Сондықтан өрнекті орындау
сапасы пышақпен қашаудың өткірлігінетікелеу байланысты.
Екінші тәсілі-өрнекті жұқалай тіліп салу. Мұндай өрнекті салғанда оның ізін
пышақпен тіліп, өрнектің жиектерін көлбеулей жұқалап жонып алады. Бұл
тәсілдің ерекшелігі, мұнда нобайы бойынша өңделетін бейне шет жақтарынан да
өңделеді. Сондықтан да өрнекті жұқалай тіліп салу әдісі алынады.
Мұндай оюды бірнеше әдістермен орындайды:
• біріншіден өрнектің жиектерін дөңестеп жұмырлай жиектеп өрнекке
кеңістіктегі көрініс беріледі.
• екіншіден өрнектің сыртқы жиегін өрнек дөнесінің ортасынан да
ойықшалап бедер беріледі.
• үшіншіден, бірінші және екінші әдіспен орындалған өрнектің туын
бедерлеу, бедерді өрнектің тәніне қарай таңдап, бедер беру тәсілімен
орындалады.
ӨРНЕК-дегеніміз, кез-келген бұйымның сыртына түсірілген біртұтас байланысты
әшекей. Ал ОЮ - дегеніміз , бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу
арқылы, сондай-ақ бұйымды шабу кезіндегі ойып , өңдеу жұмыстарын айтамыз.
Көркемдеп оюда сызықтың өрнек ою әдісі де жиі қолданылады. Мұндай өрнекті
ою, яғни кесу, екі немесе үш сызықты ойып кесу әдісімен жүргізіледі. Екі
сызықты үшбұрышты ойық ой жұмсақ ағаштан тілінген тақтайға, ал үш сызықты
ой тәсілі-қатты тақтайға өрнек салуда қолданылады.
Тегіс тақтаның бетіне өрнек салуды шығыңқы етіп мүсіндік бейнелердің
жартылай көлемін мүсіндеуді, яғни ағашқа бедерленетін барельефті бедерлі ою
деп атайды. Мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі-келсап, аяқ-табақ,
саптыаяқ, ожау сияқты бұйымдарды жасау тәсілін жұмырлап ою дейді. Бедерлеп
оюдың өзінде орындалу тәсіліне қарай бірнеше түрге ажыратуға болады. Егер
тақтаға өрнек жосығын тіліп түсірсе-жосықтау деп , ал қашау ізі тіу салынса
қиып ою деп аталады.
Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асырылады:
• Бұймның негізін талаптарға сай тазалау.
• Бұйымның барлық бөліктеріне өрнектерді жоспарлау
• Өрнектерді кесу
• Бұйымдарды бояу
• Боялған бұйымдарды тазалау
• бұйымды лактау
Кез келгенөрнектерін ойша бұрын оны міндетті түрде тазалап алу керек. Бұйым
талаптарға сай тазаланғаннан кейін оған ойылатын өрнектер пішініне ,
құрылымына байланысты жоспарланады. Бұл талапты алын-ала орындалмаса, яғни
өрнектерді кесіп алғаннан кейін тазаласа, оның жиектерін , деңгейін
бүлдіріп алуы мүмкін.
Сонымен қатар ағашты көркемдеп өңдеу дегеніміз-ағашқа кез-келген
геометриялық фмгураны белгілі ырғақпен өрнектеп салу ғана емес , өрнек
үлгілерін шығармашылық тұрғыдан композициялы жүйелеу.
Қазақ ұсталары ағашты әсіресе жалтыруға , алабажақтап бояуға әуес болмаған.
Себебі қазақтың ұлттық өрнектері негізінен ауқымды , көрнекі келеді. Сонан
соң өрнекпен келесі өрнек бір-бірінен саусақ бойы тереңдікте бос қалатын
аралық ауқым арқылы бөлектеніп тұрғандықтан , оюлардың нақышы дараланып ,
сәнді көрінеді де , қосымша боямалап әрлей түсуді қажетсінбейді. 
Ағаштан әрлеудің, бояп көркемдеуден басқа лактау, эмальдау, жалатпалау
тәрізді тәсілдері бар.Алайда , мұның бәрі-дәстүрлі қолөнерімізге келе
бермейтін жаңа әдістер. Қазақ шеберлері ағашты үйкелеп жалтыратпаған,
көбіне ағаштың өз реңін, өңдік өрнегін сақтаған немесе құралдың ізін
қалдыру тәсілі арқылы оюлы заттың көркемдігін арттыра білген. Болмаса
ағашқа сүйек қойып көркемдеген. Мысалы, ағаш ерге күміс таққан. Кейде
бұйымның сырты толық матамен қапталып, үстіне өрнек кесілген ұшқатты
бекітеді. Мұндағы кесілген орынның ашық жеріне матаның бейнесі көрініп әр
беріледі. Жалпы алғанда жасандықтан табиғилықты артық көрген. Жоса, қына,
томар бояу тәрізді табиғи бояғыштарды қолданған. Әрине аумалы замандарда
бұрыңғы шеберлердің бояу, әрлеу әдістерінің көбі ұмтылған, себебі толық
деректер жинақталмаған. Зерттеулер бойынша, ұсталар жосаны бір тәулік жылы
суға шылап ерітіп, ағашқа жағып соңынан ірі қараның баурымен ысқылайтын
болған. Бояудың көшпеуі үшін жосаға, томар бояға ашутас қосқан. Жосаланған
ағаш қызыл-қоңыр түске еңіп тартымды рең ашады.
Қына мен жоса лак тәрізді жалтылдап, көзді қарып тез жалықтырмайды. 
Дегенмен оюлы ағаш өңін өзгерту , ылғалға шыдамдылығын арттыру үшін морилка
тәрізді дайын бояғыштарды, сондай-ақ ішінарамайлы бояуды қолдануға
болады.Темпера –майлы бояудың бір түрі , темперамен боялған ағаштың бетіне
міндетті түрде лак жағуымыз керек. Себебі , темпера сумен араластырылып
жасалатындықтан сыртқы ортаның әсерінен ағаш бетіндегі бояудың өңі кетіп ,
түсіп қалуы мүмкін.
1.3. Ағашты өңдеу мамандықтары туралы мәлімет
Қазір ағаш ұқсату шеберлігімен шұғылданатын мамандықтардың түрлері көп.
Әдетте қазақ халқы ағаш ұқсатумен айналысатындарды үйші, оймашы, балташы,
тоқушы деп шартты түрде төртке бөлген.
Үйші деп негізінен киіз үйдің сүйегін, яғни кереге, уық, шаңырақ жасайтын
қолөнершілерді атаса, міндетті түрде бетіне өрнек салатын жастық ағаш ,
жүкаяқ, төсек ағаш, кебеже тәрізді үй-іші, мүлкі аяқ-табақ оятын іскерлерді
оймашы деп атаған.
Ағаш құраумен, қайық, арба, шана жасаумен кәсіп етушілерді балташы десе,
балық ұстау үшін т.б.түрлі шаруа қажетін өтеу мақсатымен себет, шынта
шарбақ өрушілерді тоқушы деп атаған. Алайда бұл бөліңістің тиянақты шегі
жоқ, себебі өмірде балташы үйшілікпен, ал үйші тоқушылықпен немесе тоқушы
оймашылықпен қатар айналыса берген. Сондықтан ежелгі ұғымды, ағаш ұқсату
ісімен шұғылданатын шеберді ұста деп атаған.
Ал ұсталар айналысатын кәсібінің басты ерекшелігіне орай темір ұстасы ,
ағаш ұстасы болып бөлінеді. Бұл бөлініске қарамастан , нағыз ұста , ұсталық
өнердің жоғарыда аталған екі түрінде жете меңгерген. Сондықтан оң
саусағынан өнер тамған әмбебап шеберді ғана халық ұста деп атаған. Халқымыз
айтулы ұсталар соққан заттарды кие тұтқан. Атап айтқанда , қас шебердің
қолынан шыққан заттарды ырым етіп іліп қою бүгінге дейін сақталған.
Еліміздің нарықтық қатынасқа көшуіне байланысты қазіргі кәсіптік техникалық
мектептерде әмбебап ұсталар даярлау қолға алынды. Олар ағаштан, темірден ,
басқада конструкциялық материалдардан әшекей бұйымды жасауды үйренеді.
Сонымен қатар 2-3 жыл ішінде ұсталық өнердің 3-4 түрін меңгереді.
1.4. Бұйым жасауда қолданылатын ағаштың түрлері , қасиеттері
Ағаштың түрлері
Бұйым жасау барысында ағаштың бірнеше ағаштардың түрлері қолданылады. Ақ
қайың - түрі ақ. Аққайыңның шпон кесіндісі саз аспаптар жасау саласында ою-
өрнекке, әшекейлерге қолданылады. Ағаштың құрылысы кейде біркелкі жылдық
салалары шағылыс арқылы бәсең көрініп , кейде сарғыш қоңыр көзге едәуір
ілініп тұрады. Қайың жалпы біртектес түс береді , пышақпен жақсы өңделеді ,
өте тығыз ағаш , бояуды жақсы қабылдайды. Боялғаннан кейін қызыл тектес
ағаштың бейнесін елестетеді. Мысалы: жаңғақ, қоңыр үйеңкі т.б.
Емен-көлденең кесіндісінен өте айқын бірден көзге түсетін ағаш сақиналары-
ның бейнесін байқауға болады.Ағаш өзектерінің каналдары , өзек ұшқындарыда
басқа ағаштарға қарағанда ерекше байқалады. Көлденең кесіндісінен өзек
ұшқындарынан басқа тағы жіңішке ашық сызықтарды байқауға болады , ал
тангентальды кесіндіден ол сызықтар қара-қоңыр болып көрінеді. Ағаштың түсі
ақшыл-сары немесе сарғыш-қоңыр , сұр және жасылдау көлеңкені елестетеді.
Емен ағашы өте қатты , тығыз және өте қиын кесіледі , бояуды жақсы
қабылдайды , ластағаннан кейін түсін өзгертпейді. Бұйым жасауда өте кең
қолданылады , өте құнды ағаш.
Қарағай-қылқан жапырақты ағаштың тобына жатады. Бұрыңғы Кеңес Одағы жерінен
1,6 бөлігін алып жатыр. Көлденең кесіндісі ашық күлгін,ал көктемгі түсі ақ
сарғыш болып келеді,өзек сақиналары қызыл  сары жолақтарымен көзге
түседі.Жалған өзек көрсеткен  кезде  ағаштың  түсі көшпелі  ағаш
салаларымен ерекшеленеді.Ағаш жеңіл,оңай өңделеді,бояды жақсы
қабылдайды.Өндірісте өте кең көлемде қолданылады.
Шырша-ақ түсті срағыш және оның  көлденең кеспесінен жылдық сақиналары 
әзер көрінеді.Кіші бұтақ түбірлері  өте көп.Физика-механикалық қасиеті
қарағайға  қарағанда өте төмен.Құнды ағаштар  қатараына жатады.
Көктерек – түрі сүттің бетіндей,жұмсақ әрі жеңіл біртектес тығыз ағаш.
Ақшыл-жасыл,көгілдір түсті көлеңкені көрсетеді. Ағаштың беті женіл, жұмсақ,
жылтыр, сарғыш шағылыс береді. Жылдық сақиналары онша көрінбейді, тек
сарғыш-қоныр түспен көзге ілінеді. Бұйым жасауға өте  қолайлы,жақсы 
майысады, онайшылықпен сынбайды. Бұл ағашты негізінде боямаған жөн,
лактағанда өз түсін өзгертпей қалдырады да әдемі,әсем көрініс беріп тұрады.
Құнды ағаштың бірі болып есептеледі.
Қарағаш - әсіресе тангентальды кесіндісінде үлкен өзекті  каналдармен
жылдық сақиналарымен, анық айқын түсімен ерекшек көзге түседі және өте ірі
күрделі көрініс береді. Толқынды келген ағаш сақиналары  және өзек
ұшқындары басқа ағаштарға қарағанда өте ерекше шағылысып  тұрада,ағаштың
түсі қызыл-қоңыр болып келеді,әрі жасыл-күрең немесе көкшіл шағылыс
байқатады. Бұл ағаш өте қатты,тығыз әрі жақсы өңделеді. Бұйымдарға ерекше
бейне беріп,өзінің құрылысымен сәнді  көрінеді. Саз  аспаптарынынң  барлық
түрлеріне кенінен  қолданылды.
Шетен- түсі ақшыл және күлгін сары түсті көлеңке береді.Көлденең
кесіндісінен қорек өткізетін  дөңгелек  каналдарын,айқын  көруге 
болады,өте мықты және қатты болып келеді.Ұзыныннан кесілген ағаштың
құрылысын жылдық сызықша,қара,қоныр сақиналарынан анық көруге болады. Оңай
қесілмейді,бұл ағаш емен ағашына ұқсас, жақсы  майысады, сынбайды. Құнды
ағаштар тобына жатады.
Самырсын - берік, мықты, қылқан  жапырақтары да, бұтақтары  да қаллың
өсетін  ағаш. Діңі сарғылт  қызыл түсті, кепкен кезде  көлемін 
жоғалтпайды, жылдық сақинасы айқын көрінеде, жақсы кесіліп ойылады.
Қолөнерде және мүсін оюга, музакалық аспаптар жасауда  кеңінен 
қолданылады.
Майқарағай - сыртқы түрі пішіні, жеңілдік, жұмсақтық қасиеттері  шыршаға
ұқсайды. Діңінің  қиығында жылдық сақиналары  біркелкі екені аңғарылады.
Беріктігі нашар, тез жарылып,кепкен кезде майысып кетеді. Сондықтан
тұрмыста аз қолданылады.
Балқарағай - көп  өмір сүретін ағаштардың қатарына жатады.Қарағай мен
шыршаға қарағанда биік, қатты, діңі қызыл қонырқай түсті,жылдық  сақиналары
айқын,анық көрінеді.Бұл ағашты жоғарыда айтылған  тұрмыс жағдайлардың
бәрінде қолданылады.Сонымен қатар токарлық жұмыстарда кеңінен  қолданылады.
Карелия қайыңы – ақшыл сары  түстес келеді,күлгін немесе ақшыл  қызыл,кейде
қоныр көлеңке бейнесін елестетеді.Ағаштың  құрылысынан,яғни  оның көлденең
кесіндісінен ұзынша  - қысқалау , ашық қоныр түсті  сызықшаларды
байқаймыз.Бұл ағаш мықты әрі қатты,құрғақ кезінде өндеуге және кесуге
қиындау.
Ақ түсті  акация – бұрынғы Кеңес  Одағына Оңтүстік Америкадан
әкелінген.Оның жалпы бейнесі сарғыш  түстен жасыл  қоныр түске дейін немесе
сарғыш қоныр болып келеді, ол өзінің көлденең кесіндісінде  әдемі  көз
тартарлық , жылдық салаларымен көрініс  береді.Жылдық сақиналарының ерте
аймағы  көзге  айқын көрінеді,ал кеш жетілетін табалдырық аймағы,сызықша
болып, көзге бірден ілінбейді немесе кішкене  сызықша,нүкте  ретінде
көрінеді. Ал жіңішке өзек  ұшқындары жібектің  шағылысындай жарық беріп
тұрады.Бұл көріністерді көлденең кесіндіден  аңғаруға  болады.
Ағаш өте  қаттылығымен,мықтылығымен  бағаланады.Өте қиындықпен
кесіледі,бояуды  жақсы  қабылдайды.
Ағаштың қасиеті
Бұйымға материалды тандау ісі өте үлкен жауапкершілікті талап
етеді,өйткені  оның әсемдігі  төзімділігі, ұзақ пайдаланылуы  және
құндылығы  таңдап алынған материалға байланысты. Мысалы: бесік, әшекей
сандық, асадал т.б.ою арқылы ойылып  жасалатын бұйымдарға бүтіндей ағаш
өңін бұзбаған  материалдар болуға  тиіс.
Көрмемделіп өңделетін ағаш бұйымдарын таңдай білу үшін сол бұйымдарды
жасауға қажет матнриалардың қасиеттерін жақсы білуі керек.
Ағаштың  химиялық қасиеті. Ағаш  бірнеше органикалық заттардан:көмір
қышқылынан,сутегі,оттегі,және белгілі бір мөлшердегі азот қышқылынан
тұрады.Қаңырап кепкен ағаштың құрамында: 49,5% көмір қышқылы; 44,2% оттегі
мен азот; 6,3% су болады
Ағаштағы азот қышқылы 0,12% қана.Ағаштың құрамында органикалық заттар да
бар, олардың құрамы 0,2-0,7% аралығында.Күлдің құрамында тұз
қышқылы,кальций,натрий,магний бар. Олар күрделі органикалық заттар. Қаңырап
кепкен ағашта 90-95%с алмақ  құрайды. Органикалық заттардың құрамы ағаштың
түріне байланысты әр түрлі болады.
Қылқан жапырақты ағаштың құрамында орта есеппен: 48-56% целлюлоза; 26-30%
лигнин; 23-26% гемицеллюлоза; 10-15% пентазон; 13% гексозон болады.
Ал жалпақ жапырақты ағашта:46-48% целлюлоза; 19-25% лигнин; 26-35 %
гемицеллюлоза; 20-23 % пентазон; 3-6 % гексозон болады.
Ағаштың физикалық қасиеттері. Ағаштың физикалық қасиетіне оның сыртқы
көрінісі , ылғал , суық және жылу өткізгіштігі , дыбыс беру мен электр
тоғын өткізу қасиеті жатады. Бұл жағдайда оның түсі мен жылтырлығы , иісі
ескеріледі.
Түр түсі. Бұл қасиетті қолөнерші шеберлер мебель, ыдыс-аяқ және т.б. заттар
жасағанда ескеріп пайдаланады. Ағаштың сыртқы түрі, оның климаттық және
қандай жерде өскеніне, жасына байланысты өзгеріп отырады. Жас ағаш
әрқашанда ақшыл болады. Әр ағаштың жеке-дара түрі , түр-түсі, өзіне тән
иісі болып , табиғатта ақшыл түрден бастап қызыл, қара түрлерге дейін
кездеседі. Көктерек, қайың, жөке ақ болса, алма, емен, қоңыр, сұрғылт түсті
болып келеді. Осы ағаштардың өздерін бояулар , морилкалар арқылы басқа
түске өзгертуге болады.
Ағаштың жылтырлығы әбден кепкен, айнадай болып тазарғанда көрінеді. Бұл
құбылыс таза ысқыланып жасалған заттарға жарық сәулесі түскен кезде жақсы
байқалады. Жылтырауық қасиеті ағаштың негізгі тегі мен қаттылығына
байланысты. Емен, шамшат, шаған ағаштарынан жасалған бұйымдар өте әдемі
және жылтыр болады, ал лак ағаштың осы қасиетін күшейте түседі. 
Ағаштың табиғи сүрегі-ағаштың бұл қасиеті оның арамен ұзынынан кескеннен
кейін кептіріп, тазалап, ысқылап, май жаққан қезде өте жақсы  көрінеді,
оған бір ерекше көркемдік сән береді. Бұл  сүреттің бәрі жылдық
сақиналардың сәл көлбеу кесілуінен ерекше  әдемілене түседі. Неғұрлым 
ағаштың жылдық  сақиналары бірдей болмай қисық  жасалған  заттың өң-түсі 
өрнек-оюсыз-ақ  ерекше құлпырады.
Қылқан жапырақты жұмсақағаштардың кесінділерінің табиғи сүректерері  өте 
қарапайым, ал жай жалпақ  жапырақтың  табиғи сүреті  күрделі және
қайталанбас таңбалармен берілгендігін байкаймыз.
Ылғалдылық қасиеті - ылғалды  ағаштардың салмағы мен кепкен ағаштардың
салмағын салыстыру үшін мынадай түсініктемелер беруге болады. Мысалы: көп
уақыт суда жатқан ағаштың ылғалдылығы 100%. Жаңа кесілген ағаштың
ылғалдылығы 50-100%. Көп уақыт ашық  ауада кепкен құргау ағаштың
ылғалдылығы 15-20%. Бөлме температурасында кепкен ағаштың ылғалдығы 8-10%.
Қақсып кепкен ағашта - 0 %.
Ылғал өткізу түтікшелері ағаштың кебуіне іштен сыртқа  қарай  булануына 
әсер етеді.Бұл  жағдайлар  өткізу  түтікшелерінің  өлшемдеріне  байланысты.
Ылғал сіңіру деп ағаштың  қоршаған аймақтан ылғалды  сіңіру қасиетін
айтамыз.Ылғалданған ағаш  гигроскопиялық  жағдайға   жетеді. Гигроскопия 
дегеніміз-ауадағы ылғалды сіңіру нәтижесінде қатты материалдың өз құрылымын
өзгерту қасиеті. әр ағаштың  гигроскопиялық жағдайы әр түрлі 
болады,мысалы  еменде  тербеліс 23%,ал  шамшатта  31% дейін  жетеді.Ылғал 
сіңіру ағаштың жағымсыз  қасиеттерінің  қатарына  жатады. Ол үшін ағашты 
лакпен ,бояумен,олифпен,шайырмен  немесе  жасанды  шайырмен  қаптайды.Бұйым
жасауға  арналған  ағаштарды  кептіргенде,жарылып  кетпес  үшін көлденең
басына  балшық  болмаса  сиырдың  жас тезегін жағып,не қағаз желімдеп 
қойған жөн. Тез кебетін  ағаштарға  шамшат ,қайың,алма;орташа  кебетіндерге-
шырша,балқарағай  жатады.
Ағаштың механикалық  қасиеті.
Ағаштың механикалық қасиеттері жан-жақты, олар өздеріне әсер еткен әр түрлі
күштерге қарсы тұра алады. Ағаштың негізгі механикалық қасиеттеріне мыналар
жатады: беріктік, қаттылық, шыдамдылық, мортсынғыштық, иілгіштік,
былқылдақтық.
Беріктік деп оның сыртқы  механикалық  күштерге  қарсы тұра алып,бұзылмай
өзінің  пішіні мен түрін сақтауды  айтады.
Ағаштардың балта, шаппашоттың  не басқа  күштердің  әсерінен қақ бөлінуін,
болмаса  жаңқаға айналуы-беріктіктің белгісі.
Ағаштың қаттылығы шыдамдылығы, сынып-тарылуы бір-бірімен тығыз
байланысты,бір-бірінен  ажыратып бөліп қарау өте қиын; не ескермеу өте
қате. Қаттылық  пен  беріктік  өзаратығыз байланысты. Ағаш кепкен сайын
қатая, беріктене түседі.
Қаттылық пен беріктік үш топқа бөлінеді:
1. Жұмсақ  ағаштың  беріктігі, қаттылығы аз (540 кгкуб.м.) Олар қарағай,
шырша, көктерек, тал, қаратерек, балқарағай, жөке.
2. Беріктігі, Қаттылығы орташа ағаштар (550-740 кгкуб.м.) олар:
балқарағай, қайың, шегіршін, алмұрт, шаған, алма, емен.
3. Өте берік, қатты ағаштар (750 кгкуб.м.) Олар: аққараған, акация,
шамшат, қызыл град.
Ағаштан басқа да механикалық қасиет байқауға болады. Мысалы: оың 
иілгіштігі,морт  сынғыштығы. Бұл қасиет жас шілікке, талға, қайынға,
терекке тән.         
Ағаштың механикалық қасиетіне ұзына бойымен және көлденеңінен созғандағы
мықтылық шегі жатады.
Рет саны
Ағаштың түрі
Ұзынынан созу кезіндегі ағаштың мықтылық шегі Мнкв.м (12% ылғалдылықта)
Көлденеңінен созу кезідегі ағаштың мықтылығы Мнкв.м (12% ылғалдылықта)

1.
Сағыз қарғай
125,0
5,4

2.
Қарағай
103,5
5,2

3.
Шырша
103,0
4,3

4.
Майқарағай
67,0
3,9

5.
Қайың
168,0
10,8

6.
Шетен
145,0
3,7

7.
Қызыл қайың
141,0
12,8

8.
Көктерек
125,5
6,9

9.
Шамшат
123,0
12,1

10.
Жөке
121,0
6,9

1.5. Ағашты көркемдеп өңдеуде қолданылатын  құрал–жабдықтар.
Ұсталар  ағашты  кесу  жұмыстарында  ара  мен  балтаны, шабу  ісіне  түрлі 
шоттарды (шаппашот,тесешот,ойыс  жүзді  шот), тегістеу,типылдау үшін
-үстіртті, қырғыны, жонғыны, түрпіні, ішінара қашауды, ойып  өрнек  салу 
үшін  бәкіні,пышақты-  ойма  пышақ,қуыс  құрақ,  қашау, тесу   үшін –
бұрғы  мен  үскіні  пайдаланған. 
Әдетте  ұсталар  өзіне  Қажетті  құрал-жабдықтарды  өздері    жасап 
алатын.Кәзір  ағаш  өндеу  механикаланған. Механикаланған  құрал-сайманға 
электр  ара, электр  сүргі, электр  бұрғы, элетрлік  және  пневматикалық 
ажарлау  аспаптары жатады.
Жинақталған  кескіш  бәкілермен  қатар  метірлік  өлшегіш,сызғыш,ішкі 
өлщеуіш,деңгейлік  рейсмус  деп аталатын  өлшеу-белгілеу аспабы,ұста
балғасы,ағаш балға,қысқаш, іскенже, егеу тәрізді  көмекші  аспаптар  да 
қажет.
Ағаш оюға  қажетті  ең  басты құрал - қашау (стамеска).
Қашау,тік  жүзді  қашау,құрсақты  қашау (құрсақ  ауқымы, яки  жүзінің
доғалық  шенбері түрліше бола  бреді), бұрышты  қашау (жүзі 
үшбұрышты,т.б.), қиғаш  қашау  (жүзі  қиғаш) болып  бөлінеді.
Ою ойған кезде әрбір құралдың өз мүмкіндігін ескермей  болмайды. Қашаудың
ұзындығы 80-120 мм.,жүзінің  ауқымы 2-3мм-ден 40-50 мм-ге дейін болғаны 
ыңғайлы.
Ағаш материалдарын қарапайым өңдеу үшін балтаны, қашауларды, сүргілерді,
бұрғыларды, балға түрлерін пайдаланады. Ал материалды көркемдеп өңдеуге
арнайы дайындалған құрал түрлерін қолданады. 
Желімдер түрлері
Қазіргі уақытта желім түрлеті көбейді. Бірінші түрі сұйыққа араластырылып,
от немесе энергия арқылы ерітіліп дайындалса, екінші түрі заводтарда
өңдірілген дайын сапалы желімдер.
ПВ-2 желімі ешқандай отты не жылытуды талап етпейді. Желім жасау түрлері.
Ағаш желімін біркелкі етіп майдалайды да, суда 10-12 сағат жібітеді.
Желімге 10 проценттей сірке қышқылын қосқанда ылғал. Әсеріне төзімді, ал 1-
2 процент калий бихроматын қосқанда суда тіпті ерімейтін болады. Енді осы
желімді аздап хромдаса, әйнектіде желімдеуге болады. Оған 3 проценттей
глицирин қосылса сапасы жақсарады. Егер 600 г ағаш желіміне 50 г бидай
крахмалын, 10г қарағай шайырын қосса аллюминийден жасалған қаңылтырды
желімдеуге болады. Сұйық желім. 4 г қант, 1г сөңдірілген әк 12 мл суда
ерітіліп, 1 г ағаш желімі қосылып, ертеңіне 10-15 минут қайнатады.
Қауіпсіздік ережелері
1. Жұмыс жасайтын үстелін қозғалмауы қажет
2. Құралдарды шашпай ұқыпты қолдану керек
3. Жұмыс істегенде халат пен бас киімді киіп жүру қажет
4. Станокты қолданғанда міндетті түрде жетекшінің рұқсатымен қосу қажет
5. Станоктарды қолданып болған соң тазалап жүру керек
6. Шеберхананың құралдарын жан-жаққа тастамай бір жерге сақтау қажет
7. Араны, тағыда басқа үткір заттарды тістерін кері қаратып қою керек
8. Араның жүзін жоғары көтерме
9. Қасындағы кісіге араны үшкір затты сілтеме
10. Пышақты екінші кісіге сабын ұсын
11. Араның жүзің алақанмен сипама
12. Араның жүзің өзіне қарай бағыттама.
13. Жүзі өткір, тістері қайралған араны қолдан
1.6. Мектепте ағашпен жұмыс істеуді үйрету.
Мектепте ағашпен жұмыс бастауыш сыныптардан бастап оқытылады. Алғашқы
сыныптарда жалпы ережелер, құрал – жабдықтар жөнінде айтыла отырып, өңдеуге
оңай материалдармен жұмыс жасатылса, жоғарғы сыныптарда күрделі жұмыстар,
түрлі қолмен өңдеу құралдары арқылы және станоктар арқылы жасатылады. Мысал
ретінде төмендегі сабақ жоспарын алуға болады. 

Пәні:
Технология 

Сынып:
5

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы:
Бесік үлгісін құрастыру

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:
А) Ақпараттық құзыреттілік.

Ә) Коммуникативтік құзыреттілік.

Б) Проблеманы шешу құзыреттілігі.

Сәндік қолөнердің бір түрі бесік жөнінде ақпарат беру, бесік туралы
білімдерін қалыптастыру. 

Қазақ халқының тұрмысында ерекше орын алатын қолөнер түрі, бесік жасауды
оқушыларға меңгерту. 

Бесік үлгісін жасау барысында технологиялық операцияларды орнымен қолдана
білуге машықтандыру, ізденіс жұмыстарын жүргізе білуге баулу.

Сабақтың типі:
Аралас 

Сабақтың әдісі:
Ауызша, көрнекілік, практикалық 

Пән аралық байланыс:
Бейнелеу өнері, қазақ тілі, әдебиет, тарих

Қажетті материалдар және құралдар:
Қатты қағазда, үлгі, қарындаш, сызғыш, қайшы, пышақ

Сабақтың барысы:
Мұғалімнің қызметі 
Оқушының қызметі
Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі 
Оқушылармен амандасу, зейіндерін сабаққа аудары
Мұғаліммен амандасып, сабаққа дайындалады.
Сабаққа дайын болады, зейінін сабаққа аударады

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
Жаңа сабақ тақырыбын хабарлай отырып, бесік жөнінде түсіндіру. Бесік  -
нәрестені бөлеуге  арналған ағаш төсек. Ол көшпелі ғұмыр  кешкен 
бабаларымыздан  қалған қасиетті  мұра. Қазақта: Ел болам десең бесігінді
түзе, Есік көргенді алма, бесік көргенді ал, Бесік көрмеген ессіз
болып, есікке енеді деген ұлағатты сөздер бар.
Мәдени мұраларымыздың  бірі бесік – ұлттық өнеріміздің  туындысы, 
салтыфмыздың жұрнағы, ұлттық  тәрбие құралы. Көшіп – қонып  жүрген
халқымыздың ғасырлар бойгы  жинақтаған тәжірбиесінен  туындаған уақыт,
заман  сынынан  сүрінбей  өткен,  киелі  бесіктің  өзіндік ерекшелігі 
де,тұрмысқа  бейімділігі  де бала өміріне пайдалылығы  да  орасан  зор.
Қазақ, қарақалпақ, қырғыз, ұйғыр халықтарында бар, тек жасалуы  жағынан
түрліше. Қазақ бесігі бірнеше  бөлшектерден  тұрады:
бөген- бесіктің екі  ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпустық жиһаз
Қазақтың қолөнер - мәдениеті
Қазақтың қолданбалы өнері
ҚАЗАҚ - МОҢҒОЛ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ СӘНДІК- ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТУЫНДЫЛАРЫҢДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІ ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕПЗДЕРІ
Ағаш шеберлігін үйрету әдістемесі
Ағаштарды қолөнерде пайдалану
Ұлттық қолөнерге баулудағы халық педагогикасының мәні
Сәндік қолданбалы өнер элементтерінің негізіндегі көркем қол өнер технологиясы
Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру ( 5-сынып )
Зергерлік бұйымдар сыры
Пәндер