Ұлттық өнердің өзіндік ерекшеліктері. Қазақ өнеріндегі оюлардың негізгі атаулары мен түрлері



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4

І. Бөлім. Ұлттық өнердің өзіндік ерекшеліктері
1.1. Қазақ өнеріндегі оюлардың негізгі атаулары мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-8

1.2. Халықтық өнер шеберлерінің шығармашылық жұмыстарының
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .8-12

ІІ. Бөлім. Еңбекке баулу сабағында оқушыларға текемет ою өрнектерінің
үлгілерін қиып жапыстыру тәсілдерін үйрету
2.1 Текеметке ою салуда үлгілерді киып оны желімдеп құрастыру жолдарын
үйрету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13-17

2.2 Ою - өрнек элементтерін шеңбер ішіне салудағы жаңа технологияларды
пайдалану жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18-22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...23

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..24

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Кіріспе
Қазақ халқының қол өнері қалық тұрмысында жиі қолданатын өнер жиынтығы
болып табылады. Қол өнер түрлері әр бір халықтың өмірі мен қоғам тарихымен
тікелей байланысты дамып отырған. Ал, қазақ халқының қол өнерінің даму
сатысы, өзіндік даму тарихы бар. Әр бір қол өнер түрлері жасалу тәсіліне,
қолдану мағынасына және ерекшелігіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
Мысалы: Өру, тоқу, кестелеу, тігу, мүсіндеу, әшекейлеу, ұлттық киімдер,
зергерлік өнер, ағаш бұйымдар, құрастыру сияқты түрлері
кеңінен тараған.
Халқымыздың өнегелі мәдениеті үлгілерінің бірі – еңбекке баулу қаншама
дәуірдің тарихи ағымымен бірге жасап дамып келеді. Қазақ халқының өмір
тұрмысына тереңдей үңілсек, мәдениет дәстүрінің үзілмей бүгінгі ұрпаққа
жетуіне бірден-бір себеп халықтық педагогика.
Өзінің тәрбиелік мәнін бүгінге дейін жоғалтпай келе жатқан көркемдік
педагогиканы, қазіргі таңда мектеп өміріне енгізу, бейнелеу сабақтарында
қолдану заман талабына айналып отыр.
Орта Азия мен Қазақстан жері мәдениеті дамыған өркениет орталығы
болғандығы көпшілікке мәлім. Сыры кетседе, сыны кетпей сақталып келе жатқан
әсем ғимаратттар, тас мүсіндер, сарайлар, халықтың тұрмысында қолданылған
сәндік қолданбалы өнердің інжу-маржандары жастардың көркемдік талғамын
дамытуға дәнекер болғаны сөзсіз. Бұл жерде айта кететін өкінішті жағдай –
көшпелі еліміздің көркем мәдениетін жас ұрпақтың игілігіне пайдалану
кешеуілдеп, оларды мектеп оқушыларына көркемдік білім мен әсемдік тәрбие
беру бағдарламасынан тыс қалуы. Бұл көмекші құралдарға ұсталған бағыт жас
ұрпаққа халықтың мәдени дәстүрін бастауыш сыныптардан бастап таныстыру, ата-
бабамыздың тұрмысында жиі қолданылған заттарды салып үйрету, олардың
формасымен, түр-түсімен т.б. көркемдік ерекшеліктерімен таныстырудың әдіс
тәсілдерін көрсету.
Біз бұл еңбекте бірінше кластағы бейнелеу өнері сабақтарын ұлттық
көркем мәдениеттің негізінде өткізу жолдарына назар аудардық.
Қазақ мектептердің ұсынылып отырған тұңғыш методикалық құрал
болғандықтан, кемшіліксіз деген ойдан аулақпыз. Алайда сіздердіңқиын да
күрделі педагогикалық қызметіңізді жеңілдетуге сәл де болса септігін
тигізсе, автордың ойлаған мақсатына жетеді.
Курстық жобаның мақсаты: Еңбекке баулу сабағында оқушыларды ұлттық
қолданбалы өнердідұрыс дәріптеуге ою - өрнектердің шығу тарихы мен
таныстырып жаңа технологиялық әдіс тәсілдерді қолдану.
Зерттеу міндеттері: Қазақ халқының қол өнерін, ұрпақтан ұрпаққа
жалғастыру, оларға сәндік қолданбалы өнерді жаңа әдіс тәсілдерді түсіндіру.
Зерттеу объектісі: Ұлттық сәндік қолданбалы өнерді безендіру
жұмыстарын жұргізуде оқушылардың белсенділігін арттыру.
Зерттеу пәні: Еңбекке баулу әдістемесімен
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдістемелік журналдар, сызбалар, ою өрнектер
эскиздері қол өнер туындылары.
Курстық жобаның құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
қосымша және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Бөлім. Ұлттық өнердің өзіндік ерекшеліктері
1.1. Қазақ өнеріндегі оюлардың негізгі атаулары мен түрлері
Еңбекке баулу – жас өспірім оқушылардың еңбекке деген ынтасын
жетілдірудегі, ойлау қабілетін арттырудағы орасан зор негіз болып табылады.
Қазіргі заман ағымына қарай балаларға еңбек сабағында экологиялық,
экономикалық, эстетикалық білім берубасты міндет болып табылады.
Ғылым, білім, өнер, әдебиет салаларында болсын, ауыр және жеңіл
өнеркәсібі, ауыл шаруашылық салаларында болсын елге есімдері әйгілі
қайраткерлеріміздің қай – қайсысы болмасын қажырлы еңбектің арқасында осы
дәрежеге жетіп тыр. Сондықтан, қандай іс болмасын, оны бастамас бұрын адам
өз бойындағы қасиеттері мен қабілеттерін еңбек арқылы көрсетіп, оның
рақатына бөленетінін мектеп табалдырығынан бастап біліп өсуі қажет.
Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек,одан
соң күш керек, одан соң тәртіп керек, деген ұлы жазушымыз М.Әуезовтың дана
сөзі бар.
Үшінші сынып оқушыларының еңбекке қабілетін, талғамын, іскерлігін
арттыру мақсатымен Еңбекке баулу оқулығы мен Еңбекке баулуға арналған
дидактикалық материалдар ұсынылып отыр. Балалар осы құралдарды қолдана
отырып, түрлі жұмыстарды өз бетінше орындай алады.
Бұл олардың қандай істі болса да атқара алатындықтарына деген сенімін
арттырады. Еңбекке деген ықыласы мен ынтасын,талабын ұлғайтады. Сондықтан,
Еңбекке баулу оқулығында еңбек түрлері бірнеше тарауларға бөлініп
ұсынылып отыр. Олар:
Өзіне - өзі қызмет ету.
Ауыл шаруашылығы еңбегі.
Техникалық еңбек.
Көркем еңбек.
Сонымен қатар, әр тарауларда түрлі құралдар пайдаланатындықтан
еңбектің техникалық қауіпсіздігін сақтау ережесі ескерілген. Үшінші сынып
оқулығы 1-2-сынып оқулығының күрделірек жалғасы болғандықтан, еңбектің
түрлері де күрделендірілген. Оқулықта 3-сынып оқушыларының еңбектің
түрлерімен таныса отырып, оны өздерінің іске асыруы және оларға соның
нәтижесін көрсетеу көзделген.
Еңбекке баулу сабағының құрылымы оның мақсатымен, тақырыбымен,
мазмұнымен, балалардың білімінің даму деңгейімен және мектептің жағдайына
байланысты анықталады. Кеңінен таралған сабақ беру құрылымы, бастапқы төрт
кезеңнен тұрады:
1) ұйымдастыру кезеңі;
2) жаңа сабақты түсіндіру кезеңі;
3) сарамандық жұмыс;
4) жұмысты бағалау және талдау жасау кезеңі.
Еңбек сабағының құрылымын тереңірек қарастырайық.
1. Еңбек сабағы құрал – жабдықтарды қолдану арқылы іске
асыратындықтан, ең алдымен өтетін сабаққа байланысты, алдарындағы
құралдарды тексеруден бастайды. Дәріс кезінде әрдайым артық құрал болуы
тиіс, өйткені оқушылардың құралдары түгел болмаған жағдайда таратып
бергенге ыңғайлы. Мұғалім оқушылардың сабаққа тегіс дайын екендігіне көзі
жеткенде ғана сабақты бастай алады.
2.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі - әңгімелесу, көрсету арқылы
жүргізіледі. Бұйымның үлгісін көрсету кезінде ол несімен балаларға
ұнағанын сұрайды. Содан кейін сабақтың мақсатын анықтайды. Әңгіме – сұхбат
кезінде балалар жасалатын бұйымға қандай материалдың қанша мөлшерде керек
екенін анықтайды. Қандай құрал саймандар қолданылатынын, қандай ретпен,
әдіс- тәсілмен орындайтынын белгілейді.
3. Сарамандық жұмыс басында айтып кеткендей, сабақтың 75 пайызын
қамтиды.
Ол балалардың өз бетінше жұмыс жасайтындығымен құнды.Өз бетінше жұмыс
жасау кезінде мұғалім мүлдем жұмыс процесіне қатыспау керек деген ойдан
аулақ болуы керек. Мұғалім әр оқушының жұмысының сапасын қадағалап, оларға
көмек көрсетеді.
Сабақ барысында мұғалім оқушының жіберген қатесін көрсетіп, қосымша
сол қатені қалай түзетудің жолын түсіндіреді. Бұл жағдайда мұғалім оқушының
жіберген қатесін түзетіп бермейді, керісінше өзінің орындауын қадағалайды.
Оқушылардың шығармашылық өнері сарамандық жұмыс кезінде
айқындалады. Олар еңбек өнімін құрастырып, бағдарлап, жұмыс орнын ретімен
әзірлеп, технологиалық операциаларды жүргізіп, өзін-өзі сынайды. Оқушының
өзіндік шығармашылық жұмысына берілген тапсырма барлық оқушыларды
қызықтыратын деңгейге жеткен жағдайда ғана іске асады.
Әр сабақтағы жаңа тапсырма алдындағы сабақтың кейбір элементін
қайталай отырып, келесі бір жаңа дүниені жасауға жетелеуге тиіс. Сонымен,
сарамандық жұмыс кезінде әр сабақ жаңа білім мен білгірлік енгізе отырып
ұйымдастырылады. Сарамандық жұмыстың негізгі бағыты ол оқушылардың
шығармашылық жұмысын сынап, мектеп көрмелерінде көрсету, жарыстарға
қатынастыру болып табылады. Сонда ғана балалардың еңбекке деген ынтасы,
қабілеті артып, одан мұғалім де нәтежие көріп отырады.
4. Баға беру және талдау жасау кезеңі сабақтың ең соңында
жүргізіледі. Оқушының жұмысының нәтежиесін көбіне баға қою арқылы
қорытындылайды. Мұғалім баланың еңбектеніп жасаған бұйымын бағалау кезінде
оның ынта-ықыласын да жан жақты қарастыру керек. Сонымен қатар сынып
оқушылары жұмысты бағалау уақытында белсенділік көрсетеді, олар бұйымнын
кем-кетік жерін айтып, тиісті бағасын беру үшін үлкен көмек береді.
Мұғалім оқушының жұмысын бағалау кезінде келесі шарттарды ескеру
керек:
- бұйымның дұрыс орындалуы;
- жұмысқа бөлінген уақыт;
- оқушының білімі;
- еңбек тәсілін дұрыс қолдану;
- техникалық қауіпсіздік ережесін орындау арқылы.
Жалпы өнер дегеніміз – шындықты көркем бейне арқылы көрсететін,
әлемде эстетикалық игерудің маңызды тәсілінің бірі болып саналатын қоғамдық
сананың арнайы формасы мен адамның шығармашылық әрекеті. Өнер сұлулық заңы
бойынша қоршаған орта мен дамыту мақсаты, қоғам адамның болмысты рухани
меңгерудің түрі. Өнер өзінің тарихы дамуы барысында нақты өнер түрлерінде
шынаы өмірдің көпқырлығын бар байлығымен көрсете алатын жүйе ретінде
дамиды. Өнер бір рет пайда болғаннан кейін дами отырып, адамның әр жақты
қабілетін қалыптастырады, жетілдіреді, әлеуметтік іс әрекеттермен танымның
кез – келген саласында ғылымда болсын саясатта болсын, тұрмыста және
тікелей еңбекте де іске асырылады.
Оқушыда қоршаған орта деген өнегелі – эстетикалық қатынас
қалыптастыру, өмірдегі әр түрлі құбылыстардың өзіндік құндылығын түсінуге
тәрбиелеу: өз халқының өнерін, мәдениетіне сүйенетін, өзге халықтық көркем
мәдениетін құрметтейтін рухани жан дүниесі бай, әстетикалық тұрғыдан
дамыған тұлға қалыптастыру; нақты өнер түрлері арқылы практикалық білім,
білік дағдыларын қалыптастырып, іскерлігін, көркем – шығармашылық
қабілеттігін арттыру. Осыған орай, мынадай міндеттерді шешуі тиіс.
Қазақ халқының қол өнерінде халық қажетін өтейтін тамаша үогілер бар.
Өрмек тоқу (алаша, басқұр, бауқоржын) текемет басу сырмақ сыру, түс киіз
басу, ши орау т.с.с.
1. Ай, күн, жұлдыз аспан әлеміндегі өрнектер
Айшық, шеңбер, жұлдыз, шитай, төртқұлақ, шұғыла т.б.
2. Малға оның ізімен мүйізіне байланысты өрнктер (мүйіз, қос мүйіз, түйе
табан, өркеш, түйе мойын, тай тұяқ)
3. Құрт – құмырсқа мен аңдардың ізіне ұқсас өрнектер (өрмекші, ирек,
омыртқа, төртқұлақ т.б.)
4. Құстар, жер, су, өсімдік, гүл жапырақ бейнелі өрнектер (ағаш, жапырақ,
қаз мойын, үш жапырақ, өткізбе, шиыршық, гүл жауқазын т.б.)
Қазақ дүниеге келгелі бері тек қана ою-өрнектер ішінде өмір сүреді
(Марғұлан)
Қол өнер халық тұрмысында жиі қолданылатын өнер жиынтығы болып
табылады.Әрбір халықтың өмірімен, қоғамдық тарихымен тікелей байланысты
дамыған.
Қазақтың ою-өрнек деген сөзі (латынша орнамент) сәндеу, әсемдеу деген
мағынаны білдіреді.Осы сәндеу мен өсімдік белгілері геометриялық және
ғарыштық түрлердің үнемі ырғақты қайталанатын, орналасқан көркем өрісі ою
болып табылады.
Ою-өрнектің 4 түрі болады.
1 Хайуанаттық
2 Көгөрістік
3 Геометриялық
4 Ғарыштық.
Құстар мен жан-жануарларды ерте заманда ата- бабаларымыз суретті тасқа
қашап салғанын немесе киім-кешектеріне, ыдыс-аяқтарына, үй жиһаздармен ойып-
салғанына қысқаша мәлімет береміз.
Қазақ халқының бар өмір салты табиғатпен тағдырлас болған. Табиғат аясы
оның тіршілік ететін мекені болып табылады. Халық өзін табиғаттың
туындысы деп ұғынып оның байлығын көзінің қарашығындай сақтаған. Осындай
салт-дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа ана сүтімен беріліп, асыл мұра ретінде
жеткізіліп отырды.
Біздің ата-бабаларымыз — Майқы би, Бәйдібек би, Төле би, Қаз дауысты
Қазыбек би табиғатты, туған жерді қорғауға үндесе, ақындар мен жыраулар
табиғатты аялап жырына қосқан. Одан бері Абай, Мұхтар, Шәкәрім және кейінгі
жазушы-ағартушылар М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, І.Жансүгіров,
Б.Майлин, С.Сейфуллиндердің қалдырған тамаша туындыларының тақырыбы да
табиғаттың әсемдігі және оны қорғау туралы экологиялық тәрбие беруде.
Қазақ даласында болған саяхатшы жат жұрттық ғалымдар өз еңбектерінде
қазақ халқының табиғат сырын, құпиясын бақылай білу қабілетін, оған деген
қамқорлығын ерекше атап өткен. Мәселен, белгілі орыс ғалымы А.Формозов өз
еңбегінде "Қазақтардың 6айқағыш көзі табиғаттағы тіршілік атаулыны үнемі
бақылай отырып табигат туралы қызықты деректер мен тұжырымдарды
жинақтағаны" деп, аса жоғары бағалаған.
Кезінде қазақ даласын жаяу аралап оның байлығын әлемге паш еткен
геологиялық зерттеулердің атасы академик Қ.Сәтбаев бір сөзінде "Туған
жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп ол туралы ойланбаған жігітті
к,айтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат
бөгдө жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес" деп түйсе, ал өзінің
зерттеушілік қабілетімен Ресей гөографиялық қоғамының толық мүшесі болған
Жихангер ағартушы Ш.Уәлиханов "Табиғат, адам — олардан құпия не бар?" деп
толғанған.
Басқа ұлттар сияқты қазақтар да "киелі" деген сөзге үлкен мән берген.
Табиғаттың ерекше бір әсем жерлеріндегі көріністерін, мөлдір бұлақты,
кейбір жануарлар мен құстарды, әсіресе туз тағыларын киелі деп қастерлейді.
Аң мен құсты бейберекет ауламай, үркітпей қорғап отырған. Халық өздері
қастерлеген жерлерді "Әулиө бұлақ", "Әулие ағаш" деп атап келген. Ал
қарлығаш, аққу, ұлар, дегелек, т.б. құстарды жақсылықтың жаршысы, адамдарға
бақыт әкеледі деп ұясын бұзуға, оларды өлтіруге мүлдем рұқсат етпеген.
Қазақ халқы туған өлкөсінің табиғатын сүйе отырып, ондағы жануарлар мен
өсімдіктер әлемін де зерттей білген. Орман мен тоғайды, өзен мен көлді, шөл-
шөлейтті жерлер мен даланың тіршілік үшін қажеттігін, біртұтастығын
байқаған. Табиғаттағы барлық құбылыстарды бақылап, ауа райын, табиғат
апаттарын алдын ала болжап отырған.
Басқа ұлттар сияқты қазақтар да өздерінің ұрпақтарын табиғатты сүюге
тәрбиелеуде мақал-мәтелдерге көп көңіл бөлген. Сол арқылы жасөспірімдердің
табиғатқа деген сезімін оята біліп, оны сүюге, ал жат қылықтардан аулақ
болуға тәрбиелеген. "Жер-ана, ел-бала", "Жері байдың — елі бай", Күте
білсең — жер жомарт" деп жерді Анаға теңеп көркейтсе, "Тозған жерде
тоқшылық болмайды" деп жерді қорғауға шақырады.
Біздің жеріміз әлі де бай, әлі де шырайлы. Десе де, Арал, Балқаш,
Билікөл, т.б су айдындары мен орман - тоғайымыздың экологиясы қиын жағдайда
екені әлемге әйгілі. Бір кездегі бұл өңірлердегі қалың тоғай жұтаған, аң
мен құсы азайып, жануарлардың көптеген түрлері жойылып кеткен.
Табиғатымыздың осындай халге душар болатынын алдын ала сезген бабаларымыз
бен ғалымдарымыз да жоқ емес. Ертеде ит тұмсығы өтпейтін ну-тоғайда Ертіс,
Жайық, Сырдария, Іле, Шу, Ырғыз, Есіл, Нұра өзендері бойында көп болған. Ал
таулы жерлердегі қалың ормандар кең алқапты алыл жатқаны туралы деректер
көп. Мәселен, 1892 жылы А.Құнанбаев Дала уәлаяты газетінде экологиялық
мақала жариялаған. Онда Шыңғыстау өңіріндегі ормандардың қырқылып құрылысқа
пайдалана бастағанын, оның әсерінен сол жөрдің табиғаты тозып бара жатқаны
айтылады. Бұл деректің өзі-ақ қазақ халқының бойында экологиялық
сауаттылықтың ерте кезден-ақ болғанын айғақтаса керек. Ендеше халқымыздың
ата-салт дәстүрлері арқылы берілген экологиялық білім мен тәрбиені қайта
түлету - бүгінгі аға буынның міндеті.

1.2. Халықтық өнер шеберлерінің шығармашылық жұмыстарының маңыздылығы
Текемет басу өнері шеберлер орындаған ою - өрнектердің бәрі де
табиғаттан алынады. Мысалы: Гүл, жапырақ, бүршік, ағаш, ай, күн, жұлдыз
т.б.
Халық өнерінің өміріндегі алар орнын және қазіргі заман талабына сай
бұйым үлгілерін көрсетіп айту қажет. Халық шеберлерінің қолынан шыққан
бұйымдар олардың орналасу ретін, формасын, түс жарасаымдылығын қарастыру
қажет.
Қазақ қол өнері көне заманнан бері халық тұтынып келе жатқаан ұлттық
мүліктер мен заттарға таяқша, сызықша салып ойылатын. Қарапайым
әшекейлеуден басатап қазіргі дәуірдегі қоршаған айналаны, табиғат
құбылысын ағашпен, сүйікті түсті металға жасау жиһаздарға бейнелейтін
сюжетті өрнектермен әшекейлеуге дейінгі жоғары дамыған кезіне келіп жетті.

Сондай – ақ өру, бұрау, жөну, ойын – алу, құю, сызу, бояу, сүйектеу,
күмістеу, бедерлеу, сияқты өрнек үлгіңлерінің үй тұрмысында, (өнер
үлгілерінің)
өнеркәсіпте әртүрлі құрылыста мәдениет саласында архитектура да жалпы әлем
өмірінің дамуына қолданылмайтын, іске аспайтын жері жоқ.
Әр түрге бөлінуі еңбек техникалық әдістері мен композиция заңдылықтарын өз
еңбегінде қолдану ерекшеліктеріне байланысты.
Символдық көріністер қоғам өміріндедегі, адамдар арасындағы қарым –
қатынас қызметін атқарады. Белгілі бір іс - әрекет немесе көріністер туралы
мәлімет символдық белгілер бейнелеу өнерінің ерекше тілі деп қарауға
болады. Символ арқылы берілген мәліметке қандай ұлттың адамдары болмасын
түсінуге, ұғынуға жеңіл.
Еңбекке баулу белгілі символдық белгі ретінде де алынады. Мысалы:
қызыл түс – қоғамдағы ревалюциялық жеңісті, жасыл көк жастықтың, ақ
көгершін бейбітшіліктің символы ретінде белгілі. Сондай – ақ сары түс қазақ
даласын мегзесе, көк түс аспан мен судың түсін білдіреді. Спасск
мұнарасының бейнесі Москва қаласын білдірсе, Аврора крейсерінің бейнесін
көрсек Ленинград, есімімізге түседі.
Символдық белгілердің жасалуының өзіндік ерекшеліктері бар.
Символдық сурет салу үшін суретшілер зат көріністеріндегі үлкен бөліктерді
қалдырып, ұсақ бөлшектерді алып тастап ықшамдау әдісімен белгілі көрініс
арқылы көрушіге мәлімет пен түсініктер береді.
Мысалы: Жол ережесін білдіретін белгі арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ою-өрнектері арқылы оқушылардың іскерлігін қалыптастыру үрдісіндегі педагогикалық шарттарды анықтау
Өрнектер кілем композициясын құрайтын негізгі элементтер
Сақ өнерінің кейбір белгілері
«Ұлттық ырғақтар» композициясында ою-өрнектерді тиімді қолдану әдістері
Қазақ халқының өрнектерының өзге ұлт өрнектерінен ерекшелігі
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың сәндік- қолданбалы өнерімен таныстыруды теориялық тұрғыда негіздеу
Ою-өрнектер
Қазақ халқының қолөнернің даму жолы
Еңбекке баулу сабақтарында 3-сынып оқушылардың қазақтың зергерлігі өнерін таныстыруда эстетикалық талғандарын қалыптастыру
«Камшат» атты қыздар әшекей бұйымдарының жиынтығы
Пәндер