Ұлттық психологияның теориялық және метадологиялық негіздері


Ф-ОБ-001/033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ұлттық психологияның теориялық және метадологиялық негіздері
Ғылыми жетекшісі:
п. ғ. д., профессор
А. Усманов . . .
Орындаған студент: Төлегенова Ляззат
ППП-011 тобының студенті
Түркістан - 2014 ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2014 жылдың 17 қаңтары күнгі Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауы [1] .
Ұлттық психологияның теориялық және методологиялық негіздері. Ұлттық психология ұғымы. Ұлттық психология философиялық және социологиялық әдебиетте көп талқыланып, зерттеліп келе жатқан категориялардың бірі. Солай болса да бұл ұғымның айналасында пікірталастар жиі болып тұрады. Біз ұлттық психология ұғымының мәнін түсіну үшін, оны төмендегідей бірнеше қырынан қарастырып көрейік.
Біріншіден, ұлттық психология қоғамдық (немесе әлеуметтік) психологияны құрайтын элементтердің бірі, оның құрамдас бөлігі болып табылады. Мұны түсіну қиын емес: қоғам түрлі әлеуметтік топтардан құралады. Ал әр әлеуметтік топтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері болады. Ұлтта - қоғамды құрайтын әлеуметтік топтың бірі. Осыдан ұлттық психологияның қоғамның психологиясын айқындайтын құрауыш екендігі туындайды.
Екіншіден, ұлттық психология ұлтаралық қатынастар идеологиясымен, ұлттың құндылықтарға қатысымен бірге қоғамдық сананың маңызды құрауышы болып табылады. Қоғамдық сана - қоғамның рухани дамуының барлық жақтарын көрсетеді. Зерттеушілердің көпшілігі ұлттық сананы қоғамдық сананың бір элементі ретінде сипаттайды.
Үшіншіден, ұлттық психология- ұлттың негізгі белгілерінің бірі болып табылады.
Ұлттық психология- әлеуметтік психологияның бір бөлігі, оның үрдістері мен заңдылықтарына бағынған құрылымдық элементі. Демек, ұлттың қоғамдық санасы нақты мәнге ие- этнос тарихтың белгілі бір даму кезеңіндегі санасының жеткен деңгейін айқындайды.
Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік психология ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып пайымдағанда, ұлттық психологияда қарастырылып отырған ұлт өкілдерінің санасына көбірек ұялаған, сонысымен олардың әрекетінен үнемі көрініс беріп отыратын, өзгелерге қарағанда көбірек қайталанатын психологиялық ерекшеліктердің жиынтығы болып шығады [2] .
Ұлттық психологияны құраушы элементтер. Ұлттық психология 4 құрауыштан - ұлттық мінездің нышандарынан, ұлттық мүддені түсінуден, ұлттық өзіндік санадан және ұлттық сезімнен тұрады.
Ұлттық мінездің нышандары. Сөздің жалпылама мағынасын алып қарағанда, адамның мінезі дегенді - адамның тәртібі мен қылықтарына әсер ететін, оның тек өзіне тән, айқын көрініс беретін психологиялық нышандары деп түсіну керек. Сөздің қатаң мәнінде, мінез адамның еркі мен бағыттарында көрініс беретін, оның тұлғасының психикалық құрылымы ретінде айқындалады.
Жеке адамның мінезі ол өмір сүріп отырған әлеуметтік топтың мінезі ұқсас болады, немесе керісінше, жеке адамның мінездерінен әлеуметтік топтың мінезі көрініс береді[3] .
Өзінің ұзаққа созылған қалыптасу жолында қазақтарда өзге халықтар сияқты қадір тұтуға жарайтын ұлттық психологиялық кешендерді бойына сіңіріп келеді.
Қазақтарға тән ұлттық мінездің кейбір нышандары.
Жауынгерлік мінез. Тарихтың әр кезеңінде қазіргі Қазақстан жерін мекендеген тайпалар мен халықтардың барінің де қызуқанды, қырағы жауынгер болғаны белгілі. Сондықтан олар орасан мол аумақты иемденіп, ғасырлар бойы ұстап тұрды. Қазақ халқының арғы тегі-ғайыр даласын бағындырып, мұхиттан мұхитқа дейінгі аралықта азулы мемлекеттер құрғаны белгілі. Қазақ халқы өзгеге бағынбайтын жауынгерлік мінезін екінші дүние жүзілік соғыс кезінде көрсетті. Ол жөнінде фашистттік идеологтар өздерінің «Шығыс жоспарында» атап көрсетті.
Кеңпейілділік (бауырмалдық, мейірбандық) - қазақтарда туған жерінің кеңдігі, оның табиғатының қаталдығы және малшылық кәсіппен айналысу факторларының әсерінен пайда болған мінез. Қазақтың кеңпейілділігін қазақтың жеріне келіп қоныстанған өзге ұлт өкілдерінің бәрі және көптеген зерттеушілер ризашылықпен айтады.
Бұлардан басқа қазақ халқының ұлттық мінездеріндегі жағымды нышандардың елеулеріне - мәрттік, жомарттық, қонақжайылық, балажандық, аңқаулық жатады.
Ұлттық мүдде және оны сезіну. Мүдде деп (латынша -interest) - дара адам, отбасы, ұлттық немесе қоғам үшін қажетті маңыздылықты, адамдардың еркі мен әрекет бағыттарының объективтік және әлеуметтік жағдайларға сай айқындалуын айтамыз. Мысалы, адамдар өздерінің материалдық қажеттіліктерін өтеу үшін белгілі бір әрекет жасауға, еңбек етуге мүдделі. Адамның рухани дүниесіне де қатысты мүдделері көп болады. Өмірлік қызметте адамдар тобына ортақ мүдденің болу құбылысы да жиі ұшырасып отырады. Ортақ мүдде белгілі бір әлеуметтік топқа енетін жеке адамдардың мүддесінен және олардың қоғамдық өмірдегі орны мен атқаратын рөлінің әртурлілігіне орай қалыптасқан әрекеттері мен істерінің шынайы себептерінен тұрады[4] .
Ұлттық мүдде деп белгілі бір ұлт өкілдерінің бәрі үшін ортақ қоғамдық мүдделерін айтамыз. Қазақтардың ұлттық психологиясына тікелей қатыстылығы бар, ұлттың баршаға ортақ мүддесі дегенге келетін болсақ, оны әр кездегі әр түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің түсінуі мен оған сай әрекет етуінің әр түрлі болғандығын көрер едік.
Ұлттық мүдденің алдыңғы лекке шығуы мен оны қанағаттандыру бағытындағы әрекет белсенділігінің артуы да ұлттық өзінің (ұлттық психологияның да) даму үдерісіндегі ілгері басқан сәттерге сәйкес келеді.
Ұлттық мүддені сезіну - ұлттық психологияны қалыптастырушылардың бірі болып табылады. Бұл жерде мәселенің қойылуына, яғни ұлттық мүдде жөнінде ғана емес, ұлттық мүддені сезіну жөнінде болып отырганына назар салу керек. Ол екеуінің арасында айырма бар: алдыңғысы психологиялық феноменге жатпайды, кейінгісі жатады. Мұндағы негізгі түйін -жеке адамның (алынып отырған ұлт өкілінің) ұлттық мүддені түсінуі оның алдына койылған міндетке көз қарасын сонымен қоса оның әрекетінің, тәртібінің бағыттарын айқындауға әсер ететінінде болып отыр. Демек, бұл мәселенің маңыздысы-ұлттық мүдденің өзінде емес, оны әрекетке басшылыққа алуында болып отыр. Адамның әрекетімен тәртібінің бағыттарының мүдденің өзі емес мүддені сезіну айкындайды. Ұлттық мүдде мен ұлттық қажеттілік мемлекеттік мүдде мен мемлекеттік қажеттілікпен қатар тұрады. Мүдде мен қажеттілікті түсіну, адамдардың қоғамдық қызметінің интеграциясынағы қозғаушы күш болып табылады.
Мүдде адамды алға жетелейді. Ұлттық мүддені сезіну ұлты үшін жаны күйетін отаншылды жанталастырады, оны отқа да суға да түсіреді, жеңіске жетелейді. Ұлттық мүдде мен қажеттілікті түсінудің ұлттық психологияның құрамдас құраушыретіндегі мәні осында. Ұлттық мүддені түсіну өзіндік сана категориясымен тікелей байланысты.
Ұлттық өзіндік сана. Ұлттық психологияның құрамдас элементтерінің бірі-ұлттық өзіндік сана. Ұлттық өзіндік сана дегеніміз-этностық сананың жоғары, күрделіленген, жетілдірірлген формасы. Қандайын атқара алатынын, адамзат жасап откан өркениетке қосқан және қоса алатын үлесін сезіп тұшынуы, сонымен қоса өзге халықтармен тең, еркін және тәуелсіз өмір сүрудің табиғи -тарихи құқығын түсінуі деп ұғуға болады[5] .
Әлеуметтік психологияда көпшілік жағдайда ұлттық өзіндік сана ұлт мүддесімен байланыстыра қарастырылады. Ол қоғамдық және халықаралық қатынастар жүйесіндегі ұлттық жағдайымен айқындалатын объетивті ұлттық мүдделердің бейнесі немесе ұлттық мүдделерінің мәні және оларды іске асыруға тырысу ретінде сипатталады.
Ұлттық сезім 3 элементтен тұрады. Оның біріншісі - ұлттық қадір. Бұл ұғым адамның өз ұлтын қадірлеу, сыйлау, өзгелердің алдына оның беделін түсірмеу, ұлт өкілі ретіндегі адамның өзінің үнемі кадірінің болуын ойлап әрекет етуі сияқты сезімдердің жетегінде жүруін көрсетеді. Бұл ұғымның сезімдік реңкі басым.
Ұлттық сезімнің екінші элементі-адамның белгілі бір ұлтқа тәнділікті сезінуі болып табылады. Ол әр адаммен азаматтың өзінің белгілі бір ұлттық өкілі екендігін сезінуін көрсетеді. Ұлтқа тәнділікті сезіну белгілі бір деңгейге оның әрекетіне әсер етеді. Бұл дүние жүзіндегі елеулі ұлт өкілдерінің бәріне тән қасиет. Ұлтқа тәнділікті сезіну Отанға деген сезіммен үндес болып келеді.
Ұлттық мақтаныш сезімі де әлеуметтік психологияда жиі ұштастыратын құбылыстардың бірі. Адам өзінің мемлекетінің жерімен, оның қазба байлықтарымен, бай мәдениетімен, қызықты тарихымен, ұлы адамдарымен мақтанады. Бұлар - шет жұрттықтармен кездесіп танысқанда тілге тиек болатын нәрселер, өзгелер сиякты қазақ халқының да ауыз толтырып, мақтананып айтатындары да аз емес.
Ұлттық қадір, ұлттық мақтаныш, ұлтқа тәнділікті сезіну бәрі қосылып келіп, адамның өз ұлтына деген эмоциялық қатынасын білдіретін, оның ойы мен әрекетіне мұрындық болатын психологиялық күйдің жиынтығын құрайды. Бұл үшеуі ұлттық психологияның құрамына енетін ұлттық сезім деп аталатын кешеннің құрамдас құраушы есебінде қарастырылады [6] .
Ұлттық психологияны қалыптастыратын факторлар. Ұлттық психологияны қалыптастыратын факторларға мыналар жатады: халықтың басынан өткерген тарихы, ұзақ жылдар бойы айналысқан шаруашылық түрі, төл тума мәдениеті, ақпарат алмасу тілі, салттары мен дәстүрлері, тұрған жерінің табиғатымен климаттық жағдайлары, діні, әлеуметтік-демографиялық жағдайы. Бұл аталғандардың соңғысынан басқалары ғасырлар бойы көп өзгеріске ұшырай бермейді, ұзақ уақыт сақталады. Соған сәйкес ұлттық психология да халықтың санасына әбден орныққан құбылыс болып табылады, оны өзгерту өте киын және ұзаққа созылады.
Зсрттеудің мақсаты: Қазақстандағы ұлттық психологияны қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін зерделеу, жүйелеу.
Зерттеу нысаны: Ұлттық психологияның қалыптасу көзқарасын қалыптастыру
Зерттеу міндеттері:
1. «Ұлттық психологиясын қалыптастыру» ұғымына түсінік беру арқылы ұлттық психологиясын қалыптасу мен дамуын жүйелеу.
2. Ұлттық психологияның қалыптасу факторлары мен құралдарын айқындау.
3. Ұлттық психологияны тәрбие үрдісінде ескеруді жолдарын айқындау.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік теорияларға талдау жасау, жалпы жастармен пікірталас, әңгіме жүргізу, сауалнама ұйымдастыру, жастарды отбасылық өмірге даярлау проблемасын, жалпы өмір барысында байқалатын, отбасының болашақ иесін тиімді даярлау бойынша психологиялық тұрғыда саралау болып табылады.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі негізгі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛУІ
1. 1 Ұлттық психологияның қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері
Қай халықтың болса да мәдениетінің шарықтауы мен құлдырауы - табиғи заңды процесс. Бір кезде (біздің жыл санауымызға дейінгі II ғасырда) егіншілікпен, сауда-саттықпен айналысқан қытайлықтар мал шаруашылығымен айналысқан ғұндарға қарағанда мәдениеті жоғары, өркендеген ел болған. Соған қарамастан, қытайлардың Еуропаны жаулап алуына жол бермеген себептерге келсек, біріншіден, жауынгер ғұн халқының ерлік іс-әрекеті бөгет болса, екіншіден, қалың қытайлықтардың құрғақшылық, табиғаты қатаң даладан гөрі, суы мол, ауасы жұмсақ, қыс болмайтын Оңтүстік Азияның теңіз жағалауын мекендеуді қолайлы деп санауы, өзі мекендеген жерге бауыр басуы болды, үшіншіден, қытайлықтарға қарағанда, Вавилонды, Кіші Азия мен Сирияны, Египетті жаулап алған, Тұран ойпатын жайлаған, мәдениеті мен экономикасы күшті парсылықтар Еуропаға қарай қытайлықтардың аяғын аттатпады[7] .
Бүгінгі аса мәдениетті, экономикалық жағынан күшті деп саналатын Еуропа елдері ол кезде (біздің жыл санау дәуіріміздің басында) Қытай, Персия елдеріне қарағаңда мәдениеті әлдеқайда нашар дамыған елдер болған. Әрбір мың жылда бір ұлы өзгерістің болуы, мәдениеті бай елдің соғыс, қуаңшылық, жер сілкінісі т. б. апаттар салдарынан мүлде құрып кетуі немесе әлсіреп, шала-жансар күйге түсуі, ал оның керісінше, артта қалған елдің тез қарқынмен дамуы табиғи заңды кұбылыс. Ертедегі Рим мәдениеті мен араб халифатының өркендеуі - осының айғағы.
Биосфералық процестің әсерінен Еуропа мен Азия құрлығындағы этностар мыңдаған жылдар ішінде төрт рет бүлініске ұшырады. Ол Ұлы Даланы мекендейтін этностарды орасан зор қоныс аударуға ұшыратты. Шығыста әлденеше рет ғұндар мен түрік, ұйғыр қағанаттарының қытайлықтармен қырғын соғысы болды. Аштық, өлім-жітім, табиғи апаттар этностардың бірінің туып, өсіп-өркендеп, кейін құлдырап құруын, бірінің орнына екіншісінің пайда болып, өркен жаюын туғызады[8] .
Міне, осы тарихи процестерге негіздеп, ежелгі қытай, монғол жазбалары мен орыс, батыс ғалымдарының еңбектеріне сүйене отырып, "қазақтар - түрік, монғол, үнді-иран тектес, Қазақстан территориясында тіршілік еткен Еуразия далаларының көшпелі үштігінен тараған сақ, ғұн, үйсін тайпаларының қосындысынан құралған ежелгі халық" деп қараймыз. Кез келген халықтың пайда болуы және қалыптасу тарихы - өте ұзақ та күрделі процесс. Экономикалық даму мен мәдени аралас-құраластық нәтижесінде, белгілі бір аймақта тілі ортақ, этникалық салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі мен өзіндік ортақ материалдық және рухани мәдениеті бар адамдардың берік қауымдастығы қалыптасады.
Қазақ халқы, негізінен, республиканың қазіргі жерін мекендеген байырғы тайпалардан қалыптасты және олардың этногенетикалық құбылыстарының түп тамырлары сонау қола дәуіріне, андронов мәдениеті деп аталатын көне кезеңге (б. з. б. XVIII - VIII ғ. ғ. ) саяды. Егер сол көне дәуір ескерткіштеріне, айталық, қыш ыдыстардың ою-өрнегіне кез салып, Қазақстанның қазіргі уақыттағы ою-өрнегімен салыстырсақ, онда олардың көптеген ұқсастықтары мен ортақ үлгілерін табуға болады. Ертедегі темір дәуірінде (б. з. б. VII - IV ғ. ғ. ) Қазақстан жерін сақ тайпалары - массагеттер, аргинейлер, дайлар, исседовдар т. т. мекендеген. Археолог-ғалым К. А. Ақышев осы кезеңге жатқызатын Есік обасынан табылған "хайуанаттық нақышта" шекілген алтын әшекейлері бар жауынгердің киімі ежелгі сақ шеберлерінің ғаламат өнерін көз алдымызға әкеледі. Тап осындай ою-өрнек белгілері қазақтардың қазіргі қолөнерінде де кеңінен қолданылады. Мұның өзі бұл өнердің ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, біздің дәуірімізге жеткен дәстүр екенін дәлелдейді. Ғалымдарымыздың көпшілігі қола және ертедегі темір дәуірлерінің жоғарыда аталған тұрғындарын (сақтарды, үйсіндерді, қаңлыларды) үнді-иран тайпаларына, Еуропа нәсіліне жатқызады. Біздің заманымыздың I мың жылдығының орта тұсында ғұндардың Солтүстік Монғолиядан Әмударияның төменгі ағысына дейінгі жерлерді басып кіруі этногенетикалық құбылыстардың жаңа кезеңі болып табылады. Осы уақыттан бастап түркілер-сақтар, үйсіндер, қаңлылар, қыпшақтар ұрпақтарымен жедел араласа бастады, түркі тілі басым тілге айналды. Түркі қағандығы құрылып, іле Батыс-Түркі қағандығының бөлініп шығуы (603 ж. ), тайпалар мен тайпалық бірлестіктердің өзара сіңісуіне жағдай туғызды[9, 10] .
Қазақ этногенезінде қимақтар мен қыпшақтар да үлкен қызмет атқарды. Ол Шығыс деректемелерінде Дешті-Қыпшақ (Қыпшақтар даласы) деп аталады. XI ғасырдың ортасынан бастап қыпшақтар оңтүстік орыс даласына еніп қоныстанды.
Қазақтар этногенезінде басқа тайпалар да, мысалға қазақ халқының қалыптасуында аса ірі бөлік болып табылатын наймандар мен керейлер де, үлкен орын алады. Түрік тайпаларының халық болып бірігуіне монғолдар шапқыншылығы кедергі жасады. Қазақстан жерлері үш моңғол ұлысының құрамына: ең үлкен бөлігі - Жошы ұлысының құрамына; Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан - Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік шығыс бөлігі - Үгедей ұлысының құрамына енді.
Бұл жерлерде түркі тайпалары өздерінің ежелгі мәдениетін ғана емес, тілін де сақтап қала алды, қала берді, шапқыншы-моңғолдар түркі ортасына сіңісіп, олардың тілін және өздері жаулап алған халықтардың материалдық-рухани мәдениетінің көптеген салаларын қабылдады. Алтайдан Дунайға дейінгі ұлан-байтақ жерлерді иемденген Алтын Орда деп аталатын Жошы ұлысының феодалдық мемлекеті ыдырап, XIV ғасырда оның құрамынан Ақ Орда бөлініп шықты да, ол Қазақстанның Солтүстік-Шығыстағы, Орталық және Оңтүстіктегі жерлерін иемденді. Оңтүстік-Шығыс Қазақстан жерінде Моғолстан атты жергілікті этникалық негізде пайда болған ірі мемлекет құрды. XV ғасырдың басында Ақ Орданың орнына көшпелі феодалдық иеліктер - Ноғай ордасы және Өзбек хандығы пайда болды. Оның біріншісі Тобылдан Еділге дейінгі жерді алды. Ноғай ордасына маңғұт және алшын тайпалары қарады. Ал Өзбек хандығына Солтүстік Арал өңірі мен Сырдария бассейнінен бастап, Тобыл мен Ертіске дейінгі жерлер кірді. Онда қыпшақтар, қоңыраттар, қаңлылар т. б. жергілікті тайпалар тұрды. Бұлардың бәрінің ол кездегі атауы өзбек болатын. Қазакстанның орталығы мен солтүстік-шығысында орналасқан Өзбек хандығы "Қазақ хандығы" деп те аталды. Көбінесе "өзбек-қазақтар" деп те атайтын. Тек XV ғ. ортасында көшпелі өзбектердің бір бөлігі Шайбани ханның, бастауымен Орталық Қазақстаннан Мауераннахрге кетті де, "өзбек елі", "өзбек даласы" атанды. Сейтіп, бұл атау XVI ғасырдың басында Орта Азияға ауысты да, тұтас өзбек халқын білдіретін ат болды.
XV ғасырдың 50-60-жылдарында көшпелі өзбектер мемлекетінен Керей мен Жәнібек бастаған тайпалар бөлініп шыққаннан кейін, олар біржолата қазақтар деп аталатын болды. Сөйтіп, "қазақ" этнонимі оны құрған негізгі халықтың қалыптасуынан көп кейін барып шықты[11] .
Шу және Талас өзендері алқаптарында Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының бас қосып, нығаюына және оларға туыстас тайпалардың қосылуына жол ашты. Қазақ хандығының құрылып, жеке мемлекет болуы XVI - XVII ғасырларды қамтиды. Ал жоңғарлардың (ойраттардың, қалмақтардың) қазақ даласына енуі XVII ғасырдың бас кезінде-ақ басталды. 1621-1723 ж. ж. арасында қазақ пен жоңғарлар арасында әлденеше рет соғыс болып, бірде қазақ, бірде жоңғар-қалмақтар жеңіп, халық қатты күйзеліске ұшырады. 1723 жылы қалмақтар қазақтарды ойсырата жеңіп, атақты "ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" қырғынына ұшыратты. Қазақтар 1727 жылы Торғай даласының оңтүстік-Шығыс жағында алғаш жоңғарларға күйрете соққы береді. Ұрыс болған жер "Қалмақ қырған" атанады. 1730 жылы қазақ жасақтары жоңғарларды күйрете жеңіп, оларды қазақ жерінен қуып шығады. 1730 жылы Тәуке ханның дүние салуына байланысты, билік үшін күрес басталып, қазақ феодалдары хандыққа таласа бастайды. XVIII ғасырдың басында қазақ жерін жоңғарлардың басып алу қаупі туған кезде, қазақтардың Ресей бодандығын қабылдауы шарасыз қажеттілікке айналады. Осы жағдайда Кіші жүз ханы Әбілхайыр 1730 жылы орыс патшасы Анна Ивановнаға хат жолдап, "өзіне қарайтын Орта және Кіші жүздің барша қазақтары патша бодандығында болғысы келетінін" білдіреді. 1731 жылы 19 ақпанда Анна Ивановна Әбілхайыр мен барша қазақ атына жазылған грамотаға қол қояды. Дегенмен, Орта жүз қазақтарының Ресейге бағынуы бір ғасырға созылып, XIX ғасырдың 30-40 жылдарында аяқталады. Ал Ұлы жүз қазақтарының Ресейге бағынуы 1818 ж. басталып, 1848 ж. аяқталады. Сонымен, қазақ халқы өз ұлтының еркіндігі үшін Монғол, Жоңғарлармен 500 жыл соғысып бақса, ал орыс империясының тепкісінде 250-260 жыл болып келді [12] .
Енді "қазақ" атауының төркіні жайында сөз етсек, ол жөнінде сан алуан пікірлер бар. Зерттеушілердің бұл жөніндегі болжам-пікірлерінің бастыларын үш топқа бөлуге болады. 1. Қытай қоғамдық академиясының этнография институты құрастырған "Қазақтың қысқаша тарихы туралы деректер жинағы" атты еңбекте: "Қазақ деген атау XV ғасырда жарыққа шыққан. Жәнібек пен Керей бастаған көшпелі тайпалар XV ғасырдың 60-жылдарында Әбілхайыр ханның үстемдігіне қарсы шығып, Шығыс Дешті Қыпшақтан Батыс Жетісуға, Шу өзені бойына қоныс аударған. Алғаш рет осы тайпалар "қазақ" деп аталған. Мұның мағынасы: "Өз ұлысынан бөлініп шыққан, қашақтар" деген сөз. Бұл сөз кейін келе қазақтардың атына айналды", - дейді [13] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz