ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Түркістан 2012

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 6

1 . 1 Жастарда салауатты өмір салтын қалыптастырудың тарихи- педагогикалық мәселелері . . . 6

1. 2 Денсаулық пен салауатты өмір салтын сақтау проблемасының бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктері . . . 10

1. 3 Шығыс ойшылдарының тәрбие мен салауатты өмір салтына деген көзқарастары . . . 23

2 ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ32

2. 1 Халық мәдениетіндегі қазақтың қозғалмалы ойындарының әдістемесінің ерекшеліктері . . . 32

2. 2 Халықтық педагогика тәсілдерін салауатты өмір салтын қалыптастыру барысында дене шынықтыру сабақтарында пайдалану . . . 51

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 57

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының келешек даму стратегиясындағы басымды бағыттардың қатарына қазақстандық барлық қоғам өкілдерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтардың әл-ауқатының жақсаруы және білім беруді жетілдіру мәселері жатады. Бұл жайында ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан -2030» дамуы жоспарында баяндалған. Бұл бағыттар халықтың тарихи дамуы барысындағы жағдайдың ерекшелігі өз өмірі құрамындағы этностық және конфессиялық түрлі тектілікті тарихи қоғамдастық тағдыры, олардың үлкен территориялық аймағы мен халық санының аздығы, сонымен қатар елдің көптеген азаматтарының табиғи байлық көздеріне, таланттар мен мамандардың кәсіптік шеберлігіне қарамай сәйкес келмейтінін айта кету керек.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігі түрлі жастағы адамдардың өз денсаулығына деген шынайы қатынасына байланысты. Осы мәселелер жайлы статистикалық материалдар мен ғылыми жарияланымдарда тіркелген көптеген жағымсыз фактілер белгілі болып келеді.

Адамдардың өз денсаулығына қатынасы олардың мінез-құлқы арқылы көрініс тауып, белгілі дәрежеде 49-53% - зерттеушілер мәліметі бойынша «дені сау болу, әлде сырқаттану» дилеммасын анықтайды. Салауатты өмір салтын насихаттаушы танымал ғалым В. М. Димов әрбір адам денсаулығын нығайтатын немесе денсаулығын бұзатын мінез-құлыққа ие болу мүмкіндігі бар екенін атап көрсетеді. Өз денсаулығына деген мұқият қарым-қатынасты тәрбиелеуге болады: отбасында, мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде, жоғары және кәсіптік оқу орындарында. Дегенмен, «… денсаулықтың қадірі өлім елесі жақындай түскен сайын белгілі болмақ» Академик Н. М. Амосов өз денсаулығың туралы бала кезден ойлану қажеттілігін атап көрсеткенімен, өмір шынайылығы өз денсаулығы мен салауатты өмір салты туралы тәрбиелік шаралардың тиімсіздігін көрсетіп отыр.

Статистикалық материалдар мен бірқатар зерттеу жұмыстары соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасында өкпе (туберкулез), ВИЧ - жұқпалы індеттері, жыныс және жүрек-тамыр аурулары, түрлі қан және зат алмасу ауруларының өрши түскенін көрсетіп отыр. Мұндай өзгерістерді көпшілік қазіргі өркенниеттің жағымсыз әсері деп түсіндіреді (экологиялық жағдайдың нашарлауы, стрестік жағдайлар, құнарсыз және жеткіліксіз тамақтану, жастардың темекіге, алкогольдіктер мен нашақорлыққа әуестенуі) .

Оқушылар арасында темекі тарту, ішімдік ішу, нашақорлық сияқты жағымсыз жайттар шұғыл орын алып тұр. «… 14 жасқа дейінгі оқушылардың 10% темекі тартса, 20% ішімдіктер ішіді». Мамандардың пікірінше, «аурудың басты себептері санитарлық - індет жағдайының қанағаттанғысыздығы мен мектептегі оқушылар санының көптігі, оқу еңбегі жүктемелерінің сақталмауы, оқушылар тамақтануының қанағаттанғысыздығы, медициналық қызмет көрсету деңгейінің төмендігі…» Оқушыларлың денсаулық жағдайына әсер ететін басты себеп, олардың отбасындағы әл-ауқатының төмендігі, ерекше түрде мұндай жағдайлар ауылдық жерлер мен тозығы жеткен, болашағы жоқ қалаларда орын тепкен. Республикада 13, 7 мың мектеп жасындағы балалар тұратын 500 елді мекендерде осы күнге дейін мектеп атымен жоқ».

Анықталған деректер жергілікті тұрғындарды сауықтыру проблемасына жүйелі түрде қарау қажеттілігіне баса назар аударумен бірге, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы оқу-тәрбие жұмыстарында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне де көңіл бөлу қажеттілігі белгілі болып отыр. Осы проблема бойынша мектеп, орта және жоғары оқу орындарында жүргізілген зерттеулер негізінде бірсыпыра жарияланған материалдар бар.

Түрлі жас топтарына сәйкес тұрғындарды әлеуметтік медициналық тұрғыдан қамтамасыз ету және салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемасы А. А. Ақанов, Қ. А. Төлебаев еңбектерінде өз көрінісін тапты, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері де жемісті еңбектеніп келеді. Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне К. К. Сатпаева, Г. К. Нұрғалиева, Л. З. Тель және тағы басқалар үлкен үлес қосты.

Зерттеуші ғалымдар адамдардың өмір салты мен денсаулығы арасында тығыз байланыс бар екендігін және ол көп жағдайда қозғалыс белсенділігі мен құнарлы тамақтануға тәуелді екендігін атап көрсетуде. Дегенмен, жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруды ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы іске асыру мәселесі жан-жақты зерттеу мен талқылау нысаны ретінде қарастырылған жоқ еді. Әлі де болса ұлттық спорт түрлерін насихаттап келе жатқан спорт мектептеріне арналған бағдарламалар жасала қойған жоқ, оған қоса ұлттық спорт түрлерінен өткізілетін жарыс ережелері де жетілдіруді қажет етеді. Және ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың педагогикалық жағдайлары мен тәрбиелеу модельдері жасала қойған жоқ. Біздің елімізде әлі күнге дейін ұлттық спорт түрлері мен халықтық ойындарды дамытудың тұжырымдамасы жоқ.

Осылайша, бір жағынан салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы жастардың денсаулығын нығайту қажеттілігі туындаса, екінші жағынан салауатты өмір салтын ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы қалыптастырудың ғылыми түрде негізделген әдістемесінің жоқтығы проблемалық жағдай туғызып отыр. Көрініп тұрған қайшылық проблеманың көкейкестілігін де көрсетіп отыр. Сондықтан да зерттеу тақырыбы «Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі» таңдап алынды.

Зерттеу нысаны - оқушы жастардың оқу-тәрбие процесі.

Зерттеу пәні - жастардың ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі.

Зерттеу мақсаты - жастардың ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесін жасау болып табылады.

1 ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Жастарда салауатты өмір салтын қалыптастырудың тарихи- педагогикалық мәселелері

Ғалымдардың пікірінше, денсаулыққа зиянын тигізетін зиянды әсерлерден арылу туралы түсініктер алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген адамдардың тайпаларына да тән еді. Ондай түсініктер олардың әдет-ғұрыптарында көрінісін тауып, тиімді түрде күш-қуатын қалпына келтіретін, жұқпалы аурулардан қорғайтын дәстүрлер пайда болды. Соған сәйкес баспана орнатып, жеке бастың гигиенасын сақтайтын, жерлеу тәсілдері, қоқыстардың көзін жою ережелері дүниеге келді. Әрине, аурудың пайда болу себептері мен оңың мәні туралы оларда ешқандай мәлімет жоқ еді. Содан барып мыңдаған жылдарға созылған мистикаға, табынуға, соның салдарынан діни наным-сенімдер мен дәстүрлерге негізделген көзқарастар пайда болды.

Ертедегі Көне Шығыс медицинасы туралы көптеген мәліметтер Египет папирустарынан, Вавилонның қыш кірпіш жазбаларынан, жерлеу саркофагтары мен камералардағы жазулардан, табынатын ғимараттар мен сарайлардағы қалдықтардан алынған. Ертедегі Месопатамияда ерекше құдай - Мардук деген емдеу ісіне жауап берген. Әйелдер, босану мен аналық пірі Иштар болса, кейінде гректер оны Астарта деп атап кетті. Хаммурапи патшалық құрған кезде емдеу туралы, соған сәйкес дәрігерлерге сыйақы төлеу туралы заңдар жарыққа шықты.

Ертедегі Грециядағы шынықтыру тәсілдері, дене жаттығуларымен шұғылдануға арналған гимназиялар, сумен жуынуға арналған термалар көпшілікке жақсы танымал еді. Антика дәуірінде саулығы мықты және әдемі дене тұлғасына табыну барлық жерде өз үстемдігін құрған еді. Алдын алу сипатындағы көптеген шараларды ертедегі британдықтарда, галлдарда, көне герман тайпаларында, скандинавтарда, скифтерде табуға болады. Ертедегі Русьта шынығу процедуралары бұқаралық сипатқа ие болды, атап айтқанда, бу моншасынан шыққан соң қармен ысқылау немесе жылдың қай мезгілінде болсын мұз қатқан суға шомылуға үлкен мән берілетін.

Адамзат денсаулықты сақтау мен нығайту проблемасын тануға әрқашан да ұмтылып келді, себебі денсаулықсыз толыққанды өмір сүру мүмкін емес. Денсаулық жақсы болған кезде оны сезіне білмейміз, ал денсаулықты жоғалтып алған кезде ауру күйі пайда болады да, ауру ағзаның жайсыз күйі туралы үнемі белгі беріп отырады.

Француз философы мен ағартушысы М. Монтень денсаулықтың құндылығын нақты анықтап берді: «Денсаулық дегеніміз - бағалы да құнды зат, ол жалғыз ғана болғандықтан, ол үшін уақытты да, күшті де, еңбек пен барлық жақсылық атаулыны аямау қажет, тіпті ол үшін өз өміріңнің бір бөлшегін де құрбан етуге болады, себебі онсыз өмір төзімсіздік пен қорлыққа толы. ». Данышпан Сократ былай деген: «Денсаулық ол барша дүние емес, бірақ денсаулықсыз түк те жоқ». Сондықтан да ол: «Адам, өзіңді тани біл!» деп шақырған болатын.

Денсаулық пен салауатты өмір салтын сақтау туралы ғылымның пайда болу тарихы адамзат тарихының тереңіне бойлап кетеді. Гиппократ өзінің «Ауа, су, жергілікті жерлер туралы» шығармасында көптеген аурулар адамның іс-әрекетіне, ойларына, оның өмірлік жағдайлары мен табиғат факторларына байланысты болатындығы туралы баяндайды. Нақты қоршаған орта, еңбек, тұрмыс, тұлғаның жекелей бейімділігі ауруды анықтай түседі. «Медицина атасының» негізгі ойлары ертедегі Рим философтары мен дәрігерлері, Византия империясы мен Шығыс елдерінде өз жалғасын тапты.

Әл Фараби «Адам денесіндегі ағзалар туралы» трактатында медицина - адам денесіндегі және оның әрбір ағзасындағы денсаулық қызметін зерттейді, себебі медицина адам денсаулығы мен оның әрбір ағзасын қорғаудың шынайы принциптеріне сүйенетін - өнер екендігін атап көрсеткен .

Денсаулық сақтаудың маңызы туралы көне Үнді емшілері де жазып қалдырған. Денені құрметтей біліп, оны қамқорлыққа алу қажет. Денесін құрметтейтін, оны қамқорлыққа бөлеген адам екі дүниенің қызығын көреді - о дүниенің де, бұл дүниенің де.

Авиценна деген атпен әлемге танымал тәжік ғалымы ХІ ғасырда медицина адам денесінің күйін тану туралы ғылым, оның денсаулығы мықты болуы мүмкін, немесе денсаулығын жоғалтқан болуы мүмкін деген болатын. Әр затты танып білуге оның себептерін танып білу мен жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады, сондықтан медицинада денсаулық пен аурудың себебін әрқашан білу қажет. Оның себептері анық болуы да, немесе жасырын болуы да мүмкін, оған тек сезім дүниесімен ғана емес, көріністер негізінде ақыл-ой қорытындысы арқылы қол жеткізуге болады, оны қазір симптом деп атап жүр.

«Дәрігерлік өнер мен медициналық ғылым өзінің негізгі мақсаты ретінде денсаулықты, оны сақтау мен нығайтуды өзінің басты мақсаты деп біліп, ал ауруды емдеуді медициналық доктринаның екінші бөлігі деп таныды. Дегенмен, ғалымдардың пайымдауынша бірсыпыра сабептерге сәйкес медицина емдік сипаттағы мамандықтың тар шеңберінде, ауруханалық күйінде және өз мәнінде аурулар туралы, ең тар мағынасында денсаулық туралы ғылым болып отыр. ».

Осылайша, медицина саласының көрнекті ғалымдары денсаулықты мұқият зерттеу қажеттілігі, бұл күйдің бұзылмауы туралы әрқашан да айтып келеді. Ал денсаулық күйі бұзылған жағдайда ағзаның өзіндік қорғаныс күштерін іздеп тауып, оның бұзылған күйін қалпына келтіретіндей болуы тиіс.

Азия емшілері мен философтарының көзқарастарын талдау Жапония мен Қытайдағы салауатты өмір салтын қалыптастыру жүйесіндегі шешуші рөлді балаларды тәрбиелеудің діни-философиялық негізі, соның ішінде құранды бөліктерінің бірі конфуциялық жүйе атқарғандығын көрсетті. Әдетте конфуциялық жүйе деп, Қытайда 2500 жыл бұрын пайда болған діни-философиялық жүйені айтады. Осы ілімдер бойынша Шығыс елдерінде үлгілі адамды тәрбиелеу үшін адамды рухани жетілдіріп қана қоймай, сонымен бірге дене бітімін де жетілдіру дұрыс көзқарас деп есептелінгендігі туралы деректер үлкен маңызға ие. Наным-сенімдерге сәйкес тұлғаны құдай жаратқан, ол мықты «қабықшаның» ішінде қорғалуы тиіс. Сонымен қатар, адамдар өз денесін күтіп ұстауы қажет, себебі, жапондықтар саулығы мықты дене бітімі рух пен күш-қуаттың қайнар көзі, ата-ананың ақыл-ойынан ажырамас көз қуанышы деп білген. Қазіргі уақытта жапондар арасында кездесетін діни бағыттардың бірі - синтоизм - адам алдымен өз ішкі дүниесіне үңіліп, өзін-өзі тани білуі қажет, өз жанына терең бойлау арқылы ішкі дүниесінде өмір сүретін «ками» деп аталатын құдайды сезіне білуі тиіс деген моральді насихаттап жүр. Синтоистердің арасында мезгілінен ертерек өлімге аттанып бара жатқан жастың ата-анасынан өзінің ерте өлімі үшін кешірім сұрайтын әдет-ғұрып бар.

Дені сау тұлғаны тәрбиелеу мен жетілдіру туралы көне Қытай канондарында ментальдік себептер мен салдарлар ескермеген дене бітімінің саулығы туралы уағыздарды іздеп табу өте қиын. Бір сөзбен айтқанда, тән жолы мен рух жолы табиғатпен тілдесуге және өмір сүру біліктілігін жасауға бағытталған, дұрыс өмірлік бағдарға ие болған табиғат және космоспен біртұтас жарасымды ғұмыр кешеді. Мұның бәрі қытайлықтар үшін аса маңызды өмір жолы туралы іліммен үздіксіз әрі берік түрде байланысқан. Сондықтан да қытайлар денсаулық туралы айтқанда өмірге деген философиялық қатынастары ретінде баяндайды. Бұл Дао философиясы - шындық пен адал өмір жолын білдіретін қытайдың ойы. Барлық қытай данышпандары Даоның жолын қуушылар болып табылады. Дао дәстүрі бойынша адам денесі бос кеңістік пен хаостың бейнесі болып келеді. Адам туа салысымен жоғарыдан белгілі көлемдегі «бастапқы күш-қуатын» алады. Уақыт өткен сайын оның қоры сарқылып, кәрілікке, ауру мен өлімге әкеп соғады. Даошылардың кемеңгерлігі ауыруға жол бермеу және аурудың жазылуында болып келеді. Олар ауруды ментальдік себептердің шынайы көрінісі деп қабылдайды да соған сәйкес адамға қажетті психикалық және жайлы дене бітімі жағдайына алып келетін өмір салты қалыптасады деп ойлайды.

Бүгінгі таңда жетілдіру дегеннің мағынасы организмнің өмірлік процестерін «аяғын аспаннан» келтіре білу туралы олардың ілімінің маңызы аса зор. «Дәрі қабылдай отырып біз өмірлік күшті ретке келтіреміз, біз ауру себептерінің сырттайғы салдарына әсер етеміз», - делінген «Батыс таулардың жазбалары» атты көне қытай трактатында.

«Дені сау өмір қызметінің ережелерінде» этикалық мінез-құлық мысалдары келтіріліп, дәрі ретінде бағаланады, этикаға жатпайтын мінез-құлық үлгілері ауру ретінде қабылданады. Мысалы: «Адамға бақыт тілеу дегеніміз - ол дәрі. Билікті пайдаланып, ойына келгенін жасау - ол ауру». «Кәрілер мен әлсіздерге көмектесу - ол дәрі. Күш көрсете отырып, адамдарды жеңу - ол ауру». «Жауыздықты жойып, мейірімділікті құптау - бұл дәрі, ал шарап ішіп, жанжал шығару, бүлдіру - ол ауру».

Көптеген түпнұсқаларды, түрлі елдердің құжатжай материалдарын талдау барысы салауатты өмір салтын қалыптастыру алдымен адамның ең жақсы сапаларын сақтауға арналған халықтың өмірлік тәжірибесінен шығатынын көрсетті және әр елдің мәдениетін тұлға дамуы жағынан да, рухани дамуы жағынан да көрсете білуге қабілетті, толыққанды дені сау адам, табиғаттың барлық әуре-сарсаңын, оның түрлі катаклизмдерін жеңе білетін, денсаулық деп аталатын табиғаттың ең құнды сыйлығын жетілдіруге бағытталған жан-жақты дамыған жеке тұлға идеалын тәрбиелеуге бағыт берді.

Шығыс, Орта Азия, Қазақстан халықтарының педагогикалық мұраларында денсаулығы мықты адамгершілікті негізге ие, өмірлік құндылықтар жүйесіне арқа сүйейтін, өзінің ішкі мүмкіндіктерін тани білуге және оны өзін жетілдіру біліктілігін пайдалануда жеке тұлғалық «менін» іске жарата білетін рухани және тұлғалық толыққанды адам қалыптастыру туралы терең де жаңа ойлар жарқын көрініс береді.

1. 2 Денсаулық пен салауатты өмір салтын сақтау проблемасының бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктері

Қазіргі уақыт кезеңі көптеген оқиғаларға толылығы мен орасан зор ақпараттар ағыны арқылы ерекшеленеді. Көпшілік бұл уақытты ақпараттар ағыны көлемінің артуына байланысты «өзгерістер дәуірі» деп атап жүр. Адам қызметінің бүкіл аспектілері бір-бірімен тығыз байланысқандықтан, қарым-қатынастың ғарыштық көлемде арта түскенінің куәсі болып отырмыз.

Адам қазіргі жағдайларда бұрынғыға қарағанда көптеген қиын проблемаларға тап бола бастады. Ағарту саласындағы қызметкерлерге жоғары ғылыми дайындық, жан-жақты білім қажет болса, ал басқаларға жоғары дәрежелі белсенділік таныта білу керек, соның өзі ағзаның қызметтік жүйесіне салмақ түсіріп, шаршау шақырады. Егер адам өз басына түскен проблемаларды шеше алмайтын болса, ол өзін қажетсіз «артық» адам деп біледі де, сол себепті ішімдікпен немесе нашақорлықпен айналысуы мүмкін.

Жүйке ширығуы мен стресті жағдайларға толы қарқынды түрде өтіп жатқан өмірде адамның өзіне, өзгелерге және қоршаған ортаға деген қатынасын түбегейлі өзгерту қажеттілігі туындап отыр. Әрбір адам осындай жағдайларда өз жағдайы мен өз денсаулығы үшін өзінің жеке жауапкершілігін арттыруы тиіс. Жақсы өмірге ешкім, тіпті туыстар да, қоғам да, мемлекет те кепілдік бере алмайды.

Дене мәдениеті мен спорт - бұл салауатты өмір бейнесін қалыптастырудың негізі, жастарды адамгершілікке, еңбек қызметіне интеллектуалдық және денелерін даярлау, жоғары спорттық жетістікке жету, денсаулығын нығайту құралы.

Денсаулықты сақтау және нығайту көптеген зерттеулерде дене тәрбиесі және спорт сабақтарымен байланыстырады.

Оңтүстік аймақ экологиялық қатынастағы еліміздің ең қолайсыз аймақтарының біріне жатады. Әсіресе, Байқоңырдағы ғарыш айлағының әсерінен атмосфераның газбен улануы, улы сәулелердің бұзылған ауа қабатынан адам ағзаларына тікелей өтуі, тамаққа пайдаланылатын өнімдердегі ағзаға зиянды химикаттардың артық мөлшері, жазғы құрғақ, ылғалсыз ыстық ауа, қысқы суық ызғарлы жел, міне осылардың барлығы оқушы жастар денсаулығын нығайту жайлы күнделікті қамқорлықты талап етеді. Сонымен бірге, денеге қосымша тәрбие беретін мына жүйелер бұзылды: қала, аудан және ауа райы қолайлы таулы аймақтарға орналасқан бұрынғы сауықтыру лагерлері, балалар және жастар ұйымдары, мектеп оқушыларының сарайлары, оқушылардың спортпен, туризммен, өлкелік және т. б. қызметтермен шұғылданатын әртүрлі үйірмелер мен секциялар.

Қоғамдық құнды қызмет түрлерімен шұғылдануға мүмкіндігі жоқ, жастар өзімен-өзі күйінде қалды. Осыған байланысты өзінің интеллектуалдық және дене мүмкіндіктері мен қоғамдық құнды қызметке қажеттілігін жүзеге асыруға мүмкіндігі болмауымен байланысты басқа да мәселелер туындайды.

Сонымен бірге, оқушылардың спорттық іс-әрекетіндегі туындаған мәселелері ғылыми-педагогикалық зерттеулерде кешенді, құндылық тәсілдері тұрғысынан өзінің көрнекті орынын тауып келеді. Оқушылардың дене мәдениеті мен спорттық іс-әрекет құндылықтарына деген қатынасы нашар зерттелген өзекті мәселе ретінде қалып отыр.

Осыған байланысты мектептерде дене мәдениеті мен спортқа қызығушылық құндылықтарын қалыптастыру бағдарлары анықталып және сол бағдарларға сәйкес ұйымдастырылса, оқушыларының дене мәдениеті мен спортқа қызығушылықтары артады және денесін шынықтырумен қатар денсаулығын жақсартуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спорттың - әлемдік бейбітшілік құралы ретінде танып білуіне жол ашылады, спорттық қызығушылықтың теориялық материалын терең игеріп бекітуге, іс-жүзінде дағдыға айналдыруға жағдай жасалар еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін қолдану арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздері
Жастарда салауатты өмір салтын қалыптастырудың тарихи педагогикалық мәселелері
Спорттық кешендері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру
Дене тәрбиесі жүйесінің бағыттары
Дене тәрбиесінен сыныптан тыс жұмыстар туралы түсінік
Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу жолдары
Халық педагогикасындағы дене тәлім – тәрбиесінің негізгі қағидалары және соның ішіндегі дене тәрбиесінің маңызы
Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен мектепке дейінгі балалардың денсаулықтарын күшейту
Оқушылардың салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың мәні
Дене шынықтырудың басты бөлігі спорт
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz