Ұлы Жібек Жолы. 7-ғасырдағы Ұлы жібек жолының мемлекет аралық сауда тасымалы


Жоспар
I-Кіріспе.
Ұлы Жібек Жолы
II-Негізгі бөлімі:
7-ғасырдағы Ұлы жібек жолының мемлекет аралық сауда тасымалы.
ҚХР (тарихы және қазіргі заман)
Шығыс пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-күйіс адамзаттың материялдық мәдениетін байытты.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ұлы Жібек Жолы
Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») -ҚытайдыңШи-андеген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық АзияарқылыТаяу Шығысқабаратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғ. ұсынған.
Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. ОлҚытайдыңХан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығыныңХан УдипатшасыЖаң Чяндыбатыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағыелдермен достасуға пейілді болған. Жаң ЧянқазіргіФерғана, сияқты жерлерге барған. Жаң Чянныңсапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге жәнеОрта АзияғаҚытайдың жібек өнімдерін ала барған ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды.
«Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарымойпатынан өтіп, Памирүстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияныкесіп өтіп, Жерорта теңізініңшығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 km асады.
Ерте кездегі «Жібек жолы»Шинжәңнан3 айрыққа бөлінген, Тянь-Шаньтауының солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы:Жемсары, Ілеөңірін басып, Балқашөңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргендеҚара теңіздіңшығыс жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығыКрораннан(Лулан) шығыпКүнлүнтауының батысын , онан ары жүргенде адырлардан асып, Орта Азияға, Батыс Азияға, Еуропағадейін созылады. Кроранныңбатыс батысын бойлап, Иіңпанды, баратын жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да адырлардан асып, Еуропағадейін барады.
Кейін тағы 3 айрық жол пайда болды:Юймынныңбатыс солтүстігінен басталып, қазіргіҚұмыл, Тұрпан, Жемсарысияқты жерлерді басып, бұрынғы дала жолына тұтасатын жол, бұл кейінірек «солтүстік жол» деп аталды. Тұрпаннаншығып, Тянь-Шаньтауының оңтүстігін қапталдап, батысқа беттеп, Қарашәр, Күшәрдібасып, бұрынғы солтүстік жол айрығымен тұтасатын жол кейінгі кездері «Орта жол» деп аталды. «Оңтүстік жол» бұрынғысымен ұқсас.
7-ғасырдағы Ұлы жібек жолының мемлекет аралық сауда тасымалы.
7 ғ. кейін, теңіз қатынас-тасымалы дамығандықтан, «Жібек жолы» біртіндеп екінші орынға түсті, бірақ13 ғ. дейін шығыс пен батыс қатынасының маңызды жолы болып келді. 19 ғ. басында, Иcпанияның елшісіҚытайдың800 түйелік сауда керуенін өз көзімен көріп туралы былай деп жазады:
Төңіректің төрт бұрышынан келген … Қытайдың торғын-торқалары көз жауын алады.
Қытай Халық Республикасы (төте жазу:جۇڭحۋا حالىق رەسپۋبليكاسى - Жұңxуа Халық Республикасы; жеңіл. қытайша:дәстүр қытайша:пинйін: Zhōnghuá Rénmín Gònghéguó) -Азияқұрылығында орналасқан мемлекет.
Халық саны бойынша, әлемдегі 1-ші мемлекет (1, 3 млрд санынан астам, халық көпшілігі - этникалық қытайлықтар, өз атауы - хән) ; жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде. Ресми түрде сегіз партия болса да, ҚХР-сын бір партиялы, авторитарлық елдер қатарына жатқызады.
14 мемлекетпен шектеседі:Ауғанстан, Бутан, Мианма, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Непал, ҚХДР, Пәкістан, Ресей, ТәжікстанжәнеВиетнам.
Қытай тарихы археологиялық мәліметтермен қатар, ерте заманнан бергі саяси өмір мен әлеуметтік қозғалыстарды зерттеуге мүмкіндік беретін, жазба көздерінің көпшілігі және түрлігімен ерекшеленеді. Діни-философиялық және тарихи мазмұны бар канондалған ежелгі қытай мәтіндері, әсіресе Конфуцийдің оқуы жазылғаны - өз кезегінде, қытай өркениетінің дамуына, қытай халықтарының көзқарасына әсер етті.
Қытай өркениетіне Конфуций заманынан бері әрбір адамның жердегі өміріндегі бақыт пен аман-саулығына бағытталған жоғары әлеуметтік-саяси белсенділік тән болды - адамның тағдыры құдайдың салғаны емес, өз еңбегінің арқасы. Қытай тарихындағы үлкен халық қозғалыстары менен Қытайға тән жоғары әлеуметтік көшпенділіктің мәнісі осында жатыр. Қытай өркениеті - әлемдегі ең ежелгілердің бірі. Қытай ғалымдарының айтуы бойынша, оның жасы бес мың жылға жуық, оның үстіне жазба көздері 3500 жылғы мерзімді қамтиды. Династиялар ауысқан сайын түрлі даму кезеңдерінен өткен ежелгі әкімшілік басқарудың баршылығы, өзге өркениеттен кейін қалып қойған көшпенді көршілер мен тау халықтарына қарағанда, жер өңдеу саласы дамыған экономикасының баршылығы анық артықшылық болды. Қытай өркениетін одан әрі конфуцийлік (б. з. д. 1 ғ. ) және бірегей жазу жүйесінің енгізілуі күшейтті.
Саяси көзқарас бойынша, Қытай бірнеше мыңдаған жылдар бойы, цикликалық түрде қайталанатын саяси бірлік пен шашыраңқылық мерзімдерінен өткен. Қытай аумағы басқыншылардың шабуылына жиі ұшырады, бірақ басқыншылардың көбі ертелі-кешті қытайланып, қытай этносымен араласып кетті. Қазіргі қытай мемлекеті мен қоғамы көптеген ғасыр бойы қоршаған азия халықтарымен мәдени және саяси араласуы менен енгізілуінің нәтижесі. Қытай этносының аса ірі демографиялық потенциалының көрші халықтарға тигізетін әсерін жоққа шығаруға болмайды.
ҚХР (тарихы және қазіргі заман)
1949-1956 КСРО көмегімен өндірістің негізгі салалары салынды, өндірісті ұлттандыру және ауыл шаруашылығын жүргізілді, жаппай социалистік құрылыс басталды.
1956 жылы ҚКП 8 съезінде Мао Джетуң идеяларының жеңісімен, «үлкен адым» саясатымен, «» аяқталған жаңа бағыт жарияланды. Одан кейін негізгі ұраны болған социализм құру кезіндегі класстық күресті күшейту және Қытайдың мемлекет пен қоғам құрудағы «ерекше жолы» екі жақтың теке-тіресінен «мәдени революция» жарияланды (тауарлық-ақшалай қатынастарды мойындамау, мемлекеттік емес жекешелендірудің болмауы, сыртқы экономикалық қатынастарды болдырмау, адалсыз саясаткерлерді жұрт алдында соттау, хунбэйбиндер және т. б. )
Бұл саясат кейін «төрт банданы» құлатқаннан соң, кейін билік басына келген Дэн Сяопинмен әшкереленді. Қытай Коммунистік Партиясының Орталық Комитетінің 11 шақырылымымен өткен. ІІІ Пленум (1978 жылдың желтоқсаны) : жоспарлы-тарату және күллі шетелдік инвестицияны кірістіру, ұйымның кеңірек шаруашылық қарекет етуіне рұқсат беру, ауылдарда жанұялық тәртіпті енгізу, экономикадағы мемлекеттік сектордың пайызын кеміту, ашық экономикалық аумақты ашу, кедейшілікпен күресу, ғылым мен техниканы дамыту сияқты нарықтық болатын екі жүйенің біріктіруі арқылы социалистік нарықтық экономикаға курс жарияланды. Жағажайдағы шығыс провинцияларға септігін тигізсе, өзге аймақтағы халық жағдайы өте төмен болып табылады, сонымен қатар әр аймақтың экономикалық жағдайының айырмашылығы ұлғаюда.
Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында болып өткен «түрлі-түсті революцияларға» күдікпен қарады, әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен сақтау үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп, шетелдік Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында болып өткен "түрлі-түсті революцияларға" күдікпен қарады, әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен сақтау үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп, шетелдік ықпалды шектетті.
2005 жылдың қазан айында ең ірі ұялы байланыс операторларының қызметін мемлекеттік бақылауға алу науқаны басталды. Жаппай сыбайластығы үшін жиі сыналатын Гуандун провинциясында партиялық және мемлекеттік басшылығын соттау басталды.
ҚКП ОК пленумы 2005 жылдың қазанында «Қытайда үйлесімді қоғамды құруды стратегиялық мақсат ететін» 11-інші бесжылдық жоспар қабылдады.
2006 жылдың 5 наурызында ВСНП кезекті отырысында бағдарламалық баяндамамен Вэнь Цзябао шығып, елдің экономикалық өсуінің тежеуді, ал босатылған ақшаны шаруалардың өмір деңгейін көтерумен қатар әскері шығындарды өсіруді ұсынды.
Үкімет Қытайдың ЖІӨ-ін қазіргі жылына 10%-дан 7, 5%-ға тежеуді жоспарлауда. Босатылған қаржы қаланың тұрғындары мен шаруалардың арасындағы өмір деңгейінің айырмасын жабуға жұмсалады (елдегі шаруалар саны шамамен 900 млн., немесе халықтың 75%-ы) . ҚХР-да «түрлі-түсті революцияның» алдын алу мақсатында 2006 жылы аграрлық секторға шамамен 340 млрд. юань жұмсау көзделіп отыр (2005 жылғыдан 14 пайызға көп) .
БҚХҚЖ барлық депутаттары коммунистер және демократтар блогінен тұрады.
Қытайдың торғын-торқасы осы жолмен Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға толассыз тасылды, сонымен тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады.
Сондай-ақ Шинжяңнан шығатын қас тасы, былғары, жүн әдиял сияқты тауарлар мен орта жазықтың темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдолы, өрік, рауағаш, дәршен сияқты өнімдері батыс базарына қатар кірді.
Орта Азияның, Батыс Азияның және Еуропаның әйнек, жақұт, экономикалық дақылдары және хош иісті заттары, дәрі материялдары, сондай-ақ Отқа табыну діні, Бұдда діні, Сіләм діні сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды.
Шығыс пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-күйіс адамзаттың материялдық мәдениетін байытты.
Шығыс пен батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды. Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты. Адамзат тарихында алтын әріппен жазылған және құрметтелетін «Ұлы Жібек Жолы» деген сөз бар. Оның ерекше құрметтелетіні сонда, бұл жолмен соғыс эшелондары өтпеген.
Тек Еуропаны да, Азияны да көркейткен бейбіт сауда-саттықпен айналысатын кәсіпшілер ғана осы жолды пайдаланған. Сондықтан да «Ұлы Жібек Жолы» заманында Еуразия деп аталатын алып құрлықтың екі шетінде жатқан тілі, діні, ділі бөлек ұлттар экономикасы бірі-бірінің рыногына айналып, дамуына себепкер болған. Кейбір кезде ойға қаласың, «адамзат тарихында болған соңғы екі дүниежүзілік соғыс осы жолды «күшпен» өмірге әкелу мұратын мақсат еткен жоқ па екен?» деп. Өйткені Еуропада басталған соғыстардың ұйытқысы болғандар орта жолдағыларды бағындырып, Азияға жетуді жоспарлады ғой. Күшке дегеніне жету қиын екен. Екі соғысты да бастаушылардың жолы кесілді. Демек, «Ұлы Жібек Жолын» жаңғырту күшпен емес, бейбіт, сындарлы саясатпен ғана өмірге келуге тиіс. Менің ойымша, ежелгі бабалар салып кеткен, бірақ кейінгі замандағылар мүлде жойып жіберген осынау ескі сүрлеуді жаңғырту XXІ ғасырдағылардың еншісіне тигендей. Мұндай идеяны тек бейбіт мақсатпен тату көршілік жағдайында өмір сүрген немесе осылай өмір сүреміз деген мемлекеттер ғана күн тәртібіне қоя алады. Қазақстан өз кезегінде Ресеймен, Қытаймен шегарасын айқындап алған соң, бұл үш мемлекет басшылары жоғарыда аталған жолды қалпына келтіру ісі жайлы ойласты. Оны дамыған дүниенің көшбастаушыларының бірі - ЕуроОдақ қолдады. Идеяға үміт артатынын Атлант мұхитының арғы бетіндегі АҚШ және Азия құрлығымен шектесіп жатқан аралдық мемлекет - Жапония мәлімдеп шықты. Қысқасы, бұл күндері төрткүл әлемнің бәрі дерлік «Ұлы Жібек Жолын» жаңғыртуға ықылас танытып отыр. Оның басты себебі - құрлық жолының теңіз тасымалынан әлдеқайда жақындығы. Зымыран заманда уақыт басты көрсеткіш. Уақыттан кім ұтады, жеңіс сонікі. Міне, осыны ұғып алған соң, қазіргі дүниедегі геосаясат деп аталатын алып ақзада Қазақстанның қандай маңызды қызмет атқаратынын түсіну қиын емес. Ең бастысы, Қазақстанның географиялық орны. Ежелгі «Ұлы Жібек Жолының» тарихта қалған ізін білетіндер сол алып керуеннің Қазақстан жерін басып өткеніне қанық. Ендеше, ХХІ ғасырда жаңғыратын жол да тек солай өтеді. Басқаша болуы мүмкін емес. Ең төтесі - Қазақстан Республикасы аумағының оңтүстік шығысынан батысқа жететін жол. Қалғандары айналма. Айналмамен жүріп, уақыттан ұта алмайсың. Демек, қазіргі дүниедегі геосаясатта Қазақстанның орны - төр. Сондықтан да бүкіл әлем Қазақстан мемлекеті басшыларының ұстанған саясатына ұдайы алаңдап отырады. Қазіргі кезде көрші Ресей мен Қытай түгілі, тіпті, ТМД елдері түгілі, Еуроодақ пен АҚШ-тың өзі Қазақстанды маңызды стратегиялық әріптес санайтыны сондықтан. Әрбір мемлекеттің даму кілті оның өндірген тауарларының өтіміне байланысты. Демек, барлық мемлекетке де рынок керек. Еуроодақ үшін ол - Қытай, Үндістан және басқа оңтүстік Азия елдері, ал соңғылары үшін - ЕуроОдақ ең қажетті рынок.
Қорытынды
VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz