ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕ. Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерінде.

ІІ. Негізгі бөлім

Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары

ІІІ. Қорытынды

Сауда мен тауарлары

Пайдаланған әдебиеттер

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕ.

ҚАЛА МЕН ДАЛА

Жүздесу мен тілдесу және алыс-беріс байланыстары б. з. дейінгі III-ІІ-мыңжылдықтарда басталған. Бадахшан тауынан лазурит және Хотан маңындағы Яркендария өзенінің жоғарғы жағынан нефрйт кен орындары табылып, оларды өндіре бастауға сәйкес бұл байланыстар реттеліп, жөнге келтіріледі. Б. з. дейінгі І-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген агрипейлер еліне кететін Далажаты жұмыс істей бастаган еді. Осынау жолмен жібек, ұлпандар мен терілер, иран кілемдері, асыл металдардан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын.

Қымбат бағалы жібек түрлерін таратуға сақтар мен скифтердің-көшпелі тайпалары да қатысқан, осылардың дәнекерлік демеуі- арқасында сол кез үшін тансық болған бұл тауар Орта Азия мен Орта теңіз аймағына дейін жеткен.

Б. з. дейінгі II ғ. орта шенінде Жібек жолы елшітіктің және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды.

Б. з. ІІ-г V ғғ. егер Шығыстан жүре бастасақ, Жібек жолы Қытандың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып, Ланчжоу маңындағы Хуанхэуға баратын да одан әрі Нань-Шаннің, солтүстік мен жүріп отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс шетінен, Янь қақпасынын, шебінен барып шығады. Осы арадан сара жол екіге айырылып, Такла-Макан шөлін солтүстік және оңтүстік жағынан айналып өтетін. Терістік жолы Хами, Турфан, Бесбалық, Шихо көгал аймақтары арқыды Іле алқабына жететін; ортадағы жол Чаочаннан Қарашарға, Ақсуға, сосын Бедел асуы, арқылы Ыссық көлдің оңтүстік жағалауынан шығып, Дунхуан, Хотан, Яркенд, Бактрияларды басып өтіп, Үндістан мен Орта теңіз аймағына қарай шырқап кететін; бұл Оңтүстік жолы деп аталатын. Ал, Солтүстік жолы Қашғардан Ферғанаға, одан әрі Самарқанд, Бұқар. Мерв арқылы Хамаданға Сирияға баратын.

ХІ-XII ғғ. Қытайдан шығып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы-Батысқа қарай өтетін жол бәрінен де жанданып кетеді. Жолдың бұлай ауытқу бірнеше себептермен түсіндіруге болады.

Біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен жүретін сауда жолдарын бақылайтын Түрік қағандарының ордалары болатын.

Екіншіден, Ферғана арқылы жүретін жол VIIғ. Ішкі қырқыс салдарынан қауыпты болып қалған еді, үшіншіден, аса бай түрік қағандары мен олардың айналасындағы кісітер, теңіздің арғы бетінен келген тауарлар-ды аса хөп тутынатындар қатарынан саналатын.

VII-XIV ғғ. елшілік және сауда керуендерінің дені Жібек жолымен жүретін. Сан ғасырлар бойы жол тынымсыз өзгеріп отырған оның бір учаскелері айрықша маңыз алып, көркейіп жатса екінші бір учаскелері жабылып, ондағы қалалар мен сауда бекеттері қаңырап бос қалған, Мәселен, VI-VIII ғғ. негізгі күре жол Сирид - Иран - Орта Азия - Оңтүстік Қазақстан - Талас алқабы - Шу - алқабы - Ыссық көл шұңқыры - Шығыс Түркістан болған. Осынау жолдың бір тармағы, дәлірек айтсақ, тағы бір бағыты Византиядан шығып, Дербент арқылы Каспий өңірі даласына - Маңғыстау - Арал өмірінен өтіп Оңтүстік Қазақстанға жеткен, Бү жол Сасанилар Иранына қарсы, Батыс түрік қағанаты мен Византия арасында сауда-елшілік одағы жасалған кезде, Иранды айналып өтетін болған IX-ХІІғғ. жолдың бұл желісі, Орта Азия мен Таяу арқылы Кіші Азия мен Сирияға, Мысыр мен Византияны жолға қарағанда, едәуір аз пайдаланылған, ал ХІІІ - XIV ғғ. қайтадан жанданады.

Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары.

Егер Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай жүрсек, оның Қазақстандағы учаскесі Шаштан (Ташкент) шығып, Тұрбат асуы арқылы Исфиджабқа, Сайрам (Сарьямға) келеді. Ежелгі қаланың осы күнге дейін сақталған. Шымкент түбіндегі бір қыстақ таппай аталады, оның дәл кіндік түсында Жібек жолындағы бір дегі ең ірі орталықтардың бірі болған орта ғасырлық қала жұртының қалдығы сақталған. Исфиджабтан құлдарды, бөз маталарды, қару-жарақты, семсерлерді, мыс пен темірді әкетіп жатқан. Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барады екен.

Қазақстанның, аса ірі қалаларының бірі Тараз VI ғ. бұрын белгілі болған. 568 ж. түрік қағаны Дизабүл Византия императоры Юстинның стратег Земарх бастап келген елшілігін тап осы қалада ылдаған. Бастаухаттар оны көпестер қаласы деп атаған. Мұның оны ол түргештердің, содан кейін қарлықтар мен қарахандардың тарихи орталығы болған.

Таразбен қатар Жамухат деген шаһар тұрған, ол да VI ғ. хатқа түскен. Жамухаттың жәдігерліктері Талас алқабында, Жамбылға таяу жерде, Талас өзенінің бойындағы Михайловка селосына қарама-қарсы бетте жатыр, оның үйінділерін кәзір Қостөбе деп атайды.

Алқаптың жазық жағында Атлах қаласы бар, 751 ж. оның түбінде осы араны ықпалында үстау үшін арабтар қытай әскерімен шайқасқан болатын. Тараздан таяқ тастам жерде, Талас бойымен төмен, теріскейге қарай кететін сауда жолы үстінде Адақкет пен Дех Нуджикес қаласы тұратын. Талас алқабының таулы бөлегінде сияқты Шелжі, Сұс, Күл және Текабкет деген қалалар болған. Олар күміс кендеріне жуық жерден қоныс тепкеңді.

Керуендер Талас алқабына Ферғана аймағынан Шатқал қ ыратындағы Шанаш асуы және Талас Алатауындағы Қарабура асуы арқылы да өтіп келетін. Жолдың осы бөлегі Жібек жолының Ферғаналық және Жетісулық бағыттарын біріктіретін. Науакент түрік қағандарының сарайы және соғдылардың қаласы болған.

Жол Науакенттен шыққасын Пенджикент (Бунджикет) арқылы Жетісудын аса үлкен қаласы, Батыс Түріктерінің астанасы (кейін түргештер, қарлықтар астанасы) Суябқа келеді. Бү қала туралы қытай, араб саяхатшылары X ғ. дейін жазып келген. Соңынан астана рөлі Баласағұнға көшеді, тегі оның ертеректегі аты Беклиг немесе Семекна болса керек. Баласағүн қарахандардың, сосын қарақытайлардың астанасы ретінде белгілі, оны кейін XIII ғ. бас кезінде қарақытайлар қиратады. Қала содан қайта салынады, бірақ XIV г. тағы да ойрандалып, үйінділері ғана қалады. Бү қалалардың тұрған жері кәзіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде және орта ғасырдың көпке белгілі екі ескерткішіне - Ақбешім мен Борам қалажұртына сәйкес келеді

Суяб қаласынан керуен жолдың не солтүстік, не оңтүстік тармақтарымен жүріп, Ыссық көлдін, жағалауына шығады. Оңтүстік жақпен жүрген керуендер Жоғарғы Барысхан деген үлкен қаланың басып өтеді, ал жолдың солтүстік тармағында шағын керуен сарайлар орны кездеседі, олардың аттары бізге дейін жетпеген. Сосын осынау екі айрық жол Бедел асуында бір-бірімен қосылады да, не осы асу арқылы, не Ташрабат арқылы Жібек. жолы Қашғар мен Ақсудал барып шығады.

Ал керуен жолы Ыссық көл қазан шұнқырынан Санташ асуы арқылы Қарқара жайлауына барып, төмендеп Іле алқабына түседі де, өзеннің оң жағалауын бойлап отырып Үсек, пен Хорғос алқаптарынан өтіп, Алмалық қаласына барады, ал сосын Такла-Макан шөлінің солтүстік жиегін айналып, Хами мен Түрфан кегал аймақтарын басыт, Дунхуан мен Қытайға жететін болған.

X-XII ғғ. Жібек жолының бір тармағы куллі Іле алқабын оңтүстік-батыс жағынан көктей өтіп, солтүстік шығысқа қарай кетеді екен. Бұл тармақ Науакенттен басталып, Бунджикен және Қастек асуы арқылы жүріп, Іле Алатауының теріскей жоталарына әкелген. Әлгі асуға тағы бір жол Баласағұннан келетін болған. Бұл арадағы танымал белгі қасиетті Үрын-Арж тауғы екен. Жол Іле Алатауының баурайындағы, кәзіргі Қастек, Қаскелең мен Алматы орындарындағы шағын қалашықтар арқылы Талғар қаласының теріскей шетіне орналасқан Тәлхиз (Тәлхира) қаласына жеткен. Осы арада Талғар өзенінің оң жағалауындағы тау баурайында орта ғасырдың, аса ірі қала жұртының ойран болған орны жатыр.

Тәлхиз транзитті сауданың үлкен орталығы болған. Іле алқабына басқа жолмен де келе береді екен: Қүлан мен Аспарадан немесе Нүзкенттен шығып, Шүдың орта және төменгі ағысындағы қалаларға барған. Сосын Тасөткел қайраңынан өтіп, жол Шу - Іле тауларының теріскей жоталарын жағалап келіп, Іле Алатауының теріскей бетіндегі қалаларды қуалай жүрген.

Тәлхизден Жібек жолы екіге айрылады: оңтүстік желісі Есік пен Түрген, Шелек үстімен жүріп, Іленің, Борохудзир маңындағы өткелінен өтіп, оның оң жағалауын қуалап, Хоргос арқылы Алмалыққа жетеді де, осындагы ЬІссық көл жақтан келген жол тармағымен қосылады, Жолдың осы бөлегінен археологтар Есік. Түрген, Лауар сияқты кішкене қалалардың, үлкен қала Шелектің төбешіктеніп қалған орындарын тапты, Іленің оң жағымен жол қазіргі заман қыстағы Көктал мен Жаркент арқылы өтеді. Көктал маңында Ілебалық қаласының орны бар. Тәлхизден басталатын теріскей жолы Талғар өзенін қуалай жүріп, Іленін, Қапшағай шатқалы маңындағы еткеліне дейін жеткен. Одан әрі жол Шеңгелді үстімен Алтын Емел белесінен асып, Көксу алқабына түседі де, Екіоғыз қаласына жетеді. Ол кәзіргі Дунғанойка селосының орнында болған. Вильгельм Рубрук бұ қаланы Эквиус деп атаған. Іле алқабының ең үлкен қала журтының тірі тап осы жерден табылған. Онда 1253 ж. болған В. Рубрук осынау қалада «сарациндер» (иран көпестері) тұрушы еді- деп жазады.

Жол Екіоғыздан шығып, қарлықтар жабғысының астанасы Каялыққа (Койлақ) барады екен, Бұл шаһардың хан базарларымен аты шыққан. Онда мұсылмандармен бірге, өздерінің шіркеуі бар христиандар да тұрған. Ол жөніңде моңгол хаңы Мөңкеге бара жатып, осы қалаға соғып кеткен, Людовик IX- елшісі, монах-сопы В. Рубрук хабарлайды. Каялық - қарлықтар орталығы болған, IX г. -XIII ғ. бас. кезінде Іле алқабының солтүстік-шығыс белегі қарлықтар қоластына қараған. Каялық Қаратал өзені алқабында кәзіргі Антонов селосының шет жағында тұрған. Рубруктың жазбаларына қарағанда, Каялыққа жақын-жуық жерде христиандар селосы болған, Жібек жолы сол арқылы өткен. Содан әрі қарай жол Тентек алқабымен жүріп, Алакөлді айналып етіп, Жоңғар қақпасын басып Шихо алқабына жетедіп сосын Бесбалықты басып, Дунхуакға барады да, Ішкі Қытай жаққа шығандай кетеді екен.

Алакөлдің оңтүстік-батыс шетінде бір қала болған, оны XIII ғ. саяхатшылары «Облыстың астанасы» деп атаған.

Испиджаб қаласынан шығатын керуен жолы Арыс бойындағы Арсубаникетке, содан Отрар-Фарабқа иек артып, Сырдария бойымен жүріп, Арал өңіріне барған.

Сырдария бойын қуалай жүретін керуен жолы үстіндегі қаладардың ірісі Отырар-Фараб пен Шавғар екен. Бірінші қаланың аты Арыстың Сырдарияға барып құятын жеріне жақын орналасқан, аса үлкен қала жұртының атына сақталып, осы күнге дейін жеткен.

Отырар тоғыз жолдың торабында тұрған. Одан шыққаң жолдың бір тармағы Шавғарға, екінші тармағы Сырдария еткелінен өтіп, Васиджа қаласына баратын болған. Одан Сырдариямен жоғары өрлеп, оғыздар қаласы Сүткеңтті басып, Шашқа, ал төмен қарай - Жентке кеткен. Ал Женттен қызылқұм арқылы Хорезм мен Ургенішке қаражол тартылып, одан әрі Еділ бойы мен Кавказға асып кететін болған. Жібек жолының осы белегі XIII ғ, өзгеше жанданыгі кетеді және Жент, Сарайшық, Сарай-Бату, Каффу сияқты шулы-дулы шаһарлар үстімен жүретін болады,

Шавғар VIII ғ. деректерінен белгілі, оған, әсілі, Түркістан төңірегінде орналасқан Шүйтөбе қала жұрты сәйкес келетін секілді,

Казіргі Түркістан тұрган жерде, Шавгармен катар X-XIII ғғ. Яссы шаһары ірге тебеді, атақты ақын, сопы Ахмет Яссауи со шаһарда тұрып, уағыз-насихатын жүргізеді.

Шавғардан шыға жол оғыздар астанасы - Янгикентке қарай тартатын. Осы арадан Қызылқұмды басып, тағы бір жол Хорезмге баратын.

Әуелі, Шавғардан, кейінірек Яссыдаң басталган жол Тұрлан асуы арқылы Қаратаудың солтүстік жоталарына шығып, Сырдарияны қуалап кететін жолмен жарыса (паралелль) жүретін. Ол жол-да Созақ, Ұрысоған, Құмкент, Сүгүлкент қалалары бар еді, Бү жол не Таластың төменгі жағынан шығып, содан жоғары өрлеп, Таразға баратын, не Билікөлдің батыс жағасымен жүріп, Берукет-Паркет, Хугүкчин қаладары арқылы бұл да Таразға жететін жібек жолының Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін негізгі арқауынан жол тарамдалып, терістік пен шығысқа қарай, Орталық және Шығыс Қазақстан аудандарына, кейін Сарыарқа атымен мәлім болған Дешті-Қыпшаққа, Ертіс жағалауы мен Алтайға; Моңғолияға асып кетеді екен. Осы арамен атты көшпеліпбр тайпалары жүретін дала жолы өткен. Сөйтіп малға, жүн мен теріге, металға бай Орталық Қазақстан аймағы сауда-саттық байланыс жүйесіне, онын ішінде халықаралық жүйеге тартылып, көптеген керуен сүрлеулері арқылы Жібек жолы торабымен тоғысады.

Жолдың Отрардан таралған бір желісі Арсубаникеттен; өтіп, Арыстанды, Шаян алқаптарына, сосыы Қаратаудын жатаған белесінен асып; ал Шавгар мен Яссыдан шыққан желісі Тұрлан асуынан асып, Сауран мен Сығанақ тармағы, Янгикент тармағы - бәр-бәрі түс-түстан Орталық Қазақстан жазығына шығып, Сарысу мен Қеңгір, Торғай мен Есіл бойларына баратын болған; Сол аймақтан орта ғасырдың: Болған-ата, Жаманқорған, Нөгербск-Дарасы, Домбауыл Милы-құдық, Өрмамбет сияқты қалажұрттарының қалдықтары табылған. Әсілі, орта ғасыр бастаухаттарында айтылатын Жұбын, Конгликет, Ортау мен Қейтау сияқты жайлауларды, Гарбиан Мен Бақырлытау сияқты кең орындарын осы маңайдан , іздеген жөн.

Тараздан шыққан тағы бір сауда жолы Адахкес пен Дех-Нуджикес қалалары арқылы Ертіс жағасына, Қимеқтер қағаныңын, сарайына барып, одан әрі асып Енисейдегі қырғыздар еліне тартатын болған,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мәдениетінің бастаулары. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
Қазақстан жеріндегі Ұлы жібек жолы
Ұлы жібек жолы Қазақстан жерінде
Ұлы жібек жолы туралы мағлұматтар
Ұлы жібек жолының Қазақстандық бөлігінің туристік әлеуетін бағалау және оның Қазақстан Республикасы туризмінің дамуындағы маңызын анықтау
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы
Ұлы Жібек жолы және ортағасырлардағы Қазақстан мәдениеті
Бас сауда жолы
Ұлы Жiбек Жолы жайлы
Ұлы Жібек жолының пайда болуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz