Ұлы дала ойшылдарының педагоикалық ой -пікірлері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Ұлы дала ойшылдарының педагоикалық ой -пікірлері.
Қазақ халқының музыкалық шығармашылығы оның өмір - тіршілігімен тығыз
байланысты болған. Оның білім мен жақсылықтың, әдемілік пен құдіреттіліктің
қайнар көзі болып табылатын ән, күй, айтыс, терме, жыр, толғау сияқты сан
түрлі бай жанрларында қазақ халқының басынан өткен небір тарихи оқиғалар,
жат жұрттық шапқыншылармен шайқастағы батырлардың ерлігі, жоғары
адамгершілік сезімдер, күнделікті күйбең тіршіліктің қуанышы мен қайғысы
және т.б. туралы жырланады. Оларда халықтың эстетикалық көзқарастары,
моральдық - адамгершілік нормалары сақталған және халық өмірінің барлық
салаларының мәні анағұрлым толық бейнеленген.

Қазақ халқының музыкалық мәдениеті оның ән шығармашылығынан неғұрлым
айқын көрінеді. Ұрпақ тәрбиесінде халық әндерін пайдалану өз Отанын
сүйетін, туған халқын, оның салт-дәстүрлерін, тілі мен тарихын, өнерін
құрмет тұтып, ұлттық рухты, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, жан-
дүниесі сұлу, рухани мәдениеті бай адамды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Сондықтан ол өскелең ұрпаққа халық дәстүрлерінің негізінде рухани-
адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудегі аса маңызды құралдардың бірі
болып табылатындығы сөзсіз. Қазақ халқының аспаптық күй шығармашылығы
музыкада бейнеленген тарих ретінде ғана емес, сонымен қатар халық
эстетикасының қайнар көздерінің бірі ретінде де құнды. Ол өзінің ұлттық
- өзіндік бейнелілігімен, музыкалық – көркемдік құралдарының байлығымен
анықталатын идеялық – көркемдік қасиеттеріне байланысты үлкен қызығушылық
тудырады. Халық музыкалық дәстүрінің тағы бір жанры - терме. Ол халық
шығармашылығындағы тақпақ – сазды речитативті әннің бір түрі. Терме –
насихат, өсиет ретінде белгілі бір әуен – ырғақпен орындалатын өлең түрі
болып табылады. Олардың мазмұны этикалық, адамгершілік, эстетикалық
категорияларды ашады. Қазақ халық музыкалық шығармашылығының тарихи сипаты
басым көркем де құнды саласы – эпостық жырлар. Эпостық жырларда
еңбекқорлық, патриоттық, ру-тайпалар арасындағы ізгі қарым-қатынастар,
үлкендерге, әйел –аналарға деген құрмет, адалдық, тектілік, батылдық,
кішілерге қамқорлық, туған өлкенің, ұлттық киімдердің сұлулығы және т.б.
жырланды. Халық музыка шығармашылығының дәстүрлі жанрына толғау да жатады.
Онда ой толғанысын, уақытқа, заманға, оқиғаға, құбылысқа көзқарасын ақын
сөзді әуенмен сүйемелдей отырып білдіреді. Халық музыка шығармашылығының
тағы бір түрі айтыс өнері арқылы жас ұрпақтың бойында еңбекті қадірлеу,
адамгершілік қасиеттер, Отанын, елін сүю уағыздалып, керісінше, өтірік,
мақтаншақтық және т.б. адамды аздыратын жаман әдеттер сыналады.
Қазақ халық музыка шығармашылығының эстетикалық талғамды қалыптастырудағы
мүмкіндіктері, біздің ойымызша, оны игеру процесінде оқушыларда саналы –
сезімдік қабылдау қабілеті қалыптасады. Эстетикалық талғам оқушылардың
халық музыкасындағы эстетикалық құндылықтарды ұғынуға деген белсенді
ұмтылысын бейнелей отырып, эстетикалық идеал, сезім, көзқарас, қажеттілік,
қабілетті біріктіретін музыкалық – эстетикалық қабылдаудағы белгілі бір
жүйелілікті туындатады. Оқушылар қазақ халық музыкасына ортақтасу
барысында адамның жан-дүниесін, қазіргі заманның мақсаты мен мәнін,
табиғатты терең түсіне білу қабілетін өз бойларында тәрбиелей отырып,
міндетті түрде өз рухани мүмкіндіктерін байытып, эстетикалық талғамдарын
дамыта түседі. Сондықтан халық педагогикасының маңызды құралы – музыка
шығармашылығы құралдары арқылы қазіргі мектеп оқушыларына эстетикалық
тәрбие беру қажеттілігінің маңыздылығы арта түседі.

Халық музыка шығармашылығының эстетикалық тәрбие берудегі
мүмкіндіктері көптеген ғасырлар бұрын –ақ ұғыныла бастаған болатын.
Құнды педагогикалық мәні бар ежелгі ұлттық мәдениетіміздің бір көрінісі
Қорқыт атаның Кітаби Қорқыт IX – X ғ.ғ атты еңбегіндегі ойлар болып
табылады. Дала ойшылы, ақын, жыршы, күйші Қорқыт ата жырларының негізгі
тақырыбы – адам өмірінің қысқалығы және оның өлімнен қашып құтылу
мүмкіндігін іздеуі. Оның музыкалық мұрасы - орта ғасырлардағы оғыз
тайпасының өмірі мен тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін тамаша көркем - эпикалық
ескерткіш. Өсиет, нақыл сөздер түрінде жазылған Кітаби Қорқыт
еңбегіндегі оның педагогикалық тұжырымдамасының басты идеясы - балаларды
ата-бабалар дәстүріне адалдық, батырлық рухында тәрбиелеу. Қорқыт атаның
жырлары жастарды өз халқын жаулардан қорғауға, керек болғанда ол үшін жанын
қтя білуге шақырады. Қорқыт атаның біздің заманымызға жеткен 11 тамаша күйі
бар. Олар - Ұшардың ұлуы, Елім-ай, халқым - ай, Сарын, Қоңыр,
Желмая және т.б. [1].

Ал, ұлы ойшыл Әл-Фарабидің пікірі бойынша, музыка адамның жанына
көркем әсер етудің тамаша құралы болып табылады. Ол өзінің Музыканың ұлы
кітабы атты ғылыми трактатында практикалык музыка халық фольклорынан келіп
туындаған деген маңызды философиялық тұжырым жасайды, яғни өнер - халық
шығармашылығының нәтижесі дейді. Философ-гуманист ретінде Әл-Фараби
адамдарға үлкен ләззат сыйлайтын музыка қандай да бір жеке тұлғаның
немесе жекелеген халықтың меншігі емес, оны шығаруда барлық халықтар
қосыла еңбектенген деген пікірін білдіреді. Өзінің музыкатанушылық
еңбектерінде ұлы ғұлама халық музыкасының емдік қасиеттеріне тоқталып,
оның тәрбиелік, қоғамдық рөліне аса үлкен мән береді [2].

IX-XII ғ.ғ. озық педагогикалық ойдың көрнекті өкілі Жүсіп Баласағұнның
Құтты білік атты еңбегінде дүниетанымдық идеалдар, педагогикалық ой-
толғаулар баяндалады. Оның пікірінше, адалдық, әділдік, жақсылық жасауға
құштарлық тек дұрыс тәрбие арқылы қалыптастырылады .

Қазақ халқының көрнекті ағартушылары Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов,
А.Құнанбаев халықтың мәдени мұрасын мен оның жас ұрпақ тәрбиесіндегі
рөлін өте жоғары бағалаған. Халық ауыз шығармашылығының тамаша үлгілері
олардың шығармашылық және практикалық іс-әрекетінің негізін құрады.

Ыбырай Алтынсарин (1941–1889 ж.ж.) халық ауыз шығармашылығының
шексіз байлығын, ондағы ертегілердің, мақал-мәтелдердің білімдік және
тәрбиелік мәніне аса жоғары баға берген. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзін-өзі тану пәнінінен лекциялар жиыны
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Қазақ би-шешедері және олардың еңбектеріндегі негізгі идея
Абайдың әлеуметтанулықой - пікірлері
Түркі ойшылдарының мұрасындағы ислам құндылықтары
XІX ғасырдаң екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ ойшылдарының әлеуметтік ой пікірлері
Халықтық эстетика Шоқан Ыбырай Абайдың эстетикалық көзқарастары
Қазақ ойшылдарының (XV-XVІІ) педагогикалық мұраларын бастауыш сынып оқушыларына адамгершілікке тәрбиелеуде пайдалану
Қазақ ойшылдарының қоғам туралы ой-пікірлері
Орта ғасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері мен идеялары
Пәндер