Ұлы ойшылдар еңбектері негізінде болашақ педагог-психологтардың ізгілік қасиеттерін жетілдіру


Ұлы ойшылдар еңбектері негізінде болашақ педагог-психологтардың ізгілік қасиеттерін жетілдіру
Қазақтың этнопсихология тарихында жағымды мінез, көркем мінез жайында ғалымдар мен ағартушылар өздерінің еңбектерінде мұра етіп қалдырғанын Әл-Фараби, Қ. А. Ясауи, Ж. Баласағұн, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, Н. Манаев шығармаларынан анық көруге болады.
Қ. А. Ясауи «Диуани хикмет» еңбегінде жалпы мұсылмандар үшін қажетті ислам дінінің парыздарына жан-жақты тоқталған. Осы діни тәрбиелік еңбегінде, ол: 1) тәубашылдық; 2) ғибадатшылдық; 3) махаббат; 4) сабырлылық; 5) шүкіршілік; 6) ризашылдық; 7) заһидшілдік (анықтық) ; 8) ғаріптік (мүсәпір, бишара) жүйесімен саралаған. Бұлардың барлығы адам бойындағы жағымды мінез-құлықты айғақтайды.
Адам өмірінің мәнді де сәнді болуы ішкі ойының тазалығына және өз бойын қызғаныш пен қиянат жасаудан аулақ ұстауына тікелей байланысты екендігі анықталған. Осындай пікірді қолдаған Ясауитанушы әрі зерттеуші ғалым п. ғ. к. С. Н. Құрбанқожа адамның жағымсыз (жаман) қасиеттерінің қалыптасуын төмендегідей береді.
Осы суретке қатысты п. ғ. к. С. Н. Құрбанқожа «Әрбір жағымды, жағымсыз жаңалықтың қайсы бірі болмасын бәрі де жіңішке энергия жүйесі арқылы күнделікті ғарышқа жеткізіліп тұрады» деп діни астарын тұспалдап көрсетеді [1] .
Әл-Фараби: «Жақсы мінез-құлық пен ақыл-күш біріккенде, бұлар адамның жағымды қасиеті болып табылады» - деп баға береді.
Мінез - адамның өмір жағдайларына сәйкес және солардың ықпалымен байқалып отыратын, оның тұрақты психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Мінездің қоғамдық психологиялық табиғаты болады, яғни адамның дүниетанымына білімі мен өрісі, тәжірбиесі бойынша сіңірген моральдық ұстанымдарына, басқа адамдар тарапынан басшылық жасалуына және олармен белсене араласуына байланысты.
М. Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығында мінез туралы былай дейді: «Бір адамның барлық ісін басқа адамдардың істерінен айыратын сипаттар мінез деп аталады. Сондықтан мінез ақылға, яки сезімге байлаулы нәрсе емес, қайратқа байлаулы һәм мінез қайрат» деп дәріптеп әрі қарай бөледі. Егер бір адамның қайраты күшті болса, сөзінен ісі айырылмаған, екеуі екі бөлек жайылмайтын болса, ондай адамның мінезі қайратты, күшті, берік мінез деп аталады. Егер де сөз бен ой және іс қабыспайтын болса, ауыз айтқанды қол істей алмаса, ондай адамның мінезі жұмсақ мінез деп аталады [2] .
Мінез - адамның жаратылысына қарай тума пайда болады. Тума мінез көбінесе тұқым қуалап келеді. Сондай-ақ адамның өмірлік бет алысын білдіретін, оның бір сыдырғы тұрақты және жеке-дара тұрлаулы қасиет мінезінің екі сипаты барын көрсетеді: бірі - адамның ақиқат дүниеге қатынасы және оны жүзеге асырудың өзіндік амалдары.
Екіншісі - өз әрекетін тәртіпке келтіре алатын өзіндік еріктері. Адам ғұмырының барлық жасындағы мінезіне тәрбиенің ықпалы зор.
Қазақ-түркі және мұсылмандық, діни тәлімдік, этикада мейірімділік, сабырлылық, адамгершілік құндылықтарды бір түп негізділікке бағындырып, содан тарату жүйесі болғандығының ой бағыты Н. Манаевтың еңбектерінде көрініс табады [3] . Мысалы: «Қабуснамада» адамның адамдық қасиетін сипаттайтын құдіретті үш нәрсе бар. Олар: 1) Ақыл; 2) Туралық; 3) Жомарттық [4] .
Ал, Ж. Баласағұн өзінің ізгілік бағыттағы моральдық жүйесінде қанағат категориясын басты ұғымға айналдырады. Ж. Баласағұн істерді пайдалы нәрсе, пайдасыз нәрсе деп ажырата отырып қарастырады. Пайдалы нәрсеге: ізгі іс, ұят, әділдік қатысты болса, пайдасыз іске: жауыздық, жалған сөз, сараңдық тән болып табылады. Бұлар қазіргі педагогикалық тұрғыдан мінез-құлықтан туындайтын туындылар ретінде де қарастырылады [5] .
Н. Манаевтың көркем мінезде қолданған ұстанымдары Аллаға тәубә қылу, шүкіршілік ету, барлығын қанағат тұту сияқты ұғымдарда біріктірілген түсінігіне сәйкес қазақ мәдениетіндегі діни педагогиканың өкілдері: Ж. Баласағұн, Қ. А. Ясауи, т. б. ойшылдардың тұжырымдарымен сабақтастырған.
Ы. Алтынсариннің «Мұсылмандықтың тұтқасы» атты еңбегінде пенденің көңілінде болатын пиғыл екі түрлі дейді. Бірі - көркем, бірі - бұзық сипатты. Аят пен хадисте білдірілген жаман мінездер алпыс түрлі. Мұның бәрін бұл кішкене кітапта баян етуге орын болмайды, бірақ сол алпыс түрлі жаман мінездің шығатын түп асылы жеті түрлі мінезден десіпті. Біз осы жеті түрлісі турасында ғана айталық. Бұл жетеудің арабша аттары: әуелі - куфр, екінші - бидғат, үшінші - кубр, төртінші - рия, бесінші - хасад, алтыншы - бухл, жетінші - исраф.
1. Куфр - дінге сенбеу, дінсіздік.
2. Бидғат - діннен бөлек өз ойынан шығарылған уағыз, шариғаттар.
3. Кубр - менмендік, өзімшілдік.
4. Рия - мақтану, өзін-өзі көрсету.
5. Хасад - қызғаншақтық, күншілдік.
6. Букл - сараңдық.
7. Исраф - дүние шашқыштық, ысырапшыл [6] .
Әрбір пенде дүниеге келгенде жақсылық жасау, рахымшылық көрсету, кең пейілді болу сияқты қасиетті құндылықтар адам баласын рухани биікке көтеретіндігі ақиқат.
Өткен ғасырымыздың басында өмір сүрген Н. Манаевтың оқулығы - қазақ ғибратындағы діни жүйесі әрі діни-имандылық тәрбие бағытымен сабақтастықта таралған маңызды еңбектердің бірі. Н. Манаев кітабында мұсылмандық заңдарын баяндай келе, адам баласы адамзаттық құндылықтарды игеру үшін мынадай көркем мінездерді жинақтаған болуы керек дейді:
1) Аллаға илану;
2) тәуекел (тукл) қылу;
3) уәдеге тұру;
4) сабырлы болу;
5) мәрт болу, таза болу;
6) ұятты болу;
7) шын сөзді болу.
Қ. А. Ясауи, Ы. Алтынсарин еңбектерінде сегіз көркем мінез туралы тұжырым жасалынған. Ал Н. Манаев түйіндеген сегіз көркем мінез уақыттың алшақтығына, заманның өзгергеніне қарамастан өзара үндесіп тұр. Дегенмен де, Н. Манаев зерттеуінде өзіндік ерекшелік анық көрінеді.
Аллаға «тукл (тәуекел) » қылу дегеніміз әр істі өз құралдарымен істеу, мысалы, жазу жазудың да өз құралы бар, жазатын қаламсап және сия, мұңсыз ойға алғаныңызды қағаз бетіне түсіре алмайсыз. Аллаға «тукл (тәуекел) » қылам деп, құралсыз іс істеуге мүлдем болмайды. Н. Манаев кітабында мынадай мысал келтіреді: «Аллаға тәуекел (тукл) «қыламын деп, жалаңаш қолмен отты ұстауға рұқсат жоқ. Бұлай істеуге Алланың рұқсаты жоқ. Оны арнайы шоқ ұстайтын құрал шобаламен ұстау керек», - дейді.
Н. Манаев жеке тұлғаны қалыптастыруда «сегіз көркем мінезді» басты мәселе деп тұжырымдайды.
Уәдеге тұру дегеніміз - айтқанын жұтпау. Мысалы, үйретем деген нәрсені үйрету. Пайғамбарымыз айтқан екен: «Уәдесіз кісі - дінсіз кісі» деп.
«Сабырлы болу» деген тақырыпты ұсынғанда басқа түскен қандай қиындық болса да, шыдамды болу керектігіне тоқталып, «Сабақ оқу қиын жұмыс, оқыған сабақты меңгере алмасаң, одан да қиындай түседі. Күнде сабақ оқу қиын болса да, бір күндері пайдасы тиер деп, қиындыққа шыдап, сабақты мүлтіксіз орындап, сабырлы болу керек деп түсіндіреді. Әрбір адам өзінің мақсат-мұратына жету үшін, өмірдегі күрделі мәселелерді шешіп, қажырлық танытып, табанды еңбек етіп, кездескен барлық қиындықтарға төзімділік көрсетіп, шыдамды болуы қажет.
Н. Манаев жомарт болу керектігін былайша түсіндіреді: «Жомарт болу дегеніміз - мұқтаждарға жәрдем ету. Мысалы, жетім-жесірлерге-мұндайлардың бірінің киер киімі, ішерге асы жоқ. Киімі жоққа киім, асы жоққа тамақ берсе, жомарт болады. Кейбір адамдар жоқшылықтың кесірінен балаларын оқыта алмай қалып, амалсыздан телміріп жүреді. Міне, осындайларға көмектесу, қолының ұшын беру нағыз жомарттықтың ісі деп танимыз» дейді.
«Таза болу дегеніміз - ластықтан аман болу. Яғни, киімді, отыратын орынды, ішіп-жейтін тамақты, ыдысты таза ұстау. Үйдің (киіз үйдің) айналасын таза ұстау және үй маңына дәрет етпеу. Киіз үйдің жұртын әлсін-әлсін жаптырып тұру. Ақты төкпеу туралы ырым-тыйымдардың, гигиеналық қызметін көрсетеді. Үйдің ішіне су, айран, іркіт, қымыз, тағы басқа ішкен кезде қолды тазалап жуу, асқа шоқ, қылшық-қыбыр, қиқым сияқты нәрселерді түсірмеу».
Көркем мінездің бірі - ұятты болу, яғни, жауыздық қылудан сақтану, ұрлау, өлтіру, серігінің кітабын ұрлап алса, ол шәкірт кітабын ойлап, азап шегеді. Егер де бай баласы болса, сатып алар, ал кедей баласы болса қайтып алмақ, әбден тақыршаққа отырғаны. Бұл жөнінде ұятсыздық пен арсыздыққа шәкірттердің түсінігін қалыптастырып, ізгілікке деген сүйіспеншілігін арттырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz