ҰЛЫҚБЕК ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕКТЕБІ
ҰЛЫҚБЕК ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕКТЕБІ
Орта ғасырлардағы Орта Азия. Өзін Азияның арыстаны, жер тәңірісі
санаған әмір Темір дүние жүзін жаулап алмақ болып, аш қасқырдай аласұрды.
Азияның Иран мен Үндістан сияқты бай өлкелері ақсақ Темірдік, аяғының
астында тапталды. Амудария мен Сырдария арасындағы кең аймақты алып жатқан
жаңа империя құрды. Ол Мавраннахр (арабша өзеннің ар жағындағы деген
сөз) деп аталды. Бұл империяның астанасы еліміздің ескі қалаларының бірі
- Самарқанд болды. Ол бұдан 2500 жыл шамасы бұрын салынған. Тіпті
Птолемейдің географиялық картасының өзінде Самарқандтың орны көрсетілген.
Самарқандтық ең гүлденген кезі әмір Темірдің патшалық ету кезеңі болды.
Ол Самарқандқа өзі басып алған бай елдердің байлығын тасумен болды.
Үндістан, Азербайжан, Иран, Армения, Грузия, т. б. елдерден шеберлер
шақыртып, өз астанасын көркейту жолында қолынан келгенін істеп бақты. Ақсақ
Темір тұсында салынған Бибі ханым мешіті, Шахинзинда және басқа құрылыстар
архитектуралық ескерткіштердің тамаша үлгілері болып табылады.
Атақты Бабурнамада осы қарсаңда Самарқандта дүние жүзіндегі қағаздың,
жібектің, керамикалық бояулардың, барқыттың, т. б. ең әдемісі шығатын еді
деп жазылған. Самарқанд - көрнекті ғалымдар, дәрігерлер, құрылысшы-
шеберлер, кітап көшіргіштердің ордасы саналды. Сонымен қатар, Самарқанд -
нағыз кертартпа, бедел ықпалы зор мұсылман дін басшыларының, да орын
тепкен жері болды.
Осы тұста, Темір әулетінде 1394 жылы 22 наурыз күні дүниеге Мұхаммед
Тарағай деген бала келді. Кейін оған Үлықбек деген лақап ат
беріледі. Оның, әкесі Шахрух Темірдің үшінші баласы еді. Шахрух
біраз ел билеуші болып, кезінде ғылымның өркендеуіне үлкен қайырым
жасаған кісі. Ұлықбек жастайынан поэзияға, тарихи білімдерге,
әсіресе астрономия мен математикаға құмарланады. Ұлықбектің
ғалымдығының қалыптасуына оның атасы Темірге ілесіп мәдени, ғылми
дәстүрлері бай елдерді аралауы үлкен ықпал жасайды, Ұлықбек жас
шағында осылай Армения, Азербайжан, Грузия, Иран, Туркия және
Ауғанстандарды аралап көрді. Оған қоса Ұлықбектің ғалым болып шығуына әкесі
Шахрух жиыстырған Самарқандтағы аса бай кітапхананың болуы үлкен әсерін
тигізді.
Ұлықбек Платон, Аристотель, Гиппарх, Птолемей сияқты ертедегі грек
ғалымдарының классикалық еқбектерімен жақсы таныс болады. Сонымен қатар ол
өзінен бұрын әмір сүрген Орта Азияның көрнекті оқымыстылары Хорезми,
Ферғани, Фараби, Бируни, Әбу Әли ибн-Сина, Насирэддин Тусилердің негізгі
еңбектерін жете білген.
Бірақ жас Ұлықбекті қоршаған билеуші топ анық ғылымға ден қоюын құп
алмайды. Темір өлгеннен кейін империя ыдырап, екі мемлекет құрылады: бірі
Хорасан, екіншісі Мавераннахр. Соның екіншісіне 15 жасар Ұлықбекті әкім
жасайды. Айта кетерлік бір жәйт, Оңтүстік Қазақстанның көп қалалары
(Отырар, Тараз, Сайрам т. б.) осы Ұлықбекке тиеді. Сарай
төңірегіндегілер Ұлықбектің әскери қызметке, дипломатиялық өнерге
деген құмарлығын арттыруға бар күшін салып бағады, оның асқан ғалым
емес, ата жолын қуушы әмір болуын көздейді. Бұл ықпалдан шыға алмаған
Ұлықбек алғашқы жылдары (1425 және 1427 жылдары) бірсыпыра жорықтарды
басқарып, оларды, көбінесе, сәтті аяқтап жүреді. Ол ел басқарушылық
және әскери талантының бар екенін танытады.
Алайда, Ұлықбек мәдени құрылыстарға көп көңіл бөледі, Самарқандта,
Ғиждуанда, Бұқарда, Марыда және басқа қол астындағы қалаларда
көрнекті құрылыстар салдырады және Темірдің тұсында аяқталмай қалған
құрылыстарды аяқтайды. Ұлықбектіқ өнер-білімге іңкәрлігі күн асқан сайын
күшейе түседі. Ол қанқұйлы соғыстардан гөрі әлем сырын ашып, оның құпиясын
білуге ынтығады. Профессор Қары-Ниязов Ұлықбектің, астрономиялық
мектебі атты еңбегінде Ұлықбекті билеуші-әмір ретінде былай
бағалайды: Ұлықбектің қызмет әрекеттері көп жағынан ілгергілерінен бөлек
болды, онын, өз кезінде әсіресе ғылым саласында прогрессивті роль атқарғаны
сөзсіз.
Ұлықбектің мемлекеттік қайраткер ретінде көзге көрсете істеген ең
ірі жұмысы Самарқандта аса зор астрономиялық обсерватория салдыруы болды.
Бұл Ұлықбектің ғылым мүддесін көздеп, болашақ үшін жасаған үлкен ерлігі
больш саналады. Бұл обсерватория еріккен әкімнің атақ-құмар жеңіл мінезінен
туған нәрсе емес. Ол, қайта, ғылым келешегін дұрыс бағалап, шын жанкүйері
бола білген оқымысты сұлтанның ғылымға тартқан татымды сыйы еді.
Ұлықбек обсерваториясы одан бұрынғы Батыс және Шығыс елдерінің
обсерватсрияларының бай дәстүрлері негізінде салынады. Бұл тұрғыда,
әсіресе ХІІІ ғасырда Азербайжанда көрнекті математика және астроном
Насирәддин Тусндің басшылығымен салынған Мераға обсерваториясының
тәжірибесі көп игілікті ықпал жасады. Бұл обсерваторияда Ельхан
астрономиялық таблицалары деп аталатын көлемді еңбек жазылған болатын.
Ұлықбек обсерваториясының салынуына XV ғасырдағы аса дарынды ғалым Жәмшид
Ғиясәддин Кәшидің көп көмегі тиді. Кейінгі зерттеулер Кәшидің Ұлықбекке
дейін де обсерватория салу туралы бірнеше рет мәселелер қойғанын
анықтады. Бірақ кертартпа әкімдер ғалымның игілікті ұсынысына құлақ
аспайды. Кәшидің бұл ниеті тек Ұлықбектің тұсында жүзеге асады. Ұлықбек
обсерваториясының негізгі мақсаты - дәлдігі ете жоғары бақылаулар жасай
отырып, Мераға обсерваториясында жасалған астрономиялық, таблицалардың,
қателерін түзету болды.
Обсерваторияның құрылысын және оны астрономиялық құралдармен жабдықтау
жағын Каши басқарды. Обсерватория үш жылда салынып бітеді, бірақ небәрі 27
- 28 жыл ғана жұмыс істейді. Обсерваторияны басқарушы Кә-ши, ол
өлгеннен кейін Қазы Заде Руми, одан кейін Әли Құсшы болады.
Ұлықбек обсерваториясынан бұрын да Шығыстық түрлі елдерінде әр кезде
бірнеше обсерваториялар салынғанды. Бірақ, олардық бірде-бірі көлемі,
жабдықталуы, алдына қойған мақсатының масштабы жөнінен бұл обсерваторияға
тең келе алмайды. Мұнда телескоп ойлап табылғанға дейінгі негізгі
астрономиялық аспап құралдардық барлығы да - горизонталь дөңгелек, биіктігі
50 метрге жуық алып квадрант, Күн және астрономия сағаттары, сан түрлі
бұрыш өлшегіш нәзік құралдар болды. Міне, осылардың көмегімен
обсерваторияда көптеген сындарлы астрономиялық бақылаулар мен
зерттеулер жүргізіледі.
Ұлықбек өз дәуірінің алдыңғы қатарлы, озат ойлы адамы болды. Ол жан-
жағына ілім шарапатын мол шашуға тырысты. Ғылым мен мәдениетті дамыту
мүддесін ескеріп, Ұлықбек бірнеше жерде (Бұқарда, Ғиджуанда,
Самарқандта) жаңа типті оқу орындарын ашты. Бұларда дәріс ( сабақ) беру
үшін мұғалімдерді діни дәрежесіне емес, білім дәрежесіне қарай іріктеп
алды. Бұл тұрғыда Самарқандтағы жаңа типті жоғары мектеп -
медресе ашылған күні болған мына бір оқиға айтуға тұрарлық... Медресе
ашылатын күні оған бүкіл шәкірттер, ұстаздар, ғалымдар және сарай
төңірегіндегі бектер, дін иелері, шейхылар жиналады. Барлығының көкейінде
тұрған бір мәселе - Ұлықбек медресенің бас мударисіне (мүғаліміне)
кімді сайлар екен? Шеихылар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz