Ұлыстың ұлы күні – ұлыс күн


«Ұлыстың ұлы күні - ұлыс күн»
Наурыз - өте көнеден келе жатқан келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын.
Көшпелілердің байырғы астрономиялық түсінігі бойынша, әрбір жыл алты жаз («йас») бен алты ай қысқа («қыш») бөлінген. Тіліміздегі «алтын ай жаз бойы» «ала жаздай», «алты ай қыс бойы», «ала қыстай» секілді сөз оралымдарын осы бір бір түсініктің жаңғырығы десек болады. Жаз айларында дүние кеңіп шаруадан мойын босап, жер бетін қуаныш, шаттық жайлайтындықтан - «жағымды», ал қыс айларында суық, аштық, жұт болатындықтан - «жағымсыз» саналған. Әуелгі адамдардың жақсылық пен жамандыққа жан бітіріп, оларды адам бейнесінде айтыстырып, күрестіргені туралы қызықты мәліметтер көне жазбаларсда көптеп сақталған. Мәселенғ, біздің жыл санауымыздан бұрын дүниеге келген қасиетті «Авеста» кітабында, ХІ ғасырдағы түркі тілдерінің энциклопедиясы - «Диван лұғат-ат-түрк» сөздігінде, сондай-ақ қазақ халқының қиял - ғажайып ертегілерінде осындай ұқсас сюжеттер қайталанып отырады. Соғдалықтар жақсылыққа «Ахуромазда», жамандыққа «Ахирман» деп ат қойса, бұрынғы қазақтар жақсылықты «Кие», жамандықты «Кесір», қысты «зымыстан», жазды «Табысқан» деп атаған.
«Атасы мен анасы
Үш жүз алпыс бес баласы,
Он екіауыл шамасы,
Отыз ор дуадақ,
Бес балақ сан,
Елу екі қарақшы», -
деп халық жұмбағында айтылғандай, қазақ тар бір жылды әрқайсысы отыз күннен тұратын он екі айға бөлген. Жыл соңындағы санатқа кірмей қалған 5-(6) күн - «бес қонақ» деп аталады. Бұны фарсылар «фэнджи» сотистік каленьдарьда «эпагоменай» (шолақ ай) дейді. Ежелгі сенім бойынша жақсылық пен жамандықтың жан алып, жан берісіп өмір үшін күресуі санатқа кірмей қалған осы уақыт аралығына сәйкескеледі. Осы бір «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер, өлінің әрі тартар, тірінің бері тартар» қиын, қысталаң күндері халық тілінде «өлара» деп аталады.
Қазақтар осы 5(6) күнді өткізіп жібермей жолаушы шықпайды, қоныс аудармайды, жиын- той жасамайды, мал сойып қонақ шақырмайды. Ақсақалдар өліарада «апыр-ай, қайтер екен» деп, ауыл иттерін де үргізбеген.
Қыс пен жаздың халық санасындағы осы осы көрінісі кейбір ғачлымдардың Наурыз мейрамының шығу тегін дуалистік теориядан іздеп, Жақсылық пен Жамандықтың, Қыс пен Жаздың, Суық пен Жылының, Қайырымдылық пен Қатыгездіктің күресінен туған деген ой қорытындылауына себеп болды. Алайда «Екі жарты - бір бүтін», «Бірлік болмай- тәрләк болмас», «Тіршілік көзі- бірлікте» деген халық даналығына үңілсек, ата-бабаларымыздың жартылвс жайындағы түсінігі басқаша екенін көреміз. Бірінсіз бірі болмайтын, үнемі бірін екіншісі алмастырып отыратын тіршіліктің құралым бөлшектерінің үйлесімді бірлігінен біртұтас жаратылыс, тіршілік туса керек. Мәселен, күн-түн - тәулік, қыс-жаз - жыл, күйеуі - жұбайы- отбасы, т. б.
Малдар төлеп, қой қоздап,
С. ттен бұлақ сипаты
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан, -
деп халық ақыны С. Оңғарбаев жырламақшы, көшпелілер жыл басын Наурыздан бастайды.
Бұл күн - аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан - жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді - «Ұлыстың ұлы күні - ұлыс күн» деп атаған. Григориан календары бойынша ескіше 9 наурыз, жаңаша 21-нен 22-не қараған түн осы күнге сәйкес келеді.
Наурыз сөзі иран тілінің ноу - «жаңа», руз - «күн» деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде «наурыз» сөзі, біріншіден, жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден, наурыз айы, үшіншіден, ұлыс күні жасалатын көжеге қатысты айтылады.
Наурыз мерекемін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан бері орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер «Патрих» бирмалықтар «Су мейрамы», тәжіктер «Гүл тардон», «Бәйшешек», «Гулнаурыз», хорезмдіктер «Наусарджи», татарлар «Нардуган», буряттар «Сагаан саран», соғдалықтар «Наусарыз», армяндар «Навасарди», чуваштар «Норис ояхе» деп түрліше атаған. Шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлайтындығы жайындағы көне деректер бізге Әбу Райхан Бируни, ИбиБалхи, Омар Һайям еңбектері арқылы жетіп отыр. Мәселен, иран тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндері әрі жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа енген жеті дәнге қарап, келешек егін жайлы болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже- «сумалак» ұсынады; ағаш соқамен бір борозда жыртады, ат шаптырып, жамбы атысып жарысады; көне тоз киімдерін тастап, үйдегі ескі шыны-аяқты сындырады: бір-біріне гүл ұсынып, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ОІО - «күн символын» салады; үйдің тіреу ағашына гүл іледі.
Ал ежелгі түрпкілер болса, ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал-мұрттарын түзеп, шаштарын алады, алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңге - жамбы атып жарысады. Егер кімде-кімбірінші болып, жамбыны атып түсірсе, сол адам бір күн елге патша болып, билеуге ерік беріледі. Наурыз жырында:
Құл құтылар құрықтан
Күң құтылар сырықтан, -
деп жырлағандай, осы күні ертедегі гректердің патшасы да алтын тағынан түсіп, қол астындағы өзіне ұнаған құлына бір күн ел басқартқызған. Наурық күні ертедегі Иран патшасы қол астындағы адамдардың біріне патша шапаның сыйға тартады екен деген де деректер бар. Тіліміздегі күні бүгінге дейін айтылатын «Құлға да бір күн азаттық», «Құлдан да бір тілек бар» деген мәтелдер осы бір көне рәсімге қатысты болса керек
Христиан дінін қабылдағанға дейінгі ежелгі Русь те Жаңа жылды 1 наурыз күні қарсы алу дәстүрі болған.
Олар мейрам күндері Құт құдайының құрметіне арналған шырақтарды шие ағаштарына ілген. «Түрлі аурулар мен пәлі-жаладан сақтайды» деген сенім бойынша, дастарқан басына жиналған әрбір шаруаның алдына үш бас сарымсақ, үстелдің қақ ортасына бетін шөппен жапқан 12 тал пияз қояды екен.
Ағылшындар ХVІІІ ғасырдың бас кезіне дейін Жаңа жылды 26 наурызда тойлап келеді. Біздің заманымыздың VII-VIII ғасырларында Иран мемлекеті мен қазіргі Өзбекстан территориясын, Қазақстанның оңтүстік аймағын арабтар жаулап алады да, оларды мұсылман дініне енгізеді. Ата салт, әдет-ғұрыптардан айрылған жұрт енгіге көнгіш, дінге де құлай сенгіш болатынын жақсы ұққан шапқыншылар қол астындағы халықтардың көне салт-дәстүрлерін жоғалтып, жойып жіберуге, жер атаулары мен адам аттарын өзгертуге, мәдени мұраларын талқандауға барынша күш салады. Олар әсіресе халақтық мейрам - Наурызды тұншықтыруға көп күш-қайраттарын жұмсады. Мәселен, ұлы Абайдың: ол күнде Наурыз деген бір жазғы тұрым мейрам болып, нарыздама қыламыз деп той-тамаша қылады екен. Сол күнін «Ұлыстың ұлы күні» дейді екен. Бұл күнде бұл сөз құрбан айтына айтылады, - деуінің астарына төңірек үңілсек, осы бір идеологиялық күрес тартысынан хабардар боламыз. Өйткені күн календара бойынша қалыптасқан Наурыз мейрамы барлық тұрмыс-тіршілігі ай календарына сай келетін мұсылмандық идеологияға мүлде қайшы келетін еді.
Арабтар жаулап алғанға дейін Күнге табынған Иран елдері нарыз күні күн сөзінің бас әрпі - «шип» мен басталатын 7-затты дастарқанға қоятын: 1 шарап, 2 шир (сүт), 3 шырын (тәттілер), 4 шекер (қант), 5 шербет, 6 шам, 7 шона (тарақ) . Ежелгі ирандықтардың түсінігі бойынша шарап - тірілу (возрождение), сүт - пәктік, тәттілер - шаттық, шекер - ризалық, шербет - демалыс пен қоңыр жайлық, шам - отқа табыну, тарақ - әйел затаның сұлулық символ. Ал араб иделогтары мейрам салтын өзгерту үшін бас әрпі ай сөзінің басқы әрпі - «сип»-нен басталатын мүлде бөлек өзге жеті затпен алмастырады: «сир» - сарымсақ, «сабзи» - бидай, «чанчид» - жиде, «себ» - сірке суы, «сипанд» - рут шөбі және «сухон» - егеу. Осылайша араб шапқыншыларының қол астында қалған Орта Азия халықтары Наурыз тойын бір ғасыр шамасында бүкіл халық болып тойлай алмай қалады. Бірақ көне мейрам халықтар жадынан ешқашан шығыпта қалмайды. Кейде жасырын, кейде ашық бұл мейрамды әркім ошақ басында, өз үйінде тойлай береді. Халықтық мейрамды ел санысынан өшіріп, жойып жібере алмаған отаршылар күрес тәсілін өзгертіп, Нарызды ислам дінінің беделін арттыру үшін пайдалануға тырысты. Сондықтан Наурыз мерекесі-халифатты басқарып отырған Әли иманның құрметіне тойланатын той, ал наурыз көже - 22 наурызда туған Мұхаммед пайғамбарға бағышталған қасиетті тағам деп жарияланды. Осылайша арабтар наурыз мерекесіне ислам дінінің кейбір элементтерін енгізгенімен, бұл мереке халықтық мейрам болып қала береді.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында, 1920 жылы халық Наурызбен қайта қауышты. Мәселен, 1925 жылы 22 наурыз күні «Еңбекші қазақ» газеті бұқара халықты наурыз мейрамымен құттықтап, өзінің бірінші бетіне ірі әріптермен:
«Қыс өтіп, қар кетті,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруның кенелген
Мейрамы ежелден.
Құтты болсын, бұл Наурыз!» -
Деп жазады. Ослайша Қазақстанда тойланып келген Ұлыс күні асыра сілтеушілік салщдарынан 1926 жылы күрт тоқтатылды. Одан кейінгі жылдарда Наурыз мерекесінің бағы ашылды деп айта қою қиын. Ол бірде «діни мейрам», бірде «ескіліктің сарқыншағы» деген жалған жаламен қуғынға ұшырады. Халық жадына есім-есім, үзік-үзік болып саналған Наурыз Қазақстанның кейбір өңірлерінде ошық басында тойлап келсе, кейбір аймақтарда мүлден ұмытылған. Бір халыққа тиеслі ұлттық мереке ғана емес, жалпы халықтық интернационалдық мейрам - Наурыздың қайта тіріліп, жаңғырып, халқымен қауышуына бүгінгі демократия мен жариялылық салтанаты ғана мүмкіндік алып берді. Қоғамдық пікірге көңіл қойған үкімет орындарының тікелей басшылығымен1988 жылғы көктемде Алматы қаласы мен астаналық облыстың кейбір аудандарында 62 жылдан соң тұңғыш рет Наурыз тойы тойланды. 1989 жылдан бастап ежелгі Күн мейрам - Жыл басы тойын жалпы халық юолып қарсы ала бастадық.
Қазақтар Ұлыс күні «жыл басы» санайды. Тілімізде Наурызға қатысты «жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «ұлыстың ұлы күні - ұлыс күн», «ұзақ ұшып келген күн», «жыл басы» - жылқышы торғай (нәуірзек) келген күн, «көк құт көзін (өсімдік) ашқан күн», «жылдың жерге түскен күні», «Жер-ананың тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген күн», «Самарқанның көк тасы еріген күн» тәрізді бейнелі сөз оралымдары сақталған. Осылардың біріне - «Самарқанның көк тасы еріген күн» дегенге тоқтала кетпесе болмас.
Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша, 21 наурыз түні даланы Қызыр аралайды екен. Сол себепті осы түн «Қызыр түні» деп аталады. Қызыр - адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетінқиял-ғажайып персонаж. Жақсылытың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы - Қызыр ата даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, тасты ерітіп жібереді екен.
Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат 6-да себездеп атқан кезде біздің өңірімізде бұл сәт түнгі сағат 3-ке тұспа-тұс келеді. сондықтанда қазақ халқы Жаңа жылды 22 наурыз күні таңғы сағат 3-те қарсы алады, дәл осы сәтте даланы Қызыр баба аралап, Самарқанның көк тасын ерітсе керек. Сондықтан осы күнді асыға күткен үлкендер:
«Самалық, самалық,
Көк құс көзін ашты ма?
Аяғын жерге басты ма?
Самалық, самалық,
Самарқанның көк тасы
Жібіді ме, көрдің бе?
Самалық, самалық,
Қап тауының көк құсы
Жүгірді ме, көрдің бе?» -
Деп қойында көжегі, қолында нәуірезегі (бәйшешек) бар балаларына сұрау қойған.
Қазақ елі Наурызды қалай қарсы алған? Қызыр түні Жаңа жыл табалдырық аттап, үйге енгенде, «жалғыз шала сәуле болмас» деп төрге қос шырақ жағылып қойылды. «Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады» деген сеніммен Наурызға шейін үй ішіндегі жиһаз-мүліктің шаңы қағылып, жуылып тазартылады. «Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады». «Жыл бойы ақ мол, дән тасқын-тасқын, жауын-шашын көп болсын» деп Қызыр түні ырысқа (бидай, тары, арпа, сұлы, жүгері, т. б. ), ыдыс атаулыны аққа (сүт, айран, шұбат, шалап, уыз, т. б. ) және кәусар бұлақ суына толтырады.
Бұл түні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттерге арнап соғымның соңы етін уызға салып пісіріп, «ұйқыашар» аталатын ерекше дәм дайындайды. Ал жігіттер мен бозбалалар болса, қыздардың қолақысының қарымтасына айна, тарақ, иіссудан тұратын «селт еткізер», «дір еткізер» сыйлықтарын ұсынады. Бұл дәстүрлі сыйлықтарғы айна - пәктік пен жастықтың, тарақ - әдемілік пен сұлулықтың, иіссу - (бүршігін жаңа жарған жауқазындай) құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.
Алдымен ауыл жастары бір асау тайыншаға ашамай ерттеп, үстіне жандықуыршақ мінгізіп, мойнына қоңырау тағып, төбесіне бір шоқ құстың қауырсынын (қарқару) тағып дайындайды. Олар түнгі сағат үште қорадағы малды үркітіп, иттерді шулатып, елді ұйқыдан оятып, тайыншаның басын бос жібереді. Бұл тайынша мінген жандықуыршақ жерімізге келе жатқан Жаңа жылдың бейнесі іспеттес.
Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Ол күні қар не жаңбыр жауса, «нұр жауды», «туар жыл жақсы жыл болады» деп қуанған. Наурыз айында жауған қар басқа қарларға қарағанда ерекше аппақ, үлпілдек мапа болады да, «ақша қар» аталады. Осыған орай тілімізде мінезі балдай, сұлу қызға айтылатын «Наурыздың ақша қарындай» деген теңеу бар. Ұлыс күні туылған сәбилерге Наурызбай, Нарызбек, Мейрам, Мейрамгүл, Кіріс, т. б. аттар қойылып, оларға бір жас қосылады.
Наурыз күні қуанышқа кенеліп, масайраған жұрт аппақ көйлек пен жаңа киімдерін, таза бір киерін үстеріне іледі.
Шәкәрім ақынел аузынан жазып алған «Наурыз жырында» бұл былайша суреттеледі.
«Қасындағы жас өрен
Тұлымшағы салбырап,
Бәйбіше шығар балпиып,
Күндіктері қайқиып.
Келіншек шығар кейкиіп,
Сәукелесі саудырап.
Қыз шығады қымпиып,
Екі көзі жаудырап.
Бозбала шығар бұрқырап,
Құлын-тайдай шұрқырап . . . »
Наурыз күнінің бір ерекшелігі - бұл күн көрісуден басталады. Ұлыс күнінде сәлемдесудің қсілыптасқан дәстүрі бар, кісілер бір-бірімен кездескенде:
- Жасың құтты болсын!
Өмір жасың ұзақ болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін!
Поле-жале жерге енсін! -
деп құттықтап, ер адамдар қос қолдасып, төс соқтырады; ал әйелдер болса, құшақтасады; ерлер мен әйелдер кездессе, құшақ айқастырады. Қос қолдап амандасып, тек: соғыстыру - „өмір тірегім - төсім, тіршілік көзім - екі қолым аман-сау болсын" дегенді білдіреді. Рәсім бойынша жылына бір-ақ рет Жыл басында:
«Жаңа ағытқай қозыдай,
Жамырасып өрістен.
Ұлыс күні кәрі-жас,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz