Ұрпақ үшін -ел үшін



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Ұрпақ үшін -ел үшін.

Тәуелсіз ел болғаннан бері тұрмысымыз оңалып, мәдениетіміз өркендеп,
тіліміз бен дініміз қанат жая бастады. Десек те, біздерді алаңдататын
жағдайлар жоқ емес екенін жасыруға болмайды. Ол - қазақ тіліндегі
мектептердің, балабақшалардың мүшкіл жағдайы. Бұл мәселе осыдан бұрын
айтылып та, көтеріліп те келе жатыр. Дегенмен, ешқандай шара қабылданған
емес.
Осы хатқа қол қоюшылар облыс орталығындағы № 7 ықшам ауданның (халық
арасында Пристань, Шмелев лог, Красин кенті аталып кеткен) тұрғындары болып
табылады. Өскемен қаласының осы бөлігінде бірде-бір қазақ мектебі, не
балабақшасы жоқ. Мұндағы балалар № 4, 25, 19, 5 орыс орта мектептерінен
білім алуда. Қазіргі танда осы мектептердің тым болмаса біреуін қазақ
тілінде білім беретін мектепке айналдыратын уақыт келгені анық. Мәселен, №
19 мектеп оқушыларының көбі - қазақ балалары. Осы ықшам ауданда “Русалочка”
атты балабақша жұмыс істейді. Ондағы балалардың дені - қазақ, қара домалақ
бүлдіршіндер. Осы балабақшада жоқ дегенде, қазақ топтарын құруға мүмкіндік
тудыру қажет деп ойлаймыз. Себебі, біз немерелеріміз бен балаларымыздың
қазақ балабақшасына барып, мектепке ұлттық тәлім-тәрбие алып баруын
қалаймыз.
Егер де осы көкейтесті мәселе оң шешімін тапса, Промбаза, Лесозавод,
Аблакетка тұрғындарының балалары үшін де жайлы болар еді. Жалпы шешімін
табу қажет осы мәселенің біз тұратын ықшам аудан тұрғындары үшін ғана емес,
бүкіл Өскемен қаласының тұрғындары үшін де проблемаға айналғаны әркімге де
аян. Қазіргі уақытта облыс орталығында “Қарлығаштан” басқа бірде-бір қазақ
балабақшасының болмауы - барлығымыз үшін өкініш тудыратын жағдай.
Балаларымыз бен немерелеріміздің мектеп жасына дейінгі мекемелерде ұлттық
дәстүрден нәр алып тәрбиеленбеуі, қазақ тіліндегі мектептерде білім ала
алмауы біз үшін, ең алдымен, ұрпағымыздың алдында ұятты болғанымыз.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында “Адамның
өмір бойы білім алуы үшін жағдай туғызуымыз қажет” деп атап көрсетілген. Ал
біздің қалада балалардың ұлттық мектепте білім ала алмауы не жағдай? Бұл
мәселенің шешімі бар ма?
Алдағы уақытта 12 жылдық білім беру жүйесіне көшетінімізді ескерер болсақ,
балаларымыздың 12 жыл бойы аралас мектептерде білім алуын біз қаламаймыз.
Қазақ балабақшалары мен мектептерінің санын көбейту Президентіміздің алға
қойып отырған мақсаттарының бірі. Ал оны, жергілікті атқарушы билік
органдары жүзеге асыруға міндетті деп білеміз.
Шығыс Қазақстан облысы - республикамыздағы экономикасы дамыған аймақ.
Осыған орай, біз көтеріп отырған мәселені шешу еліміздің ең қуатты
облыстарының бірі үшін аса қиынға түспесі анық.
абиғатта алтынды топырақтан, кен жыныстардан алады. Ашылып, жарқырап жатар
алтын болмайды. Оны әлгідей жыныстарды ұсақтау, сүзу, байыту және цианды
натрий ерітіндісімен өңдеу арқылы айырып алады. Адамдығы басым жан да алтын
секілді. Оны кез-келген ортадан табу, кезіктіру қиын. Оны да көптің ішінен
айыра білу абзал. Сол адамдығы мен адалдығы жұптасқан адамдарды мынау
өзіміз өмір сүріп отырған ортада жоқ деу де күпірлік болмай ма?
Көрмейтіндер түйені де көрмейді. Көре білу көкірегі ояудың, өмірге құштар
ортаның қасиеті. Кітап пен өмірдің алшақтығын алдымызға тартып састырғанда
сәл тосылыңқырай түскенімізбен адамдық пен адалдықтың өмірімізді мәнді
етіп, оның ғұмырын сәнді етіп тұрғанын айтпасқа амал қалмайды. Азаматтықтың
іргетасы іспетті адамдық пен адалдықтың қарапайым үлгілері шығар бізді
қуаттандырып жүрген. Сондай қарапайым жандардың, шүкір барлығынан шығар
өмірге деген үміттің мәңгі маздауымен келе жатқаны.
Әрине, бұған да иіле қоймасын, илана қоймасын білемін. Білемін де сабырмен
тыңдай түсемін.
– “Айтшы, кәні? Көрсетші бізге сол адамдықты, азаматтықты, адалдықты?!” –
дейді оппенентім тағы да ашық сауалын алқымға тақап.
Оның айтпаса да: “Өмірге қарасаңшы, айнала толған алдау, арбау, сатып кету,
асып кету. Ұрлық та, үптеу де тапа талтүсте болып жатыр. Арамдық,
коррупция, сыбайластық, бопсалау, тартып алу, қанау, қайыршылыққа ұшырату
дегенің әні... Қарасаңызшы, алысқа бармай-ақ айналаңызға”, – дегелі тұрғанын
да сезіп тұрмын.
Сезімді сабырға жеңдірейік дегім келеді осы жерде. Бәрі рас, бәрін де
ақпарат көздері күн сайын жайып салып жатыр. Бірақ өмірдің ғажаптығы сонда
– адамдар өздері жасап жатқан іс-әрекеттің ортасында жақсылықтардың барын,
оның да өмір атты дүниенің тінін ұстап тұрғанын аңғара бермейді. Жақсының
жолы жіңішке, әлбетте еленбейді, елеусіз қалады.
Елеусіз қалмау үшін ел есіне адамдық пен адалдық атаулыны әркез еске түсіре
білу парыз дер едік. Ең бастысы сол – адамдық пен адалдықты да көре
білуіміз керек екен. Оның әділ де анық жолы —үлгі ете айта жүру.
Жадымызда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міржақып Дулатов шығармаларындағы елдік рух
М. Дулатов шығармаларындағы елдік рух
«Егемен Қазақстан» газетіндегі білім реформасы мәселесінің насихатталуы
Ұлттық сана - ұлт руханиятының негізі
Қазақ әдебиеті-тұлғаның рухани дамуының бастауы
Ұлттық құндылықтар негізінде жоғары сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру жолдары
Рухани-жаңғыру бағдарламысын жүзеге асыру аясында мектеп жасына дейінгі балаларды руханиадамгершілік және патриоттық тәрбиенің негізі ретінде дәстүрлі құндылықтарға тарту
Халық педагогикасы-мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің негізгі құралы
Қазіргі жағдайда жеткіншектерді азаматтыққа тәрбиелеу
Зиялыларымыздың рухани тұлғасы ұлт болмысымен сабақтас
Пәндер