ҰСТАЗДЫҢ ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ БЕРУГЕ ДЕОНТОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 132 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

К. М. Кертаева, Д. Д. Есімова

ҰСТАЗДЫҢ ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ БЕРУГЕ ДЕОНТОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ

Педагогика және психология

бағыты бойынша білім алатын студенттерге

арналған оқу-әдістемелік құралы

Павлодар

Кереку

2010

ӘОЖ 37. 013: 39 (075. 8)

КБК 74. 6Я73

Е 87

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен басуға ұсынылды

Пікірсарапшылар:

Е. Жұматаева - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің психология және педагогика кафедрасының профессоры;

Б. Х. Галиева - педагогика ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің психология және педагогика кафедрасының доценті;

Ж. М. Байгожина - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі.

Кертаева К. М., Есімова Д. Д.

Г 16 Ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығы: Педагогикалық мамандықтар студенттеріне арналған оқу - әдістемелік құралы / К. М. Кертаева, Д. Д. Есімова - Павлодар : Кереку, 2010. - 133 б.

Бұл оқу құралында ұлттық тәлім-тәрбиенің теориялық негіздері баяндалады: ұлттық-тәрбиенің теориялық-тұжырымдамалық, әдіснамалық негіздері анықталады, ұлттық тәлім-тәрбие беруге болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру үдерісі қарастырылады.

Оқу құралы барлық бағыт бойынша педагогикалық мамандықтар студенттеріне, магистранттар, докторанттар және оқытушы қауымына арналған.

ӘОЖ 37. 013: 39(075. 8)

КБК 74. 6Я73

© Кертаева К. М., Есімова Д. Д., 2010

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2010

Материалдық дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты

Кіріспе

ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер болашақ мамандар даярлауда жоғары мектептің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай, бүгінгі әлеуметтік білім кеңістігіне сай бейімдеп білім беру, жалпы ғаламдық танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, студенттердің өзінің іс-әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу - кезек күттірмес мәселе. Осының бәрі ғылыми және практикалық негізінде жаңа маман даярлауға, соның ішінде болашақ педагог маман даярлауға, жаңа тактикалық және стратегиялық талаптар қояды. Бұл талаптар еліміздің тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» халыққа Жолдауының «Қазақстан мұраты» бөліміндегі «…Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар … күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады. Олар ұрпақ тәрбиесінде дана болады: оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық жасайды…» деген пікірімен үндеседі.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Біздің елімізде білім берудің тиімді жұмыс істейтін қазақстандық жүйесі қалыптасып, қазіргі әлемде Қазақстанның лайықты орын алуына мүмкіндік беретін оқыту мен кадрларды даярлаудың сапалық білім деңгейіне қол жеткізетін болады» деп атап көрсетілген. Яғни, «жаңа» қоғамға сапалы, білімді де, білікті маман қажет. Мұндай маманды қалыптастыру - қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет болып табылады. Жаңа ақпаратты қоғамның өркениетті, прогресшіл бағытына сай, терең білімді, өзгерісті жағдайға тез бейімделгіш, өзге елдердегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын өресі биік ұрпақты тәрбиелеу - бүгінгі қоғам талабына сай, еліміздің білім беру жүйесін баса дамытуға, оны дүниежүзілік деңгейге көтеруге мемлекетіміз ерекше мән бере бастады. Дүниежүзілік деңгейге көтерілудің басты талабы ұстаз даярлығы болып табылады. Ал ұстаз қызметінің негізгі мәні - оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту ғана емес, сол үдерістерді басқаруды шығармашылықпен ұйымдастыра білу. Әрбір жеке тұлғаның, бүкіл халықтың, бүкіл қоғамның тағдыры оқытушы еңбегінің нәтижесіне тікелей байланысты.

Соған орай бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындау педагогика ғылымы мен озат тәжірибенің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны бәрімізге белгілі.

Сонымен қатар болашақ ұрпақтың білімі қазіргі заманғы әлеуметтік - мәдениетке сәйкес болуы қажет. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деуімен қатар, « . . . қазақстандық жоғары оқу орындардың міндеті - әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру» деп атап көрсеткен болатын. Бұл міндеттің ойдағыдай жүзеге асырылуы педагогикалық жоғары оқу орындарының жаңа тұрпаттағы ұстазды, яғни шығармашылық ойлау қабілеті, кәсіби - педагогикалық біліктілік деңгейі жоғары, отансүйгіш мамандарды даярлау мәселесіне жаңа тұрғыдан келуіне тікелей байланысты.

Көріп отырғанымыздай, Елбасының халыққа Жолдауын ұлттық білім берудің және ұлттық тәрбиені жүзеге асырудың перспективасы десек, онда «Білім туралы» заңда білім беру жүйесінің міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практитика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру үшін қажетті жағдайлар жасаудың ең бастысы жалпы білім беретін қазақ ұлттық мектебін жасау. Ал осы қазақ ұлттық мектепте ұлттық тәлім-тәрбие беруге ұстаздың даярлығының қажеттігі - қазір елімізде орын алып отырған иммунопсихологиялық мәселелерді: Ана тілін, Ата тарихын, Төл мәдениетін, Ұлттық салт-дәстүрлерін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлерінде көздерінен қанды жас ағып, жылап отырған әжелер мен аталар, ішкілік пен нашақорлыққа салынған жастар, қылмыстың қаулауы, сыбайлас жемқорлық, жұмыссыздық, жезөкшелік, қазақ мектептерінің жабылуы, мектептегі оқу-тәрбие жұмысының нашарлауы, мұғалімдер беделінің төмендеуі, оларға қамқорлықтың жасалынбауы, тәртіпсіз ұл және қыз балалар, тағы басқалардың бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы екендігі, ал мектептерде ұлттық тәлім-тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, иманжүзді, еңбекқор, сұлу да сымбатты, ұлтжанды болып өсетіндігінде.

Сонымен, Қазақстанда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғырту болашақ мұғалімдерді даярлау үдерісіне жаңа талаптар қояды, солардың ішіндегі ең бастыларының бірі - болашақ ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлау мәселесі болып табылады.

Ұсынылып отырған оқу әдістемелік құралының басты мақсаты - жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларда жұмыс істей алатын мамандардың ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығын қалыптастыра отырып, тәрбие саласы бойынша білімдерін кеңейту, сөйтіп оларды тәрбиелеп, дамытуға шағын да болсын үлес қосу және оларды өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыру.


1 Педагогикалық деонтология ұғымы.

Деонтология терминін алғаш рет адамгершілік теориясына қолдана отырып енгізген Джереми Бентам (1834) болды. Джереми Бентам ағылшын философы, заңгер, Лондон университетінің негізін қалаушылардың бірі болған. Ұйымдастырушы және экономист Бентам ғылымда утилитаризм теориясының жеке бағытын жасап шығарушы ретінде де танымал. Оның айтуы бойынша адамның кез келген қызметі адамдарға беретін пайдасы жағынан бағалануы тиіс. 21 жасында Бентам өлгеннен кейін өзінің денесін анатомиялық тәжірибелер жасауға ұсынып, ал тек қаңқасы қалғанда киімін кигізіп, басын кептіріп, көрінетін жерге қою туралы келісім-хат жазып қалдырған, яғни барлығына әрбір адам өмірінде өлгеннен кейін де пайда келтіруі қажет дегенді еске салғысы келді. Бентам өзінің концепциясын «деонтология» деп атады.

Кеңес одағында деонтология ілімі 1917 жылдан бастап белгілі болды. Тек патшалық қоғамның күйреуі нәтижесінде этика саласында көптеген өзгерістер болды, яғни үкімет этиканы жойды, соның ішінде медицина ілімінің этикасы жоққа шығарылды. Кеңес Одағының кейінгі жылдары этика ілімінің тоқырауына байланысты этика жөніндегі еңбектер шығарылмады. Алайда медицина ілімі этикасыз дамуы мүмкін емес. 1946 жылы ғана кеңес дәуіріндегі онкологияның негізін салушы, хирург Н. Н. Петров хирургиялық этика жөнінде кітап шығарды. Бұл кітапта Н. Н. Петров «этика» терминін ешкімге де белгісіз «деонтология» термиінімен алмастырады, өйткені ол кезеңде этика жөніндегі кітаптардың басылып шығуы мүмкін емес еді. Осылайша бұрынғы Кеңес Одағында, қазіргі уақытта тек қана медицина ілімінде емес, сонымен қатар басқа да ғылым саласында қолданылатын жаңа «деонтология» термині пайда болды.

Бірақ деонтологияның адамгершіліктік парыз ілімі ретінде «таркөлемді» болып қалды, этикада деонтология түсінігінің де қажеттілігі шамалы болды. Этика саласындағы сөздіктерде жойылып барып, «құпия» тіршілік ете отырып, деонтология деп аталатын ерекше ғылымның идеясы жоғалған жоқ. Деонтологияның «құпия» кезеңі көп жылдарға созылып, соңында әлеуметтік тәжірибенің әртүрлі салаларындағы негізгі ғылым тарауы болып жарыққа шықты. Яғни, деонтология - этикалық теорияның тарауы, онда моральдық талаптар мен ережелер, мәселелер және әлеуметтік қажеттіліктердің адамгершілік формасына тән ерекшелік ретіндегі жалпы борыштылық мәселелері қарастарылады.

Осының бәрін қорыта келе, деонтологияны - парыздың моральдық талаптар мен ережелердің және әлеуметтік қажеттіліктің адамгершілікке тән біліну түрі ретінде жалпы міндеттенудің мәселелерін қарастыратын этикалық теорияның бөлігі деп қарастыруға болады.

Деонтология түсінігіне мынадай түсініктер беріледі:

- «Орыс тіліне енген, түбірінің мағынасын білдіретін, 25000 шет ел сөздеріне түсіндірме» сөздігінде деонтология (грек тілінен deon, ontos - парыз. парыздылық; logos - ілім, сөз) - бұл мораль, адамгершілік туралы ілім;

- «орыс тіліне енген шетелдік сөздер» сөздігінде деонтология «адамның құқықтары мен міндеттері, адамгершілігі туралы ілім»;

- Н. Г. Комлевтің редакциясы бойынша жасалған «Шетел сөздері сөздігінде» (грек тілінен deon, ontos -парыз, парыздылық; logos - ілім) - 1) этика саласының тарауы ретінде қарастырылатын парыз туралы ілім; 2) дәрігерлердің міндеттерін атқаруындағы мінез - құлқындағы этикалық ережелері мен принциптерінің жиынтығы;

- «Жаңа философиялық сөздікте» деонтология (грек тілінен deo - парыз және logos - ілім, сөз) - парыз бен парыздылықты қарастыратын этикалық теорияның тарауы, концепциясы;

- «Оксфорттық түсіндірме сөздігінде» деонтология (deontology) - адамдардың сыпайы мінез-құлқы мен этикасын зерттеумен айналысатын ғылым саласы;

- «Этика сөздігінде» деонтология (грек тілінен deon - парыз және logos - ілім, парыз туралы ілім) - (алдын ала жазылған адамгершілік талаптарын көрсететін) парыз бен парыздылық мәселелері қарастырылатын этика тарауы болып табылады.

Деонтологияның ғылым ретінде дамуы оның салаларының пайда болып, жетілуіне әсер етті. Қазіргі уақытта деонтологияның салалары әртүрлі. Соларға қысқаша тоқталсақ:

- педагогикалық деонтология - кәсіби парызына сәйкес ұстаздың мінез-құлқы жөніндегі ілім (К. М. Кертаева, К. М. Левитан, Е. Н. Жуманкулова, Г. А. Караханова, Г. М. Коджаспирова және т. б. ) ;

- медициналық деонтология - медицина қызметкерлерінің алдарына келген адамдарға қатысты құқылық, кәсібилік, моральдық міндеттері мен тәртіп ережелері туралы ілім (А. Ф. Билибин, Б. Е. Вотчал, Ф. П. Гааз және т. б. ) ;

- психологиялық деонтология - көмек көрсететін мамандардың моральдық сенімділігін қамтамасыз ететін, «көмек беруші-көмек алушы» қатынастың этикалық апсектілерін зерттейтін ілім (М. А. Гулина, А. А. Крылов және т. б. ) ;

- әлеуметтік деонтология - әлеуметтік қызметкердің мінез-құлқы мен қызметінің принциптері мен кәсіби-этикалық ережелерін зерттейтін ілім (Л. М. Анисимова, Н. Ю. Гуревич, Д. П. Котов және т. б. ) ;

- заңгерлік деонтология - заңгердің кәсіби мінез-құлқының кодексі туралы білімдердің жалпы жүйесін көрсететін, заңгерлік ғылымның саласы болып табылады (Н. М. Блохин, В. М. Горшенев және т. б. ) ;

- журналистік деонтология - журналистің кәсіби мінез-құлқының парыздық принциптер, ережелер, талаптар жүйесі; ЖАҚ жұмысшыларының жауапкершілік мінез-құлықтарының құқықтық және этикалық ережелер жиынтығы; белгілі жағдайларда қызмет ететін ЖАҚ табиғатымен міндеттелген, журналистік мінез-құлықтық категориялық императивтер жүйесі ретінде саналы түсініп, оған тәуелсіз іске асырудың міндеттері мен ережелерінің журналистік парызы» туралы ілім (Е. П. Прохоров, Ю. М. Батурин және т. б. ) .

Жоғарыда қарастырылған материалдардан, деонтологияның кез келген мамандық иелерінің өздерінің кәсіби парызына сәйкес мінез-құлқы туралы ғылым ретінде қарастырамыз. Педагогикалық деонтологияның пайда болу алғышарттарын этикалық-философиялық, тарихи-әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық деп бөліп қарастыруға болады. Этикалық-философиялық алғышарттар:

1) адам өз өміріндегі қарым - қатынастарында басшылыққа алатын құралы мораль болып табылады. Мораль адамның мінез-құлқының ішкі реттеушісі. Моральдың құрамдас элементтері: сана мен адамгершіліктік мінез-құлық. Сананың жеке және қоғамдық түрі бар. Жеке сананың негізгі компонентері: рациональды, эмоциональды және жігерлі. Рациональды компонент құндылықтар, мақсаттар, идеалдар, парыз, әділет туралы түсініктерден тұрады. Рациональды және эмоциональды компоненттер ғана сенімді тудыра алады. Ал осы рациональды және эмоциональды компонеттердің кейбір жағдайларда іске асуы жеке сананың жігерлі компонентіне тәуелді. Осы үш компоненттің жеке сана тұрғысында өзара әсерлесуі қызметті іске асыруға көмектеседі. Сонымен қатар сол қызмет саласында тұрақты қатынастың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Мұндай нәтижеге адамның мінез-құлқының сырттан бақылаушының қажетінсіз іске асуымен жетуге болады. Сана құрылымында қызметтің бұл түрі өзіндік санасымен қамтамасыз етіледі. Өзіндік сана - «адамның өзінің білімін, сезімін, мұқтажын, мінез-құлық және қызметінің уәжін түсініп, бағалағанда жететін сана деңгейі. Өзіндік сана негізінде өзін-өзі бақылау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі бағалау, жеке тұлғаның өзіндік көрінуі іске асады». Моральдың бұл құрамдас элементтері оның мағынасын түсіндіреді. Осы жерде Қ. Жарықбаевтың «өзіндік сана - бұл кісінің бүкіл өмірі барысында өзінің шама-шарқынша жинақтаған, оның өзіне ғана тән жеке-дара санасы. Оның күнгей де, көлеңкелі жақтары да болады, өзіндік сана адам есі кіріп, есейген шақта кемелденеді» деген анықтамасын келтіре кету керек.

Мораль теориясының қажеттілігін парыз, ар-ождан, моральдық принциптер мен идеалдардың, адамдардың адамгершіліктік позицияларының пайда болуы тудырды. Осы мәселерді шешу этиканың зерттеуін тудырды. Яғни, К. М. Кертаева еңбегінде мораль этиканың зерттеу пәні болып табылатын қорытындыға келеді. Бұл пән тұтас моральдық ережелерді, құндылықтарды және идаелдарды негіздеп, кәсіби парыздың мағынасын ашады. Бұл моральды ережелер мен құндылықтарды түсіну әдістері, нақты адами қарым-қатынастардағы кәсіби парыздың іске асу ерекшелігі - деонтологияның негізгі міндеттерінің бірі. Адам өмірінің әрбір саласындағы моральдық ережелер, принциптер мен құндылықтар ерекше. Осыған орай, моральдың құрамынан кәсіби мораль тармақтанып, бөлек шығады. Ал кәсіби моральдың ережелері кәсіби этиканы зерттейді. Қоғамдағы кейбір кәсіби қызметтерге моральдық талап жоғары қойылады. Ол мамандықтарға негізінен дәрігер, заңгер, педагог, ғылыми, журналист және көркем-өнер мамандықтары жатады. Сол мамандық иелерінің ішкі дүниесі мен қатар, табиғи қабілеттерін дамыта отырып, жеке-тұлғалық қасиеттері де қалыптасады. Әрбір мамандыққа тән өзіндік кәсіби моралі, өзіндік деонтологиялық қалпы болады. Педагогикалық мамандықтарға сәйкес, педагогикалық қызметке тән талаптар мен моральдық ережелер, құндылықтардың қалыптасуымен педагогикалық этика шұғылданады, ал оларды түсініп, іске асыруды педагогикалық деонтология жүргізеді.

Сонымен, педагогикалық деонтология - ұстаздық парыз туралы ғылым. Бұл ұстаздың іс-әрекетінің саналы, адамгершілікті компоненті. Педагогикалық деонтологияға мұғалімнің парызына адалдығы мен кәсібіне сәйкес саналы-әдеп және құқықтық ұстанымдар мен ережелер кешені жатады. Жоғарыда айтылған философиялық, этикалық, психологиялық ойларды және педагогикалық топшылауларға қарап, педагогикалық деонтология ұстаздық қызметтің реттеушісі бола отырып, жалпы этиканың ішіндегі жекелей мамандыққа ғана тән болатын педагогикалық мораль ұстанымдары мен ережелерін қарастыратын тарауы деген қорытындыға келеміз;

2) тарихи-әлеуметтік алғышарттар мынаған келіп саяды: әрбір қоғамдық-экономикалық формациялардың өзіне тән ұстаз тұлғасына қойылған талаптар мен олардың іске асырылуы арасындағы қайшылықтары болуымен түсіндіріледі. Ұстазға қойылатын талаптар саяси жағдайға, әлеуметтік-экономикалық қатынастарға, ұлттық дәстүрлерге байланысты болды. Ұстаз мамандығы көпғасырлық мамандық болып табылады. Әрбір қоғамдық-экономикалық формацияда ұстазға қойылатын талаптармен қатар, әр мемелекетте де ұстаз мамандығына көзқарас әртүрлі болды.

Ежелгі дүниедегі Мысырда ұстаз мамандығы әлеуметтік дәулеттің кепілі ретінде қарастырылды. Бұл мамандық иесі ақылды деп саналып, ортаға сыйлы болды. Ал ежелгі Қытайда да ұстаз қызметі өте жоғары орынға қойылды. Мұғалімді әке ретінде сыйлады. Ежелгі Грецияда ұстаз қызметі дәулетті отбасының ұлдарын бағып-қағатын құл ретінде ғана шектелді. Тәрбиешінің бойында аса бағалы қасиеттер болмады. Ұстаздық қызметтің ақысы да аз болды. Ежелгі Римде де ұстаз қызметі бағаланбады.

Орта ғасырда қытай мұғалімі ерекше құрметте болды, ал батыс Еуропада ұстаз қызметін монах немесе священниктер атқарды. Олардың әлеуметтік статусы жоғары болды.

Қайта жаңғыру дәуірінде священник орнын біртіндеп кәсіби мұғалім ауыстырады. Жалақысы община қорынан төленді. Әрине, мұндай мұғалімдердің кәсіби деңгейі төмен болған. Батыс Еуропаның көптеген елдерінде мұғалімдерді тағайындау жұмыстарына шіркеу тікелей қатысып отырды. Англияда жекелей мектептердегі жағдай жеке тұлғалардың қалталарына тәуелді болды, өйткені жекелей мектептерді қаржыландыру қалталы бай адамдардың құзырында қалып отырды. Ал Францияда мұғалімдер мемлекеттік қызметкер ретінде үкіметпен тағайындалды. Осы мәліметтерге сүйеніп, ұстаз қызметіне уақыт аралығында қоғам және мемлекет тарапынан позитивті қатынасы өзгеріп отырғанын көреміз. Деонтология түсінігіндегі негізгі мағына парыз категориясында болып табылатындықтан, педагогикалық деонтологияның пайда болуының негізгі алғышарты ұстаздың жеке тұлғасына, оның кәсіби қызметіне парыздылық негізінде қойылатын талаптар болып табылады. Парыз категориясын көптеген ойшылдар, педагогтар, ғалымдар қарастырған. Солардың ішінде шығыстың ойшылы және педагогы Конфуций «әрбір адамның қоғамдық орны анықталып, өмірлік қарым-қатынасы және қызметіне қатысты кез келген іс нақты және толық сипатталған парыз жолына бағыттау қажет. Жеке адамгершілік ережелері қоғамдық міндеттермен толық сәйкес келеді. Эмоциялар мен аффектілердің толық қалыптандырылуы 5 қасиетке: жанашырлық, әділетті, тәртіпті, адалдықты және секем болуға жеткізеді» деп айтып кеткен.

Ғұлама шығыс ойшылы, философ-ғалым аль-Фараби жақсы тәрбиешінің бойында он екі табиғи қасиеттері болуы керек деп айтып кеткен, олар: жақсы қызмет ететін күшті дене мүшелері, айтылғандарды жақсы түсінетін, есінде сақтау қабілеті жоғары, ақылды, дұрыс сөйлей алатын, білім мен түсінуге махаббаты бар, шаршамайтын, тамаққа және басқа рахат сезімдеріне тойымсыздық қасиеті жоқ, шындықты сүйетін, тәкаппар қасиеті және ар-ожданы бар, ақшаны және басқа да бағалы заттарды жаны жек көретін, барлық адамдарға әділ, қыңыр емес, шешімді істер атқара алатын, батыр. Ал чехиялық педагог Я. А. Коменский ұстаздың кодексін жасап шығарды. Ал қазақ ғалымы, тарихшы, этнограф-ағартушы Ш. Уалиханов мұғалім білімді, сезімтал, балаларға үлгі болуы керек деп атап көрсеткен. Ұстаздың қандай болуы қажет, оның қызметтік міндеттері туралы ойлар өте көп. Айтылғандарға талдау жасай отырып, ұстазға қойылатын талаптар өте жоғары екендігін көреміз, соған байланысты ұстаздың өзіне қойылған талаптарын түсініп, өзінің кәсіби парызын дұрыс орындауға ұмтылуы педагогикалық деонтологияның міндеттерінің бірі деп айтуымызға болады. Ол міндеттердің орындалуы барысында «қазіргі уақытта ұстаздың мінез-құлықтарын реттейтін ережелерден тұратын белгілі бір қалыпты талаптарда негізделген, кәсіби мінез-құлықтың эталоны қалыптасады. Осындай эталоны бар ұстаз қазіргі қоғам және әлеумет қоятын талаптарға сәйкес бола алады және осы мәселенің шешуін қарастыру педагогикалық деонтологияның пайда болуына себепші болды;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық мамандық бойынша білімдендіру үдерісі
Этика ұғымы және оның мәні. Гиппократ этикасы және деонтологиясы
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық - технологиялық әлеуетін қалыптастырудың педагогикалық алғышарттары
Ш.А.Амонашвилидің педагогикалық көзқарастары
Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім
Дәрігер тұлғасы
Қоғам және ұстаз
Мектепке дейінгі білім беру сапасын басқарудың әдіснамалық тұғырлары
Педагогикалық шеберлік пен әдеп
Кәсіби білім беру жүйесіндегі болашақ маман біліктілігін арттыру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz