Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе.

  1. «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы».
  2. «Ұстаздық қылған жалықпас - үйретуден балаға».

Қорытынды.

Әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттердің сіңісуі, өнер - білімді игеруі тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі - өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы», «Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қонар» деп ұлағатты ұстаздың еңбегінің текке кетпейтінін өсиет еткен. Өнер иесі күйшілер мен әшекей заттарды жасауды ұста - зергерлердің бәрі ұстазына еліктеп, өнер жолын қуған мамандардан шыққан. Өз ұрпағының өнегелі, абзал азамат болып өсуін армандаған ата - аналар балаларымен немерелерінқолынан жетектеп ағами - темір шеберлерінің, тігінші, ою - өрнекші, әнші, күйші адамдардың апарып, солардың өнерін үйретуге зер салған. Ұстаздардың ақысына атан түйе, құлынды бие беріп қошеметтеген. Ардақты атақты Сандыбай үйшінің (Семей облысының Шыңғыс болысында өмір сүрген. Балтеке, Үйсімбай, Ерденбай сияқты зергер ұсталардың, Семей облысының Керей, Шұбартау болысындағы Шоқбатар, Жаңа Семей қаласындағы Қадірсіз сияқты атақты сынықшылардың, Бұғылы - Шаған болысындағы Ыспи тәрізді оташы емшілердің ата жолын қуып, өнерді кәсіп еткен жандар екенін ел аңыз етеді. Ауылдас, ағайындас өнерпаздарға еліктеп әнші, күйші, дауылпаз болған дарын иегері де баршылық. Айталық Ықыластың ауылында айлап жатып, күйшілік өнерін үйреніп, біздің дәуірімізге жеткізген Дәулет Мықтыбаев, Жаппас Қаламбаев сияқты күйші саңлақтардың шығуы, Құрымбай нағашысының қушыкештігін өнеге тұтқан Қалибектің атақты актер болуы, әке жолын қуып Бабақтың он төрт баласының түгелдей әнші - күйші болуы, ағасы Жақыпбектің жанында жүріп, әншілік өнерін үйренген Жүсіпбектің жанында оған шәкірт болған Жәнібектің жезтаңдай әнші болуы, ауылдасы Күсенбайдың әні мен күйін үйреніп өскен манарбектің асқан әнші - күйші, композитор болуы - ұстаздардың ұлағатты тәрбиесінің жемісі. Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, « ұстазға қарап шәкірт өсер» деп халқымыз ұстазға үлкен жүк артқан. Ұстаз үшін өз еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ. Ұстаз үшін өз еңбегінің талантты шәкірті болса, ұстазға ол үлкен абырой, зор мақтаныш. Халық педагогикасында жастарға арнайы: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла, ол бойындағы бар асылын берді, өнер үйретті, әкең жасамаған жақсылықты жасады, шын шәкірт болсаң ұстазыңның үмітін ақта, жолын қу, өнерін жалғастыр» деген ақыл - кеңестер айтылған. Мұның бәрі сергек, сезімтал, ақыл - ой парасатты, жан - жақты білімді, өнегелі, өнерлі азамат болуын көксеуден туған.

«Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға»

«Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға», - деп Ұлы Абай айтқандай атаққа азапты еңбеке, шынайы шеберлік арқылы ғана қол жеткізуге болады. Атақты орыс тарихшысы В. О. Ключевский (1841 - 1911) айқандай, «ұстаз болу яғни жақсы оқытушы болу үшін, оқытатыныңды да сүбің керек». Ол үшін өзі көп нәрсені үлкен жігер, ұлы ынтамен оқып - үйренуді, соны үйреткісі, білдіргісі келген шәкірттерін зер сала зерттеп, білім - біліктерді олардың зердесіне қалай ұялатудың ұтымды жолдарын, әдістерін талмай іздеп, табуы қажет.

Қазіргі мұғалімдер әмсе жеке басының өнегесімен, ынталы бір себебі - көп бала оқытатындары. Сол балалардың бәріне бірдей аналардың білімді, ұстамды, жүйелі педагогикалық жағынан сауатты жұмыс істеуге мүдделі. Сол арқылы мұғалім өзін қолдайтын, жақтайтын ұнататын, бірлесіп еңбектенуге ықыласты шәкірттер тәрбиелеп, қалыптастыруға күш салады. Өткен заман ғұламаларының бірі айтқандай, «жақсы мұғалім жақсы шәкірт жасайды». Демек, сонда барып, ол шын ұстаз болады. Ата - аналар әне, сол ұстаздың қалтқысыз көмекшілеріне айналып, балаларының оған деген сүйіспеншілігін артуына, оның берген білімі мен тәрбиесін ынтамен қабылдауына дем беріп отырулары керек.

Ұлы жазушы әрі ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтың - «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген өте терең мәндіәдемі нақылы бар. Ол елінің ертеңі - жас ұрпағыңды жақсылап өсір деген сөз ғой. Оған қоса «бесік» тәрбиеңұлттық мәйекті болсын дегенге де меңзеп тұр. Осы міндеттің көп салмағы мұғалім, тәрбиешілерге түсетіні аян. Сондықтан «Елдің келешегі - ұстаздың қолында» деген тұжырым кешегі бір қасаң қағида, даурықпа ұрандарға әуес заманда орынды - орынсыз қайталана - қайталана әбден жем болып, сілікпесі шыққаны белгілі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың бойына жарасымды мінез қалыптастыру
Ұстаз - ұлық емес, ұлы қызмет
Менің педагогикалық философиям. Эссе
ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН САБАҒЫН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Білім негізі бастауышта
Оқушылардың білім деңгейін көтеру
Заманауи бастауыш сынып мұғалімінің бейнесі
Келешекке - кемел біліммен
Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу жолдары
Оқушының ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz