Факс арқылы жіберілетін құжаттар



Факс арқылы жіберілетін құжаттар.
Факсимильдік (фототелеграфтық) байланыс, көбінесе қысқаша "факс" деп
аталады, қазір кең қолданылады. Факстің ен қүнды жері ол аппарат арқылы тек
қана мәтінді құжаттарды ғана емсе, кестелі, кесінді қүжаттарды да тез арада
екінші адамға немесе екінші мекемеге жеткізуге болады. Факс арқылы
мәтіннің, кестенің, кескіннің, қол қойылған кез-келген құжаттың дәл сол
күйінде қайталанған нүсқасы екінші мекемеге жеткізіледі. Сондықтан да дәл
қазір факсті алмастыруға келетін байланыс түрі жоқ.
Қазіргі таңда еліміздің көптеген мемлекеттік, жеке кәсігюрындары мен
мекемелерінің офистері жаңа заманның қабылдау-хабарлау аппараты факспен
жабдықталған. Факстің жеткізу жылдамдығы өте жоғары, себебі факс арқылы
жіберілген кез-келген құжат санаулы сағаттардан кейін-ақ адресат қолына
тиеді.
. Фотография, сызба, кесте т.б. сияқты үлкен көлемді құжаттар алдын ала
факс аппаратының мүмкіншілігіне сәйкес келетіндей етіліп кішірейтілуі
керек.
Факс арқылы жіберілетін іс қағаздардың құрылымы:
* Жіберушінің толық мекен-жайы ұсақ шрифтермен бланкінің сол жақтағы
бұрышына жоғарылау жазылады.
* Бланкіңің ортасына "факс арқылы" деп үлкен шрифтілермен жазылады.
* Алушының аты-жөні сол жаққа, барыс септігінде жазылады. Мысалы,
кімге: Муратбеков Асқар К,урамысулына, 0
Жіберушінің аты-жөні оң жаққа шығыс септік тұлғасында жазылады. Мысалы,
кімнен: Досжанов Едіге Әлиасқарүлынан.
* Одан төмен, сол жаққа факс нөмірі жазылады. Мысалы, факс: 13-01.
* Оң жақ шетке, қүжат көлемінің неше беттен түратыны жазылады. Мысалы,
Көлемі: 7 (жеті) бет.
* Факс нөмірінің төменгі жағына мәлімет немесе ақпарат жіберілген
аппарат нөмірі жазылады. Мысалы, 8-3292-43-50-66
* Оң жаққа, қүжат көлемі жөніндегі моліметтің төменгі жағына дата,
қажет жағдайда жіберілген сағаты көрсетіледі.
* Сол жақ шетке, аппарат нөмірінен төмен, факс арқылы жіберілетін
хабардың тақырыбы жазылады, Мысалы, 1 жарты жылдық есеп,
* Он жаққа, қажет болған жагдайда датадан төмен қүжаттың көшірмесін
алушы адамның аты-жөні жазылады. Мысалы, Көшірмесі: Аяпова Назира
Жакенқызына.

НОТАРИАТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасындағы нотариат — қүқықтар мен фактілерді
куәландыруға, сондайақ осы Заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге
асыруға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды
тұлғалардың қүқықтары мен заңды мудделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген
жүйесі.
Осы Заңмен белгіленген жағдайлар мен шектерде нотариаттық іс-өрекеттер
жасауға мыналардың қүқықтары бар:
1) мемлекеттік нотариат кеңселерінде жүмыс істейтін нотариустар
(мемлекеттік нотариустар) мен жеке практикамен айналысатын нотариустар
(жекеше нотариустар);
2) жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасауға
уөкілетті лауазымды адамдары;
3) Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызмет атқаратын адамдар ;
4) осы Заңмен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті өзге де адамдар.
Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, осы Заңнан және
Қазақстан Республикасыньщ нотариаттық қызметті реттейтін өзге де заңдарынан
түрады.
Нотариаттық қызмет — нотариустың және өзге де уәкілетті адамдардың осы
Заңмен көзделген нотариаттық іс-әрекеттерді жасауы.
Нотариустар мен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті басқа да
адамдар нотариаттық іс-әрекеттер жасағанда тәуелсіз болады және тек қана
заңға бағынады. Бүл орайда олар осы Заңды және басқа нормативтік-құқықтық
актілерді, сондайақ Қазақстан Республикасы бекіткен, осындай қызметті
реттейтін халықаралық шарттарды басшылыққа алады.
Жеке және заңды түлғаларға олардың жасаған нотариаттық іс-
әрекеттерінің қүпиясын сақтауға кепілдік беріледі.
Нотариус ретінде қызметін тоқтатқан адамдар нотариаттық іс-
әрекеттердің құпиясын сақтауға міндетті.
Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, нотариус берген
қүжаттардың көшірмелері немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық
іс-әрекеттер жүргізілген заңды және жеке түлғаларға, не олардың уәкілетті
адамдарына ғана беріледі.
Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен қүжаттар өздері
жүргізіп жатқан істер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының
жазбаша талап етуі бойынша, прокуратура органдарына, сондайақ әділет
органдарына және осы Заңмен нотариустар қызметін тексеруді жүзеге асыруға
уәкілдік берілген нотариат палаталарына беріледі.
Жасалған нотариаттық іс-әрекет туралы мәліметтерді қасақана жария
еткен адамдар заңдарға сәйкес жауап береді.
Меншік нысанына қарамастан, заңды түлғалар және лауазымды адамдар
нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға қажетті мәліметтер мен қүжаттарды
нотариус оларды талап еткен кезден бастап он күн мерзімнен кешіктірмей
нотариусқа табыс етуге міндетті.
Өсиеттер туралы мәліметтер, өсиеттердің дубликаттары мен көшірмелері
мүдделі адамдарға, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, өсиет беруші өлгеннен
кейін ғана беріледі.
Нотариаттық іс жүргізу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
бекітетін Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі нүсқаулыққа (бүдан әрі —
'Нүсқаулық") сәйкес ж;үзеге асырылады.
Нұсқаулық талаптарының сақталуына бақылау жасауды аумақтық өділет
органдары мен нотариат палаталары жүзеге асырады.
Нотариустардың қүжаттары заңдарда белгіленген төртіппен міндетті түрде
мемлекеттік архивке тапсырылуға тиіс.
Нотариаттық іс Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарына сәйкес
жүргізіледі.
Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адам іс жүргізілетін тілді
білмесе, ресімделген қүжаттардың мәтіндері оның өтініші бойынша осы Заңның
80-бабына сәйкес ақы төлеттіріп аударылып берілуге тиіс.
Жоғары заң білімі және заң мамандығы жөнінен кемінде екі жыл жүмыс
стажы бар, мемлекеттік немесе жеке нотариус сынағынан өткен, Әділет
біліктілік алқасында біліктілік емтиханын тапсырып, нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына лицензия ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ФАКСИМАЛЬДІ АҚПАРАТ ТАРАТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫНЫҢ ПРИНЦИПИАЛЬДІ СХЕМАСЫН ҚҰРУ
Қазақ тіліндегі ресми іс-қағаздары
Құжат жасау функциялары
Іс қағаздар (Лекция жинағы)
Факстық байланыс
Үлгі бойынша телеграмма жазу
Мемлекеттік тілде іс - қағаздар жүргізу ережелері
Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен студенттерге арналған оқу құралы
Құжаттарды рәсімдеу – іс жүргізудің негізі
Құжаттар түрлеріне түсініктеме және құжаттарды құрастыру және рәсімдеу технологиясы
Пәндер