Әл - Фарабидің философиялық ойларының мәні
Жоспар
І. Кіріспе
1.Әлем таныған- әл- Фараби
ІІ. Негізгі бөлім
1. Әл - Фарабидің философиялық ойларының мәні.
2. әл – Фараби философиясы мен исламдық дүниетаным мәселcі.
3. Әл-Фараби философиясындағы болмыс және таным мәселелері.
ІІІ. Қорытынды
Фараби мұрасын зерттеу кезеңдері.
Кіріспе
Түркілерарасынан шыққан, қазақ топырағында дүниеге келген кемеңгер ойшыл
Әбу Насыр әл - Фараби мұрасы. Әл-Фараби Аристотельден кейінгі Екінші ұстаз
аталып, көзінің тірісінде - ақ аты әлемге танылды, өйткені ол өзінің
шығармашылық потенциалын иран, үнді, грек, араб, түркі және т.б.
мәдениеттердің жасампаздық қуатын бойына сіңірген ислам мәдениетінің рухани
атмосферасында жүзеге асырды. Ортағасырлық Таяу және Орта Шығысқа аты кең
таралған әл - Фараби әлемдік философия тарихына антикалық философия мен
ислам дүниетанымын синтездеген, логика, математика, музыка, грамматика,
саясат пен этика сияқты көптеген ғылым салаларында терең қолтаңбасын
қалдырған ойшыл ғалым ретінде енді. Өзіне тән энциклопедиялығымен әл -
Фараби әр түрлі мәдениеттер мен өркениеттер идеяларын синтездеудің жемісті
тәжірибесін көрсетіп, тең құқықты тарихи сұхбат, жалпы адамзаттық
құндылықтарды (олардың ішінде көшпелі түркі әлемінің құндылықтары да
маңызды орын алады) орнықтырудың үлгісін айқындады. Әбу Насыр Мұхаммед ибн
Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ әл - Фараби (870-950 жж.) Отырар оазисінде
өмірге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан аймағы). Қазақстан жерінде
егіншілік пен қалалық мәдениеттің көпғасырлық тарихы бар. Атап айтсақ,
Оңтүстік Қазақстанда кене замандарда - ақ қалалар мен суармалы егіншілік
пайда болды. Арабтар жаулап алғаннан кейін Отырар оазисі Фараб аймағы деп
аталып кетті. Онда бірнеше қала орталықтары, солардың арасында Весидж
(Оксус) қамалы да орналасты. Әл-Фараби осы жерде дүниеге келіп, балалық
шағын осында өткізді. Оксус қалашығы Сырдарияның сол жағалауында Ақжар
сайында, Отырардан солтүстік батысқа қарай 25 шақырым жерде орналасқан.
Весиджді зерттеу VII—VIII ғасырларда пайда болған деп айтуға мүмкіндік
береді. Әл-Фараби өмір сүрген уақытта ол қолөнері дамыған қала болды. Орта
Азиядан Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал маңы арқылы өтетін керуен
жолдарында орналасқандықтан ол Отырар оазисі мен барлық Оңтүстік Қазақстан
өмірінде маңызды рөл атқарды.
Қазақстан арқылы Ұлы Жібек жолымен тауарға толы керуендер өтіп жатты.
Көшпелі - малшылар мәдени құндылықтарды тасымалдауға дәнекер болды.
Сығанақ, Сайран, Тараз, Яссы, Баласағұн, Отырар сияқты дала алқаптарында
пайда болған көне қалалар керуен жолдарының өтуіне байланысты дамып,
өздерінің жоғарғы мәдениетімен және олардың атын шығарған әл - Фараби,
Дулати, Қожа Ахмет Иасауи, Баласағұни сияқты және т.б. ғұламаларымен бүкіл
әлемге танылды. Әл-Фарабидің жерлесі, астроном әрі математик Аббас Жаухари
әл - Хорезмимен бірге атақты астрономиялық кестені құрастыруға
катысты. Сондай-ақ Қазақстанда өмір сүрген ғалым Исмаил Жаухари 40 мың
сөзден тұратын араб сөздерінің сөздігін шығаруымен белгілі болды. Араб
тілді географ және саяси жазушы Жахан ибн Хакан әл-Қимақи да Қазақстанда
туды.
Ғылыми білім негіздерін Әбу Насыр әл - Фараби Отырарда алды. Мұнда сол
уақыттағы ең бай кітапхана орналасты. Әл-Фараби осы кітапханада
философиялық және ғылыми еңбектермен танысуға мүмкіндік алды. ІХ-Х ғғ.
Отырар ірі саяси және мәдени орталық еді. Осында әр түрлі діни сенімдер:
шаманизм, зороастризм, несториандық, манихейшілдік, буддизм кең таралды.
VIII ғасырда Оңтүстік Қазақстан араб халифатының кұрамына кіргеннен кейін,
осы жерді мекендеген халықтардың рухани өміріне көп өзгеріс әкелген ислам
діні кең тарала бастайды. Осында әл - Фараби өзі өкілі болған түркі
мәдениетінің рухани құндылықтарын бойына сіңірді. Әр адамның көзқарасы
шындықты рухани - практикалық игерудің жүйесі болып табылады. Онда мәдени
аяда қалыптасқан білімдер мен нанымдар, адамгершілік мұраттар, қоршаған
ортаға деген психологиялық және эстетикалық қатынас жиынтығы көрініс
табады. Көптеген фарабитанушылар әл - Фарабидің көзқарасына түркі мәдени
дәстүрінің әсер еткенін мойындайды. Бірақ, өкінішке орай, ойшылдың
шығармашылығына ықпал еткен бұл факторды жан-жақты зерттеуге бағытталған
ірі ғылыми еңбек осы уақытқа дейін жоқ. Әл-Фараби тумасынан өкілі болып
табылатын түркі мәдениеті өзіне тән дүниетанымдық бағдарлар мен
категорияларды, болмыс принциптері мен дүниені ұғыну құндылықтарын
қалыптастырды. Осы құндылықтар жастық шағында әл – Фарабидің тұлғалық
қалыптасуын анықтады. Білім іздеген әл - Фараби халифаттың мәдени
орталықтарына аттанды. Олардың ішінде Бағдад қаласының маңызы зор еді. Әл-
Фарабидің рухани мұрасын зерттеуші ғалым М.М.Хайруллаев: "Әдебиетте әл -
Фараби Орталық Азиядан кеткенге дейін Шаш пен Самарқантта болып, біраз
уақыт Бұқарада оқып, еңбек етті деген деректер бар. Бағдадқа барар жолында
ол Иранның көптеген қалаларында: Исфаханда, Хамаданда, Рейде (Тегеранда)
және т.б. болды. Әл-Фараби сапарға қашан шығып, Бағдадқа қашан келгені
белгісіз. Кейбір деректерде оның Бағдадқа халиф әл-Муктадир билік құрған
уақытта (908- 932) қоныс аударғаны туралы айтылады" - деп жазды.
Бағдадта әл - Фараби біліми және ғылыми қызметке белсене араласады: парсы,
грек, сирия тілдерін, ең алдымен араб тілін үйренеді; теориялық математика,
медицина, логика, философия, поэзия және т.б. ғылымдарды игереді. Әл-
Фарабидің ұстаздары ежелгі грек философиясын терең игерген Юханн ибн Хайлан
мен Әбу Бишр Матта болды. Әл-Фарабидің рухани мұрасы барлық өмірінің
барысында қалыптасты және дүниетанымдық тұрғыда, идеялық бастауында әр
түрлі мәдениеттердің - түркілік, антикалық, әсіресе классикалық грек, үнді,
иран мәдениетінің ықпалдарымен айқындалады. Орта ғасыр дәуірінде
қалыптасқан түрлі мәдениеттердің өзара әрекеттесуі мен сұхбаты исламдық
дүниетаным аясында жүзеге асып, адамзатты әлі күнге дейін таңдандыратын
мәдени өмірді дүниеге әкелді. Бұл дәуірді жиі Батыстағы Ренессанспен
салыстырады, тіпті А. Мецтің ізінше мұсылман Ренессансы дәуірі деп те
атайды, Сол арқылы исламдық орта ғасыр мәдениетінің қайталанбас, нәрлі
өрлеуін атап көрсетеді.
Рухани мәдениеттің кез келген, соның ішінде, философиялық құбылысының
қалыптасуына сол дәуір, оның әлеуметтік және саяси құрылымы, белгілі бір
климаттық, географиялық жағдайда қалыптасқан мәдениеті, әдет-ғұрпы мен
тұрмысы әсер етеді.
Философия, оның мәні оны тудырған дәуір аясында ғана толық айқындалатын
рухани құбылыс қатарына жатады. Сондықтан философия жүйесін немесе оның
теориялық тұжырымдамасын, біздің жағдайымызда әл - Фарабидің философиясын,
тек тарихи дәуір ауқымында ғана түсінуге болады. Сондай-ақ мәдениет
құбылыстары қоғам өмірінің экономикалық алғышарттарымен байланысты екенін,
бірақ барлық жағдайда және толығымен олар тек сол алғышарттармен ғана
түсіндірілмейтінін ескерген жөн.
Біз философияны тек оның әлеуметтік-экономикалық алғышарттары мен себептері
тұрғысынан қарастырсақ, оны материалдық-өндірістік және экономикалық
факторлармен түсіндірілмейтін өмірлік нәрі мен "рухынан" айыратындығымызды
түсінуіміз керек.
Мәдениеттің ішкі тәжірибесіне үңіліп, этнос пен қоғам өмірін сипаттайтын
психологияны, тұрмыс пен әдет - ғұрыпты, дінді, бейсаналық нышандарды
білмейінше философия мен философиялық идеяларды түсіну мүмкін емес. Жалпы
тарихи заңдылықтарды ашып, рухани мәдениет ескерткіштерін, атап айтқанда,
IX-XV ғғ. Орталық Азия халықтары мен ойшылдарының философиялық және діни -
адамгершілік көзқарастарын зерттеу материалдық және рухани факторлардың
өзара әрекеттесуі негізінде ғана мүмкін деген Ю.Д. Жұмабаев пен Ш.Ф.
Мамедовтың пікіріне қосыламыз.
Араб халифатының құрамына енген, әл - Фарабидің отаны Оңтүстік Қазақстан -
"екі мәдени-экономикалық аймақтардың - Орта Азия оазистерінің отырықшы
тұрғындары мен шаруашылықтың басым түрімен айналысқан көшпелі халықтарының
түйіскен жері.
Оңтүстік Қазақстан көшпелі және отырықшы тайпалардың байланысқан аймағы
ретінде мәдениеттердің өзара баюының, шаруашылық тәсілдерінің синтезінің оң
жақтарын және әлеуметтік, саяси дамудың түбірлес жаңа прогрессивті
процестерін бойына сіңірді.
Мұндай жағдай ерекшелік емес еді. Әл-Фараби шығармашылығы кезіндегі
халифаттың әлеуметтік-экономикалық және мәдени болмысына шиеленіскен
оқиғаларға толы саяси өмір, түрлі мәдени дәстүрлердің араластығы, этникалық
және діни көп түрлілік тән болды.
Орта ғасырдағы ислам өркениетінің мәдени өркендеуіне геосаяси,
экономикалық, әскери факторлар ықпал етті. Олар Таяу Шығыста жаңа тарихи
қауымдастықтың өзіндік санасын оятып, интеграциялық үрдістердің дамуына
әсер етті. Жаулап алу барысында арабтар өз территорияларына Таяу Шығыстың,
Иранның, Орта Азияның ірі мәдени орталықтары орналасқан үлкен географиялық
кеңістікті қосып алды. Сауда мен қолөнердің дамуы осы
дәуірдің ерекше бір сипаты болды. Оған "негізгі транзиттік сауда жолдарының
Орта Азия арқылы өтіп, оның қалаларын Таяу және Орта Шығыстың, Кавказ бен
Шығыс Еуропаның, ең әуелі Русьтің, Үнді мен Қытайдың базарларымен қосуы"
игі ықпал етті.
Қолөнер мен сауданың тез өсуімен қатар, бұл заманда кең ауқымды урбанизация
(кенттену) үрдісі орын алады. Араб халифатындағы рухани өмірдің өрлеуінде
қалалардың дамып, гүлденуі маңызды рөл атқарды. Қалалар әскери - әкімшілік,
экономикалық және мәдени орталықтарға айналды. "IX ғасырдағы түркілердің
басып кіруінен, Бағдадтың құлауына дейінгі уақыттағы мұсылмандық Шығыс
тарихы (1258 ж.), - дейді Г.Э. фон
Грюнебаум, - бұл жер иеленуші түркі әскери аристократиясының отырықшы, ең
алдымен азаматтық биліктегі позицияларды иеленген саудагер араб және
арабтанған аристократияны жеңу тарихы болды. Бірақ екі тап та, жалпы ислам
әлеміндегі билеуші таптар сияқты қала тұрғындары болды".
Ортағасырлық ислам мәдениеті қалалық мәдениет болды. Мұны атап өту маңызды.
Ортағасырлық мұсылман философтарының, соның ішінде Шығыс перипатетизміндегі
алғашқы саяси теорияны жасаған әл - Фарабидің әлеуметтік-саяси
теорияларының қаламен байланысты болуы кездейсоқтық емес. Араб
халифатындағы ең ірі халықаралық қолөнер өндірісі мен сауданың орталығы
Бағдад қаласы болды. В.В. Бартольд қалаға ресми атауды оның негізін қалаушы
бергенін, соған сай ол Мединат ас-селям, яғни "Сәлем қаласы" немесе "Құтты
қала" деп аталғанын айтады. Халиф монеталарында тек осы атау
қолданылғанымен парсыша Бағдад аталған қоныста пайда болған қала тек 1258
жылғы моңғол шапқыншылығынан кейін осылай атала бастады дейді. Ол
халифаттың мәдени орталығы болды, араб тілді мәдениеттің ғұлама ойшылдары
осыған ағылды, халифатқа таралған рухани ағымдар осында пайда болды. "Бір-
бірін өзара байытқан түрлі мәдени дәстүрлер тоғысқан дәл осы Бағдадта
пұттық нанымдар, иудаизм, христианшылдық (христиан несториандар мен
монофизиттер арқылы), ислам ерекше айқындалады. Әр түрлі халықтардың
мәдениеті ақыл-парасат тоғысуының идеологиялық негізін қалады, олар
сұрыпталып аймақтық - этностықтың тар шеңберінен жоғары көтерілді".Бағдад
әл - Фараби өмірінде де зор рөл атқарды. Ол мұнда араб тілін үйренді,
"Аристотельдің логикалық мұрасын түсіндіруші ретінде Бағдадта ғана емес
бүкіл араб халифатының мәдени орталықтарына белгілі болған Әбу Бишра Матта
бен Йунистен тәлім алды. Ортағасырлық ислам әлемінің қалаларында пайда
болған мәдениет арабтар бағындырған көне территорияларда қалыптасқан түрлі
мәдениеттердің қорытпасы болды. Жерортатеңіздік және үнді-иран әлемін оз
үстемдігіне бағындырған олар жоғары дамыған өркениеттермен ұшырасты. Басқа
халықтардың жетістіктерін қабылдап, бағынған халықтардың тілдік жағдайын,
әдет-ғүрыптарын, наным-сенімдері мен құқықтық реттеулерін ескере отырып,
арабтар ассимиляцияға ұшыраудан өздерін сақтап қана коймай, бұл халықтарға
өз діні мен тілін бере алды. Араб тайпаларын біріктірген әлеуметтік-саяси
қозғалыстың өзіндік идеологиялық негізі болып, феодалдық мемлекеттік
биліктің, соңында араб халифатының пайда болуына алып келген ислам діні VII
ғасырдың бірінші жартысында Арабияда дүниеге келді. Мұхаммед негізін
қалаған дін арабтардың әлеуметтік өміріне сай келді: ол жалпыға ортақ
этикалық принциптерді, сенімнің адамдардың шығу тегіне тәуелді емес екенін
жариялап, баршаға ортақ адамгершілік құндылықтар мен көзқарастар жүйесін
жасады. Исламның пайда болуы ескі рулық - тайпалық және құлиеленушілік
қатынастардың ыдырауы, қоғамдық өмірдің жаңа - феодалдық түзілімінің
қалыптасуы жағдайында орын алды. Әу бастан-ақ, тарихи тұрғыда ислам
дүниетанымдық және идеологиялық жүйе ретінде алғашқы араб мемлекетінің
негізіне алынды. Оның таралуы мемлекеттің қалыптасуымен тығыз байланысты
болды, мемлекет дінмен қақтығыста болмады, қайта оның қажетті алғышарты
болып табылды. Араб халифатының, әсіресе, оның қалыптасуының алғашқы
кезеңдеріндегі ерекше сипаты діни және зайырлы биліктің ажырамас бірлігімен
байланысты. Ислам мемлекеттің осы дүниелік, зайырлы мақсаттары мен діннің
жоғарғы "мәңгілік" мақсаттары арасындағы айырмашылықты мойындамады.
Ислам адамның мемлекет пен қоғамға,.саясат пен мәдениетке және т.б.
қатынасын айқындайтын, барлығын қамтитын дүниетанымдық, көзқарастық жүйе
болып табылады. "Ислам үстемдік етуші дін ретіндегі әлеуметтік-саяси
трансформацияның маңызды факторы, себебі ол тек діни доктрина ғана емес,
сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық институттардың, саяси идеологияның
мемлекеттік-құқықтық жүйесінің, философиялық теориялардың құрамдас бөлігі,
тарихи дәстүрлер мен адамгершілік принциптердің, әлеуметтік жүріс - тұрыс
пен өмір салтының негізі болып табылады. Пайда болғаннан бастап ислам
экономикалық және саяси мүдденің көрінісі, мұсылман қауымының белсенділігін
реттелген басқару жүйесімен біріктірген әлеуметтік іс- қимылдың реттеушісі
болды. Осы дінді ұстанғандар үшін ислам олардың тек рухани қажеттіліктерін
өтеп қана қоймай, адамның күнделікті іс-әрекетін реттейтін, өмір салты,
жүріс-тұрыс кодексі, адамгершілік құндылықтарының жиынтығы болып табылады.
"Ислам, - дейді Т.С. Саидбаев, - адам мен Алланы байланыстырумен
шектелмейді, олардың "қарым-қатынасын" орнықтырады, түсіндіреді және
реттейді. Ол әрқашан нақты дүниені түсіндірді және түсіндіреді, микро және
макро орта деңгейінде адамдар арасындағы нақты қатынастарды реттейді.
Адамдар арасындағы осындай діни емес қатынастарды діни кескіндей алмаса
ислам өзінің адамзат қауымдастығындағы қызметін, бірінші кезекте
компенсаторлық қызметін атқара алмай, адамдар үшін өзінің тартымдылығын
жоғалтып, өміршеңдігінен айырылар еді". Ислам да кез келген монотеистік дін
ретінде өзгеріссіз қала алмады, өйткені уақыт өте исламның негізгі
қағидалары өмір талаптары мен өзгерген тарихи жағдайларға сай келмеді. Әл-
Фарабидің философиялық жүйесінің пайда болуы қарсаңындағы дәуір ислам әдет-
ғүрыптарын сақтаушылар арасындағы белгілі бір түсінбеушілікті білдіретін әр
түрлі саяси ағымдар мен конфессиялар (сүнниттер мен шииттер) арасындағы
қақтығыс пен арабхалифаты қоғамындағы таптық қайшылықты бейнелейтін
шиеленіскен, үздіксіз саяси күреске толы болды. Бағынған халықтардың
құқықтық және саяси тәуелсіздігі үшін күресі толастамады, феодализмге қарсы
қозғалыс кең қанат жайды. Діни дүниетанымның үстемдігі осы күрес
формаларының діни сипатта болғандығын айқындады. Қалыптасып келе жатқан
ортақ араб - мұсылман мәдениетінің (оның қалыптасуына көптеген елдердің
өкілдері атсалысты) біріктіруші факторы араб тілі болды, ол тарих сынынан
сүрінбей өтіп, ғылым мен білімнің, халықаралық қатынас тіліне айналды.
Деректер орта ғасырдағы толыққанды мәдени жасампаздық үрдістер туралы
баяндайды, осы уақытта ғылыми және философиялық терминологияларды жасауға
бағытталған араб тілінің сөздіктері дүниеге келді, мұның өзі араб тілінің
қолданыс аясын кеңейтіп, тереңдетті. Араб тілінің мәдениеттің барлық
салаларында - ғылымда, философияда, құқықта, саясатта және т.б. негізгі
және жетекші тіл ретінде орнығуы ислам әлемінің мәдени дамуының маңызды
факторы болып табылды. Араб тілі әр түрлі мәдениет өкілдерінің
сұхбаттасуына дәнекер және негіз болды, көптеген білімнің таралуына ықпал
етті. Араб поэтикалық дәстүрінде айқын байқалатын сөзге деген құрмет,
филологиямен терең әуестену ортағасырлық ислам мәдениетінің өзіндік
сипатына айналды.
Бір тілдің үлкен территорияда үстемдік жасауы аударма ісінің кеңінен
өрістеуінің бір себебі болып табылды, ол атақты аудармашылар мектебінің
"Бейт әл - Хикманың" (''Даналық үйі") негізін қалаған халиф әл - Мамун
билік құрған жылдары кең құлаш жайды. Осы мектептің көрнекті өкілі Хунейн
ибн Исхак (887 ж. дүние салды) кейіннен аталмыш мектепке жетекшілік етті.
Ол медициналық әдебиеттерді аударуға көп көңіл бөлсе, оның ұлы Исхак
философиялық әдебиеттерді аударуға бейімділік танытты.
Аударма ісінің шоқжұлдыздары - Раби әл-Табари, Әбу Зейд Хонейн ибн Исхак
Ибади, Иса ибн Яхья және т.б. бұрынғы дәуірлер мен басқа халықтардың
жаратылыстанулық және философиялық шығармаларын зерттеп, оларды араб -
мұсылман әлемінің рухани мәдениетіне енгізуге атсалысты. Мысалы, Яхья ибн
Масавейхтің "Безгек туралы" деп аталатын медициналық трактаты ұзақ уақыт
бойы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz