Фармацевтикалық этика және деонтология



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Ф КГМА 43-0402
ИП № 6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г.

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы

ДӘРІС
Тақырыбы: Фармацевтикалық этика және деонтология.

Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері пәні

051103- Фармация мамандығы

3 курс

1сағат уақыт (ұзақтығы)

Қарағанды 2009ж .
Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген

24.04. 2009ж. № __9__ Хаттама

Кафедра меңгерушісі, б.ғ.к. ________________ Лосева И.В.

Тақырыбы: Фармацевтикалық этика және деонтология.

Мақсаты: Фармацевтикалық этика және деонтологиясымен таныстыру.

Дәрістің жоспары:

1. Фармацевтік этика және деонтология
2. Фармацевт пен ауру арасындағы қарым-қатынас.
3. Фармацевт пен дәрігердің ара-қатынасы.

Фармацевтік этика және деонтология

Деонтология – этиканың бір бөлімі болып саналады, бұл жерде
мамандардың парызы және міндеттері әлеуметтік қажеттілікке сәйкес қаралады.
Ол мамандардың моральды-этикалық мәдениетін, олардың кәсіби тәртібін және
бір мамандық ішіндегі әріптестердің қарым-қатынастарын қарастырады.
Фармацевтік этика жалпы этиканың туындысы ретінде фармацевтік саладағы
еңбек етуші барлық маман иелерінің моральдық байлықтары туралы, олардың
қызмет ортасында өзін-өзі ұстау тәртібі туралы ғылым. Фармацевтік
деонтология дәрімен емдеу тиімділігін арттыруға бағытталған, сырқат
адаммен, әріптестерімен қарым-қатынастағы жайлы климат жағдайын жасауға
бағытталған фармацевтің тәртібінің нормаларын зерттейді. Ол профессионалдық
парызын орындауы үшін қажет фармацевтке қойылатын талаптар мен тәртіптер
ережелері, жоғары азаматтық жауапкершілігінің көрсеткіші болып саналатын
оның ар-ұяты, адалдығы, артықшылығы туралы мәлімет береді.
Фармацияның даму тарихының әрбір кезеңінде ауру адамдарды дәрімен
емдеуші мамандар белгілі этикалық нормаларды ұстанып келді. Ауруларға
мейірімділікпен қарау, шыдамды, сабырлы болу, олардың сырқатына жанашырлық
көрсету, науқастың жазылуына сенімін арттыру сияқты талаптар үнділердің
халықтық эпосы Аюр-Ведада б.э.д. V ғасырда жазылған. VII-VIII ғасырларда
медицинаның эмблемасы болып жанып тұрған балауыз шырақ саналған, оны
эмблема ретінде голланд ғалымы Ван Тюльп басқаға қызмет ете отырып - өзім
жанып кете беремін деген оймен ұсынған.

Фармацевт пен ауру арасындағы қарым-қатынас.
Фармацевттер өз мамандығының ерекшелігіне байланысты үнемі ауру
адамдармен немесе олардың туыстарымен жұмыс істейді. Бұл қарым-қатынаста
басты мәселе денсаулық жайында болғандықтан, ол адамдарға ерекше шыдамды,
елгезек, талаптарына мұқият болу керек. Ауру адам дәріханада ең бірінші
рецептар-технологқа келеді, сондықтан дәріхана мамандары өзінің сыртқы
түріне, үстіндегі киіміне аса үлкен назар аударуы қажет. Провизордың сыртқы
түрі – дәріхананың бет пердесі, шар айнасы деуге болады. Шынымен,
провизорға қарап, оның қаншалықты ұқыптылығынан дәріхананың бүкіл жұмысы
туралы мәлімет алуға болады. Провизордың киімі барлық дәріханаларда бірдей
ұстанатын талапқа сәйкес қалпақ пен халаттан тұрады, оларды заман үлгісіне
сәйкес әртүрлі фасонда тіккізуге болады. Провизордың үстінде өте жарасымды
көрінетін киім – ақ қысқа халат пен ақ шалбар, омырауға аты-жөні жазылған
бейдж іліп тұрған дұрыс. Дәріханада кір халатпен, үтіктелмеген қалпақпен,
өкшесі желініп қисайған туфлимен жұмыс істеу жараспайтын жағдай.
Дәріханаға аурулар кірген бойда күлкілі, келеңсіз әңгімені тез
доғарып, барлық назарды келушіге аудару керек. Ол кіре сала өзін дәріхана
қызметкерлерінің назарының ортасында сезінуі қажет. Бір дәріхананың шағым
кітапшасында мынадай сөздер жазылыпты: Мен ауырып жатқан балама жазылған
дәріні алып кету үшін асыға күтіп отырдым, бірақ фармацевттер дәрі жасау
кезінде үнемі күліп, көрген фильмі туралы әңгіме айтуда болды. Бұл дәрінің
сапалы жасалғанына күмәндімін. Фармацевт мамандығына мұндай тәртіп сай
емес. Провизор ауруды сөзін бөлмей, оның көзіне тіке қарай отырып тыңдауы
қажет. Тыңдай отырып оның тез жазылатынына үміттендіріп, дәріге деген
сенімділігін арттыру қажет. Мен білемін, мына дәрі жақсы деген сөздерден
Өзіңіз байқайсыз, бұл дәрі сізге жақсы көмектеседі деп айтқан сенімді
болады.
Егер дәріханаға кірген адам егде болса фармацевт орнынан тұрып
сөйлескені дұрыс. Үлкен жылулық пен ерекше назарды қатерлі ісікке, қиын
емделетін ауруларға шалдыққан адамдарға бөлу қажет. Олардың көзінше
аурудың диагнозы туралы сөйлеу қажет емес. Науқас жеңіп, жүйкесі тозған
ауруларға үлкен кешіріммен қарап, ауыр сөздерін елемей, шыдаммен қызмет ету
керек. Рактың дәрісі, қан ауруының дәрісі деген сөздердің орнына
ауруды басады, қабынуға қарсы деген жалпы түсінік берген дұрыс. Ешқашан
сіз туберкулез ауруымен аурасыз ба? деген сияқты сұрақтар қойылмауы
керек. Мұндай сұрақтан кейін ауру шынымен мен туберкулез екенмін, дәрігер
маған шындықты айтпай отыр, жасыруда деп, кері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Гиппократ антының» негізгі жағдайлары
Алғашқы орындағы фармацевттің негізгі қателіктері
Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері. Дәрістер курсы
Медициналық құқық бұзушылықтардың объективтік белгілері
Қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту
Медициналық құқықтық қатынастар объектісі
Қазақстан Республикасында медициналық препараттарды сертификаттау ерекшеліктері
Өртті болдырмау
Этика ұғымы және оның мәні. Гиппократ этикасы және деонтологиясы
Медициналық этиканың негізгі даму кезеңдері
Пәндер