Феодалдық Англияның құрылуы


Феодалдық Англияның құрылуы.
Бірінші ғасырдың ортасынан бесінші ғасырға дейін қазіргі Британия жерінде кельт тайпалары мекендеген еді. Юлий Цезарь заманында бұл жерлерге келгенде материктің қңтүстігінен қоныс аударған тайпалар осында мекендеп қалған болатын. Римляндар келместен бұрын олардың осы аралда тұрғанына үш жүздей жыл болған. Римдер Британияны жаулап алғаннан кейін өздерінің бай, тіршілікке қолайлы өміріне жылдам үйретті. Олар бұл кезде хрестиан дінін жартылай қабылдаған болатын. Сонымен бұл тайпалар римдіктердің ьилігіне түсті.
Рим легионерлері 407 жылы аралдан кете бастаған кезде олардың орнына германдық тайпалар: англдер, сакстер, юттер Ютландиядан жаппай қоныс аударды. Жергілікті халықтың оларға қарсы болуы дазаңды, себебі келген адамдар варварлвр және мәжусилер болатын. Бірақ осы жергілікті халықтың тайпалары туралы олардың қоғамдық құрылысы мен өзара қарым-қатынастары туралы мәліметтер өте аз, жоқ деуге болады. Бриттер малмен айналысқан халық, олардың үйлері бір-бірінен алыс орналасқан болатын, ірі қара малдың жайылымын көп жер керек болғандықтан, . йлерінің арасындағы аралық та кең еді. Ал англо-сақтар бір жерге жиналған елді мекендерде тұратын.
Алғашқы кезде германдарды кельттердің тайпа көсемдері сарбаз ретінде жалдап алатын еді. Одан кейін олар Британияның жерлеріне тайпаларымен көше бастады. Герман жаулап алушылары уақыт өте келе Англияның жеріне өздерінің варварлық жеті корольдігін құрды. Олар: Кент, Нортумбия, Мерсия, Сусекс, Эссекс, Шығыс Англия еді. Бұл корольдіктер бір-бірімен кезекпен соғысып жататын. Жеңген корольдіктің басшысы басқа корольдіктердін әскери көмек және салық алуға құқылы болды.
Жетінші ғасырда олар бүкіл Британияны жаулап алды. Ал кельттерді Британияның солтүстік және батыс жағына ығыстырып көбін құртты. Кельттер өздерінің тәуелсіздігін тек қана солтүстікте және батыс жағында сақтап қала алды. Басып алған үстем топтың бағынышты адамдары ретінде кельттердің қалған жартысы германдарға салық төлеп олардың құлдарына айналған еді. Соңында олар герман тайпаларымен ассимиляцияға ұшырап, араласып кетті.
Қоғамдық құрылысы. Британияның қоғамдық құрылысы Галлияның құрылысына ұқсас бірақ феодалдық қоғамның құрылу жолы өте баяу және кеш өсті. Феодализм жаңа құрылып жатқан кезде кельттердің көбі жеке басы бос шаруалар болатын. Олар керл деп аталатын бір қауым құрды. Керл жер иеленуші ол малмен немесе қолөнермен айналысатын, үлкен жанұяны басқарды. Отбасы бірнеше ұрпақтан, ондаған туысқандардан тұратын. Осындай жанұя басшысы үйдің мүлкін басқарады, өзінің туысқандарын соттайды және дін әдеттерін өткізді. Ерікті қауым мүшелері халық жиналысына қатысты, ол жиналыс соғыс және бейбітшілік салық төлеу, көсемді сайлау, сот және шаруашылық мәселелерін шешетін. Олардың қарулануға және халық әскеріне қатысуға құқығы болатын.
Қоғамның және бір бөлігін рудың "эрл" деп аталатын, ақсүйектері құрайтын, оларда бірнеше ірі жер үлестері болатын. Ол жерде колондар мен құлдар жұмыс істейді. Ақсүйектерге одан басқа корольдің қасындағы адамдар және оның әскери адамдары жататын.
Ерікті адамдардан басқа тәуелді адамдардың да бір тобы болатын, олар "литтер" деп аталатын еді. Бұлар құлдарға немесе колондарға ұқсас.
Қоғамдық жағдайларының ерекшекліктерін Кент шындығы көрсетеді. Төленетін айыптың мөлшері былай белгіленеді: литті өлтірген үшін-600 шиллинг, корольдің жанындағы сарбаздар мен минестериал үшін-600 шиллинг, эрл үшін-400 шиллинг, керлге-200 шиллинг, лет үшін 40-80 шиллинг айыппұл төлейтін.
Англияда көршілік қоғам құрылған кезінде жер үлестерін былай тарататын еді: бір қауымның жерлері бірнеше алқаптан тұрады. Әрбір адам бірнеше жерден үлес алатын, алған үлес оның қоғамдық жағдайына байланысты болушы еді. Бір үлес гайда деп аталады, ол 50 гектардай жер. Бұл алаңды жегілген сегіз өгіз жыртады. Эрлдардың жері-40 гайд, литтер 20гайд, корольдің қызметкері 100 гайд алған кездері де болатын. Бұл меншіктен басқа қауымның жалпы меншігі-ол жайлау және басқа жерлер болды.
Бірақ әрбір отбасының жеке меншігі дамығанымен керлдердің арасында теңсіздік туа бастады. Олардың біреулері жергілікті және жеке тәуелсіздікке түсіп егіншілері байып, корольмен тіл табысып кетті. VII-VIIIғғ. Король өздерінің жақын адамдарына бок деген жеке қағазбенен жерлерді бере бастады. Бұндай жолмен алынған жер бокленд деп атады. Бокленд ұстаушылар жерді -өмір бойы жан бағу үшін пайдаланатын. Оны мұраға қалдырып, одан салық төлемейтін. Бокленд ұстаушылар глафорд, соңынан лорд деп аталды. Бұл сеньор, мырза деген мағынаны білдіреді. Кедейленген керлдер осы глафордтардың бағынуына түсетін.
Біраз уақыт өткеннен кейін король фирма деп аталатын салық жинайтын болды. Англияда фирманы бүкіл ерікті шаруалар төлейтін еді, ал салықты тайдтар төлейтін. Бірақ, бокленд ұстайтын адамдар салық төлеуден босатылды, оларға жеңілдіктін бірнеше түрі берілген еді. Корольдер сыртқы саудадан да салық алатын, сыйлық ретінде де оларға көп нәрсе берілетін.
VII-VIII ғасырларда Англияда рулық қоғамның және құрылыстың нышандары жойыла бастады. Рулық теңдік, тәуелсіздік, көмек бұзылады, ерте мемлекет құрыла бастады, біоақ әскери демократияның нышандары әлі сақталып тұрды.
597 жылы ағылшын-сакстерді хрестиан дініне енгізу үрдісі басталды. Ол көпке созылып, VII ғасырдың соңында аяқталды деп санауға болады.
Сегізінші ғасырдың екінші жартысында Скандинавияда таптың құрылу үрдісінің жылдам дамуына байланысты оның халқының сыртқы шығуы күшейді. Олар субрегионның шекарасының сыртына шыға бастады. Бұл кезеңді "викинггтердің кезеңі" деп атайды. "Скандинавтар", "варягтар", "нормандар" атауларының әрқайсысы маңызды. Олар Солтүстік Атлантиданы, Британияны, Солтүстік Францияны, Оңтүстік Италияны, Сицилияны, Солтүстік Американы басып, қоныстану өмірін бастады. Викингтердің кезеңі феодализмнің даму үрдісін күшейтті. Оларды бай мемлекеттердің алыстығы тоқтатқан жоқ. Викингтер ер жүрек, жақсы балық аулаушылар болатын. Өздерінің әскерлерін кеме және ледунгтен құратын. Бір кемені жинау үшін олар бонд деп аталатын кемелік округтерді құратын. Әрбір бонд бір кемені дайындайды және кемені сумен, азық-түлікпен жабдықтап, оған тірі мал, ат, әскер береді.
Әскерлер қаруларын кеменің қабырғасына іліп, өздері ескекке отыратын. Кемені басқаратын адам "ярл" деп аталды. Үлкен кемелерді корольдің өзі немесе оның жақын туысқандары басқарады. Сегізінші ғасырдың аяғында викингтердің көршілерге шабуыл жасауы әдеттегі тәртіпті жорыққа айналды. Олар жаңа жерлерді бағындыру жорықтарын жиілетті.
Сегізінші ғасырда викингтер (даттар, норвегтер, шведтер, голландтар) Англия жеріне шабуыл жасады. 866 жылы олар Йорк, Лондон, Рочестр және басқа қалаларды басып алып, көптеген елді мекендерді құртты. Хрестиан дінінің қызметкерлерін өлтіріп, өздерінің мәжуси дінін қайтарғысы келді. Викингтер басып алған жерлерде отыршылыққа көшті, от бастарын көшіріп әкеліп, өздерінің мәжуси дінін қайтарғысы келді. Викингтер басып алған жерлерде отыршылыққа көшті, от бастарын көшіріп әкеліп, өздерінің тәртіптерін орнатуға ұмтылды. Жергілікті халықты өздеріне салық төлететін етті, ол салық "даттардың ақшасы" деп аталатын.
Ағылшын-сакстердің Ұлы Альфред деген королі(871-900) нормандардың шабуылын тоқтатып, Англияны олардан тазарта бастады. X ғасырда Англия қайтадан бірігіп, бір орталыққа бағынатын болды.
Англия өзінің флотын ұйымдастырды. Онда 100 шақты кеме бар еді. Басқа әскерлерді де қалпына келтірді. Ірі феодалдар (бес гайда жерлері бар) атты әскерді құрды. Олардың темір қарулары және бірнеше жаяу әскері болатын. Англияның бірінші жалпы заңдарын Ұлы Альфред шығарды. Ол Альфред корольдің шындығы деп аталатын.
90-жылдардан бастап Англияға викингтер шабуылын қайталады. XI-ғасырдың басында Ұлы Кнут (1016-1035) . Англияның тағына отырып, Дания, Шлезвинг, Норвегия басқа жерлерді өзінің патшалығына қосты. Өзі жағдайын нығайту үшін ол феодалдық мемлекеттің негізін күшейткісі келді. Ол үшін "Кнуттың заңын" шығарды. Бұл заңдар феодалдардың жеңілдіктерін нығайтып, шаруалардың міндеттерін бекітті.
Англияда ерте-феодалдық монархияның мемлекеттік құрылысы. Ағылшын-сакстердің Британияны жаулап алуы көптеген өзгерістерге алып келді. Олпрдағы тайпалардың демократиялық органдары мемлекеттік органдарға айналды. Бірақ Англияның саяси ежелгі кезеңнің көп элементтері сақталып қалды.
Король. Корольді феодалдар сайлайтын және ол бірінші әскери басшы болып саналатын.
Король бейбітшілікті қорғаудың кепілдігін беретін адам. Ол әскери және діни функцияларды атқаратын еді. Король жоғарғы сот қызметін де өз алдына ұстайтын болды. Содан кейін ол ақша соғу құқығын иеленіп, жұрттан салық жинайтын. Қауымдардың арасындағы қайшылықтарды шешіп, феодалдардың арасындағы жанжалдарды қарайтын болды. Корольдің сарайы мемлекетті басқаратын орталыққа, ал корольдің сарбаздары мемлекеттің қызметкерлеріне айналды. Жоғарғы қызметкерлердің арасында ең жоғарғы лауазым-корольдің қазына ұстаушы адамы мен капеллан. Капеллан кеңсеге жауапты кісі.
Король билігінің қаржы негізі де нығайды. Өзінің жеке жерлерінен алған өнімнен басқа оған "фирма" деген салықты бәрі төлейтін, содан басқа дат ақшасы, тауарларды мемлекетке кіргізгені үшін салық, IX-ғасырдың ортасынан нарық, қалалар, таразы сияқты салықтар төленетін. Осы салықтардың көбі натуралдық салыққа жататын. Одан басқа шаруалар әскерде қызмет істеп, олар жол, көпір және бекініс салуға тиісті болды.
XI ғасырдың ортасында корольдің билігі күшейді. Оған әрбір адам, ақсүйек қарсылық көрсеткені үшін мемлекеттен қуылатын немесе өлім жазасына кесілетін. Екінші жағынан король билігінің күшейгені феодалдық қарым-қатынастарды да нығайтты. Сауда дамыды. Англиядан темірді басқа мемлекеттерге апаратын болды. Оның жоғары сапалы жүні, түз, киім, қымбат тастардан істелген бұйымдар, сүйектен істелген нәрселер шетелге сатылатын. XII ғасырда қалалар салына бастады.
Ағылшын-сакстың корольдері магнаттардың кеңісін жинайтын еді. Бұл кеңес уитнгемот-ақылдылардың кеңесі деп аталды. Оның анық функциялары болған жоқ. Уитнгемотқа король жұбайымен ер балалары мен епископтер, ірі феодалдар кіретін. Ол бейбітшілік пен соғыс мәселелерін қарап, жоғарғы қызмет орындарға тағайындайтын салық белгілейтін және заңдарды талқылайтын. Корольдің ең тұрақты қызметі-сот үрдісіне қатысып, сот істерін шешу. Осы кеңес корольдерді сайлайтын болды. IX ғасырда уитнгемот сақталды, бірақ оған король тэндерді шақыратын. Кеңес корольдің құқығын шектеді, тақ мұрагерлігіне кірісті.
Ерте-феодалдық Англияның ерекшеліктерінің бірі корольдің күшті билгімен қатар бір орталыққа бағынған жерлерді басқару мен қауымның өзін өзі басқаруының сақталуы еді. Сонымен қатар король тағайындайтын қызметкерлер болды. Елді мекендерде жалпы жиындар сақталды. Оларды строста басқаратын. Енді сол жиындар да мемлекеттің қаржы жинайтын ең төменгі бөліміне айналды. Әрбір жүздіктің жиналысында ең маңызды қызметтер жергілікті ірі жер иеленушілерге 12 аға тэндерге берілді. Графіктерде жиналыстары жүздіктердің өкілдерінің жиналыстарына айналды. Графтіктерде сот және әкімшілік функцияларын корольдің өзі тағайындаған шериф басқарды.
Жергілікті басқару. Англия графтіктерге бөлінді, ал олар өз кезегінде жүздікке бөлінетін еді. Графтіктерде король уитандардың келісімімен элдормендерді жіберді, ол сол жерден жиналған әскерді басқарды. Одан басқа корольдің өкілі-шериф, минестериал, ол округті және қалаларды басқарды. Элдормен өздерінің міндеттерін графиктердің жүздіктер жиналыстарымен қатар атқаратын. Бұл жиналыстарға ерікті ер адамдар қатысушы еді. Жиналыс шаруашылық мәселелерін, ұсақ қылмыс және азаматтық істерін қарайтын. Сонымен, оларды сот және әкімшілік органдарға жатады деп айтуға болады.
Халық әскерлерінің де рөлі жоғары болды. Бірақ Гастингстегі соғыс әскер саласында реформа керек екендігін көрсетті. Король әскерінің негізі өзінің сарбаздары. Олардың әскери басшылық ететін таңдаулы тобын құратын. Халық әскерін құру үшін қару қолдану қолынан келетін ер адамдардың бәрін әскерге жазды. Әрбір графтікке солардың жартысын әскерге жіберетін. Ал екінші жартысы үйде қалып шаруашылықпенен айналысты. Бұдан басқа әрбір графтік бір кеме жабдықтауға тиісті болды.
Сот. Мемлекеттің жоғарғы соты-королдің соты. Ол мемлекетке қарсы істелген қылмыстарды және жермен байланысты таластардың бәрін қарайтын. Жергілікті соттарды элдормен басқаратын, бұл графтік соттары, ол корольдің юрисвикциясынан басқа бүкіл қылмыстық және азаматтық істерді қарайтын. Жүздіктің соттары шығарған шешімдерге шағым арыздарды тексерді.
Англияда феодализм үрдісінің нығаюына хрестиан шіркеуі әсерін тигізді. Хрестиан дінімен бірінші танысу III ғасырда басталған, ал 664 жылы Уитби соборында хрестиан діні рим-католиктер түрінде бүкіл елдің ресми діні болып жарияланды. Содан бастап король феодалдар, шаруалар шіркеуге жер сыйлап, көмегін берді, шіркеу өзінің ұйымдастыру жұмыстарын бастады. Шіркеу приходтарын, епископтардың диопездерін құрастырды. Сонымен қатар шіркеу салығын кіргізді, шіркеу құқығы дами бастады.
Сонымен, Англияда нормандар шабуылынан бұрын феодалдық қарым-қатынастар құрыла бастады, бірақ феодализм үстемдігін әлі толық жеңіп алған жоқ еді. Көп шаруалардың жеке бостандығы сақталды, мемлекет әлі әлсіз болатын.
Англияның соңғы ағылшын-сакс королі Эдуард Исповедник 1066 жылы қайтыс болғаннан кейін таққа бірнеше адам дәмеленді. Солардың арасында Нормандияның герцогі Вильгелм де болды. 1066 жылы қыркүйек айында 5000 әскерімен Ла-Манштың жағасында жиналды. Олар 700 кемемен Англияның жеріне келіп, Гастингс деген порттың қасында ағылшын-сакстердің шаруалардың құрылған әскерін жеңді де, 1066 жылдың соңында Вильгелм Вестминсер қаласында Англияның Бірінші Вильгелм деген королі болып жарияланды. Астана қақпаны Вильгелмге ашқаннан кейін уитангемот оны король деп жариялады. Вильгелм Эдуард корольдің жақсы заңдарын толық сақтаймын және қолданамын деп ант берді және өзін соның ұрпағымын деп дәлелдейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz