ФИЗИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ ОҚЫТУДА МОДЕЛЬДЕУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ
ФИЗИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ ОҚЫТУДА
МОДЕЛЬДЕУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ
Модельдеу – физиканы оқыту әдiстерiнiң бiрi. Кейбiр физикалық
заттың (құбылыстың, процестiң) эксперимент арқылы анықталған қасиеттерiне
оқушылардың сенiмiн арттыру үшiн материалдық және идеал модельдер жасалады.
Оқыту жұмысын жақсарту үшiн физикалық құбылыстардың , процестердiң және
техникалық объектiлердiң (заттардың) модельдерi жасалады. Ал
педагогикалық мақсатта пайдаланылатын идеал модельдер әдетте, ғылымнан
алынады.
Ендi модельдiң оқыту жұмысындағы маңызын қарастырайық.:
Барлық материалдық модель , бiздiң сезiм мүшелерiмiзге қабылданатын
болғандықтан көрнектi болып келедi. Мұндай модельдi физиканы оқытуда
пайдалану, оқушылардың құбылысты немесе процестi жақсы түсiнуiне
жәрдемдеседi.
Оқылатын физикалық процестердiң оқушының сезiмiнде бейнесiн
жасағанда, процесс оқушының есiнде жақсы сақталатынын, қайталау кезiнде
оның еске тез түсетiнiн психологиялық зерттеулер көрсетiп жүр. Заттың
көрiнiсi оқушылардың сезiм мүшесiнде бейнеленуi физикалық ұғымдарды жақсы
түсiнуге керектi шарттардың бiрi болып табылады. Мысалы, механикалық
қозғалыс ұғымын анықтаудан бұрын осы физикалық құбылыстың тиiстi
эксперименттер арқылы бейнесiн жасау керек. Жарық құбылысын оқыту үшiн
бiздер екi түрлi модельдi пайдаланамыз. Бiр жағынан, жарық – бөлшектердiң
ағыны. Бұл бейне фотоэффектiнi, люминесценцияны түсiндiру үшiн
қолданылады. Екiншi жағынан, жарық – кеңiстiкте электромагниттiк толқын
түрiнде таралады. Бұл жабайы бейне судың бетiндегi толқынға ұқсас болады.
Жарықтың толқын тәрiздiлiгiн бiздер диффракция, интерференция құбылыстарын
қарағанда пайдаланамыз. Физиканы оқытуда қолданылып жүрген түрлi графиктер,
формулалар, басқадай белгiлердiң барлығы өз алдына модельдер болып
табылады. Бұл да сезiм бейнесi секiлдi оқушылар сезiмiнде белгiлi
көрiнiстер тудырады. Сондықтан оқушылардан формулаларды, графиктердi және
басқадай белгiлердiң мәнiне түсiнбей құр жаттап алуды талап етпей, олардың
физикалық мағынасын түсiнудi талап ету керек. Жоғарыда айтқандарымыз –
физиканы оқыту әдiстемесiндегi жаңа бағдарламаға, жаңа оқулыққа көшуде
көзделген мақсаттарды iс жүзiне асыру үшiн, яғни оқылатын физикалық
құбылыстарды , физикалық заңдарды оқушылар қайта-қайта оқып жаттап алмай,
оларды терең түсiнiп, берiк бiлiп алуын қамтамасыз ету үшiн қолданылатын
жаңалықтардың бiрi.
Сұрақ-жауап әдiсi тұрғысынан алғанда көрнекi модельдер шығармашылық
жетiстiктерге жетуге және жаңа идеялар, гипотезалар айтуға, тiптi жаңа
теориялар жасауға да көп мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа адамның табиғаты,
iшкi психологиялық тiлегi оқылатын процестiң көрiнiсi көрнектi болуын
талап етедi. Көрнектi модельдер дерексiз ойды кеңiтедi, және байытады.
Сонымен бiрге оның сенiмдiлiгiн және анықтығын күшейтедi.
Физикалық эксперименттерде негiзiнде үш түрлi модель кездеседi.
1. Модель – аналогия. Кей бiр модельдердiң жасалуы, оның
элементтерiнiң қарастырылатын , яғни оқып үйренiлетiн заттың, құбылыстың
элементтерiне, ұқсастығына негiзделген болады да, ондай модельдер модель –
аналогия деп аталады. Мұндай модель – аналогия тiкелей бақылауға
болмайтын құблысты немесе процестi оқып үйренудi көп жеңiлдетедi. Демек ,
бұл – оқылатын нысанға ұқсас құбылысты демонстрациялайтын приборлар,
бiрақ текстерi басқаша болып келедi. Мысалы, броуындық қозғалысты
түсiндiретiн механикалық модель, электр тiзбегiнiң механикалық моделi,
электр генераторының жеке түрiнiң гидродинамикалық моделi және
басқалар.
2. Техникалық модель. Бұған техникалық процестердегi жұмыс
iстейтiн және олардың құрлысы мен қызметiн демонстрациялауға арналған
приборлар жатады. Мұндай модель кейбiр жағдайда техникалық объектiнiң
кiшiрейген дәл өзi болып табылады. (Мысалы, бу машинасының моделi).
3. Кинематикалық модель. Бұған кейбiр құбылыстардың салыстырмалы
түрде, орналасуын немесе оның табиғатын ашу үшiн демонстрациялауға арналған
приборлар жатады. Кинематикалық модельдер iштен жану двигательдерiнiң , бу
және газ трубиналарының, бу машинасының iшкi жағын көрсету үшiн жасалған
қимасы т.б.(1).
Физиканы оқтудың мiндеттерiнiң бiрi – оқыту процесiнде оқушыларға
материалистiк көзқарасты қалыптастыру және оны дамыту болып табылады.
Мұндағы негiзгi мәселелердiң бiрi – мектеп оқушыларын танудың
диалектикасымен таныстыру. Модель жасау танудың керектi кезеңдерiнiң бiрi
деуге болады. Мектепте оқытылатын физика курсында бiр физикалық процестiң
өзiнен бiрiн-бiрi толықтырып отыратын бiрнеше модель жасау пайдалы
болады. Мысалы, идеал газ жоғары температурадағы және төменгi қысымдағы
нақты газдың жеткiлiктi дәлдiкпен қасиетiн анықтайды. Ван-дер-Ваальстың
моделi нақты газға жақын болып келедi. Және оның әр түрлi температурадағы
қасиеттерiн үлкен дәлдiкпен көрсете алады. Тағы бiр дәлiрек модель ретiнде
атом моделiн (Томсон, Резерфорд, Бордың) қарастырған терiс болмайды.
Материалдық модель физикалық нысанның өзiне сәйкес бейнесiн жасау үшiн
қажет. Бiрақ кез келген физикалық құбылыстың материалдық моделiн жасау
мүмкiн емес. Сондықтан көбiне идеал модельдер де қолданылады. Түсiнiк
модельдер белгiлi бiр заттың сезiмдiк бейнесi болады. Зерттелетiн заттың ,
құбылыстың сезiмдiк бейнесiн жасау, материалдың есте жақсы сақталып, қайта
жаңғыртылуына ықпал етедi. Физикалық ұғымдарды меңгергенде де құбылыстың
мағынасын бiлдiретiн сезiмдiк бейненiң болуы өте маңызды шарт. Мысалы,
механикалық қозғалыстың анықтамасын беруден бұрын эксперимент арқылы осы
физикалық құбылыстың бейнесiн жасау керек.
Оқыту процесiнде демонстрациялық модельдер жиi пайдаланады. Олардың
мiндетi – белгiлi бiр ғылыми мәселелердi толық меңгеру үшiн қолайлы
жағдайлар жасау. Сондықтан, мұндай модельдердi пайдаланғанда түп нұсқаның
күрделiлiк дәрежесiн, сонымен қатар психологиялық және дидактикалық
кезеңдердi есепке алу керек. Демонстрациялық модельдер белгiлi бiр
зерттелетiн заттың, құбылыстың қажеттi элементтерiн бөлiп алуға мүмкiндiк
бередi. Техникалық процесте көрiнбейтiн топтарды көруге, процестiң
кинематикасын баяу түрде көруге, процестi қанша болса, сонша рет қайталап
көруге, сезiм арқылы қабылдауға болмайтын құбылыстарды көрнекi түрде
түсiнуге, мектепте жасауға мүмкiн емес техникалық процестер мен
құбылыстарды зерттеуге мүмкiндiк бередi.
Адам баласының ұзақ өмiрiнде жинақталған бiлiмдi меңгерудi
оңайлату үшiн және жалпы тану үшiн абстракциялау (ойша елестету)
қолданылады. Абстракциялауда көптеген заттар тобы тек бөлiп алынған ортақ
қасиеттерi тұрғысынан қарастырылады да (басқа қасиеттерi қарастырылмайды),
бiр-бiрiнен ажыратылмайды. Мысалы, идеал газ, абсолют қара дене, абсолют
қатты дене, материалық нүкте осылайша жасалады. Мiне осындай абстрактiлi
операциялар жүргiзу арқылы бiз теория жасап, оған сәйкес математикалық
есептеулер енгiземiз.
Әр уақытта модельдiң түп нұсқаға қаншалықты сәйкес келетiндiгiн
анықтап отыру керек. Бұдан оқушылар бiздiң физикалық құбылыстар мен
заттар туралы мағлұматымыз салыстырмалы екендiгiне сенiмiн арттырып,
сонымен бiрге табиғатты тануда бiрте-бiрте шындыққа келетiнiмiздi түсiнетiн
болады.
Белгiлi оқымысты А.Ф.Иоффенiң модель туралы айтқан мынадай пiкiрiн
келтiрудi жөн көрдiк. “Физикалық құбылыстарды оқыту процесiнде модельдеудiң
зор пайдасы бар. Дәл жасалған модель белгiлi ақиқат жөнiндегi қорытындыны
оңайлатады және ғылымды iлгерi бастыруға мүмкiндiк бередi, жаңа тәжiрибелер
жасауға жағдай туғызады. Сонымен бiрге физикалық модель құбылыстың
қарапайым түрiн, сұлбасын ғана көрсетедi”(2).
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz