Физиканы оқытуда физикалық құбылыстардың виртуальді нобайларын қолдану



Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ – ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ФИЗИКА КАФЕДРАСЫ

Курстық жұмыс

Жұмыстың тақырыбы: Физиканы оқытуда физикалық құбылыстардың виртуальді
нобайларын қолдану

Ғылыми жетекшісі:
п.-ғ.к. аға оқытушы Сарыбаева
Ә.Х.
Тапсырманы орындаған:
Аманбаева М.Б
ЖФЗ-811 тобының студенті



Түркістан – 2010

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 3-5
I–тарау.Физика сабақтарында физикалық құбылыстардың виртуальді
нобайларын қолдану ерекшеліктері
1.1 Физика курсында виртуальді нобайларды қолданудың
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 6-10
1.2 Виртуальді нобайларды оқыту үдерісінде пайдалану
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... . 11-13
II-тарау.Физикалық құбылыстардың виртуальді нобайларын қолдану
әдістері
2.1 Виртуальді нобайларды физика курсы бойынша қолданудың
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... . 14-15
2.2 Физикалық құбылыстарды түсіндіруде виртуальді нобайларды
қолдану
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16-20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 21-22
Пайдаланған
әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 23

Кіріспе
Еліміздегі білім жүйесі Республика Президентті Н. Назарбаевтың 2030
стратегиясындағы білім туралы заңына енгізген жаңашыл бағыттарға сай етіп
өзгерту, яғни дамыту үшін қазіргі ғылым саласына оқытудың тиімді әдістерін
жасау өзекті мәселе болып табылады.
Мемлекеттік білім беру стандарты мен бағдарламасына сәйкес мектептегі
физикалық эксперимент техникасы және физиканы оқыту әдістемесі пәндері
бойынша компьютерлі модельді (виртаульды) лабароториялық жұмыстарға
арналған оқу-әдістемелік құралы болып табылады. Психологиялық-педагогикалық
ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес болашақ педагогтарының жеке
тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы тек қоғамдық тәжірибені
меңгеру, педагог мамандардың өздерінің белсене қызмет ету арқылы жүзеге
асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат мәдениетінің қол
жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол жеткізулер үшін істелген
қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек. Осыған байланысты педагог
мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу қызметін ұйымдастыру
маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады. Білім беруді
ақпараттандыру, жаңа технологияларды енгізу, оларды колдану жағдайында
педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі
міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың
біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-
тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында
педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне
пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары
жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог
мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық
құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің
өзекті мәселесіне айналып отыр.
Виртуальді нобайларды қолдану қазіргі заманның кол жетімді
жетістіктерінің бірі болып табылады. Оған бірнеше мысалдырды, яғни
мыналарды атап көрсетуімізге болады: электронды оқулық, виртуальді
зертхана,мультимедия т.с.с. Арине бұл қатардан бұрынғы қолданылып келе
жаткан әдістер қалып қояр емес.Кітаппен жұмыс, күнделікті практикалық
сабақтар арине өз ретімен орындала беруі тиіс.Оқушыларды бір әдіспен сабақ
өту жалықтыратын іс болып табылады.Сондықтан жаңа техналогияны енгізу, сол
арқылы сабақ өту қызығушылықтарын арттырып, одан әрі қарай сол нарсені өзі
игеруге құлшынысы артады.
Физика курсында тәжрибелік жұмыстардың білімділік және тәрбиелік
маңызы зор. Тәжірибелік жұмыстарда орындау оқушылардың физикалық заңдарды
неғұрлым тереңірек меңгеруіне ықпалын тигізеді. Өлшеу құрал-жабдықтарымен
жұмыс істегенде шеберліктер мен дағдыларды сіңіруіне, білімдерін өмірде
саналы қолдауға үйретеді. Осы жұмыстарды оқушылар виртуальді моделінен көре
отырып жасау тіптен керемет қолданылатын тәсіл болып табылады.
Білім беруді ақпараттандыру, жаңа технологияларды енгізу, оларды
колдану жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің
негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың
біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-
тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында
педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне
пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары
жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог
мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық
құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің
өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе
қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік
тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.
Психологиялық-педагогикалық ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес
болашақ педагогтарының жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы
тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, педагог мамандардың өздерінің белсене
қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады Жаңа
технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мүғалімді
алмастыра алмайды. Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі
анықтамалык мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде
пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге физикалык формулалар, физикалык
шамалардьң өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалык
кұбылыстардың динамикалык бейнесі, тәжірибеге арналған кұрылғылардың
тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім
араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті
акпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді,
карастырып отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттык-
аныктамалык жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын
калыптастыруға мүмкіндік туғызады.Бұл құралдар әр мектепте
Жаңа акпараттық технология кұралдарын информатика пәнінің кіріктірілген
сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің
дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына
әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык
мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен
әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс
жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады. [1]

І- тарау. Физика сабақтарында физикалық құбылыстардың виртуальді
нобайларын қолдану ерекшеліктері
1.1 Физика курсында виртуальді нобайларды қолданудың маңызы.
Физика курсында физикалық құбылыстардың виртуальді нобайларын
қолданудың маңызы өте зор болып табылады. Оларға тиісінше кеңірек қолдануды
қажет етеді. Электронды оқулықтар, виртуальді зертханалар, мультимедияны
қолданудың оқушылар миының дамуына көмектесетін құралдар. Сондықтан
мұғалім сәйкес материалды қайталауды алдын-ала жоспарлауы тиіс. Өтілген
материалды пысықтау үшін қажетті жұмыстарды дайындауда оқушыларға өз
бетінше қайталауға қажетті мәселелерді дер кезінде көрсетіп беруі керек.
Тәжірибелік жұмыстарды ойдағыдай өткізу үшін физика кабинетіне типтік
лабораториялық құрал-жабдықтар саны жұмыстарды орындау кезінде 1-2 оқушыға
бір комплекстен келетіндей болуы керек. Дұрыс ұйымдастырылған
лабораториялық сабақтар оқушылардың ой - белсенділігін арттырып, оларды
қойылған сұраққа эксперименттік жолмен өз бетінше жауап іздеуге үйретеді.
[3]
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және
де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін:
ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.
Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар.    
  Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс
аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті
құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір
флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе
объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу
құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады
Информациа түсінігімен және оның түрлерімен Мультимедиа термині
үздіксіз байланысты. Қазіргі заманғы әдістемеде мультимедиа берілгендер
функциясымен және дидактикалық қасиетімен анықталатын тапсырмалар
ортасын шешуге қабілетті, көптеген техникалық оқу құралының бірі
ретінде қарастырылады.
Соңғы он жылдықта дербес компьютерлердің дамуын және мультимедиа
технологиясының білімін жалпы жергілікті ақпараттандырумен мектептерде
талап етілді. Келесі он жылдықта мультимедия термині өзіне әр түрлі
түсініктерді енгізді.
Соңғы түрлері арқылы қолданушыға ақпаратты береді, оларға аудио,видео,
анимация, бейне және қосымша текст тәрізді дәстүрлік ақпарат ұсыну
қабілетіжатады. Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс
жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және
техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер,
телекоммуникациялық желілер).
Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін
жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын
бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру
үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек. [2]
Электрондық оқулық және оның құрылымы
Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының
негiзгi бағыттарының бiрi – оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты
жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық вариантқа аудару қажет.
Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау қабiлетiн
дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы
жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы
және т.б.

Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп
жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.
Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық
ойындар сияқты қолданбалы программалар қолданылып келдi. Бұл программалар
оқушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн
дамытуға мүмкiндiк бередi.Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның
мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi
ол оқушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.
Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану.
Қашықтықтан оқыту компьютерлiк техника мен телекоммуникациялық желiлердi
қолдану барысында ұйымдастырылады. Телекоммуникациялық желiлер мұғалiм мен
үйренушi арасында қашықтық проблемасын шешедi және жедел байланысты
ұйымдастырады. Қазiргi ақпараттық технология құралдары материалдарды әр
түрлi формада (графика, дыбыс, анимация, видео) пайдалануға мүмкiндiк
бередi. Компьютерлiк үйрету және бақылау программалары тыңдаушыға, бiр
жағынан, оқу материалын жедел меңгеруге көмектессе, ал екiншi жағынан, оқу
материалдарын қандай деңгейде жедел меңгергенiн бақылауға көмектеседi.
Оқыту процесiн қашықтық режимiнде ұйымдастыру барысында барлық
ақпараттық қызмет типтерi пайдаланылады:
Электрондық пошта телеконференция:
• мәлiметтердi жiберу (FTP-сервер)
• гипермәтiндiк орта (WWW-сервер)
• Интернет желiсiнiң әлемдiк ресурстары (WWW кеңiстiгi, деректер қоры,
ақпараттық iздеу жүйелерi)
• видеоконференциялар
Аталған типтердiң көмегiмен тыңдаушы мен мұғалiм арасында оқыту мен
дидактикалық мiндеттер шешiледi. Бұл құралдар WWW-сервер арқылы хаттар мен
файлдарды жiберу мен телеконференция типi түрлi талқылауларды жүзеге
асырады.
Электрондық пошта көмегiмен мұғалiм мен тыңдаушы арасында оқу
материалдарын жiберу мен мұғалiмге өздерiне түсiнiксiз болған материалдар
бойынша сұрақтар жiберуiне мүмкiндiк алады. Бiр жағынан, ол мұғалiмнiң
жұмысын жеңiлдетедi. Бұл жағдайда, мұғалiмнiң жұмысы материалдар мен
тыңдаушылардың сұрақтарына жауаптарына жiберу қызметтерiн атқарумен
шектеледi.
Телеконференция оқу тақырыптары бойынша үйренушiлер арасында жалпы
пiкiрталасты ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Телеконференция мұғалiмнiң
басқаруымен өткiзiледi. Мұғалiм пiкiрталастың тақырыбын белгiлейдi,
конференция барысында өткiзiлетiн мазмұндарды бақылайды. Телеконференцияға
қатынасушылар түскен хабарламаларды қарап, конференцияға өзiнiң
хабарламаларын (хаттарын) жiбере отырып, пiкiрталасқа қатынасады.
FTP-серверлерiнiң қызметi өте үлкен көлемдегi файлдарды (ақпараттарды)
жiберуге мүмкiндiк бередi. Мұндай жiберулердi ұйымдастыру мен оны бақылауда
FTP-серверлерiнiң қызметiн атқаратын функциялар орналасады. Ал WWW-серверi
оқу материалдарын орналастыруға мүмкiндiк бередi. Бұл материалдар
гипермәтiн түрiнде ұйымдастырылатын болады. Гипермәтiн материалдарды
жүйелеп құруға, атап айтқанда, оқу материалдарының бөлiмдерiн гипербайланыс
арқылы бiр-бiрiмен байланыстыруға, материалдарды бiр-бiрiмен толықтырып
отыруға мүмкiндiк бередi. WWW-құжаттарында тек мәтiндiк ақпаратты ғана
емес, сонымен бiрге, графиктiк, дыбыстық және видеоақпараттарды да
орналастыруға болады.
WWW-желiсiнiң әлемдiк ресурсында гипермәтiн түрiнде көрнекi және
анықтамалық материалдар орналастырылады. Мұғалiм iздеу жүйелерiнiң
көмегiмен WWW-беттерiнде Интернет ресурстары бойынша анықтамалар арқылы
сiлтемелер жинағын дайындауға болады. Педагог мамандардың үйренетiн
материалдарын да осы құжатқа енгiзедi және ол жөнiнде оған хабарлама
берiледi. Егер олар Интернетке шыға алатындай мүмкiндiк алса, онда ол осы
берiлген материалдарды оқи алады. Қазіргі кезде компьютер тек жазып, оқып,
сурет салып қана қоймай, видеофильмдер көрсетеді және компакт – дискіден
музыкалық шығармалар тыңдата алады. Осының бәрі компьютердің мультимедиялық
мүмкіндіктері болып табылады. Ол үшін компьютер компакт – дискілерді оқитын
құрылғылармен, дыбыс карталарымен, микрофонмен және колонкалармен
жабдықталған.Виртуальді нобайларды оқыту үдерісінде пайдаланудың тиімді
жолдары өте көп. Әр қайсысын болмасын оқыту үдерісінде қолдануымызға
болады. Мысалы, күнделікті өтілген сабақтан, яғни жылулық құбылыстары
тақырыбы бойынша виртуальді зертхананы қолдануымызға болады.
Қашықтықтан оқытудың техникалық базасы (телефондық және
телекоммуникациялық арналар, телевидение және радио) ақпараттарды жiберу
жүйесiн құрайды.
Интернеттiк ақпараттық ресурстар: E-Mail, WWW.[8]

1.2 Виртуальді нобайларды оқыту үдерісінде пайдалану жолдары
Физиканы оқыту әдісін тек қана теориялық тұрғыдан ұйымдастыру мүмкін
емес. Соңғы кездерде көптеген мектептерде физика кабинетінің жұмыс
істемеуі, педагогикалық оқу орындарында мектеп тәжірибесінің техникасымен
оларды жүргізу әдістемесіне көңілдің аз бөлінуі, оқу үрдісінде оқушылардың
физика пәніне деген қызығушылығын төмендетіп, білім сапасын төмендетуге
алып келеді. Шын мәнінде, физикалық тәжірибесіз өткен ең жақсы деген
сабақтың өзі мақсатына жетті деп есептелінбейді. Сондықтан заман талабына
сай физика кабинетін жабдықтау мәселесін қоюға тиіспіз.
Соңғы кезде жасақталған, физика кабинетінің негізгі құралдары-
техникалық оқу құралдары болуы қажет. Олардың қатарына видеопроекторлар,
үлкен мөлшерлі экран (қараңғыда да, жарықты да жұмыс істейтін), дербес
компьютер, видиокамера және видеомагнитафондар,видеотаспалар жатады.
Видеопроекторларға кодоскоп, эпидоскоп және диапроэктор жатады.
Бұл экранда көру құралдарының түрлерінен оқушы хабарды көру каналы арқылы
қабылдайды.
Соңғы кездері физикалық приборлардың жеткіліксіздігі, физикалық
тәжірибелерді компьютер арқылы үлгілеу арқылы жедел дамытты. Қазір физика
ғылымының барлық бөліміне арналған Виртуальді физикалық зертхана
сериясымен шығып жатқан компьютер арқылы орындалатын физикалық
тәжірибелердің маңызы зор. өйткені компьютер арқылы орындалатын
тәжірибелерді орындауда оқушылардың белсенділігі өте жоғары болатынын
тәжірибеден көріп жүрміз. Сондықтан физиканың оқытуда үлкен роль атқаратын
құрал-дербес компьютер болып табылады. Компьютер арқылы физикалық
тәжірибелердің барлық түрлерін жүргізуге болады. [5]
Соңғы кездерде диафильмдер мен диопазитифтермен, оқу кинолордан
видиофильмдер дайындау әдісі кең етек алуда. Ал оны сабақта пайдалану үшін
телевизор мен видиомагнитофондар қажет. Ал видиофильмді дайындау үшін
видиокамерамен видиотаспалар қажет.
Малекулалық физика, атомдық және ядролық физика тарауларын оқытуда
видиофильмдер ең тиімді көрнекілік болып табылады. Оқу видиофильмдері
физика пәнін оқытуда мынадай жағдайларды қолданылады.
Үнтаспа арқылы физикалық диктан жүргізуге ғалымдардың өмір баянымен
таныстыруға, физикалық қызықты тарихи әңгімелер тыңдауға т.б. қолдануға
болады.
Мектепте, әсіресе бастауыш сыныптарда оқу үстінде техникалық
құралдарды пайдалану оқушыларды білімге ынталандырудың таптырмас көзі
десек, артық болмас еді.
Физикаға арналған телевизиялық оқу бағдарламалары өзінің дедактикалық
финкциялары мен кинофильмдерден айтарлықтай ерекшеленбейді, бірақ
кинофильмдер заман талабына сай болып келеді. Бейнемагнитофонды ендіру
арқылы мұғалім оқу фильмі сияқты теле ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физиканы оқытуда физикалық құбылыстардың виртуальды нобайларын қолдану
Физика курсының электр тогы бөлімін мультимедиа технологиясы негізінде оқыту әдістемесі
Зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру
Компьютерлік оқыту бағдарламалары
Оқыту әдістерінің классификациясы
Физикалық құбылысты жаңғырту
Компьютерде өткізілетін сабақ
Физика сабағында ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
Мектепте оптика бөлімін оқытудың мәселелері
Пәндер