Физиканы оқытуды ұйымдастырудағы Дербес электрондық есептеуіш машиналарынЫҢ МАҢЫЗЫ
Физиканы оқытуды ұйымдастырудағы Дербес электрондық есептеуіш
машиналарынЫҢ МАҢЫЗЫ
Қазіргі кезде біз өмір сүріп отырған қоғамымызда және болашақта барлық
тұрмысымыздың саласында дербес электрондық есептеу машиналарының
қолдануының кеңеюі әрбір адамның компьютерде жұмыс істей білуін қажет
етеді. Сондықтан мектеп оқушылары ДЭЕМ–сын пайдалана білу үшін қажетті
білімді, білгірлік пен дағдыларды жеткілікті дәрежеде мектеп қабырғасында
игерулері керек.
Бұл мәселені іске асыру әсіресе ауыл мектептерінде оқып жүрген оқушылар
үшін өте қажет. Қазіргі кезде көп елді мекендерде шағын мектептер жаңадан
ашылып жатыр және бұрыннан бар шағын мектептер де жеткілікті. Ол
мектептердің материалдық және техникалық базалары нашар, құрал–жабдықтары
жеткіліксіз. Бұл қиындықтан шығудың бірден-бір жолы ол мұғалімдердің
сабақта компьютерді пайдалана білуі болып табылады. Осы ауыл мектептері
қазіргі кезде түгелдей компьютермен қамтамасыз етілген, алдағы уақыттарда
да толықтырылып отырар деп ойлаймыз. Егер сол ауыл мектептеріндегі оқушылар
санын сол мектепте бар компьютерлер санына бөлсек ол көрсеткіш орталықтағы
және қаладағы мектептердің көрсеткіштерінен көп жоғары болады. Мысалы,
біздің мектебімізде және көрші ауылдардағы мектептерде әр компьютерге 23
оқушыдан келеді екен. Ал компьютер кабинетінде Информатика және есептеуіш
техника негіздері сабағы бір ауысымда ғана жұмыс істегеннің өзінде аптаның
екі күнінде толық өтіліп бітеді, бар болғаны 10 апталық сағаттай ғана.
Қалған уақыттың бәрінде компьютер кабинеті бос болады. Осы мүмкіндікті
мектептегі басқа пәндер үшін пайдалана білу керек.
Мектепте оқу-тәрбие үрдісіне электронды есептеу техникасын қолдануды ең
бірінші физика пәнінің мұғалімі бастауы керек қой деп ойлаймын. Оған
бірнеше себептер бар. Ең бастысы физика эксперименттік ғылым екендігі.
Содан соң мектептерде құрал–жабдықтар жетіспейді, кейбір күрделі
экспериментті жасауға қажетті қондырғылар өте қымбат тұрады, кейбір
құбылыстар мен тәжірибелерді мектеп зертханасының көлемінде жасау және
түсіну мүмкін емес және т.с.с.
Физиканы оқытуда дербес электрондық есептеу машиналарын қолданудың
мынандай түрлерін бөліп көрсетуге болады:
1. тарихи эксперименттерді, ғарыштық және микроәлемдік масштабтағы
құбылыстарды, өте тез немесе баяу өтетін процестерді көрсету;
2. компьютерлік физикалық практикумдер мен зертханалық жұмыстарды
орындау және оларды компьютерьде өңдеу;
3. ДЭЕМ–ның көмегімен физикалық есептерді шығару, олардың қажетті
бағдарламаларын құрып, оны пайдалану;
4. электрондық сабақтар жасау және оны пайдалану;
5. оқушылардың білімі мен білгірліктерін тестілік бақылау.
Мектептегі эксперименттік физикалық тәжірибелер оқу-тәрбие үрдісінің
негізгі құрамдас бөлігі және физикалық құбылыстардың табиғаты туралы білім
көзі болып табылады. Эксперименттік тәжірибелер үшін дербес электрондық
есептеу машиналарын қолданудың артықшылықтары–тәжірибелердің тамаша
көрнекілігі, оқудың ойынға айналатын ықтималдылығы, оқушылардың
белсенділігі мен физикаға қызығушылығының артуы. Әр оқушы компьютерде
экспериментті өз қолымен жасап, көзімен көреді, қажетті экспериментті
орындау үшін және параметрлерді өзгерту үшін компьютерде тәжірибені өзі
басқарады. Әсіресе, мектептегі физика курсында қиындықтардан шығудың нақты
жолдарының бірі–сабақ үрдісінде динамикалық компьютерлік модельдерді (ДКМ)
пайдалану.
Осы айтылғандар бойынша Атом физикасы тарауына электрондық сабақтар
жасалынды. Ол үшін бұл тарау Атом құрылысы. Резерфорд тәжірибесі, Бор
жасаған сутегі атомының моделі. Бор постулаттары. және Лазерлер. Тарауды
қорытындылау. тақырыптарына бөлінді. Әр тақырып сабақтың жоспарынан
(мұғалімдер үшін), сабақтың мазмұнан, эксперименттік есептерден, тестік
тапсырмалардан, тірек-конспекттерден және сурет-сабақтардан тұрады. Әр
сабақтың мазмұны оқулықтағыға қарағанда жинақталынып, қосымша физикалық
шамалардың мәндерімен, теориялық және тарихи материалдармен толықтырылып,
компьютерге енгізіліп қойылған. Ол сабақтың мазмұнымен танысқан кезде оқушы
қажетті суреттерді және тәжірибелерді көріп, қайта сабақтың мәтініне орала
алады. Бұл әр оқушының жаңа тақырыпты қалаған уақытында өздігінше оқи
беруіне толық мүмкіндік береді. Сабақтардың мазмұндарымен оқушылардың үш
түрлі әдістермен, мәтінді оқу арқылы, түрлі-түсті слайдтар арқылы және
дыбыстандырылған суреттер арқылы, танысуларына да болады. Сонымен бірге
компьютерде дайындалған және баспадан шығарылған түрлі-түсті сурет-сабақтар
(плакаттар немесе слайдтар) бойынша да оқушылардың сабақтардың мазмұнымен
танысуларына және оны бірігіп талдауларына болады.
Мысал ретінде компьютерді қолдану арқылы Атом құрылысы. Резерфорд
тәжірибесі. тақрыбына өткізілген сабаққа қысқаша тоқталайық.
Әрине оқушылардың материяның құрылысы туралы көзқарасын қалыптастыруда
Резерфорд тәжірибесінің қаншалықты маңызды екенін дәлелдеп жатудың қажеті
шамалы. Бірақ мұндай тәжірибені физика кабинетінде көрсету мүмкін емес. Ал
дербес компьютердің көмегімен тәжірибені Физика в картинках динамикалық
компьютерлік моделін пайдаланып, көптеген α-бөлшектерін әртүрлі
жылдамдықтармен жіберген кезде олардың алтын фолганың атом ядросымен
әсерлесулерін көрулеріне болады. Бұл тәжірибені оқушының өзі өз қалауынша
бақылауына көп уақыт кетпейді, есесіне тәжірибенің көрнекілігі жақсы әсер
қалдырады.
Сабақты тиянақтау үшін жаңа сабақтың мазмұнына сәйкес компьютерге
енгізіліп қойылған оқушылардың өздері толықтыруды қажет ететін тірек-
конспект, тестік тапсырмалар мен экспериментік есептер арқылы оқушылар
алған білімдері мен білгірліктерін бекітулеріне, тексерулеріне және өз
білімдерін өздері бағалауларына болады. Ол үшін қажет кезде Q-Basic және
тестілеу бағдарламаларын қолдануларына болады.
Сонымен дербес электрондық есептеу машинасын физика сабағында қолдану,
біріншіден, оқушының қарастырып отырған физикалық құбылыстың мағынасын
тереңірек түсінуіне мүмкіншілік береді, екіншіден, оқушы сабақ барысында
ғылыми зерттеу жұмысына тартылады, оның бойында зерттеушілік қабілет пен
ынта қалыптасады.
Дербес электронды есептеу машиналарын физика пәнін оқытуды
ұйымдастыруға динамикалық компьютерлік модельдерді пайдалану үшін дайын
модельдеу программаларын ерекшеліктерін, ол программаларды қолдану
ерекшеліктерін, компьютерді пайдаланып сабақ өткізу ерекшеліктерін,
компьютер көмегімен алынған ақпаратты талдау және өңдеуді білу қажет.
Сонда ғана динамикалық компьютерлік модельдерді пайдалану оқушылардың
тыңғылықты білім алуына үлкен септігін тигізеді. Компьютерлік
демонстрацияны кез келген сабақта қолдануға болады. Әсіресе шағын
жинақталған мектептер үшін өте ыңғайлы.
Келесі ДЭЕМ-ның физикалық экспериментте қолдануының бір түрі ол
эксперименттік есептер шығаруда қолдану болып табылады. Мысалы, осы Атом
құрылысы. Резерфорд тәжірибесі. тақырыбына мынандай эксперименттік есептер
шығаруға болады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz