Физиологиялық және көзілдірік оптикасы. Офтальмологиялық оптика



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Физиологиялық және көзілдірік оптикасы

Жоспары:

1. Офтальмологиялық оптика.
2. Көзілдірік линзалары және олардың түрлері.
3. Түзететін және қорғаныш көзілдіріктері.
4. Жанаспалы линзалар.

Офтальмологиялық оптика бөлімі – көзді қорғау және көруін түзеті құралдарын
зерттейтін көзілдірік оптикасы. Көздің көруін түзетуге қолданылатын негізгі
приборға линзадан және оправадан тұратын көзілдіріктер жатады.
Көзілдіріктермен қатар тікелей қасаң қабаққа салынатын жанаспалы линзалар
кеңінен қолданылады.
Көзілдірік линзалары түссіз бейорганикалық әйнектен немесе полимерлі
материалдан дайындалуы керек.

Оң және сол жақ көздің көруін түзетуге арналған көзілдірік линзалары
(йнектен және полимерлі материалдан) шығарылады.
Дайындау технологиясы бойынша линзалар желімделген, біріктірілген және
бүтін болып бөлінеді; оптикалық орталығының номиналды орналасуныа
байланысты – орталықты және орталықты емес болып бөлінеді.
Аметропияны оптикалық түзету аймақтарының санына байланысты көзілдірік
линзалары афокальды, бір фокальды, бифокальды және үш фокальды болып
бөлінеді.

Афокальды линзалар – әрбір меридианальды кесіндісінде оптикалық әсері нөл
болатын линзалар, яғни олар бейнені фокустамайды.

Бір фокальды линзалар – аметропия, астигматизм және анизометропия
кезінде түзетудің негізгі құралдары. Олар рефракция аномалиясы кезінде
бейненің торлы қабатқа түсуін қамтамасыз етуге арналған. 

Бифокальды және үш фокальды линзаларкөзден әртұрлі қашықтықта
орналасқан заттарды көруді жақсарту үшін қолданылады. Бұл линзалар
аккомадациялық қабілеті төменденген кезде қолданылады (пресбиопия
кезінде). Линзаның оптикалық күші біртіндеп жоғарыдан (алыстағы
заттарды көруге арналған) төмен (жақындағы заттарды көруге арналған)
қарай өзгереді.

Бифокальды линзаларды бір әйнектен дайындайды және үстіне шлифовка және
тегістеу арқылы сындыру күші басқа аймақты түзеді (бүтін линза) немесе
сындыру күштері әртүрлі екі әйнекті бір-біріне жабыстыру арқылы дайындайды
(жабыстырылған линза).

Көру ақауларын түзету мүмкіндіктеріне байланысты көзілдірік линзалары
стигматикалық және астигматикалық болып бөлінеді.

Стигматикалық линзалардың әрбір меридиандық кесіндісінде сындыру күштері
бірдей болады.

Астигматикалық линзалардың екі өзара перпендикуляр орналасқан басты
кесінділерінде сындыру күштері әртүрлі болады, сондықтан оларды басты
кесінділерінде рефракцияның әртүрлоі комбинацияларымен шығарады.

Стигматикалық линзаларда екі беті де сфералы болады, ал астигматикалық
линзада ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыну заңы. Снелль заңы
Жарықталған оптика
Қабылдау оптикалық модулінің қызметі
Көру қабілетінің бұзылуының негізгі түрлері
Мектеп физика курсында Оптика бөлімінің есептерін шығару әдістемесі
Оптикалық жүйелер
Оптикалық желілер
Оптика дүкенінің айдентикасы
Көз – оптикалық система. Көру
Жарық шоғы және жарық сәулелері
Пәндер