Адам проблемасы философия ғылымымен құрдас десе де болады


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Адам проблемасы философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұдан философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылардың адам жөніндегі, оның дүниеде атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой-толғауларынан туғаны дәлел болады. Бір нәрсенің сырын ашып, білу үшін алдымен адам бұл туралы ештеңе білмейтінін түсініп, соны іштей де болса мойындауы қажет. Мысалы, ағаш отқа жанады, ал тас жанбайды. Мұның себебін білмейтіндігін адам өзі түсінеді, онда бұған таңдану сезімі пайда болады, ойланады, білуге ынта туады. Атақты философтар Платон мен Аристотель философиялық ойлардың психологиялық негізі адамның өзі түсінбейтін, түсіндіре алмайтын құбылыстарға ең алғаш таңдану, таңырқау сезімдерінде жатыр деп болжам жасады.

Біздің білуімізше, философияның мәселесі - Бұл сананың, рухтың табиғатка, материяға, субъективтің (адамның) ішкі дүниесінін объективтікке (сыртқы дүниеге) қатынасы. Бұдан шығатын қорытынды: адамның сана-сезімі мен ақыл-ойының, тілі мен дүниетанымының және оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатысы қандай, табиғат пен қоғамның адамға, оның ішкі рухани дүниесіне тигізетін әсері қандай - осының бәрі философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылады.

Материяны, табиғатты - алғашқы, сананы олардың туындысы, бейнесі болғандықтан соңғы, деп қарастыратын материалистер үшін де, рух пен сананы - алғашқы, материя мен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондықтан да олар соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адамның проблемасынсыз философия жоқ. Бұл философиялардың екеуінің түсініктері мен көзқарастары басқаша, қарама-қарсы болғанымен, қарастыратын, зерттейтін негізі біреу ғана. Ол адамға тән қасиеттердің сырткы дүниеге және сол сыртқы дүниенің бұл қасиеттерге қатынасы. Ертедегі атақты Шығыс ойшылдарының көбі, алдыңғы тарауларда айтылғандай, өздерінің философия жүйелерінің негізгі өзегі етіп тікелей адам проблемаларын алған. Көне замандардағы мысырлықтар философияның объектісі құдайлар мен әділеттік мәселесі деп білді. Бұдан 25 ғасыр бұрын өмір сүрген әйгілі қытай философы Конфуций өз ілімінің Тұп қазығы етіп "адам сүйгіштік" (жэнь) проблемасын алды. Оның түсінуінше, тек "адам сүйгіштік" қасиет кана адамды басқаларды сыйлайтын, ешкімнің алдынан кесіп өтпейтін, шындықтан басқаға мойын бұрмайтын, батыл да байсалды. ілтипатты да достыққа берік, сөзге ұстамды (біреуді өкпелетіп алмау үшін), көмекке (кімнің болса да адамгершілік жағын жетілдіре түсуге) дайын етіп қалыптастыра алады. Бұл қасиеттердің бәрін біріктіріп, әрқайсысын қамти алатын моральдық-философиялык ой түйінін Конфуций: "Өзіңе жасағанын қаламайтың қылықтарды сен де басқаларға жасама", - деп қорытты.

Этикалық ілім ретінде дүниеге келген Үндістанның буддизм философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қойды. Егер бұған дейінгі брахманизм деп аталатын діни-философиялық ілім адамның азап шегуін бұрынғы күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы - құдайға құлшылық етіп, табына беру деп білсе, буддизм, керісінше, өмірдің өзі тек азап шегуден тұрады, Бұл дүниеде (сансарда) одан адамды азат ету құдайлардың колынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол адамның өзіне байланысты: сансардан кету, безіну деп санады. Мұның мәні: Бұл дүниенің өткіншілігін сезіну, сол арқылы өмірге құмарлықтан арылу, тіршіліктің камын естен шығару, күнделікті өмірге керек игіліктердің маңызын төмендете келіп жокқа шығару; адам өзінің жан дүниесін қуаныш-күйініш, қынжылыс, қызғаныш, уайым-қайғы сияқты сезімдердің бәрінен біржолата тазарып, айналада болып жатқан істер мен құбылыстарға тұңіліспен, немқұрайды, бейтарап қарайтын күйге жету. Бұл жайды буддизм нирвана деп атайды. "Нирвана" ешу, сему деген мағынада айтылады. Оған жеткен адам (архат) - азап қасіреттен түгелдей құтылып, аспаннан да жоғары, адамдықтан тысқары ерекше рахатқа мәңгілік бөленген, дуние мен бұл дүниенің айырмашылығын сезіп-аңғару шегінен алысқа кеткен адам. Адамды азаптан құтқарудың мұндай жолы мүмкін бе, мүмкін емес пе, дұрыс па, әлде теріс пе - мәселе бұл жерде осылайша қойылып отырған жоқ, тек буддизм философиясының адам проблемасын ең жоғары биікке көтеріп, өзін түгелдей соған арнағаны жайында болып отыр.

Платон философиясының өте маңызды бөлімі - адамның арманынан шығатын "Мемлекет" туралы ілім. Дүниедегі бірден-бір әділетті мемлекет қандай болуы керек - философ осыны кескіндеп, бейнелеп беруді өзіне мақсат етіп қойған. Мұндай мінсіз мемлекетті ең ақылды, білімді адам, яғни, Платонның ойлауынша, философ басқаруға тиіс. Ондағы азаматтар үш топқа бөлінеді: қарапайым адамдар, күзетшілер. Негізінен мемлекет басына келетіндер соңғылардың ішінен шығады. Бірақ алғашқылардың арасында ерекше қабілетімен көзге түскен бірлі-жарым жастардың көтерілуі мүмкін деп біледі Платон. Әділдік принципі үстем, мінсіз мемлекет жасаудың басты шарты етіп Платон адамға сол мақсатқа лайықты білім, тәрбие беру мәселесін қояды. Оқу, тәрбиенің міндеті - адамдарды ізгі ниетті, ержүрек, таза, өнерлі азаматтарға айналдыру. Мемлекет басқарушы тап болып есептелетін күзетшілер кішкентай жабайы үйлерде ғана тұрады, жалпыға ортақ асханалардан қарапайым тамақ ішеді, өмірге ең бір қажет заттар болмаса, жеке меншік болмайды. Олардың алтын, күміс тәрізді асыл бұйым жинауына тыйым салынады. Бакытты болу байлықта емес. Мінсіз мемлекеттің максаты бір ғана күзетшілер табын емес, барлық азаматтарды бакытты ету деп түсіндіреді Платон.

Адам проблемаларына Аристотель де ерекше көңіл белген. Әсіресе ол философиясының "Этика" бөлімінде түгелдей сол проблемаларды қарастырып, оларға тиісті талдау жасады. Аристотельдің айтуынша, мемлекет басындағы заң шығарушының міндеті - азаматтарды жақсы қылықтарға, ізгі ниеттілікке үйретіп оларды тек игілікті істерден ғана ләззат алатындай дәрежеге жеткізу. Оның "алтын аралық" деп аталатан моральдык доктринасы адамның жандүниесінің сырын ашуға бағытталған. Жоғары мінез-құлық қасиеттерінің әркайсысы біріне-бірі қарсы екі түрлі ұшқары қылықтың аралығы болып табылады. Бұлардың екеуі де теріс қылықтар. Мысалы : батылдық - қорқақтык пен бас бұзарлықтың аралығы, сыпайылық - ұялшақтық пен ұятсыздықтың, мырзалық -сарандық пен дүние шашушылықтың аралығы, т. б. Аристотельдін ұғымы бойынша, ең жақсы адам - ұлылық дәрежесіне жеткен кең пейілді, қайырымды адам, ол өзін мақтағанды, басқа біреулерді жамандағанды сүймейді, өзінің күштілігін әлсіздердің арасында көрсетпеуге тырысады. Жауға ашық жау, досқа ашық дос болғысы келеді. Оның көңілі пайдалыға емес, тамашага, сұлулыққа ғана ауады. Қайырымды, ақ пейілді кісінің жүрісі жайлы, даусы төмен, сөзі мазмұнды болуға тиіс. .

Дегенмен Аристотель де өз заманына сай ойлайды. Құлдарды ол адамға санаған жоқ, "сөйлей білетін құлдар" деп атады. Құл иесі құлға қайырымды болуы да міндеггі емес, өйткені, ол оның меншігі болып есептеледі, ал баланың әкеге қайырымды болуы міндетті, себебі, әкесіз бала дүниеге келмейді.

Адамның ой-сезімін, мінез-құлқын тәрбиелеп, жетілдіру арқылы оны бакыт жолына салу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған орта ғасырдағы Шығыстың ойшыл философы, біздің әйгілі жерлесіміз әл-Фараби болды. Әл-Фарабидің айтуынша, бақыт - әр адамның көздейтін мақсаты, үлкен игілік. Сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін адамда үш түрлі тамаша табиғи кабілет болады: а) ерекше жасалған дене құрылысы; ә) жан кұмарлықтары; б) ой-парасаты.

Бұл қабілеттер өзінен-өзі табиғат берген калпында бақытқа жеткізбейді. Бірде жақсылық толық нәтижесін берсе, енді бірде керісінше болуы мүмкін. Мұндай кездейсоқтықты жеңудің жолы - аталған үш кабілеттің әрқайсысын дұрыс жолға бағыттап тәрбиелеу, терісін жеңге салып, дұрысын дамыту, сол аркылы адамның мінез-құлқы мен ой-парасаты оларды саналы түрде үнемі дұрыс нәтиже туғызатын дәрежеге көтеру. Мұны іске асыру, бір жағынан, адамның өзіне байланысты болса, екінші жағынан, мемлекет басындағы саяси қайраткерлердің міндеті. Әл-Фараби былай деп үйретеді: кандай болса да іс-қимылын жасағанда адам біржақтылықтан, ұшқарылықтан сактану керек. Себебі, әрбір жақсы қасиет бір-біріне қарама-қарсы екі жаман қасиеттің аралығынан туады. Бұл арада әл-Фарабиге Аристотельдің жасаған ықпалы аңғарылады. "Бақытқа жету жолына меңзеу" деген тамаша еңбегінде ғалым адамның жан-дүниесін жетілдіру мәселесін философиялық тұрғыдан зор білгірлікпен жан-жақты да терең зерттеп, талдау жасайды. Оның бұдан мың жылдан астам уақыт бұрын айтылған кезеңдегі ойлары бүгінге дейін манызын жоғалтқан жоқ.

"Ой-парасат ғасыры" деп аталған ғасыр адам жөніндегі философиялық мәселенің қойылысын жаңа сатыға көтерді. Бұл ғылым мен техниканың бұрын болып көрмеген жетістіктерімен бірге туған капиталистік қатынастардың даму кезеңі болатын. Табиғаттың терең құпия сырларына көз жүгіртіп, неше алуан машиналар ойлап шығару арқылы өндіргіш күштердің жаңа сапамен еркендеуіне кең жол ашқан адамың ақыл-ойы өзінің теңдесі жоқ жасампаз күшін еріксіз мойындатқан дәуір еді ол. Сол заманның Бэкон, Гоббс, Декарт, Спиноза сияқты әйгілі философтары адамды өз болашағы құдайдан да, басқадан да тәуелсіз, тапқыр да, белсенді жасампаз тағдыр иесі, өз өмірінің саналы субъектісі деп таныды, сөйтіп, өздерінің философиялық ізденістерін осы бағытта ғана дамытты. Олар адамның ерекшелігі де, рухани күші де оның ақылы мен ойында, ойлау қабілетінде деп біледі. Адамның тіпті өмір сүруінің ең басты белгісі осы қасиетте деп таныды. Француз философы Ренэ Декарттың "мен ойлай аламын, олай болса өмір сүремін" деген қанатты сөзінің мәні де, міне, осында.

Адамның ақыл-ой құдіретінен туатын іскерлік, белсенділік қабілеттеріне XVIII ғасырдағы француз ағартушылары мен материалистерінің философиялық ілімінде де ерекше көңіл бөлінеді. Бұл дәстүр белгілі бір мағынада француздардан XIX ғасырдағы неміс философиясына ауысты.

Канттың адам проблемасына арналған негізгі принципті - әрбір жеке адамның өз алдында мақсатты нысана ретінде қарау қажеттігі. Бұл оның адам мүддесі жөніндегі ілімінің басты мәселесі болды. Адамға деген жүрек жылылығын ол теорияға сүйенген салқын ақылдың бұйрықтарына қарсы қойып отырды. Адам бостандығын, еріктілігін Канттың қалай қолданғанын оның: "Адамның барлық іс-қимылының басқа біреудің еркіне бағыныш-тылығынан асқан сорақы сұмдықтың болуы мүмкін емес", - деген бір ауыз сөзінен толық аңғаруға болады.

Классикалық неміс философиясына келетін болсақ, ол адамды мәдениет дүниесіне қалыптасушы, рухани қызметтің іске асырушысы, жалпы дүниелік сананың, рухтың, ой-парасаттың иесі деп қарастырды.

Тарихқа материалистік көзқарастың қалыптасуы адамның қоғамдық өмірдегі алатын орнын түсінуді шын мәніндегі ғылыми деңгейге көтереді. Адам бұрынғыша рухани, денелік, әлеуметтік, табиғи болып бөлшектеніп, біржақты немесе таза абстрактілі түрде қаралмай, тұтас тұлға ретінде, нақтылы - тарихи мақсаттарға бағындырыла қаралатын болды. Адамның табиғи-әлеуметтік мәні, қоғамдағы рөлі мен орны жөніндегі мәселе оның ондаған мын жылдар ішіндегі тарихи алға басу, яғни еркіндікке ұмтылу күресі сатыларының сипаттарымен тығыз байланысты.

Табиғатта мақсат жоқ. Мақсат адамның дүниеге келуімен бірге пайда болады. Демек, ол тек адамға ғана тән, бір-бірімен қарым-қатынастағы адамдардан құралатын қоғамға тән құбылыс. Мақсат жай ғана ермек үшін немесе сол мақсаттың өзі үшін ойдан шығара салған жасанды бір нәрсе емес. Тұптеп келгенде, адамнын да, қоғамның да мақсаты - адамның жайы. Оның материалдық, мүдде-талапттарынын кезінде қанағаттандырылып тұруына, өз басының қанау мен езгіден, басқаның үстемдігінен еркін өмір сүруге оның ішкі қабілетгері мен дарын-таланттарының уақытында, толық ашылуына әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау, басқаша айтқанда, адам үшін бақытты өмір орнату. Мұны іске асыратын құдай да, патша да, үкімет басшысы да емес, оның өз еңбегі, ақыл-ойы мен екі қолының күші, іскерлік қабілеті. Адамның қоғамдық өмірде алатын орны, әлеуметтік жай-күйі толығынан өз еңбегінің саны мен сапасына, әлеуметтік пайдалы белсенділігіне сай белгіленуге тиіс. Ол өмір сүретін қоғам оның адамдық қалпын, қадір-қасиетін тек осы жолмен ғана анықтап, іске асыруға міндетті.

Бұл - адам проблемаларының диалектикалық материализм белгілеген шын гуманистік, ізгілік принципі. Социализм осы принцип негізіне адамның қадір-қасиетін ең жоғары биікке көтеріп, толық еркіндікке, ауқатты өмір сүруіне тарихта бұрын сонды болмаған қолайлы жағдай жасауды өзінің өзекті мақсатына айналдыру керек еді. Бірақ ол кеңес өкіметі тұсында жеке адамға табылу, ықтиярсыздық және тоқырау кезеңдерінде адам айтқысыз бұрмалаушылықтарға душар болып, табиғи тура жолынан ауытқып кетті. Өндірісті адамның талап-мүдделеріне бағындырудың орнына адам өндіріс мүдделерінің құлақ кесті құлына айналды, ал оның еңбегі - өмір сүрудің амалы емес, мақсаты болды. Адам бостандығы мен құқығы, адамға деген қамқорлық қағазға жазған сездің деңгейінен аспады. Еліміз тәуелсіздік жолына түскеннен бергі аз уақыт ішінде алға қойылып отырған басты мақсаттардың бірі адамның бостандығы мен азаматтық еркін қорғау болып отыр. Бұл мақсат жүзеге асырылған жағдайда адамды шын мәніндегі адамдық дәрежеге кетеріп, оны өзіне-өзі ие, белсенді де адал, жан-жақты дамыған, ерікті азаматқа айналдыру мүмкіндігі туады деген үміт бар. Тек билік түгелдей халық қолына көшіп, әлеуметтік үстемдік алса, қоғам құқылық мемлекетке айналып, әдейі бұрмалаушылықтардың қайталанбауына берік кепілік жасалса, тек сонда ғана "бәрі да адам үшін, оның еріктілігі, еркендеп жетіле беруі үшін" деген ұран іс жүзіне асады. Тек сол жағдайда ғылыми философия адамның ерікті де бақытты биік нысана ретіндегі мұратын ғана емес, шынайы бейнесін де кескіндейтін болады.

Сонымен, ғылыми философияның түсінуінде дүниедегі ең бағалы, асыл байлық - адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл-әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты. Жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар кезі, ақыл-ой туындыларының құдіретті иесі.

Бұл арада адамның қоғамда алатын орны мен рөлінің сипаттамасын айтып отырмыз. Ал адам дегеніміз өзі кім? Күнделікті өмір көзімен қарағанда бұндай оңай сұрақ жоқ тэрізді. Әркімнің әкесі де, әйелі де, баласы да, өзі де - адам, айнала жүргендердің бәрі - адам. "Адам деген кім?" деп сұрақ қойып, басты ауыртудың қажеті қанша, мұнда тұрған не қиындық бар? -деген сұрақтың ойға оралуы да мүмкін. Дегенмен, бұл сұраққа тереңірек үңіліп, адам ерекшелігінің табиғатын ғылыми тұрғыдан анықтауға тырыссақ, бірден-ақ үлкен қиындыққа кездесеміз. Тарихшы-антрополог пен психологтың адамға беретін анықтамасы екі түрлі болуы мүмкін, биолог пен дәрігердің түсініктері бір-біріне ұқсамауы ыктимал. Өйткені, бұлардың әрқайсысы күрделі және біртұтас адам тұлғасының бір ғана қырын зерттейді және адамға негізінен өз замандасы тұрғысынан қарайды. Ондай сыңаржақты көзқарас көп қырлы тұтас тұлғаның өзекті мәнін толық аша алмайды. Тіпті бұл жекелеген ғылымдарға тән ұғымдардың жай қисындысы да адамның тұтас бейнесін бере қоймайды. Бұл міндетті орындауға кабілеті жететін бір ғана білім саласы бар, ол - философия, Дүниені, оның құрамына кіретін бөлімдерін философия жекелеп, бөлшектеп емес, тұтас күйінде қарастыруға, сол әдіспен олардың бәрін қамтитын жалпы зандылықтарды ашуға тырысады. Сол сиякгы адамның да әр түрлі құрамдас жақтары мен қырларын (биологиялык құрылысын, психологиясын, әлеуметтік сипатын, моральдык күйін, т. б. ) жеке-жеке зерттеумен шұғылданбайды, ең маңыздысы адамды адам ететін сапалық қасиеттерін жалпылама байланыстыратын, тұтастығын қарастыру арқылы оның ерекше қоғамдық мәнін ашуды мақсат етеді.

Философия тарихында берілген анықтамалар көп. Аристотельдің анықтамасы бойынша, адам - қоғамдық хайуан. Басқа хайуандардан адамның айырмашылығы - ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Орта ғасырдағы католицизмнін діншіл философы Фома Аквинский адамды дене мен жанның бірлігі, хайуан мен періштенің аралығындағы нәрсе деп санаған. Жан оның ұғымдарында мәңгілік өлмейтін жақсылық сәулесі болса, дене - ынтымактық аренасы, жанның ұясы. Сондықтан адамдар өмір бойы сайтандар тұзағынан босануға және құдайдың жарық дүниесіне шығуға ұмтылады.

Философиялық антропологияның материалистік концепциясын ұсынған Фейербахтың айтуынша, жеке-дара, жалғыз өзі ғана өмір сүре алатын адамның болуы мүмкін емес. "Менің" болуымның міндетті шарты - "сенің" болуың, басқалардың болуы. Басқаша айтқанда, адамды жан-жануарлардан әлдеқайда жоғары қоятын қасиеттері оның тек қоғам ішінде өмір сүруінің нәтижесі. Себебі, қоғамдык болмыс тәрбиесін бойына сіңіріп үлгермеген жас баланың тәуелсіз жеке өмір суруге ешбір қабілеті болмайды. Бұл жағынан, ол жануарлардың кез келгенінен әлсіз екені белгілі. Ата-ананың, басқа адамдардың қамқорлық, көмегінсіз ол адам болып өсіп, жетіле алмайды. Кездейсоқ бір себептерден кішкентай балаларды жыртқыш аңдардын алып кетіп, жылдар бойы ез ортасында тірі сактаған фактілерін тарих жаксы біледі. Отыздан астам мәлім болған жағдайлардың бәрінде де балалар адам қалпынан айырылып шыққан. Төрт аяқтап еңбектеп жүгіріп, өзін асырап өсірген жануарлардың барлық кимылдарына еліктеуден басқа ешбір қабілет қалмаған. Кейін олардың қолға түскендерін адам бейнесіне келтіріп, сөйлеуді, екі аяқпен тік жүруді үйретуге тырысқан талай белгілі ғалымдардың әрекеттері нәтиже бермеген. Демек, адамның адамдық қасиеттерін қалыптастыратын - тек қоғамдық орта. Ол үшін кім де болса туған күнінен бастап, сол ортадан қол үзіп кетпеуге тиіс.

Адамның жануарлар дұниесінен бөлініп шығуының негізі өмір сүру ортасын өз еңбегімен езгерту, қайта жасау әдісін, ол үшін еңбек құралын оның ең жабайы түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілеті болган. Тек еңбек процесінде ғана адамдар қатысу, байланыс жасаудын қажеттілігін үйренеді. Бара-бара адам еңбегі бүкіл материалдық және рухани мәдениет дүниесінің жасаушысы болып шықты. Қоғамдық қатынастар адамның өмір сүруіне қажетті материалдық заттар (тамақ, киім, баспана) өндіру өдісінен туады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам философиясы
Адам ақыл - ойы бар тіршілік иесі
Адам табиғаттың тамаша туындысы (Әл-Фараби дүниетанымындағы адам мәселесі)
Философия тақырыбындағы адам және табиғат проблемалары
Табиғат аясы ақыл ойдың, сана - сезімнің данасы
Философия тарихындағы адам проблемасы туралы
Адам мәдениет субъектісі
Адам проблемасы
Қазақ топырағындағы қалыптасқан философиялық ойлардағы адам мәселесі
Философиялық антропологияның қайнар көзі және болашағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz