Философия, оның пәні. Философия тарихы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

ДӘРІС КЕШЕНІ

1 Бөлім. Философия, оның пәні. Философия тарихы

Глоссарийлер (анықтама, сөздік) ;

Аксиология - құндылықтар ілімі, адам қызметінің бағытталғандығын, адамның іс- анықтайтын жалпы маңызды принциптердің философиялық теориясы.

Ақиқат - танушы субьектінің обьектіні дәл күйінде бейнелеуі, оны өмірде бар күйінде, адамның өзінен және оның санасынан тыс және идеялардың, пікірлердің, теориялардың, ілімдердің және дидактикалық дамушы дүниенің тұтас бейнесінің обьективтік мазмұны.

Абсолют ( лат. absolutus - шартсыз, шексіз) − идеалистік философияның ұғымы, барлық бардың (сущее) біртұтас, жалпы, бастаусыз және шексіз деп пайымдалатын, кез-келген салыстырмалы және шартты болмысқа қарсы қойылатын рухани алғашқы бастауын білдіреді.

Абсолюттік идея- Гегель философиясының негізгі категориясы, универсумды толық күйінде, шартсыз, нақты және тұлғалық жалпылық күйінде білдіреді (яғни, субъектіні де, субстанцияны да) .

Абсолюттік рух - Гегельдің философиялық жүйесінде абсолюттік идеяның өзіндік санасын жүзеге асыратын рух дамуының қорытынды звеносы.

Аксиология- құндылықтар туралы ілім, адам қызметінің бағытталғандығын, адамның іс-қылықтарының мотивациясын анықтайтын жалпы маңызды принциптердің философиялық теориясы.

Антиномия (грекше - заңның өзіне өзі қайшы келуі) - 1) зат туралы екеуі де қайшылықты пікірлердің бірлігі, бұл пікірлердің логикалық негізделуі бірдей дәрежеде нанымды бола алады; 2) идеяны немесе заңды дәлелдеп тұжырымдауға тырысқанда пайымдалатын жойылмайтын қайшылық.

Антропологизм- философиялық концепция, оның өкілдері “адам” ұғымын негізгі көзқарастық категория деп қарастырады және табиғат, қоғам, ойлау туралы түсініктер жүйесін тек осы категория арқылы ғана жасауға болады деп тұжырымдайды.

Апейрон ( apeiron - шектелмеген) - шексіз. Анаксимандрдың пікірінше, формасы жоқ алғашқы зат, барлық заттар осы апейрондардан құралған. Натурфилософтар апейронды алғашқы бастау деп қабылдады. Платон мен пифагоршылар оны материяның синонимі ретінде түсінді.

Архетип- алғашқы образ, идея. Архетиптер аналитикалық психологияда инстинктілер мен қатар “ұжымдық бейсаналылықтың” қатпарларында болатын және жалпыадамзаттық символиканың негізін құрайтын, туа біткен психикалық құрылымдар болып табылады.

Бейсаналы (Бессознательное ) − кең мағынасында − субъектінің санасында жоқ психикалық процестердің, операциялардың және жағдайлардың жиынтығы. Бұл психикалықтың сана құбылыстарынан сапалық жағынан өзгеше ерекше саласы. Бейсаналы шын мақсаттары мен салдарлары сана деңгейінде түсінілмейтін жеке және топтық мінез-құлықты сипаттайды. Фрейд бейсаналыны сананың қызметіне қарама-қарсы аса зор күш ретінде көрсетеді.

Верификация - ғылыми тұжырымдардың ақиқаттылығын оларды эмпирикалық тексерудің нәтижесінде анықтауды білдіретін методологиялық ұғым.

Волюнтаризм ( лат. voluntas - воля (жігер), Ф. Тённис 1883 жылы енгізген термин) - философиядағы идеалистік бағыт, жігерді болмыстың жоғарғы принципі ретінде қарастырады. Рухани болмыста жігерді бірінші орынға қоя отырып, волюнтаризм барлық заттың негізі ретінде интеллект, ақыл-ойды танитын интеллектуализмге (немесе рационализмге) қарсы тұрады.

Генезис (грекше genesis - шығу, қалыптасу) - шығу, қалыптасу, пайда болу, туындау, белгілі бір жағдайға, түрге, затқа, құбылысқа әкелетін даму дегенді білдіреді.

Дао - дұрыс жол, космостық және адамгершіліктік заң, қытай философиясының басты категориясы, ол басқа категориялардың бәрін қамтиды. Дао өзінен өзі дамитын универсумнің жоғарғы принципі, барлық бар нәрселердің алғашқы бастауы, дүниенің генетикалық бірлігі ретінде түсіндіріледі: бәрі одан туындайды және бәрі оған қайта оралады. Сонымен қатар, дао -− универсалдық заңдылық: көктің өзі дао заңдарына бағынады, яғни, адам жер мен көк заңдары арқылы дао жолымен жүреді, адамның өмірлік мақсат-міндеті − даоны игеру, яғни, дұрыс өмір сүру.

Дхамма (пали тілінде) немесе Дхарма (санскрит тілінде) (dharma) - бірнеше мағынаға ие ұғым. Ең әуелі Будда ілімі, рухани білімнің квинтэссенциясы дегенді білдіреді, ар-ұждан, адамгершілік ілімі, әділеттілік, міндет, заң, табиғат, діни қағида және тағы басқа ұғымдарды біріктіреді. Төмен Дхарма қарапайым деңгейдегі құбылыстардың әрекетін, ал Жоғары Дхарма болмыс заңдылықтарының асқақ деңгейде әрекет етуін түсіндіреді. Тағы бір мағынасы-болмыстың элементтері. Әлемдік процесс-себептерден туындайтын және өшуге бағыт алған нәзік, өткінші 72 дхарма-элементтердің өзара әсер етуі және оның соңғы нәтижесі- абсолюттік тыныш күйге, сөнуге жету.

Дін Философиясы - кең мағынасында - дінге қатысты философиялық ұстанымдардың, оның табиғаты мен функциялары туралы концепциялардың, құдайылықтың өмір сүруінің философиялық негіздемелерінің, сонымен қатар, оның табиғаты және дүние мен адамға қатынасы туралы философиялық пайымдаулардың жиынтығы; тар мағынасында − құдайылық пен дін туралы автономдық пайымдау, философиялық пайымдаудың ерекше типі.

Идея - философиялық термин, “мән”, “мағына” дегенді білдіреді және ойлау және болмыс категорияларымен тығыз байланысты.

Инь И Ян (қытайша) - этимологиялық мағынасы “төбенің немесе өзен жағасының көлеңкесі мен күнгейі” дегенді білдіреді. Инь мен Ян дүниедегі ретсіздіктерді тәртіпке келтіруші Көк пен Жер күштері ретінде қарастырылады. Олар бір-біріне қарама-қарсы, бірақ олардың үндесіп, бірігуі бар нәрсенің бәрін басқаратын адамды дүниеге әкелді, Инь − дүниенің рационалдық, “әйелдік” бастауы, Ян - бейсаналық, “ер адамдық” бастауы деп түсініледі. Қытай философиясында Инь мен Янның өзара әсерінен табиғат құбылыстары да, қоғамдағы өзгерістер де туындап отырады деп тұжырымдалады

Космос (грекше-Ғалам) - хаосқа қарама-қарсы, реттелген, тұтас, жүйелі құрастырылған бірлік ретінде түсінілетін әлем, дүние. Дүниені реттілік пен үйлесімділіктен тұратын космос деп ең алғаш рет Пифагор атады

Космонология - (cosmos - грек сөзі, әлем, грек сөзі, дүниеге келу, пайда болу) аңыздар

Көзқарас- метафизикалық ойлау мен зерттеулер нәтижелерінің жиынтығы, объективті дүниеге және ондағы адамның орнына, адамның өзін қоршаған ортасы мен өзіне деген қатынасын білдіретін пікірлерінің және олардан туындайтын өмірлік ұстанымдарының, сенімдерінің, идеалдарының, құндылықтық бағыттарының жүйесі.

Материя - (лат. Material - зат) - дүниеде өмір сүріп отырған объектілер мен жүйелердің бәрінің шексіз көптігі, кез-келген қасиеттердің, байланыстардың, қатынастардың және қозғалыстың формаларының субстраты.

Махизм - 20 ғасырдың басында мах, авенариус және олардың шәкірттерінің және к. пирсонның еңбектерінде ұсынылған ғылым философиясы мен методологиясындағы субъективтік-идеалистік бағыт.

Метафизика - бірінші түсінігі (аристотель бойынша) - болмыстың, білімнің және мәдениеттің тәжірибеден жоғары принциптері мен бастаулары туралы философиялық ілім. Екінші түсінігі - диалектикалық материализм метафизиканы диалектикаға қарама-қарсы, болмыстың қайшылықтар арқылы өзіндік сапалы дамуын терістейтін, дүниенің біржақты, тек ойдағы бейнесін құрастыруға бейім философиялық метод деп есептеді. Қазірігі кезеңде бірінші мағынасы басымырақ.

Метод (грекше metodos - жол, зерттеу) - таным жолы, белгілі бір мақсатқа жету тәсілі, шындықты теория немесе практикалық деңгейде меңгеру әдістерінің жиынтығы.

Методология - қандай да бір ғылымда қолданылатын танымдық құралдардың, методтардың, әдістердің жиынтығы. Танымдық және практикалық-өзгертушілік қызметті ұйымдастырудың алғышарттары мен принциптерін, құралдарын зерттейтін білім саласы.

Мифология (mithos - грек сөзі, баян, аңыз) .

Миф Философиясы - мифологиялық сананың құрылымын, мифтің мәдени-психологиялық құрылым ретінде атқаратын функцияларын зерттейтін философиялық сала.

Натурализм - философиялық позиция, барлық бар болып отырғанды табиғатпен теңестіреді, табиғатты болмыстың бөлігі ретінде түсінуді терістейді және теориялық түсіндіруден жаратылыстан тыстың бәрін шығарып тастайды.

Неопозитивизм (логикалық позитивизм) - позитивизмнің қазіргі заманғы формасы. Философияны табиғи және жасанды тілдерді сараптаушы қызмет түрі ретінде түсіне отырып, неопозитивистер белгілік-символдық құралдардың ғылыми танымдағы ролін, білімді математизациялау мүмкіндігін, ғылымның теориялық аппараты мен эмпирикалық базисінің арақатынасын анықтауда белгілі бір нәтижелерге жетті.

Номинализм (латынша nomen − ат, атау) − жалпы ұғымдар, универсалийлер ойдың субъективті формалары, жәй ғана сөздер, заттардың белгілері мен атаулары ғана, ал ойлаудан тыс ешқандай объективті шындықты бейнелей алмайды деп пайымдайтын философиялық көзқарас.

Пантеизм ( грекше pan − бәрі және theos Құдай) Әлемді, дүниені, табиғатты құдайы сипатта түсінетін ілім.

Позитивизм - нағыз шын, “жағымды” (позитивті) білімді жеке, арнайы ғылымдардың және оларды біріктірудің нәтижесінде ғана алуға болады және философия шындықты өз бетінше зерттеуге ұмтылатын ерекше ғылым ретінде өмір сүруге құқы жоқ деген принципке негізделген философиялық бағыт.

Постпозитивизм − неопозитивизді сынаудың негізінде 20 ғасырдың ортасында пайда болды. Ғылыми білім мен ғылыми емес білімнің шекарасы − ғылыми білімнің тәжірибе нәтижелерінің көмегімен терістеле алатындығында деп түсініледі.

Рационализм (латынша ratio ақыл-ой) − таным процесінің басты құралы ретінде ақыл-ойды, пайымды, ойлауды танитын метод және оның негізінде қалыптасқан философиялық бағыттар жиынтығы.

Редукционизм - ғылыми білімнің бірлігі проблемасын барлық ғылымдар үшін бірдей жалпы тіл жасау арқылы шешуге бағытталған методологиялық бағдарлама.

Релятивизм - танымды, көзқарастық жүйелерді, мәдениетті сараптау мен интерпретациялаудың методологиялық принципі, құбылыстардың сапалық тұрақсыздығын, олардың әртүрлі жағдайлар мен ситуациялардан тәуелділігін абсолюттендіреді.

Структурализм және Постструктурализм - қазіргі заманғы философиялық және гуманитарлық білімдегі мәдениет құбылыстарының көптүрлілігінің астарында объективті өмір сүретін логикалық құрылымдарды іздеумен байланысты бағыттардың жалпы атауы.

Субстанция (латынша − substantia − негізінде жатқан) − өзгермейтін, мызғымайтын, бастауы басқада емес, өзінде, басқа арқылы емес, өзінің арқасында, өзінде өмір сүретін, бәрінің негізінде жатқан нәрсе.

Трансцендентальдық - таным мүмкіндіктерінің априорлық (тәжірибеден тыс немесе тәжірибеге дейін) жағдайларына жататын.

Транценденттік - схоластикалық философияда туындаған термин, сезімдік тәжірибе шекарасынан шығатынның бәрін сипаттайды; діни және метафизикалық таным пәні.

Феноменология (грек. Феномендер туралы ілім) - басында философиялық пәндердің бірі, кейінірек идеалистік философиялық бағыт, философиялық сананы натуралистік ұстанымдардан (объект мен субъектіні бөліп тастайтын) арылтуға, философиялық сараптаудың өзіндік саласына − сананың өз актілері және олардың мазмұны туралы рефлексиясына жетуге, танымның, адамның өмір сүруінің және мәдениеттің бастапқы негіздерін, толық сипаттамаларын анықтауға ұмтылды.

Философиялық Антропология - кең мағынасында − адамның табиғаты және мәні туралы философиялық ілім. Философиялық антропология, тар мағынасында, адамның және оның қатынастарының өмір сүруімен және түсінілуімен байланысты күрделі, көптүрлі проблемаларды қарастыратын философиялық білім саласы.

Философия - дүниеге деген дамыған көзқарас түрі.

Философиялық Герменевтика - бастапқыда (антика дәуірінен) бұл сөз мәтіндерді түсіндіру өнері дегенді білдірді. 20 ғ. бастап (М. Хайдеггер, Г. Гадамер, П. Анкер және т. б. ) бұл терминмен рухани мәдениет феномендерінің мәнін түсіну және игеру туралы философиялық ілім аталады.

Хаос (chaos - грек сөзі, шексіз шашылған бытыраңқы дүние) . Экзистенциализм ( өмір сүру философиясы) - жалғыз нақты шындық ретінде адам болмысын танитын қазіргі заманғы иррационалистік философиялық бағыт. Экзистенциализмнің жалпы қағидасы − адамның өмір сүруі индивидтің әлеуметтік өмір сүруімен салыстырғанда алғашқы.

Экспликация - дәл емес ұғымды дәлірек ұғыммен ауыстыру. Экспликация термині символдар мен шартты белгілерді бейнелеу үшін қолданылады.

Эмпиризм (грекше emperia − тәжірибе) − таным процесін тек сезімдік тәжірибемен (эмпирия) байланысты қарастыратын гносеологиялық бағыт, бүкіл ғылым, өмірлік тәжірибе және адамгершілік тәжірибеге ғана негізделуі тиіс деп түсіндіретін методологиялық принцип

Энтелехия (грекше entelechia − аяқталу, жүзеге асу) − мүмкіндікті шындыққа айналдыратын белсенді бастау, ал шындық мүмкіндіктің болуын жүзеге асуға әкеледі. Аристотель энтелехияны затта жүзеге асатын форма деп түсінді және актуалдық іс-әрекет ретінде энергия деп атады. Мысалы, дененің өзгеріп-қалыптасуында жүзеге асатын энтелехия − жан.

Эпистемология - философияның бөлімі, онда таным табиғатының проблемалары, білімнің шындыққа қатынасы, танымдық процестің жалпы алғышарттары зерттеледі, оның ақиқаттылығының шарттары анықталады

1 Тақырып. Философия оның пәні және қоғамдағы рөлі

Дәріс мақсаты : Философия пәні, философиялық танымның өзіндік ерекшеліктері. Дүниеге көзқарас туралы түснік беру оның түрлерімен таныстыру. Материализм және философия туралы түсінікті қалыптастыру.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар :

1. Философия пәні

2. Дүниеге көзқарас туралы түсінік оның құрылымы, негізгі тарихи типтері

3. Философияның негізгі мәселесі. Материализм және философия.

4. Диалектика және метафизика екі қарама-қарсы ойлау тәсілі

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер ) . Философия бұл гректің екі сөзінен: mifos - аңыз, logos-ілім. . Мифологиямен бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланды. Ал дін ешнәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Әр нәрсенің себебін білгісі келгендер мұндай ұғымдарға қанағаттанбады, көңілі толмады. Ондайларды Пифогордың сөзімен айтқанда философ деп атады. Бұл гректің ертедегі екі сөзінен құралған ұғым (philio-сүйемін, sophio-даналық, екеуі қосылып «философия » деген сөзді туғызады) . Арабтар бұл сөзді тіліне жеңілдетіп «фәлсафа» деп атаған. Ол сонымен бірге дүниетаным, өмірлік позиция, іс-әрекет.

Адам санасын оятуда мифологияның да рөлін жоққа шығаруға болмайды. Ол зерек адамдардың даналық қиялымен дүниеге келіп, одан әрі ізденіс жасауына түрткі болды. Егер мифологияны қабылдап, оның қағидаларын, аңыздарын бүтіндей қолдану негізінде қалыптасқан болса, философия ойлау, зерделеу, сын көзбен қарау, талдау негінде дүниеге келді. Философия барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, кезінде оны ғылымдардың ғылымы деп атаған. Философия әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы, байқаушы ретінде бой көрсетті. Осыдан келіп, ол кезде философия барлық табиғат жөніндегі ой-пікірлерді бойына жинақтағандықтан оны, натурфилософия деп атады. Философияның тікелей айналысатын проблемаларына жататындар: логика (гр. logos-ойлау заңдылықтары туралы ілім), онтология (гр. ontos -мән туралы ілім), гносеология (гр, gnosis - таным туралы ілім), аксиология (гр. Axios-құндылық туралы ілім) болып қалыптасты. Адамзат дамуымен бірге философия өз алдына дүниеге көзқарас ілімі ретінде танылды. Ол басқа ғылымдарға методологиялық жол сілтейтін, бағыт көрсететін рөл де атқаруда. Көзқарас - білімнің толықтырылған, қорытылған түрі. Ол күнделікті өмірді байқаудан, өткенді талдаудан, келешектң болжаудан туындайды. Ондай міндеттерді абыздар атқарған. Бірақ дүниеге көзқарас біркелкі емес. Ол жай қарапайым, ғылыми, діни, прогресшіл, не кертартпа, нәсілшілдік, ұлтшылдық, не интернационалистік сипатта кездеседі.

Дүниеге көзқарас - дүниені көзқарас сезімінен, танымынан, нанымынан тұрады. Обьективтік шындық адамға түрлі әсер туғызады: сезіну, күдіктену, уайымдау, қайғыру, мазасыздану, қорқу, ренжу, шаттану, қуану, масаттану. Осылардың барлығы адамдардың интеллекті мен эмоциясына тікелей байланысты. Эмоция (сезіну, шырай, әуестік, көңіл-күй) - әрдайым ізденістің, қызығудың бастамасы. Ішкі дүниесінде ойы, жігері, ынтықтығы қызып тұрған адам әрнәрсеге таңданада, таңырқайда, қызығада біледі. Бұл -ізденістін бастамасы. «Көз-адамның ішкі дүниесінің айнасы» дейді. Бұл айтылған дұрыс пікір. Эмоциясы бай адамның жаңарында терең ой тұнатыны тегін емес. Бірақ дүниеге көзқарас бұлармен бітпейді. Ол тек бастамасы ғана. Дүниеге көзқарастың түбірі негізі теорияда. Ол үшін ұғыну, түсіну, нану қажет. Наным - көзқарастың өзегі. Бірақ наным да түрліше болады. Діни көзқараста нанымға негізделген. Адам бір нәрсеге иланбайынша, оның ісі тыңғылықты, нәтижелі болмайды. Дүниені ұғымдармен бейнелеу түрі жатады (abstractio - латын сөзі, ой арқылы заттың, құбылыстың әртүрлі жақтарын бір-бірінен бөліп алып қарау) . Олай болса, философия - дүниеге деген дамыған көзқарас түрі .

Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде дүниеге келеді. Оны біз мифология деп атаймыз. (mitos - грек сөзі, баян, аңыз) . Миф-табиғат, қоғам және адам эөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер ( phantasia - грек сөзі, қиял, елес) . Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әртүрлі күштеріне қрсы тұра алмауы, сонымен қатарөзінің өмірге деген қажеттерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі - мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады.

Әртүрлі халықтардың мифтерін белгілі бір топтарға бөлуге болады. Мифтердің ең үлкен бөлігінің бірі космогониялық (cosmos - грек сөзі, әлем, genesis- грек сөзі сөзі6 дүниеге келу, пайда болу) аңыздар. Оларда көбінесе Дүниенің алғашқы жағдаы хаос (chaos- грек сөзі, шексіз шашылған бытыраңқы дүние) арқылы көресетілді. Сиқырлы құдіретті күштің іс-әрекеті арқылы хаос жер мен көкке бөлініп, Дүниеге тәртіп келіп, әртүрлі табиғаттың құбылыстары дүниеге келді.

Дүниеге деген жалған көзқарас ретінде мифтің қандай ерекшеліктерін атап өтуге болады? Біріншіден, миф алғашқы пайда болған қоғамдық сананың формасы ретінде өзінің ішінде болашақта дүниеге келетін өнер, дін, саясат, мораль сияқты құбылыстардың элементтерін бойында сақтайды. Сондықтан мифті ғалымдар қоғамдық сананың синкретикалық түрі деп есептейді (synkretismos - грек сөзі, қосылған, араласқан, бөлінбеген деген мағына береді) . Екінші ерекшелігі мифтегі адам мен табиғаттың бірлігі, жағалай қоршаған ортаны антропоморфизациялау, адамның өзіндік мәндік қасиеттерін бүкіл табиғатқа таратуы, табиғаттың құбылыстары мен заттарын олардың адам сияқты жаны, ойы, сезімі, іңкәрі бар деп түсінуі. Мысалы, жерге нәр беретін аспаннан жауған нөсердің мифтк Құдайлардың жыныс қатынасынан шығатыны жөніндегі қиялы ойлары. Үшіншіден, мифте әлі ғылыми ұғымдар жоқ, онда қоршаған орта, әлеуметтік қатынастар көркем сөз арқылы бейнеленеді. Әлемнің пайда болуы жөнінде кейбір Шығыс халықтарының аңыздарында антропоцентрлік көзқарас та кездеседі (antropos - грек сөзі, адам, centrum - латын сөзі, орта, әртүрлі қатынастардың бір жүйеге қосылатын нүктесі) . Бұл мифтер: « Дүниеден бұрын алғашқы еңгезердей адам болған, ал ол өлген кезде оның денесінен Дүние жаратылады», - деген пікір айтады.

Материяны алғашқы деп танитындар материалистерге , ал сананы алғашқы деп танитындарға идеалистерге жатады . Материалистерге жататындар : ертедегі дүниеден - Демокрит, Эпикур, Лукреций Кар; орта ғасырдан - номинадистер; жаңа дәуірден - Ф. Бэкон, Р. Декарт, Б. Спиноза, Т. Гоббс, Дж. Локк, Д. Дидро, К. Гельвеций, Л. Фейербах, К. Маркс, В. И. Ленин, Г. В. Плеханов. Идеалистерге жататындар : ертедегі дүниеден- Сократ, Платон, Аристотель; орта ғасырдан - реалистер , жаңа дәуірден - Дж. Беркли, Д. Юм, Г. Лейбниц, И. Кант, Г. Гегель, Э, Мах, Р. Авенариус, Ф. Ницше, В. Соловьев, Н. Бердяев. Екіншілерін агностиктер дейді. (гр, gnosis - таным, а - жоққа шығару, кереғарлық, екеуі қосылып таануға болмайды деген ұығым тудырады. ) . Оған жататындар: И. Кант, Д. Юм, Э. Мах, Р. Авенариус т. б. мысалы И. Кант дүниені тануға болмайды былай түсіндіреді: су құйылған стаканға қалам салсаң, ол сынық сияқты болып көрінеді.

Философия екі түрлі әдіс қолданылады. Бірі диалектикалық әдіс . Ол дүние ұдайы қозғалыста, дамуда деп түсінеді. Екіншісі - метафизикалық (гр. tameta, ta physika- деген екі сөзінен құралған әдіс) . Бұл бірнішіге қарам-қарсы дүниені өзгермейтін, қозғалмайтын, дамымайтын құбылыс деп түсінетін ұғым. Диалктикалық әдісті ертедегі гректерден гераклит пен Аристотель қолдаса, жаңа дәуірден Г. Гегель қолдап, ілгері дамытты. Бірақ Гегель идеалист диалектик болды. Оныі пікірінше, диалектикалық тұрғыдан дамитын - обьективтік шындық емес, тек идея, қиял, ой, Оның түйіндеуінше, обьективтік шындық дамымайды. Бұл ғылымға қайшы келетін пікір болатын К. Маркс диалектик болды. Бірақ оның диалектикасы гегель диалектикасына қарама-қарсы материалистік диалектика болды. К. Маркс бұл жөніндегі пікірін өзінің еңбегі «Капитальдың» 1 томының екінші басылуына раналған соңғы сөзінде сипаттап берді. К. Маркстың пікірінше табиғат да, қоғам да, сана да диалектиклық тұрғыда өзгерісте, дамуда болады.

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар ;

Философия дегеніміз не?

Дүниеге көзқарасты қалай түсінеміз?

Мифологиялық көзқарастың мәні неде?

Философияның негізгі мәселесіне не жатады?

Материализм және философияның арақатынас қандай?

Философияның қандай қызметі бар?

Диалектика және метафизика қандай ойлау тәсілі?

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 6.

2 Тақырып. Философия тарихы: түрлері, кезеңдері, бағыттары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Тарихи - философиялық таным табиғаты
Философияның мәдениеттегі орны және ролі
Педагогикалық практика бойынша құжаттар
Философия ұғымы, мақсаты және міндеті
Ғылым философиясы мен тарихы пәні
Философияның мақсаты мен мәні
Философия, оның проблемалары және қоғамдағы ролі
Философия анықтамасы
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz