Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты http://www.edurk.kz/cms/uploads/images/Untitled-2.jpg

Тақырыбы: Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар

Орындаған: Мысырова Д. Д.

Тексерген: Қалқашев С. Ғ.

Арқалық, 2016

Жоспар: Адамның жүйке жүйесінің бөлімдері Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар. Әсері күшті улағыш заттар. Хлормен уланған кездегі алғашқы белгілері және медициналық көмек. Аммиакпен уланған кездегі алғашқы белгілері және медициналық көмек.

1) Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары (топографиясына) мен құрылысына сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Жүйке жүйесінің

  • орталық бөлімінеми және жұлын,
  • алшеткі бөліміне- мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері (ганглийлері) және жүйке талшықтарының ұштары жатады.

Организмдегі қызметтеріне байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге бөледі. Олар: сомалық (денелік) , парасимпатикалық (ішкі мүшелік) , симпатикалық (тамырлық) .

Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі - дене, яғни тірек-қимыл аппараты және тері жабыны мүшедерінің, парасимпатикалық бөлімі - ішкі мүшелер мен бездердің, симпатикалық бөлімі - тамырлар жүйесі мүшелерінің қызметтерін реттейді. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерді біріктіріп, жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімі деп атайды.

2) Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі. Оның исі болмайды. Суықта қатпайды. Суда баяу ериді, ал органикалық еріткіштер мен майларда жақсы ериді. Ашық жатқан су көздерін, өте ұзақ уақыт бойы - 6 айға дейін зақымдаушы күшін жоймайды. Адамның терісіне, тыныс жолдары, киіміне сіңу арқылы уландырады. Жазды күндері бір жерде -12 тәулік бойы, ал қысты күні 2-3 айға дейін сақталып улайды.
Зарин - бұл түссіз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат. Оны кез келген мөлшерде суға немесе органикалық еріткіштерге араластырып қолданады. Судың әсеріне тұрақты қарсылық көрсететіндіктен тұйық су көздерін ұзақ уақыт бойы уландырады. Адамның терісіне, киіміне тез сіңеді. Оның буы 20 км-ге дейін тарайды. Ойлы жерлерде жазда бірнеше сағатқа, қыста 2 тәулікке дейін сақталады.
Бұл да теріге өтіп және тыныс алу орындарын улайды. Организмге сіңгеннен кейін орталық нерв жүйесіне зардабын тигізеді.
Иприт - теріні күйдіріп, іріңдетіп улағыш заттарға жатады. Ол сарымсақтың исі бар сарғыш немес қара қошқыл түсті сұйық. Органикалық ерігіштерде жақсы ериді. Ол адам терісіне сіңу арқылы улайды. Бұл жағдайда адам терісі 2-3 сағатта қызарады да, жараға айналып 20-30 тәулік бойы жазылмайтын жара пайда болады.

Адам тыныс жүйесі арқылы уланғанда бірнеше сағаттың ішінде-ақ ауыра бастайды да, тез арада өкпесі қабынып, ісініп, тынысы тарылып, тұншығып өледі.

Синильдік қышқыл . Бұл тез буланып кететін түссіз зат. Ашық жерде тез арада бұға айналып ұшып кетеді. Қату температурасы - 140С, адам синиль қышқылы тараған ауаны жұтқаннан уланады.

Фозген - бұл тұншықтырғыш улы заттарға жатады. Ол түссіз газ түрінде болады және ауадан 3, 5 есе ауыр. Шіріген көптің исі бар. Адамды буланған күйінде тыныс алу органдары арқылы уландырады. Тегіс жерде 30-50 мин, ал ойлы жерлерде 3 сағатқа дейін өзінің уландыру күшін сақтайды.

3) ӘКУЗ - шаруашылық мақсатта қолданатын зат, олардың қалай болса солай сақтаулы немесе төгілуі адамдарды жаппай улануына алып келеді.

ӘКУЗ - жабық ыдыста қысыммен сақталады. ӘКУЗ қайнауға бейім, олардың қайнау температурасы +20 0 С, ал атмосфераға газ немесе бу ретінде бөлінеді, олар үлкен қашықтыққа тарайды. Химиялық зақымдау ошағының көлемі, оның адам терісіне тамшы сұйық түсуі және бумен дем алу нәтижесінде болуы мүмкін.

ӘКУЗ төгілген кезде көрсетілген немесе істелінетін іс-әрекеттер:

  • хлор - төгілген кезде (ол ауадан ауыр) ең биік орындарға көтерілу керек;
  • аммиак төгілген кезде (ол ауадан жеңіл) тез буланып жоғары көтеріледі, яғни төмен жерлерді таңдау қажет.

Аммиактан, метилхлоридтен, винилхлоридтен және басқа улы заттардан тыныс органдарын қорғау үшін 30-100 минут бойы қорғайтын противогаз кию керек. Аммиак суға жақсы жайылады. Осыған орай суланған мақта-дәке таңғышы көмектеседі.

Тыныс органдарын хлордан қорғау үшін өзінің немесе балаңыздың дәретімен шайылған мата таңғышпен пайдаланамыз.

Бұл уланғыш заттардың бәрінен тиімді жеке және ұжымдық қорғау құралдары қорғайды.

Өте күшті әрекеттеуші үлы заттарды өндіретін, сақтайтын және қолданатын өндіріс объектілерінде авария кезінде адамдарды, өсімдіктерді, жануарларды жаппай зақымдауы мүмкін. Өте қауілті үлы заттарды өндіретін химиялық объектер: целюлоза-қағаз, қорғаныс, мұнай өндіретін, түсті және қара метал өндіретін, минерал тынайтқыштарын өндіретін объектер. Республика көлемінде 400 химиялы қауіпті объектер бар.
Өте күшті әрекеттеуші үлы заттарды өз газдарының қысымымен жабық қоймаларда сақтайды. Қоймалардың зақымдалу немесе бұзылу нәтижесінде сүйық заттардың қысымы атмосфералық қысымға дейін төмендейді, күшті әрекеттеуші үлы заттар кқайнап кетеді (қайнау температурасы -20 0 С) және атмосфераға бу және газ күйінде ауаға бөлінеді. Олар ұлкен арақашықтыққа тарап, зақымдау ошағын түзеді. Улы заттардың ішіндегі көп кездесетіні әрі қатерлісі хлор мен аммиак.

4) Хлормен уланған кездегі алғашқы белгілері : зардап шеккен адам көздің қарығуына және көзден жас ағуына шағымданады. Алғашында оны құрғақ, қоздыратын жөтел қинайды содан соң, кеуде тұсы ауырады. Ол тез арада қобалжып, үрей пайда болады. Егер хлордың әсерін тоқтатпаса, 2-3 сағаттан кейін өкпе ісінеді.

Алғашқы медициналық көмек: егер дем алу бұзылмаса, зардап шеккен адамға респиратор немесе ас содасын 2% ерітіндісіне немесе зәрге шыланған мақта-дәке таңғышты тағу керек.

- зардап шеккендерді зақымдалған аймақтан тұрғын үйдің жоғары қабаттарынан жатқызған күйде шығару керек;

- зақымдалған киімді таза киімге ауыстыру;

- көзді ас содасының 2%-ды ерітіндісімен 10-15 минут бойы хлордың иісі кеткенге дейін шаю керек. Көзге вазелин майын тамызу қажет;

- зардап шеккен адамдарды ас содасының 2%-ды ерітіндісімен аузын шайғызу керек;

- ол адамға сүт немесе сілті минералды су беру қажет;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық қару. Биологиялық қару. Әсері күшті улы заттар
Әсері күшті улы заттар
Техногендік (өндірістік) сипаттағы төтенше жағдайлар
Антропогендік және экологиялық апаттар
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және олардан қорғау
Улы заттардың химиялық және физикалық қасиеттері және адам денсаулығына әсері
ҚАТТЫ ӘСЕР ЕТЕТІН УЛЫ ЗАТТАР
Малдың улы заттарға сезімталдығы
Радиобелсенді заттар қоршаған ортаға шыққан кездегі халықтың іс-әрекеті
Удың ағзаға ену жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz