Эволюциялық идеялардың даму тарихы



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Эволюциялық идеялардың даму тарихы.
Жоспар:
a) Ежелгi заман философиясындағы эволюционизм элементтерi.
b) Метафизикалық кезең. Креацинизм көзқарастарының таралуы.
c) Тірі табиғаттың тұтастығы және дамуы жайлы көзқарастардың қалыптасуы.
d) Преформизм және эпигенез.
e) Орта ғасырлардағы Орта Азиядағы эволюциялық идеялардың қалыптасуы.
Органикалық дүниенің тарихи дамуы туралы ғылым бiрден пайда болған жоқ. Тiрi табиғаттың дамуы, басқаша айтқанда эволюциясы туралы түсiнiктер, екi кезеңге:
1. Дарвинге дейiнгi; 2. Дарвиннен кейiнгi болып бөлiнедi. Дарвинге дейiнгi тірі табиғаттың дамуы жайлы алғашқы идеялар Месопотамияның, Қытайдың, Үндістанның, Египеттің, Грецияның ертедегі материалистерінің еңбектерінде байқалады.Олардың ұғымы бойынша табиғаттағы барлық зат қозғалыста, өзгерісте болады және де біреуінен екіншісі дамып жаңа зат пайда болады, нәтижесінде қарапайымдардан күрделі формалар қалыптасады делінген.
Алғашқы философиялық мектептер кiшi Азия жағалауларындағы iрi қалалар Эфисте және Милетте ашылды. Гераклит - Эфис ойшылы (б.э.д. 530-470 ж.) оның түсінігіше табиғатта барлық нәрсе ықпалды, барлығы өзгередi. Галактиканың алғашқы элементтерi: от, су, ауа, топырақ үздіксіз қозғалыста болады және олар өзара әрекеттесіп, материя дамуының бастамасы болғанын, оның аяғы жоқ шексіз әрекет екенiн айтады.
Биологияның ғылым ретiнде пайда болуы Грецияның ұлы ойшылы Аристотельмен байланысты. Ол өзiнiң еңбектерiнде жануарларды салыстыра зерттеп, салыстырмалы анатомияның, морфологияның, ежелгi эмбриологияның негiзiн салды. Жануарлар тарихы атты еңбегiнде Аристотель ағзалардың жiктелуiн салыстырмалы морфологиялық және физиологиялық зерттеулердiң негiзiнде құрды. Жануарларды ол екi үлкен топқа қаны бар жануар және қансыз жануарлар деп бөлдi, ары қарай бұл топтар одан майда таксондарға бөлiнедi. Ең бiрiншi рет туыс және түр деген түсiнiктердi енгiздi. Аристотель өзi құрған жiктеу әдiсiн қолданып жануарлардың 500 түрiн сипаттап берген. Жануарлардың бөлiктерi атты еңбегiнде мүшелердiң өзара байланыстылығы (корреляциясы ) туралы ой келтiредi. Мұнда бiр мүшенiң өзгеруi басқа да мүшенiң қызметiнiң өзгеруiне әкеледi дейді. Осы еңбегiнде Аристотель табиғаттың жалпы заңы ретiнде материялы объектiлердiң сатылы дамуын көрсетті: төменгi сатыға - минералдар, өсiмдiктер, зоофиттер ( өсiмдiк жануарлар) және төменгi сатыдағы жануарлар, жоғарғы сатыға - жануарлар мен адамды орналастырды. Бiрақ Аристотель осы сатының баспалдақтары арасында байланыс жоқ деп есептедi. Жануарлардың шығу тегi деген еңбегiнде Аристотель салыстырмалы анатомиялық әдiстi жетiлдiрдi және эмбриологиялық зерттеулердi қолданды. Әр түрлi жануарлардың эмбриондарын зерттеу барысында, Аристотель олардың ата тегi бiр болуы мүмкiн деген ойға келдi.
Заманындағы осындай материалистік бағыттағы ой - пікірге қарсы метафизикалық көзқарастар қалыптаса бастады. ҮІ - ХІҮ ғасырлар аралығында Еуропа елдерінде жаратылыстану ғылымында ұзақ уақытқа созылған тоқырау заманы туды. Батыс Еуропада дамып келе жатқан феодалдық қоғам жағдайында шіркеу, ең алдымен католик шіркеуі ірі экономикалық және саясаттық күшке айналды. Шіркеу діни идеологияны насихаттап, қанауды жақтап феодалға бас июге шақырды. Табиғатты танудың орнына аруаққа табыну, кереметке сену уағыздалды, ғылымның орнына схоластика және діни кітаптарды мадақтады. Ғылыммен айналыспақ түгілі табиғат жайлы кітап оқығандарды да жазаға тартып, тірідей отқа өртеп, қорқытты. Шіркеу догматының шектен тыс уағыздалуы, озық ойлы ғалымдардың да қателесуімен жалғасып жатты.
Географиялық саяхатттардың дамуына байланысты, өсiмдiктер мен жануарлар әлемi туралы мәлiметтер көптеп жиналды. Барлық белгiлi өсiмдiктер мен жануарларды бiр жүйеге келтiру үшiн белгілі бiр жүйелер бiрлiгi керек болды. Мұндай бiрлiк түр деп аталады. Оның алғашқы анықтамасын ағылшын ботанигi Дж. Рей (1628-1705) бердi. Ол Өсімдіктер тарихы атты еңбегінде 18600 өсімдік түрлерін сипаттап жазды.
Өсiмдiктер систематикасында көптеген жаналықтар енгiзген көрнектi ғалым К. Линней (1707-1778) болды. Ол барлық өсімдіктерді гүліндегі аталықтары мен аналығының саны, пішіні, көлемі және құрылысына қарай 24 класқа бөлді. Оның 23 класы гүлді өсімдіктер және 1 класы құпия некелілер, бұған папортниктер, мүктер, балдырлар және саңырауқұлақтар жатқызылды. Ал жануарларды тыныс алу және қанайналым мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа топтастырды. К. Линней біріншіден, сол уақытта белгiлi өсiмдiктердiң ситематикасын құрастырды. Екіншіден, бұрынырақ К.Баунинг құрастырған бинар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эволюциялық идеялардың даму кезеңдері
Дарвинизм. Эволюциялық қазіргі идеялар
Саяси психологияның дамуы
Эволюциялық идеяның туылуы
Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы
Қазіргі ғылымның негізгі сипаттары
Эволюциялық идеялардың даму тарихы туралы
Дарвинизм және биологиядағы қазіргі заманғы эволюциялық идеялар
Ойлау мәдениетінің пайда болуы
Эволюциялык идеялар
Пәндер