Жеке басқа табыну және Жылымық кезеңіндегі Қазақстан


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

“Жеке басқа табыну” және “Жылымық кезеңіндегі Қазақстан”

Мәнжазба.

Жоспар:

  1. Жеке басқа табыну тақсіреті.
  2. Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында.

Жеке басқа табыну - саяси немесе діни билік иерархиясындағы жоғары мәртебелі (лауазымды) адамды асыра дәріптеу, оның атқаратын рөлі мен міндетті қызметін шектен тыс жоғары бағалау. Саяси кайраткерге тәнірдей табынып, шектен тыс ұлықтау.

Кеңес өкіметінің 1924 - 1953 жылдардағы басшысы, 15 Республикадан тұрған. Одақты жеке дара билеген Сталин қазақ халқына өте ауыр қасірет әкелгені тарихтан мәлім. Кезінде, Лениннің өзі Сталиннің кемшіліктері туралы «Өсиеттер» атты хаттарында жазған болатын. Сондай - ақ, Сталин жайлы Н. С. Хрущев ХХ съезде баяндама жасап, Сталиннің жеке басына табынушылықты әшкерлеп, былай деген болатын: «Біз Сталиннің тұсында орын алған, басқалардың пікірлерімен бүтіндей санаспау, оның нұсқауларына қайшы келетіндердің барлығына өзіне тән күдікшілікпен және қаталдықпен, дөрекі күшпен қысым жасаған тап осыған ұқсас әрекеттердің қандайының болса да қайта туу мүмкіндіктеріне жол бермеу үшін, бұл мәселені мұхият зерттеуге және дұрыс қорытындылауға тиіспіз…»

Сталин билік еткен жылдары қандай қателіктер жасады десек, онда біріншіден, ол Ленин бастап кеткен жаңа экономиялық саясат бағдарламасын, жер - су реформаларын аяқсыз қалдырып, оның орнына бай-кулактарды, орташыларды, қазақ зиялыларын қудалау басталды.

Жер - су реформасының мақсаты, қазақтарға жерлерін қайтару болатын, бірақ бұл саясат аяғына дейін орындалмады. Себебі, 1920 жылдардың аяғына қарай ұжымдастыру науқаны басталып кеткен болатын. Бұл Сталиндік социализмнің ең сауатсыз тәжірбиесінің бірі болатын. Бұл тәжірбиені Қазақстанда іске асырушы сол кездегі Қазақ өлкелік партия ұйымының басшысы, шаш ал десе бас алатын - Голощекин ( 1925 - 1933 ж. ) болатын. Билікке келген Голощекин, елімізде «Кіші Қазан» төңкерісін жасады. Мұны Сталиннің басшылығымен болған «Сталиндік социализмнің Қазақстандағы голощекиндік социализмі» деп атасақ та болады. Голощекиннің бұл саясатына көрнекті қоғам қайраткерлері С. Қожанов, С. Сәдуақасов, Ж. Мыңбаев, Н. Нұрмақов т. б. қарсылықтарын білдіріп, мұны қазақ ауылында «азамат соғысын» тудыру әрекеті есебінде бағалады. Голощекин, өзін қолдамайтындар және қарсы болғандарға «Оңшыл коммунистер» , «Қазақ ұлтшылдары», - деген айдар тақты. Кейіннен бұларға «жікшілдер тобы» деген айып тағылып, қуғын - сүргін басталып та кетті.

Ленин, ұжымдастыруды асықпай, біртіндеп, бірнеше ондаған жылдарда іске асыру қажет деп жоспарлаған, ал Сталин ұжымдастыруды 4 - 5 жылдың көлемінде орындауға тапсырма берді. Ал, Голощекин бастаған топ: «2 - 3 жылдың көлемінде орындаймыз», - деп міндеттеме қабылдаған.

Олар жеке шаруа қожалықтарын тезірек ірі шаруашылықтарға біріктірсек, соғырлым шаруашылықты тез өркендетеміз деп есептеді. Сол себепті, бүкіл елді бірнеше аймаққа бөліп, әрқайсысына ұжымдастырудың басталу және аяқталу уақытын белгілеп берді.

Сондықтан, жергілікті «шолақ белсенділер» ұжымдастыруды ерекше қарқынмен жүргізді. «Қазақстанды ұжымдарға біріктіреміз және отырықшыландырамыз», - деген Сталиндік социализмнің тәжірибесі сәтсіз аяқталып, үлкен қасіретке әкелді.

Сталин, Голощекин жіберген қателіктерін басқаларға жабу арқылы «халық жауларын» іздеу науқанын жүргізіп, халықтың толқуын басуға тырысты. Ол өз нәтижесін берді де. «Оңшыл оппортунистер» деген айыпқа енді «буржуазииялық ұлтшылдар» деген айып тағылып, бұрынғы Алашорда қайраткерлерінің ішінен 44 адамға жалған айып тағып, олар 1928 жылы қамауға алынды. Олардың арасында А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймаутов және басқалар бар еді.

Құрамында М. Тынышпаев, Х. Досмұхамедов. Ж. Ақбаев және басқалары бар ұлттық зиялылардың екінші тобы (40 адамдай) 1930 жылдың қыркүйек - қазанында қамауға алынды. Бұлардың барлығы дерлік 1937 - 1938 жылдардағы қанды қасаптан құтыла алмай, жазықсыз жазаланды.

Алғашқылардың бірі болып жазаланған, кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі Ж. Аймауытов еді. Оған, 1930 жылдың 4 сәуірінде ату жазасына үкім шығарды, кейін үкім өзгертіліп 10 жыл қамауға ауыстырылды. 1935 жылы 5 қазанда Ресейдің түкпіріндегі Соловки лагерінде қайтыс болды. Міне, осылай қазақ зиялыларының көзін жою басталып кеткен болатын.

Қазақстан лагерлер өлкесіне айналып: «Карлаг», «Степлаг», «АЛЖИР» т. б. ондаған лагерлер құрылды. Сталиндік социализм кезінде 101 мың қазақстандық «ГУЛАГ» - қа жабылып, оның 27 мыңы атылды.

Қазақстан партия ұйымында «меңдешевшілік», «қожановшылық», «сейфуллиншілдік» деп аталатын айдарлар да тағылып, партия ұйымдарын қудалау жүргізілген болатын. Олар, негізінен троцкийшілердің оңшыл және «ұлтшыл ауытқушылардың» қатарында болды немесе соларға жаны ашыды деп айыпталды.

Сталиндік социализмнің екінші қателігі - халықтар депортациясы. Кеңестік халықтарды күштеп ата - мекенінен көшіру жоспарлы және құпия түрде іске асырылды. Алғашқы жер аударылуға ұшыраған Украинаның шекаралық аймағын мекендеген поляктар болды. 1936 жылдың 28 сәуірінде оларды Қазақстанға жер аудару туралы қаулы қабылданды. 1937 жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға 95903 Корейлер жер аударылды. Осы жылдың соңында Корейлермен қатар Оңтүстік шекара аймағынан курдтер, ассириялықтар, ирандықтар және түріктер көшірілді. Шекара аймағын мекендеген бұл халықтар «сенімсіздер» қатарына жатқызылды.

Сталиндік социализмнің келесі өрескел әрекеті және қателігі - орыстандыру саясаты. 1928 жылы Қазақстанда қолданыста болған араб әрпі латын әріпімен ауыстырылды. Бұл саясатына А. Байтұрсынов бастаған қазақ зиялылары қарсы шықты.

1920 - 1930 жылдары араб әрпімен шыққан басылымдарды пайдаланғандар «пантюркист», «панисламист», деп жарияланып, қудалауға ұшырады. Ақыры 1940 жылы орыс алфавитін ендірумен аяқталды.

Сөйтіп, жүздеген жылдар бойы патшалық Ресей ендіре алмаған орыс алфавитін, Сталин бастаған топ 10 - 12 жылдың ішінде енгізді. Бұл да қазақ халқының құқықтарын аяққа басқан, Сталиндік социализмнің тағы бір өрескел көрінісі еді.

Сталиндік социализм кеңес халқына, әсіресе қазақ халқына өте қымбатқа түсті. 2 миллионнан аса қазақ қырылды . Аман қалғандары басқа республикалар мен елдерге көшіп кетуге мәжбүр болды. Қаншама отбасы ойрандалды. Жақын туған - туыстарынан айырылған адамдар мен жетім - жесірлердің көрген тауқыметтерін, көз жастарын ұмыту мүмкін емес.

Қазақ халқының басына түскен нәубәт күндерді ұмытпау үшін және еске алып отыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылы 31 мамырда : «Қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні» - деп белгілеген қаулысы шықты. Биыл, 1937 - 1938 жылғы Сталиндік қуғын - сүргінге 75 жыл толып отыр. Сондықтан, сол қуғын - сүргін құрбандарын, қолдан жасалынған ашаршылықта қаза тапқандарды, жазықсыз жапа шеккендерді біз ешқашан ұмытпауымыз керек.

50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды.

КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И. В. Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды . Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.

1953 жылы қыркүйекте Н. С. Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына

(1953-1964 жж. ) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды.

1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н. С. Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай - жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И. В. Сталин, Л. Берия, Н. Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын - сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.

1953- 1955 жылдарда Н. С. Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я. Рудзудақты, А. Рыковты, В. Губарьды ақтағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе ұлтшыл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М. Елікбаев Н. С. Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдан кейін М. Елікбаев МҚК тарапынан қуғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М. Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н. С. Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді.

Соғыстан кейін қалпына келтірілген өнеркәсіп 50-жылдардан кейін жаңа өзгерістерді қажет етті.

Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж. ) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынды экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1957 жылы тұңғыш тепловоздар Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды. Осы жылдары салынған өнеркәсіптер: Ақтөбе хром заводы, Шымкент гидролиззаводы, Семей цемент заводы, Жезказған кен байыту фабрикасы, Соколов - Сарыбай комбинатының алғашқы кезектері, Өскемен таукен жабдықтарын шығаратын машина жасау заводының 1-кезегі т. б.

1958 жылы жалпы өнім өндіруден Қазақстан КСРО-да 3-орынға шықты. 1956-1958 жылдар аралығында елімізде көлік және коммуникация жүйелерін дамытуға 146, 4 млн. сом жұмсалды. Республикада темір жол құрылысына ерекше көңіл бөлінді.

1960 жылы қазақ КСР теміржолынаң ұзындағы 11, 42 км. болды. 1958 жылы Қазақ КСР-де Қазақ теміржол басқармасы құрылып, республикадағы барлық теміржол осы басқармаға бағындырылды. 1951-1955 жылдар аралығында Одақта салынған теміржолдың 30%-ы Қазақстан аумағында салынды. 1960 жылға қарай Одақта өндірілген темір кенінің 5, 4%-ы Қазақстанға тиесілі болды. Қазақстан «магниткасы» аталған Қарағанды металлургия заводы Қазақстан мен Орта Азияны, Сібір мен Оралды темір өнімдерімен қамтамасыз етті. Республикада электр энергиясы өндірісі де біршама жақсы дамыды.

1953 жылғы қыркүйекте болып өткен КОКП-ның ОК Пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму болашағын анықтады. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық саласына көп көңіл бөліне бастады. Колхоздарға біраз дербестік берілді, ауыл-село еңбеккерлерінің өнім өндіруге деген материалдық ынталылығы арттырылды, ауыл шаруашылық өнімін дайындау және сатып алу бағасы көтерілді, аграрлық секторды техникамен жабдықтау біршама жақсарды, онда электр қуаты кеңірек қолданатын болды, колхоздар мемлекетке төлеуге тиісті қарыздарынан босатылды. Бірақ елде қалыптасқан басқару жүйесі ауыл шаруашылығының дамуын экстенсивті жолмен жүргізе берді.

Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді идеясы пайда болды.

1954 жылы қантарда болып өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов (1948-1954 жж. ) қызметінен босатылды. Бірінші хатшылыққа- П. Пономаренко (1954-1956 жж. ), екінші хатшылыққа - Л. И. Брежнев (1955-1956 жж. ) сайланды.

1954 жылғы қантар-наурыз - КОКП ОК-нің Пленумы « Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары .

Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т. б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылымық және тоқырау жылдарындағы кеңестік тоталитарлық билік
Тарихи романдарды ерекше тездікпен даму сипаты
Хрущевтың жылылығы жылдарындағы Қазақстан
Хрущев жылымығы жылдарында
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары (1945-1964 жж. )
Бекмаханов ісі
Cоғыcтaн кейінгі жылдaрдaғы Қaзaқcтaн (1946-1953). Қaзaқcтaн территорияcындa ядролық полигондaр құру. Әcкери-өндіріcтік бaзaны нығaйтудың бacтaуы
Кино өнері мәдениет саласы ретінде
Соғыстан кейінгі экономиканың қалыптасуы
Қазақстан терең дағдарыс жолында (1965-1991 жж.)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz