Эпителий ұлпасы және оның ерекшеліктері



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Эпителий ұлпасы және оның ерекшеліктері.
Жоспар:
1. Эпителий ұлпасы дегеніміз не?
2. Эпителий ұлпасының түрлері.
3. Эпителийдің басқа ұлпалардан айыратын, жалпы белгілері.
4. Морфологиялық классификация.
5. Функциялық классификация.
6. Көп қабатты эпителий
7. Көп қабатты эпителий түрлері.
Эпителий ұлпасы (textus epithelialis, лат. textus — ткань, ұлпа; грек, ері
— үстінде, thele — кеуделік емізікше) организмді сыртқы жағынан қаптап,
ішкі мүшелердін кілегейлі және сірлі қабықтарын астарлайтын және әртүрлі
бездер паренхимасын түзетін ұлпа. Эпителий ұлпасы: жабынды және безді
эпителий болып екіге бөлінеді. Жабынды эпителий ұлпасы организмді қаптап,
оның ішкі ортасын қоршаған сыртқы ортадан бөліп тұрады. Эпителий ұлпасы бір-
бірімен тығыз орналасқан эпителий жасушаларынан (эпителиоциттерден)
құралған.
Жасушаларының пішіні мен атқаратын қызметіне қарай эпителий ұлпалары 4
топқа бөлінеді:
1. жалпақ эпителий (көп қабатты) жасушалары көп қырлы, терінің үстіңгі
қабаты мен ауыз қуысы, өңештің ішкі жағын астарлайды.

2. текшелі (кубический) эпителий бүйректің өзекшелерін іш жағынан
астарлап тұрады;
3. бағана тәрізді эпителийдің жасушалары ұзынша, асқазан мен ішектердің
ішкі қабатында орналасқан;
4. кірпікшелі эпителий бағана тәрізді жасушаларының бетінде цитоплазмадан
түзілген кірпікше тәрізді өсінділері болады.

Эпителийдің басқа ұлпалардан айыратын, жалпы белгілері болады.

1. Эпителий ағзаны сыртқы және ішкі ортадан бөліп тұратын және олармен
байланысты қамтамасыз ететін шекаралық ұлпа. Ішектің куысы,
асқазанның, бүйректің жыныс органдардың қуыстарын эпителий ұлпасы
астарлап жатады және перикордиаль, превраль және құрсақ бөлімдерін
бөліп тұрады. Эпителий ұлпасының негізгі бір ерекшелігі шекаралық
қызметі. Осы қызметіне байланысты эпителий ұлпасының құрамындағы
жасуша элементтері әртүрлі болады.

2. Эпителийдің жасушалары қабат құрап, үлкен бетті алып орналасады. Қабат
тұзіп орналасуына байланысты эпителий қорғаныштық қызмет атқарады.

3. Эпителий ұлпасының негізгі массасын жасушалар құрайды. Бұл эволюция
барысында қалыптасқан қасиет. Себебі регенирация жасау үшін және ол
неғұрлым тез жүру үшін ұлпа жасушаларға бай болу керек. Эпителий түрлі
қорғаныштық құрылымдарды (кутикула, хитин, бақалшақ) құрайды. Бұл
құрылымдардың барлығы эпителий ұлпасының құрамындағы жасушалардың
қызметіне байланысты.

4. Эпителиалдық жасушалардың құрылысы полярлы келеді. Базальдық және
апикальдық бөліктері құрылысы мен қызметі жағынан бірдей болмайды.
Мысалы, ішектің эпителиалдық жасушаларының апикалық бетінде
микробүрлер болады, ішкі торлы аппарат ядроның үстіңгі аймағында
орналасқан, ол жасушалардың базальдық бөліктерінде микробүрлер мен
торлы аппараттың элементтері болмайды. Эпителий жасушаларының полярлы
болуы оларды шекарада орналасуына байланысты.

5. Эпителий базальдық мембрананың үстінде жатады. Базальдық мембрана
эпителий жасушалары мен оның астындағы дәнекер жасушаларының тіршілік
әрекеттерінің әсерінен пайда болады және осы екі ұлпаны, бір жағынан
бір-бірінен бөліп, екінші жағынан оларды біріктіріп біртұтас комплекс
құрайды. Эпителийдің қоректену базальдық
мембрана арқылы диффузиялық жолмен қамтамасыз етіледі. Осы жерде,
эпителийде кан мен лимфа тамырларының болмайтынын, ал жүйке
талшықтарының көп болатынын ескеру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағза және оны құрайтын құрылымдар: жасуша, ұлпа, мүшелер, мүшелер жүйелері туралы түсініктер
Безді эпителий
Цитология және гистология түсінігі
Цитология және гистология
Клетканың органикалық заттары
Эпителиалды тіндер
Безді эпителий ұлпасы
Цитоплазма - ядроны қоршап жатқан жасуша бөлігі
Цитология және гистология пәні бойынша құрылған электронды оқулық
Жасушаның алуан түрлілігі
Пәндер