Дарвинизм. Эволюциялық қазіргі идеялар



ӨСӨЖ
Тақырыбы:Дарвинизм. Эволюциялық қазіргі идеялар.

Орындаған:Жақып Д.Б
Тексерген:Хамитова Қ.К

Эволюция.

Биологиядағы маңызды түсініктердің бірі тіршіліктің эволюция арқылы өзгеріп дамитындығы және қазіргі тіршіліктің барша түрінің ортақ тегінің болуында. Бұл алдыңғы секцияларда көрсетілген бірліктер мен процесстердің таңқаларлық ұқсастығына алып келді. 1809 жылы Жан-Батист де Ламарк ғылыми лексиконға таныстырған эволюцияның негізін жарты ғасырдан соң Чарльз Дарвин қалады. Ч.Дарвин эволюцияның қозғаушы күші ретінде табиғи сұрыпталу процессін атап көрсетті. Альфред Уоллес те бұл теорияны жасаушылардың бірі ретін де танылады, себебі, ол зерттеу жұмыстары мен тәжірибелерде көмек көрсеткен екен. Дарвин түрлер табиғи сұрыпталу және жасанды сұрыпталу немесе селектив бридинг нәтижесінде дамиды деп тұжырым жасады. Қазіргі теорияның жасалуында эволюциялық дамудың қосымша механизмі ретінде генетикалық дрифт қабылданды.

Дамып шыққан сан алуан түрлерінің қасиеттерін сипаттайтын түрлердің эволюциялық тарихы мен белгілі бір түрдің басқа әр түрге генеалогиялық туыстығы оның филогениясы деп аталады. Биологиядағы бір-біріне ұқсамайтын әдістемелер филогения туралы мәліметтер үшін таптырмас қайнар көз болып табылады. Олардың қатарына молекуляр биология я болмаса геномикада жасалатын ДНҚ тізбектерін салыстыру және палеонтологиядағы фосилдерді немесе көне организмдердің басқа да іздерін салыстыру бар. Биологтар эволюциялық қатынастарды филогенетика, фенетика және кладистика сияқты әдістерді қолдана отырып қалыптастырады және анализ жасайды. Тіршілік эволюциясындағы негізгі оқиғалардың қысқаша баяндамасы үшін эволюциялық уақытнаманы қараңыз.
ХІХ ғасырға дейін тіршілік формалары белгілі шарттар аясында спонтанды түрде пайда бола алуы мүмкін деген түсінік болды. Бұған Уильям Гарвей келіспеді және ол бұған "бар өмір жұмыртқадан" ( латыншадан "Omne vivum ex ovo") деген кәламмен қарсы шықты. Бұл қағида қазіргі биологияның түпкі негізі. Ол қарапайым ғана тілмен тіршіліктің үзілмейтін жалғастығын баяндаса керек.

Эволюция ілімінің міндеті мен зерттеу әдістері. Эволюция ілімінің міндеті - әр түрлі ағзалардың шығу тегінің себептері мен оған әсер ететін жағдайларын табу. Басты міндеті - азалардың тарихи даму заңдылықтарын анықтау. Ол екі бағытта зерттеледі:
* популяциядағы түр түзілуге дейінгі эволюциялық әрекеттерді эксперимент жасай отырып зерттеу;
* эволюция проблемаларын теориялық жолмен зерттеу.
Эволюция проблемаларын ойдағыдай шешу үшін экспериментальды зерттеулердің жаңа әдістерін ойлап табу қажет.

Эволюцияның негізгі әдістері мен прициптері
Эволюциялық ілім негізгі екі приципке сүйенеді: тарихилық және актуальдылық. Эволюцияның бағыттары мен әдістері осы екі принциппен байланысты. Тарихи принцип - қазіргі тірі ағзаларды зерттеу үшін бұрынғы жүрген эволюцияны зерттегенде алынған мәліметтерді қолданады. Оған мына афоризм сәйкес келеді ескіні зерттеу - жаңаны түсінудің кілті. Тарихи принцип генетикалы және салыстырмалы әдістер негізіне сүйенеді.

Эволюцияның негізгі әдістері мен прициптері.

1.Салыстырмалы әдіс - ағзалардың тұрақталған формаларын зерттегенде қолданылады. Ол әр түрлі ағза топтарының құрылысы мен қызметін, олардың ұқсастықтары мен арасындағы айырмашылығын салыстыруға негізделген. Мысалы, ол: - анатомиялық - морфологиялық салыстыру; - эмбриональды салыстыру;

2. Генетикалық әдіс - ағзалардың шығу тегі себептерін түсіндіреді, бұл әдісті өз еңбектерінде Ч.Дарвин енгізген болатын. Генетикалық әдіс палеонтология мәліметтеріне сүйенеді. Генетикалық әдіс салыстырмалы әдіспен тығыз байланысты. Актуальдылық принципі - жекеленген популяцияларда байқалатын эволюциялық өзгерістерді, алдыңғы эволюциялық әрекеттерге қолдану.Оның мәні Қазіргі зерттеу өткенді білудің кілті афоризміне сәйкес келеді. Қазіргі зерттеулер популяциялық - статистикалық әдіске негізделеді.

Эволюция ілімінің ғылыми зерттеу жүйесіндегі орны.
Эволюциялық ілім - жеке биологиялық пән. Эволюциялық ілім басқа жаратылыстану салаларымен, әлеуметтік ғылымдармен, диалектикалық материализм филасофиясымен тығыз байланысты. Органикалық эволюция биологияның - палентология, морфология, эмбриология, биохимия, генетика, экология және басқа барлық салаларына сүйенеді. Түрлердің қайсы бірі болмасын ,бүкіл биоценоз болсын эволюцияланушы жүйе болып табылады. Олардың өзіндік құрылымдары бар. Тірі ағзалар молекулалардан, жасушалардан, ұлпалардан, жекеленген мүшелерден, мүшелер жүйесінен тұрады.Тіршілік деңгейлерінің әрқайсысын әр түрлі ғылымдар саласы зерттейді
Тіршіліктің әр түрлі формаларын зерттеп, эволюцияның себептерін және қорытындысында не болатынын қарастырғанда, эволюциялық теория әр түрлі ғылымдардың да себеп- салдарын қарастырады (молекулалық генетика, биохимия, цитология, гистология, анатомия, физиология).Миллиондаған жылдар бойы жүрген эволюция да өз жағынан қазіргі бірқатар бионикалық - техникалық проблемаларды шешуге де үлесін қосты.

2. Эволюциялык идеялардың даму тарихы.

Дарвиндік дәуірге дейінгі эволюциялық идеялардың дамуы. Ерте заманғы, орта ғасырдағы тірі табиғаттың дамуы жайлы ұғымдар. Қайта өркендеу дәуіріндегі биологияның дамуы.Ж. Кювье мен Э. Жоффураның идеяларындағы қайшылықтар. ХҮІІІ ғ.органикалық дүние эволюциясындағы көзқарастар. К.Линейдің тірі табиғаттың дамуы жөніндегі еңбегі.

Ежелгi заман философиясындағы эволюционизм элементтерi. Органикалық дүниенің тарихи дамуы туралы ғылым бiрден пайда болған жоқ. Тiрi табиғаттың дамуы, басқаша айтқанда эволюциясы туралы түсiнiктер, екi кезеңге: 1. Дарвинге дейiнгi; 2. Дарвиннен кейiнгi болып бөлiнедi. Дарвинге дейiнгi тірі табиғаттың дамуы жайлы алғашқы идеялар Месопотамияның, Қытайдың, Үндістанның, Египеттің, Грецияның ертедегі материалистерінің еңбектерінде байқалады.Олардың ұғымы бойынша табиғаттағы барлық зат қозғалыста, өзгерісте болады және де біреуінен екіншісі дамып жаңа зат пайда болады, нәтижесінде қарапайымдардан күрделі формалар қалыптасады делінген.
Алғашқы философиялық мектептер кiшi Азия жағалауларындағы iрi қалалар Эфисте және Милетте ашылды. Гераклит - Эфис ойшылы (б.э.д. 530-470 ж.) оның түсінігіше табиғатта барлық нәрсе ықпалды, барлығы өзгередi. Галактиканың алғашқы элементтерi: от, су, ауа, топырақ үздіксіз қозғалыста болады және олар өзара әрекеттесіп, материя дамуының бастамасы болғанын, оның аяғы жоқ шексіз әрекет екенiн айтады.
Ион материалистiк философиялық мектептiң iрi өкілдері Фалес, Анаксимендр, Анаксимен - әлемнiң шығу тегiн табиғаттың өзiмен байланыстырды. Фалес, барлығы табиғи дамудың нәтижесiнде судан пайда болды деп есептедi. Анаксимандр, тiршiлiк судан және топырақтан жылудың әсерiнен пайда болады дедi. Анаксимен, негiзгi элемент ауа, ол сиректенедi және тығыздалады, ол заттардың әр түрлiлiгiн сол әрекеттердiң әсерiнен пайда болатынын түсiндiредi. Ол адам мен жануарлар жер кiлегейiнен пайда болды деп санады.
Механикалық материализмнiң өкiлдерi саналатын философтар - Демокрит және Эмпедокл болды (б.э.д. 460- 370 ж.). Демокрит бойынша әлемнiң барлығы көптеген бөлiнбейтiн атомдардан тұрады. Грецияның философы Эмпедокл (490-430) алғаш рет тiршiлiктiң пайда болу механизмiн түсiндiрмекші болды. Атомдардың жеңілдері бетіне көтеріліп одан ауа, ауырлары астына түсіп одан топырақ пен су пайда болған, ал олардың камбинацияларынан бiр тұтас ағзалар құралады деп жорамалдады.
Биологияның ғылым ретiнде пайда болуы Грецияның ұлы ойшылы Аристотельмен байланысты. Ол өзiнiң еңбектерiнде жануарларды салыстыра зерттеп, салыстырмалы анатомияның, морфологияның, ежелгi эмбриологияның негiзiн салды. Жануарлар тарихы атты еңбегiнде Аристотель ағзалардың жiктелуiн салыстырмалы морфологиялық және физиологиялық зерттеулердiң негiзiнде құрды. Жануарларды ол екi үлкен топқа қаны бар жануар және қансыз жануарлар деп бөлдi, ары қарай бұл топтар одан майда таксондарға бөлiнедi. Ең бiрiншi рет туыс және түр деген түсiнiктердi енгiздi. Аристотель өзi құрған жiктеу әдiсiн қолданып жануарлардың 500 түрiн сипаттап берген. Жануарлардың бөлiктерi атты еңбегiнде мүшелердiң өзара байланыстылығы (корреляциясы ) туралы ой келтiредi. Мұнда бiр мүшенiң өзгеруi басқа да мүшенiң қызметiнiң өзгеруiне әкеледi дейді. Осы еңбегiнде Аристотель табиғаттың жалпы заңы ретiнде материялы объектiлердiң сатылы дамуын көрсетті: төменгi сатыға - минералдар, өсiмдiктер, зоофиттер ( өсiмдiк жануарлар) және төменгi сатыдағы жануарлар, жоғарғы сатыға - жануарлар мен адамды орналастырды. Бiрақ Аристотель осы сатының баспалдақтары арасында байланыс жоқ деп есептедi. Жануарлардың шығу тегi деген еңбегiнде Аристотель салыстырмалы анатомиялық әдiстi жетiлдiрдi және эмбриологиялық зерттеулердi қолданды. Әр түрлi жануарлардың эмбриондарын зерттеу барысында, Аристотель олардың ата тегi бiр болуы мүмкiн деген ойға келдi.
Ион мектебiнен басталатын материалистiк философия саласы ежелгi уақытта Рим философы және ақыны Лукрецкий Кардың мәлiмдемесiмен аяқталды. Атақты ақын Табиғат заттары туралы поэмасында Лукреций Кар алғаш рет табиғатта жүріп отыратын табиғи сұрыптау туралы түсiнiк енгiздi.
Сонымен, ежелгi заман философтарының көзқарастарында эволюцианизмнiң маңызды элементтерi болды: 1. Тiршiлiк табиғат жолымен пайда болды және олар қарама-қайшылықтың күресi нәтижесiнде өзгередi, сәттi түрлерi тiршiлiк етедi. 2. Тiрi табиғаттың сатылап, бiрте- бiрте күрделенуi туралы идеялары. 3. Ағзалардың бiртұтастығы (корреляция принципi) және эмбриогенез, жаңа құрылымдық әрекеттер туралы түсiнiктер пайда болды.
Метафизикалық кезең. Креацинизм көзқарастарының таралуы.
Заманындағы осындай материалистік бағыттағы ой - пікірге қарсы метафизикалық көзқарастар қалыптаса бастады. ҮІ - ХІҮ ғасырлар аралығында Еуропа елдерінде жаратылыстану ғылымында ұзақ уақытқа созылған тоқырау заманы туды. Батыс Еуропада дамып келе жатқан феодалдық қоғам жағдайында шіркеу, ең алдымен католик шіркеуі ірі экономикалық және саясаттық күшке айналды. Шіркеу діни идеологияны насихаттап, қанауды жақтап феодалға бас июге шақырды. Табиғатты танудың орнына аруаққа табыну, кереметке сену уағыздалды, ғылымның орнына схоластика және діни кітаптарды мадақтады. Ғылыммен айналыспақ түгілі табиғат жайлы кітап оқығандарды да жазаға тартып, тірідей отқа өртеп, қорқытты. Шіркеу догматының шектен тыс уағыздалуы, озық ойлы ғалымдардың да қателесуімен жалғасып жатты.
Қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар.
Сауданың дамуы, теңізде жүзудің кең етек алуына байланысты жаңа елдердің ашылуы ХҮІ ғасырдың басында жаратылыстану ғылымдары - астрономия,геология, ботаника, зоологияның дамуына себеп болды. ХҮІ - ХҮІІ ғасырлар аралығы биологияның даму саласында сипаттау кезеңі болып есептеледі. Ағылшын философы Ф.Бэкон индукция әдісін ойлап шығарып, ғылыми зерттеулер тек тәжірибе жүзінде жүргізілуі тиіс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иван Шмальгаузен
Эволюциялық идеялардың даму кезеңдері
Прогресшіл биологтардың дарвинизмді қорғауы және насихаттауы
Эволюциялық идеяның туылуы
Огюст Конттың позитивизмі
Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы
Эволюция ілімінің дарвиннен кейінгі дамуы
Дарвинизм және биологиядағы қазіргі заманғы эволюциялық идеялар
Органикалық дүниенің даму мәселелері
Жоққа шығаруды жоққа шығару
Пәндер