Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының қалыптасу эволюциясы жайында
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік
Медицина Университеті
Студенттің өзіндік
жұмысы
Мамандығы: Жалпы медицина
Кафедра: Қазақстан тарихы және жалпы әлеуметтік пәндер Дисциплина: Қазақстанның қазіргі заман тарихы Курс: Тобы: Тақырыбы: Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының тарихи эволюциясы Орындау түрі:Мәнжазба
Жоспары:
I.Кіріспе:
- Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының қалыптасу эволюциясы
II.Негізгі бөлім:
- Қазақ хандығының құрылуы және елдің бастамалары
- Қазақ халқының басына төңген қасірет. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама кезеңі
- Қазақ зиялыларының азаттық үшін күресі
-1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
V. Бағалау критерий
I.Кіріспе
Қазақ даласы - Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы.
Тәуелсіздіктің тар жол,тайғақ кешуінен,беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз
Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақ елі сонау б.з. 6-ғасырынан бастап өз егемендігі үшін күрес жасап, сан ғасырлар бойы алға ұмтылуының нәтижесінде 15-ғасырдың 2-жартысында Қазақ Хандығын құрып, болашаққа үлкен қадам жасады. Егемен елег жол бастаған қазақтың хандары, билері мен батырларының жасаған ерліктері қазіргі таңда ең ауқымды тақырыптардың бірі болып табылады. Себебі, тәуелсіздік жолындағы күрес ешкімге де оңайшылықпен бағынбады және жаңа заманда мұның маңызын біліп, жадыда сақтау әр мемлекет мүшесінің парызы болып есептеледі.
Тәуелсіздік жолы қиын-қыстау кезеңдерден, қасіретті жылдар мен қанды қырғындардан, азаға толы азаттық күрестерден тұрды. Сондықтан да, отан тарихындағы ұлт-азаттық қозғалыс пен үлт зиялыларының азаттық жолында жүргізген қажымас күресін өз дәрежесінде объективті түрде зерттеу және оны халық санасына дұрыс жеткізу - тәуелсіз ел тарихшыларының алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған күннен бастап, куммунистік идеялар мен бүркенген отаршыл ұлы державалық орыс шовинизмінің біздің ұлтымызға құрастырып берген, саясаттандырған ұлттық тарихымызды - ұлттық көзқарас тұрғысынан жаңаша объективтң зерделеу процесі басталып, әлемдік ортақ өркениет пен адамзаттық игілік құндылықтарын басшылыққа алған отандық тарих ғылымы ізденіс үстінде дамып келеді.
Отан тарихының ең күрделі де түйінді нысаны болған Түркістан тарихы, әсіресе оның ұлттық-мемлекеттік межеулерге дейінгі кезеңі белгілі деңгейде зерттелгенімен бұл тақырып комцептуалды тұрғыда терең қарастыруды қажет етеді. Осындай ерекшеліктерге байланысты тақырыптың мынадай өзектілігі айқындалады:
- Қазақстанның Ресейге қосылу процесі олардың арасындағы маңызды саяси байланысты үдете түскені анық. Ресей мемлекеті Шығыстағы өзінің мемлекеттік шекарасын кеңейтуге мүддесін білдірген. Мемлекеттік билікті орталықтандыру және күшейту шаралары бойынша шығыс мемлекеттер көршілес жатқан халықтармен сауда айырбастау және өзге де қарым-қатынас жасау нысандары айтарлықтай өсті. Қазақстан мен Орта Азия республикалары тәуелсіздігінің басталуында тұрған бұл қозғалыстарды бірін-бірі толықтыратын біртұтас ортақ құндылықтарымен және бірін-бірі қайталамайтын ерекшеліктермен дара құбылыстар ретінде қарастыру қажеттілігі айқын сезіліп отыр. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң көмескі тарта бастаған тарихи санамызды жаңғырту - өзімізден басталады.Бүгінгі таңда Еуразияның элицентрінде тұрған Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жолындағы қадамын ашып көрсету жолындағы қадамын ашып көрсету жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Б.з. 6-ғасырынан Қазастанның саяси жағдайының, тәуелсіздікке құлшынысының мәні мен мазмұнын айқындау жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.Сол тарихи дәуірде қалыптасқан тарихи, саяси, әлеуметтік, мәдени және ғылыми өзгерістермен байланыстыра отырып, зерттеу жұмысының алдына қойған негізгі мақсатына сәйкес мынадай міндеттер қойылады.
-Қазақтың отаршылдық өміріне шолу жасау.
-Қазақ Хандығының даму алғышарттарына тоқталып, ондағы саяси жайттарға сипаттама жасау.
-Ресейге қосылу процесіндегі туындаған қиыншылықтар мен алғышарттардың мағынасын көрсетіп, түсінік беру.
-Қазақтың зиялы қауымының алға қойған мақсаттарын ашып, жасаған әрекеттерінің маңызына тоқталу.
-Қазақстанның тәуелсіздігінің өзектілігінің мен тарихи маңызын сипаттап қорытынды беру.
Қазақ хандығының құрылуы және елдің бастамалары
13 ғ-дың басында Қазақ даласына моңғол шапқыншылығы басталды.Моңғол атты әскері Жетісу және Оңтүстік Қазақстан жері арқылы Орта Азияға шабуыл жасады. Орталық Қазақстан жерінде қырғын соғыс болғандығы туралы деректер жоқ. Шыңғысхан көзінің тірісінде жаулап алған аумағын төрт ұлына бөлген кезде Орталық Қазақстан үлкен ұлы Жошы иелігіне тиді. Кейіннен Жошы ұлысы Алтын Орданың негізін құрап, Орталық Қазақстанның тайпалық одақтары осы мемлекеттің құрамына енді. Шыңғысхан жорығына, оның әулет бұтағына ең мол белгі Ұлытау өңірінде кездеседі. Солардың ішінде ең әйгілісі - Жошы хан кесенесі. Алтын Орда Өзбек ханның тұсында мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдап, Шыңғысхан ұрпақтарын еріксіз мұсылмандыққа көшірді, бұл ретінде хандықтың негізін қалаған түркі тілдес тайпалардың рөлі зор. Шыңғысхан ұрпақтарының өзара соғысының, Орта Азияда Темірдің күшеюіне байланысты Жәнібек ханның (1359-1379 ж.) тұсында Алтын Орда бірнеше хандықтарға бөлініп, Орталық Қазақстанда, алғашқыда Ақ Орда, кейіннен Әбілқайыр хандық құрды.
Әмір Темірдің Ұлытау бойына келгендігі туралы жазба деректе, тарихи ескерткіште сақталған. Темірдің сарай шежіресі Шараф ад-дин Әли Ниязи Даңқ кітабында былайша келтіреді: Темір Ұлытауға келгенде алдымен сол таудың басына шығып, төңірегіндегі көк-жасыл дала мен сеңгір тауларға ұзақты күнге тесіле қараумен болды. Сонан соң әскерін жинап, сол жерде үлкен құлпытас орнатуға бұйрық берді. Бармағы майысқан шеберлер осынау сәтті оқиғаның күнін тасқа қашап жазды делінген. Бұл тас Ұлытаудағы Алтын шоқы биігіне орнатылған. Оны алғаш тауып, жария еткен академик Қаныш Сәтбаев. Бұл тас қазір Санкт-Петербургте Эрмитажда тұр.
Әбілқайыр хан (1428-1468 ж.) үнемі жорықта жүріп, елдің ішкі жағдайын әлсіретіп алуының нәтижесінде 1465 жылы Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек және Керей сұлтандар өзіне қарасты руларымен наразылық ниетпен Моғолстан жеріне көшіп кетті. Сонымен Орталық Қазақстаннан шыққан екі сұлтан Шу өзенінің бойы, Хантауы жазығында 1466 жылы Қазақ хандығының негізін қалады. 1468 ж. Жәнібек пен Керей сұлтандарды қайтармақшы болып жорыққа шыққан Әбілқайыр хан Балқаш көлі маңында кенеттен қайтыс болып, әскері кейін қайтты.
Қазақ хандығы Бұрындық (1474-1511 ж.) және Қасым ханның (1511-1518 ж.) тұсында кеңейіп, Орталық және Батыс Қазақстан аумағын түгел қамтыды. Қасым хан тұсынан қазақ хандары Ұлытау баурайына да өздерінің алтын үзікті ордасын тігіп отырған. Тұрғылықты халық бұл орынды әлі күнге дейін Хан ордасы деп қастерлейді. Қасым ханның баласы Хақназар (1538-1580 ж.) Қазақстанның аумағын солтүстігінде Есіл,Нұра өзендеріне, шығысында Балқаш көліне, батысында Еділ өзені, ал оңтүстігінде Ташкентке дейін жеткізді. Сонымен 16 ғ-да Орталық Қазақстан экономикалық жағынан біртұтас, этникалық құрамы біртектес Қазақ хандығының құрамына енді. 17 ғ. қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы ерлік кезеңі, Орталық Қазақстан жерінде қазақтардың әскері екі ірі жеңіске жеткенімен қазақ-жоңғар соғысы әлі жүз жылға созылды. Қалмақтар мен қазақтардың өзара жауластығы қалмақтардың бір одаққа бірігуінен басталып, оларды қытайлықтардың түгел жойып жіберген кезеңіне дейін ұласты. Тәуке хан билік еткен кезеңде (1680-1718 ж.) Қазақ хандығының қырғыздармен және қарақалпақтармен одақтасуы нәтижесінде жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылын уақытша бәсеңдетті. Осыны пайдаланған Тәуке хан қазақ арасында қоғамдық өмірдің заңдастырылған тәртібін еңгізді. Күшті де қарулы жауға қарсы тұру үшін Тәуке хан әлсіз де бытыраңқы рулардың басын қосты, одақ құрды. Ұлы жүзге Төле би,Орта жүзге Қазыбек биді, Кіші жүзге Әйтеке биді билікке тағайындады. Сонымен тарихта аты қалып, осы күнге дейін жеткен Жеті жарғы дүниеге келді.Заңдық сипаты бар құжат көшпелі рулардың тұрмыс-салт дәстүріне негізделді.
Қазақ халқының басына төңген қасірет. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама кезеңі
1723 жыл қазақ есінде қасіретті қайғыға толы ең ауыр жыл есебінде қалды.Ел қонысынан, мал-мүлкінен айырылды. Ұлан-байтақ қазақ жерінің күншығысы мен оңтүстігінен Сыр бойына қарай шұбырған сан мыңдаған халықтың көбі ит пен құсқа жем болды. Осылайша қазақ тарихында Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама деп алатған жойқын апат басталды. Шұбырған елдің қанды жасынан туған әйгілі Елім-ай әні дүниеге келді.
Дәл осы тарихи кезеңде қазақ халқына құрып кету қайпі туды. Бейбіт халық егілді. Жазықсыз жандардың қаны төгілді. Халық дағдарды. Қазақ халқы бірліктің керегін түсінді. Сол кездің өзінде қазақ ішінде суырыла сөйлейтін шешендер, топты бастар көсемдер, ту ұстайтын батырлар, елді ерлікке шақыратын жыршылар көп болды. Бірақ осылардың бәрін біріктіріп, басшылық ететін қайраткер - көсем керек еді.
1723 жылғы қасіретті оқиға салдарынан сол кездегі қазақ халқының тең жартысына жуығының қырылуы халықты есеңгіретіп қана қойған жоқ, қатты ойландырды да. Жұртшылық елдің елдігін сақтау үшін бірігу қажет екенін түсінді. Ел билеген хандар да, оларға ақылшы бола білген билер де осындай түйінге келді. Қиын-қыстау заманда халық өз арасынан елі мен жерін қорғайтын батырларын шығарды. Бұл туралы Бұқар жырау өзінің толғауында: Өңкей батыр жиысты, Абылай салды жарлықты, - деп көрсетеді.
1726 жылы Ордабасы мекенінде қазақ рулары мен тайпаларының жиыны болды. Онда біртұтас халықтық қарсыласу жарлығы құрылып, бүкіл қазақ әскеріне қолбасшылық ету Кіші жүз ханы Әбілқайырға жүктелді. Сөйтіп, жұдырықтай жұмылған қазақ қолы жоңғарларға жойқын соққы беруге дайындалды. Ұрыс 1727 жылы Бұланты өзені маңындағы Қарасиыр деген жерде өтті. Қазақ жасақтары жауды өзінің кең-байтақ даласына тереңірек сұғындыра еліктіріп кіргізіп алып, кенеттен жалт бұрылып, оң қанаттан да, сол қанаттан да ойсырата соққы берді. Сосын ту сыртынан енді қайтып тұрмастай тіке шабуылдың астына алды. Бұл ұрыс болған жер тарихта Қалмақ қырылған деген атпен қалды. Жеңіс халықтың рухын көтеріп, өз күшіне сенуге жігерлендірді. Осыдан бастап қазақьар ұрым барысын өз қолына алып, қарсы шабуылға шықты.
XVIII ғасырдың 20-жылдарының соңындағы қазақтардың жоңғарларды талқандаған тамаша жеңістеріне жау елінің өз ішіндегі күрделі жағдайлары да себепші болды. Сонымен бірге 1727 жылы Жоңғарияның өз ішінде бұрқ ете қалған қырқыстар мен жоңғар-цин соғысының басталуы да әсер етті. 1729 жылы хан тағынан үміткерлер мемлекет мүддесін естен шығарып, жоғары өкімет билігін мұралану үшін жанжалдасты. Жоңғар хандығы Цин империясы тарапынан жасалған шабуылға ұшырады да, ойрат нояндарына өз жасақтарын тез арада батысқа жеткізуге тура келді.
Қазақ жасақтарын ұрысқа Бөгенбай, Қабанбай және Райымбек батырлар бастап кірді. Алдыңғы шайқастардағы сияқты, қазақтар бұл жолы да ұрыс қимылдарын жүргізудің дәстүрлі далалық тактикасын қолданды. Жауынгерлердің шағын тобы жоңғарлардың қарсы алдынан шыға келіп, қазақ қолының қатарын аз сияқты көрсетуге тырысты. Сонан соң кейін қарай қаша ұрысып, дұшпанды еліктіре ішке сұғындырып жіберді, сол кезде қазақ жасақтарының басты бөлімшелері қос қанаттан лап қойып, қансырата соқты. Аңырақай шайқасы жоңғарлар үшін шешуші соғыс болды.
30-жылдардан бастап жоңғарлармен болған шайқастардың бәріне қатысып, асқан ерлік көрсеткен, ақылды әрі тамаша қолбасшы ретінде көзге түскен Абылай Орта жүздің билеушісі әрі бүкіл қазақтың ханы болып саналады. Қазақ халқының мүддесі үшін ол көрші мемлекеттер арасындағы, әсіресе олардың өз ішіндегі алауыздықты қалт жібермей пайдалана білді және жауларының өзара қырқысуларын одан әрі өршітуге ықпал етті. XVIII ғасырдың 40-жылдарында жоңғар шонжарлары арасындағы өршіген алауыздықты пайдаланған Абылай жоңғарлардың ішкі ісіне араласып, үкімет билігіне таласқан шонжарлардың біресе ол жағын, біресе бұл жағын қолдап, талас-тартысты ушықтырды, сөйтіп, оларды әлсіретті. Осының нәтижесінде бұрын жоңғарлар басып алған қазақ жерін қайтарып алды. 1745-1755 жылдар аралығында жоңғар шонжарлары хан тағы үшін өзара соғысып, әбден әлсіреді. Осыдан кейін 1757-1758 жылдары жоңғардардың қазақ жеріне шабуылы біржола тоқтады.
Қазақ зиялыларының азаттық үшін күресі
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ ағартушылары мен ақын жазушылары аңсаған ілім-білімге үндесу ХХ ғасырдың бас кезінде біршама нәтижесін беріп, алдыңғы қатардағы азаматтарды, елді ояту азаттыққа ұмтылу мақсатына жетеледі. Осы зиялылар арасында ел бағытын айқындар сара жолды жаңылмай нұсқап, адастырмас даңғылға алып шығуға ұмтылған жаңа тұлғалар шоғыры қоғамдық өмір өрінде көріне бастады. Сол көш бастаушылардың ең танымалысы - Ахмет Байтұрсынов. Ахмет Байтұрсынов қазақ зиялыларының арасындағы күрескерлік бағытты ұстанған саяси топтың көрнекті жетекшіл рухы, өзгеше сарын танытқан қаламгер болды. Азаттық пен бостандыққа бастайтын өткір қаруы - әрбір қазақ оқырмандарына түсінікті өлеңдері мен мән-мағынасы терең көсемсөздік еңбектері. Бұл күнде Ахмет Байтұрсынов өмірбаянына қатысты біраз материалдар жарық көрді.
Өз халқының азаттық күресіне жолбасшы болуға бекінген А.Байтұрсынов 1909 жылы шілденің 1 күні Т.Шыңғысовтың көрсетуімен тұтқындалып, Семей түрмесінде 1 жыл отырып, 2 жылға дейін Қазақстанда тұру құқығынан айырылды. 1910 жылдың 9 наурызынан Ұлы төңкерісіне дейін Орынборды мекендеді. Осы кезеңнен бастап оның ғылыми-ағартушылық, саяси-қайраткерлік, творчестволық еңбегі еңбегі ерекше күшейе түседі. А.Байтұсынов өмірінің қиын да қызықты кезеңі басталады. 1909 жылы Петербург қаласында 1901-1904 жылдары Қырық мысал атты өлеңдер жинағы шықты. Ол 1913 жылы Қазақ газетінің ашылуын ұйымдастырды, оның редакторы ретінде, қызмет атқарды. Аталмыш газетті редакциялап жүргенде бірнеше мәрте әкімшілік жолымен айып тартып,тұтқындалды. 1917 жылдың соңына дейін редактор болып істедім, - деп жазады А.Байтұрсынов өз өмірбаянында. А.Байтұрсынов ұйымдастырған Қазақ атты тұңғыш би ресми ұлттық газеттің патша әкімшілігінің көңілінен шыға бермегендігін, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған сара жолы, өзіндік көзқарасы бар, саяси бедері айқындалған беделді басылым екенін тарих растайды.
Оян, Қазақ деп аттан салып, бостандық пен азаттықты аңсаған Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов сынды қыран ойлы қазақ зиялыларының күш-жігері, қайраты мен табандылығының арқасында дүниеге келген Қазақ ұзақ жылдар бойы ұраншыл айқайдың тоқпағында қалып, тапшыл саясатының тозағына қарылды. Ақ-қараны айыртпас солақай саясат дегеніне жетті. Халық жауларының газетін 72 жыл бойы ел көзінен тысқары, сананы улаған тар қапаста ұстады. Кезінде ұлттың ар-намысына айналған, халқының бағдар айтар жарық жұлдызы бола білген газеттің соңындағы жазығы не еді? Жазығы ұлтымызыдың шерлі кезеңінің шежіресіне айналғандығында. Қазақтың кең даласын апай-топай етер қара дауылдың алдын болжағандығында.
Ұлттар ісі жөніндегі халық комиссариаты Қазақ бөлімінің Бөкей бөлімшесі 1919 жылдың жазында баспаханасымен Ордадан Қазақ Автономиялы Республикасының болашақ астанасы Орынборға көшірілді. Сөйтіп, күн тәртібінде Орынборда кітап баспасын ашу мәселесі тұрды. Алғашқы қадам ретінде өлкенің мәдени қызметкерлерінің біріккен мәжілісі шақырылып та үлгерді. Бұл мәжіліске Төңкеріс комитетінің мүшелері - Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов сынды белгілі қазақ қайраткерлері қатысты. Мәжіліс Ахмет Байтұрсыновтың төрағалығымен өтті. Тұңғыш ресми Ұшқын газеті бір жылдай шығып тұрған соң, оның аты Еңбек туы, Еңбекші қазақ, Социалистік Қазақстан болып өзгеріп, қазіргі Егемен Қазақстанға дейін ұласқаны оқырмандар қауымына жақсы мәлім. Төңкеріс комитетінің қаулысын толық көлемінде қалтқысыз жүзеге асыру ниетімен Орынборда газетпен қоса, қазақ тілінде кітаптар басып шығару ісін қызу қолға алған А.Байтұрсынұлына жұмыс барысында түйіні қиын көп мәселелерді тікелей өзінің шешуіне тура келді. Басқасын айтпағанда, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz