Кеңес беру түрлері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Кеңес беру түрлері.

Психологиялық кеңес беру - клиенттің жеке өмірінде, кәсіби іс - әрекетінде, оқуында және басқа да жағдайларда кездескен психологиялық ьпроблемаларын шеше алуы үшін мінез құлықтың бейімсіз тәсілдерін, психологиялық қиыншылықтарды түсіндіретін психологиялық көмектің түрі.

Картинки по запросу психологическая консультация

Кеңес беру бұл - адамның проблемаларын зерттеуге, кикілжіңдерін түсінуге, жағдайды меңгерудің жаңа тәсілдерін іздестіруге көмектеседі. Психолог жағдайды өзгерту процесін тікелей басқара алмайтын, бірақ өзгеруге әрекеттенгенде кеңес беріледі. Кеңес беру психологиясы психологиялық кеңес берудің теориялық негізін құрайды.

Кеңес беру психологиясы - практикалық психологияның психотерапияға мұқтаж емес клиентке психологиялық көмек көрсетудің тәсілдерін құрайтын саласы. Ол психолог - кеңесші мен клиенттің арасындағы арнайы құрылған қарым - қатынастың барысында психологиялық проблемаларды тудыратынсебептер түсініктемесінің, сондай -ақ клиенттің ішкі және тұлға аралық проблемаларды неғұрлым епті шешуіне мүмкіндік беретін әдістердің табылунан бастау алады.

Психологиялық кеңестің міндеттері:

• Кеңес алушының туындаған мәселесін тез арада шешуге көмек жасау. Мәселен, бала мәселесіне байланысты ата- ананың ренжісіп қалуы, екі адамның бір-біріне ренжуі т. б.

• Адамдардың психологиялық білімдерін жетілдіру үшін пайдалы психологиялық кеңестер беріп отыру;

• Кеңес алушы бірден табысқа жетпеуі мүмкін, бірнеше рет кеңес алудың нәтижесінде қол жеткізетіндігін түсіндіру;

• Кеңес алушының алғаш келген кездей ойы мен кеңес алғаннан кейінгі ойын салыстыру;

• Кеңес алушының туындаған мәселесіне жеңіл қарамай, оған шын мән беріп шешу керектігіне көзін жеткізу;

Психо- педагогикалық кеңес: баланың жалпы тәрбие мәселесіне, даму ерекшеліктеріне байланысты кеңес. Мұнда педагог мамандар туралы, педагогикалық жетекшілік туралы, педагогикалық ұжымды басқару туралы т. б мәселелер төңірегінде болуы мүмкін.

скачанные файлы (2).jpg

Отбасылық кеңес : отбасы мүшелерінің және туыс-туғандар арасындағы арасындағы қарым-қатынас туралы. Мысалы: жар таңдау, ене мен келін арасындағы қарым-қатынас т. б.

Картинки по запросу семейная консультация

Маңызды іскерлік кеңес: өзіне мамандық таңдау барысында, әкімшілік шешім қабылдау кезінде т. б. мәселелер бойынша кеңес түрі.

Картинки по запросу деловая консультация

Жеке басқа арналған кеңес: бұған көбінесе, жеке басының жағдайына алаңдайтын адамдар келеді. Мәселен, үнемі бойын үрей билеп жүретін, ұмытшақ адам, көпшілік орында өзін ұстай алмайтын адам, жеке басындағы жат қылықтардан құтылудың жолын іздейтін адамдар және өзіне-өзі көңілі толмайтындар кеңес түрі. Мұндай кеңес жабық түрде өткізіледі.

скачанные файлы (3).jpg

Психологиялық кеңес берудің : клиникалық, басқарушы, ұйымдастырушы, педагогикалық сынды адамдардың тәжірибенің қандай саласында психологтың кеңесіне мұқтаж болуларына байланысты т. с. с. көптеген түрлері бар.

Ағылшын психологы М. Херберт «сіз кеңесшілерді мектептерде, өндірістік кәсіпорындарда, ауруханаларда, әлеметтік қызыметтерде кездестіре аласыз, неке, ажырасу мәселелері жөнінен кеңесшілер болады, ата-аналарға, студенттерге зейнеткерлерге кеңес беріледі ».

Клиент бастапқы диогностика үрдісінің өзінде -ақ нақты кеңес беруші көмекті алады. Сұхбаттасудың барлық кезеңдері клиентке түсініксіз мәселелердің жауабын алуға мүмкіндік береді. Алайда, проблемалардың шешілуіне жауап беретін және психологтың мақсатты ықпалын қамтитын кеңес беру процесінің орталық бөлімі, алынып қойған диогностикалық мәліметтерге арқау етуді болжайды. Сұхбаттасудың аталмыш кезеңі қалаулы нәтиженің, яғни мақсаттың сезілуіретінде белгіленеді. Психолог клиентпен бірге оның идеалын - оның қандай болғысы келетінін, өмірінде қандай жағдайлардың болатынын, проблемаларының қашан шешілетінін анықтайды. Клиент үшін кеңес беруші ықпал кезеңі ерекше болып көрінбейді. Сұхбаттасудың бүкіл барысы оны «инсайтқа» итермелейді. Оның бойында орын ала бастаған өзгерістер: «Барлығын мен өзім түсіндім» - деген оймен, дербес қуатының нәтижесі сезіледі.

ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢ : Психолог кеңес алушымен танысады. Алды ала психологиялық кеңес алуға жазған өтініші болса, өтініште көрсетілген жағдайларға тоқталады.

КӨҢІЛ-КҮЙЛІК КЕЗЕҢ : Мұнда психолог кеңес алушымен бетпе-бет кездесіп танысады. Көңіл-күйін көтереді. Кеңес өткізуге дайын екендігін білдіреді.

ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ : Кеңес алушының мәселесі жөнінде жағдайларды нақтылайды. Бұл кезеңде кеңес алушы әңгімелеп бәрін айтуы тиісті.

ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ : Психолог кеңес алушыға өз шешімін айтады. Айтқан шешімін нақтылайды, дәлелдейді.

БАҚЫЛАУ КЕЗЕҢІ: Кеңес алушымен кеңеседі. Келесі кеңестің уақытын белгілейді.

Картинки по запросу психологическая консультация

Психолог кеңес нәтижелі өту үшін :

• Кеңес алушының мәселесі шындық тұрғыдан болу керек. Кейде бәрі жақсы, бірақ өздері басқаша қарастырғылары келетіндер де болады. Егер кеңес алушы психологтың ұсыныстарына қарсы болса, өз пікірін өзгертпесе, психолог кеңесті аяқтауға мәжбүр болады.

• Егер де психологтың өзінің де шешуіне күрделі мәселелер төңірегінде ой қозғалса, ешқашан өтірік айтпай, тек кеңестің табысты аяқталуын естен шығармау керек. Өзіңіз шеше алмасаңыз, басқа тәжірибелі психолог- кеңесшіге жол сілтеңіз.

• Кеңестің неғұрлым ұзақ болуы мәселені кең тұрғыдан түсініп, мән-жәйін айқындай түсуге септігін тигізеді. Кеңес алушымен бірлесе отырып шешуге мүмкіндік туады.

• Кеңес алушы психологтың ұсыныстарын жіті бақылап отыратындықтан, ол сіздің абайсызда немесе білмей айтқан ұсыныстарыңызды сезіп қалса, іс-әрекетке жетекші ретінде емес, тілектес ретінде қалыңыз.

• Психолог кейбір жағдайда міндетті түрде мәселені шешім қабылдап емес, кеңес алушының көңіл-күйін көтеру, сенімділікті туғызу, оны ашық әңгімеге тарту т. б. міндеттерді шешеді. Психолог ешқашан кеңес алушының сенімін жоғалтпау керек. Және адамгершілік тұрғыдағы қағидалар мен заңдарды жақсы меңгерген болуы керек. Сонымен бірге кеңес алушыға сенім жүктеп отырған жөн.

• Психологиялық кеңестің күн тәртібін психолог кеңес өткізетін уақытты адамдардың уақытымен санаса отырып белгілейді. Мысалы, ата- аналарға арналған кеңестер таңертең және кешкі уақыттарда ата- аналардың келіп кетуіне ыңғайлы уақытта қойылады.

Кері байланыс әдісі американдық психолог К. Р. Роджестің әрбір адамның шешетін негізгі міндеті деп атаған адам қажеттіліктерінің аса маңызды түріне сүйенеді. «Мен әрбір клиенттің бір ғана сұрақты қоятынын аңғардым. Индивидтің шағымданған проблемды жағдайының, оқудағы, әйелімен. Бастығымен проблемаларының, өзінің қадағаланбайтын немесе оғаш мінез - құлқындағы проблемаларының, үркітетін сезімдерінің астарында клиенттің негізгі ізденісін құрайтыннәрсе жатады. Меніңше, әрбір адам жанының тереңінде: Шын мәнінде мен кіммін? Мен өзімнің үстірт мінез - құлқымның астарында жатқан «Меніммен» қалайша қатынасқа түсемін? Қалайша мен өз-өзіме келе аламын? - деп сұрайды. Адамның бәрінен де артықжетуге тырысқан мақсаты, өзі саналы немесе бейсаналы көздейтін мақсатының өз-өзімен балуында».

wqtFxpozHs0.jpg

Кері ақпараттың ұсынылуы нақты ережелерге бағынады :

  • Мейілінше клиенттің нақты әрекеттерін еске алу:
  • Оның әрекеттерін тудыратын сезімдерді сөз ету;
  • Клиент мінез- құлқының жағымды әрі жағымсыз салдарын ескеру;
  • Клиент тұлғасының оның өзінің құзырындағы қасиеттерін пайдалану.

Кері ақпараттың бағалар, кеңестер мен тыйымдар түрінде ұсынылуы, сондай-ақ тұлғаның маңызды қасиеттерінде нұсқау, пікірледің сыншылдығы кеңес беру процесін біршама қиындатады және оны ажыратуы да мүмкін. Сонымен қатар кері байланысқа деген дұрыс қатынасқа үйрету шаралары да жүзеге асырылады. Өз кезегінде психолог оған клиенттің білдірген кері байланыстың белгілеріне кәсіби сезімтал болуы тиіс.

Интерпретация - кеңес берудің келесі әдісі болып табылады. Бұл клиенттің теорияның немесе психологтың жеке тәжірибесінің негізінде жағдайды жаңаша альтернативті елестетуі. Интерпретация клиенттің айтқандарына немесе көрсеткендеріне, сондай-ақ қарым -қатынас процесінде диагностикалық әдістемелер мен процедуралардың көмегімен анықталғандарға жаңаша түсініктеме беру- талқылау түрінде жүзеге асыуы мүмкін.

Интерпретация кеңес берудің басқа әдістерінің негізі болып табылады. Сондай -ақ ол клиент көңіл - күйі мен мінез -құлқының өзгеруіне де ықпал етеді. Кейбір жағдайларда интерпретация симптомды клиенттің өзіне түсініксіз кедергілерде, шешуге болатын және шешілуі тиіс анықталған міндетке айналдырып, оның мазасыздығын төмендету мақсатында қоланылады.

Интерпретацияның барысында күйзелістер мен әрекеттердің, ойлар мен сезімдерінің, адамдарға деген қатынастыр мен олардың реакциялардың арасындағы себеп-салдарды байланыстар айғақталады. Сонымен бірге, мұнда клиенттің шығармашылығын, психологиялық міндетті шешу тәсілдерін өз бетінше іздеуін ынталандыратын аналогиялар ( ұқсастықтар) . бейнелер мен теңдеулер қолданылады.

Интерпретация жүйеленген және теориялық анықталған дәлелдерді, диагностикалық зерттеудің нәтижелерін қолданса, оның сенімділігі арта түседі. Клиенттің деректерді, ойлар мен сезімдерді өз бетінше интерпретациялағаны да орынды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес жургізудің құрлымы
Консультанттың клиентпен жұмыс істеуі және қолданылатын техникалары
Психологиялық кеңес беру негіздері туралы
Психологиялық кеңес беру негіздері
Психологиялық кеңес жұмыстары
Медико- генетикалық кеңес
Отбасылық әлеуметтік педагог. Оның қызметтік міндеттері
Мектепте әлеуметтік-психологиялық кеңес беру
Әлеуметтік психологияның мақсаты мен міндеттері жайлы
Психологиялық кеңес берудің техникасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz